Тандамалы


Үлгіреміз!- деді де, шофер машинасын үшінші жыл-



бет2/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы

Үлгіреміз!- деді де, шофер машинасын үшінші жыл-

дамдыкка косты.
Жолдың екі жағындағы жуан сымды бағаналар, көкке бойлап өскен зэулім ағаштар, қатарлана тізілген әдемі биік үйлер көз ілеспей артта қалып жатыр...
Машина вокзал алдына келіп токтағанда, жолаушы по- езының паровозы да алқына дем алып, перронға келіп тоқтаған- ды.
Қолдарына жомарт жаздың қызылды-жасыл гүлін алып, вагондарға қарай жүгіріп бара жатқан жұрт. Майор Мерген- баев колына бір шоқ гүл ұстап, жүгіре басып бесінші вагонның алдына келді. Дэл осы кезде бір колына чемодан ұстап, он жасар ер баланы соңынан ерткен бір толықша келген, караторы жас эйел вагоннан шығып келе жатыр еді. Жұбайы мен бала- сын көрген кезде майордың жүзі жүз кұбылып, жайнап кетті.
Алда, шофердің катарында отырған жас әйел артына бұрылып:

  • Біз кеткендегіден ел көп өзгерген екен. Колхозшылар қазір дүрілдеп тұр. Еңбектеріне кап-қап астық, акшалай да көп ақы алыпты. Колхоз үлкен электр станциясын салып жатыр екен, шамасы бірер айда бітетін болу керек. Әр үй электр сымын тарттырып қойып, тағатсыз тосып отыр... Енді біраз уақытта халықтың тұрмысы қандай жақсы болар екен десеңші!- деп, еріне ауылдан алып кайтқан эсерінің шет-жағасын сүйініш сезіммен айтып келеді.

  • Біздің үйде де электр лампасы бар,- деп, папасының жанында отырған бала мамасының сөзін бөліп жіберді. Мамасы баласына елжірей карап:

  • Серікжан үшінші класты өте жаксы деген бағамен біті- ріпті. Атасы «екі-үш ай болса да сағынамын ғой» деп, бетінен сүйіп, жылап қалды. Қартайған адам бала сиякты болады екен, тіпті солқылдап тұрып жылады. Тамыз айынан қалдырмай әкеп тастандар деп қалды. Көршілердің балалары да өзін жақсы көреді екен, жиналып шығарып салды. Тіпті Степанның Петясы мен Ефим шалдың Мишасы да станцияға дейін еріп келді. Тегі, Серікжанды алып қайтуға барғаным да жақсы болған екен, туған-туысқандардын бэрін көріп, амандықтарын




біліп қайттым. Өзгеріс те, жаңалық та көп. Айтпақшы, біздің Асылғазы Семен қарттың Люба деген кіші қызына үйленіпті. Бүлдіршіндей екі баласы бар екен,- деп жол-жөнекейгі сөзін аяқтағандай болды да, енді ерінен мүндағы көршілердің, таныс- жолдастардың хал-жайын сұрай бастады.
Машина екпіндей жүріп, үш қабат қызыл кірпіш үйдің алдына келіп тоқтады...
Шырт ұйқыда жатқан Серік төрдегі үстел үстінде тұрған телефонның безектей шылдырлаған дыбысынан кенет оянып кетті. Бір аунақшып түсіп, басын көтеріп алып еді, папасы телефон трубкасын құлағына тосып тұр екен.

  • Тыңдап тұрған майор Мергенбаев,- деп келте сөйлеген папасы лезде: - Солай ма?.. Қазір жетем!- деді де, өңі бұзылып, трубканы тарс еткізіп іле салды. Сосын үнсіз-түнсіз тез киіне бастаған еді. Төсектен ұшып тұрған Жамал:

  • Жомартжан, не боп қалды?- деп абыржи сұрады.

  • Тұрып киініңдер де, дайын болыңцар! Шекарадан фашист эскері өтіп кетіпті. Біздің полкте соғыс дабылы соғылғалы бес минут болған екен,- деп қысқа жауап қатты да, майор Жамалы мен Серігінің беттерінен сүйіп, киімдерін апыл-құпыл түзей салды да, үйден жүгіріп шыға жөнелді...

Жамал мен Серік тез киінді де, үйдің ішін буып-түйе бастады. Жамал ойына эр түрлі қорқынышты күдіктер ұялай берді. Бұл қала шекарадан небары қырық-ақ километр жерде болатын. Шекарадан өтіп кеткен жау бірнеше сағаттан соң осы қалаға, бұлар тұрып жатқан үйлерге оқ атуы мүмкін. Сонда қайтпек? Жамал эрі ойлап, бері ойлап, Серікті атасы мен әжесінің қолынан алып келгеніне қатты өкінді. Жап-жас баласының ендігі күні немен шектелмек? Көңілінде ешбір күдігі, ойында ешбір алаңы жоқ сәби енді жау оғынан бұқпантайлап, бас сауғалап жүрмек пе? Бұл қалай болғаны сонда? Жамал әлсін-әлі балконға шығып, полк тұрған казармаларға, зеңбірек алаңдарына, ат қоралар жаққа көз жіберді. Қайда болмасын абыр-сабыр, асығып-үсігіп қайшыласып жүгіріп жүрген солдаттар мен офицерлер. Терезелерден, балкондардан бастары қылтиып жан-жағына күдіктене көз жіберіп тұрған офицерлер отбасы, жай адамдар. Сонсоң тұрып тың тыңдады. Қаланың эр жерінен соғыс дабылы, анда-санда саңқ-саңқ еткен офицерлердің бұйыра айкайлаған дауыстары естіледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет