-Мама, Сережа эбден шаршады. Менің де аяғымды ботинкем кажап, жүре алмай келемін. Дем алайықшы. Жендеттерден
әйтеуір құтылдық қой,- деді Борис жас терекке сүйене кетіп. Оның ұсынысын қолдағандай, Серік те тұра қалды. Анна Ивановна артына бұрылып, «жарайды, демалсақ, демалайық» дегендей, жуан теректің түбіне отыра кетті. Балалар да оның жанына келіп жайғасты.
Мама, қара жолмен жүрсек, Сережа екеуіміз де ботинкелерімізді шешіп алып, жалаң аяқ жүрер едік. Мына жолсыз жерде ботинке аяғымызды әбден қажап тастады. Жалаң аяқ жүруге тағы болмайды,- деді Борис ботинкесін шешіп жатып.
Е, Боречка! Енді бізге жолмен жүруге болмайды. Фашистер атып тастайды. Көрдіңдер ғой, әлгінде олардың бізді калай каумалағанын?.. Енді алыс емес. Бірер күнде жетеміз. Нағашыларың аман болса...- деп, Анна Ивановна ауыр күрсініп алды. Аннаның күрсінісін балалар да үғады. Ұкканымен істер қайрат, қылар дәрмен бар ма?
Мама, «тез кетіңдер» деген неміс жақсы екен. Бізді аяп кетті ғой деймін?- деді Борис балалық мінезбен.
Ол неміс емес. Өзі чехпын деді ғой. Ол чех. Тіпті немістердің ішінде де жақсылары бар. Олардың барлығы фашистер емес,- деді Анна Ивановна зат салатын дорбасының ауызын шешіп жатып.
Онда, олар бізге қарсы неге соғысады?- деді Серік жұлып алғандай.
Оларды Еитлер соғысқа зорлап жіберіп отыр. Бармаймын десе асып өлтіреді, туған-туысқандарын да тірі қоймайды,-деді Анна Ивановна Серікке бір үзім нан үсынып жатып.
Еитлер жауыз!- деді Серік.
Әрине, ол жауыз! Жол-жөнекей көрдің ғой. Өртеп жатыр. Асып жатыр. Атып жатыр, соның барлығын Еитлердің бұйрығымен істеп отыр,- деп, Борис екілене сөйледі. Екі баланың да Еитлерге деген, Еитлер жендеттеріне деген кегі іштерінде қазандай қайнап тұр.
Жарайды. Нандарыңды жеп, дем алыңдар! Күн батпай мына судың арғы жағына өтіп алайық,- деді Анна Ивановна жау қылығына ызалы отырған балаларды аздап та болса дем алдырып алғысы кеп.
Бір сағаттай тынығып алған соң, тағы да суды жағалап жүріп отырып, бір селоға жақындады.
«Селода тағы жендеттерге кездесіп қалармыз» дегендей, Анна Ивановнаның ілгері жүргісі келмеді. Сөйтіп, дал болып
турғанда, судың арғы жағынан бері карай бір кол кайык келе жаггы. «Не де болса, осы қайыкшыға жалынып көрейін»,- деп, Анна Ивановна жағаға карай беттеді. Қайықшы ескегін кұлаштай есіп, Анна Ивановнаның касына келіп тоқтады.
_ Саламатсыз ба?- деді Анна Ивановна ары карап отырған кайыкшының желке жағына барып.
_ Саламат! Саламат!- деп қайықшы ескегіне сүйеніп, орнынан тұрды. Анна Ивановнаның бетіне тесіле қарай калды. Анна Ивановна да бұл адамды қайдан көрдім дегендей, сілейіп
Т¥Р-
_ Мен де сізді шырамытамын. Бірак, кайдан көргенімді есіме түсіре алмай тұрмын,- деді Анна Ивановна оған жақындап.
_ Сіз Винницада оқыдыңыз ба?- деді қайықшы кайығынан қарғып түсіп.
Окыдым,- деді де, Анна Ивановна:- Сіз Иващенко емессіз бе?- деді жұлып алғандай. Қайықшы жан-жағына ұрлана қарады да:
Ия, Иващенкомын. Сіздің фамилияңыз кім?_ деді.
Полищук.
Е, енді таныдым. Аня, халің калай, қайдан жүрсің?- деп қайықшы Анна Ивановнаны кұшақтай алды. Төрт жыл бойы Винницаның педагогикалық институтында жұп жазбай бірге оқыған екеуі осылай кездесті.
Коля, сен, тіпті өзгеріп кетіпсің, мен танымай қалдым. Толыпсың. Мына коя берген сакал-мұртың не?- деді Анна Ивановна оған таңдана қарап.
Қазір жағдай солай болып тұр ғой, Аня! Жасым кырыққа жетпесе де, сақал-мұрт қоюға тура келді. Ол жөнінде әңгімелесерміз. Өзің қайдан келесің? Ана тұрған балалар кім?- деді Иващенко.
Ол екеуі бізге карап қалыпты ғой. Анау - үлкені менің Борис деген балам. Биыл он екіде. Жанындағы Сережа деген, ол да менің балам,- деп күрсініп қойды Анна Ивановна.
Сол күні қас карайғанша Анна Ивановна мен Иващенко екеуі ұзақ эңгімелесті. Анна Ивановна институт бітіргеннен кеиінгі өмірін, соғыс басталғаннан бері жиырма күннін ішіндегі басынан кешірген оқиғаларын, көрген-білгендерін Иващенкоға түгел айтып берді. Иващенко да институтты бітіргеннен кейін аудандык комсомол комитетінің секретары, онан аудандык
партия комитетінің екінші, соңынан бірінші секретары болып жүріп, ауданға басқыншылар кірердің алдында астыртын жүмысқа қалдырылғанын айтып үзақ отырды. Ұзақ жол жүріп, шаршап-шалдығып әбден бұрлығып келе жатқан екі балаға ол алма-кезек қарады да:
Балалардың қарны әбден ашқан шығар. Мен мына селодан азық алып келейін. Сендер мына бір жас қайыңның ішіне кіріп, күте тұрыңдар. Біреу-міреу көріп қоймасын. Қазір жау комендантының бұйрығы бойынша, орманда жүрген адамдарды банда ретінде атады, не асады. Кешкі сағат сегізден кейін далада, село мен қала көшелерінде жүруге болмайды,- деп ескертті Иващенко орнынан түрып жатып.
Онда, Коля, өзің де байкап жүр, - деді Анна Ивановна.
Жоқ, мен бұл селоға үйреніп алдым. Мүнда сенімді адамдар бар, - деп Иващенко селоға қарай жүгіріп кетті.
Иващенко жанына екі адам ертіп, түннің бір уағында оралды. Екі бала олар келгенде калжырап үйықтап жаткан-ды. Оларды оятып, тамақтандырып болған соң:
Ал, Аня, өткел қайыкшысы болғандықтан, сендерді арғы жағаға өткізіп салайын, жүріңдер. Бұл қайыкпен элі талайлар өтер, талай жауыздар су түбіне кетер,- деп қалжыңдады Иващенко.
Жоқ, Коля, қызметің жаман емес,- деп койды Анна Ивановна кайыкка мініп жатып. Борис пен Серік те қайықтын ортасына жайғасып отырды.
Судың арғы жағына жолаушыларын өткізіп салып тұрып:
Жолдарың болсын! Аня, ендігі хабарды өзімнен күт. Сак бол! Біздің тапсырмамызды орындар деп сенеміз,- деген еді Иващенко.
Рақмет, Коля! Маған өзіңдей сен!- деп жауап қатты Анна Ивановна.
* * *
Анна Ивановна туған селосына үшінші күні кеш батып, кас қарайған шақта ғана жетті. Ол тура өзінің әкесінің үйіне бармай, жолда селоның батыс жақ шетіндегі жастайынан бірге оқып, бірге өскен Тамараның үйіне соға кеткісі келді. Оның үйіне бірден кірмей, екі баланы үйдің арт жағындағы тасалау жерге қалдыра тұрып, өзі аяғын ептеп басып, терезеге жакындады. Терезеден шам жарығы көрінбеген соң, жан-жағындағы үйлерге қарады. Ол үйлердің де терезелерінен жарык көре алмады. Сонан соң: «Бұл селоның адамдары қайда кеткен?»-деп ойлап.
сәл анырып тұрды да, элгі үйдің терезесіне құлағын төсеп, ТЬІң тындап еді, кұлағына күбірлеп сөйлеген адамның даусы келді- Енді Анна Ивановна: «Бұл үйде адам бар екен»,- деп, терезенің бұрыш-бұрышынан мұкият карай бастады. Бір кезде тергі бөлменің терезесінен саңылау тауып, сығалап қараса, үсті ішімдікке толы стол басында немістің бір офицері отыр екен. Барлык формасымен емін-еркін арак ішіп отырған неміс офицерін көргенде, Анна Ивановнаның жүрегі су ете түсті. «Тамара үйде жок шығар. Ол не шығыска карай кетіп қалды, не болмаса мына жендеттер өлтіріп тастаған ғой!»- деп ойлады. Офицердін жанында біреу отыр, бірақ оның офицерге қарай созған рюмка ұстаған қолының көлеңкесі ғана көрінеді. Анна Ивановна канша сығалағанмен оның кім екенін байқай алмады. Сонан соң ол екі баланың жанына кайтып келді де, «кеттік» дегендей белгі беріп, өз үйіне карай жүріп кетті.
Келсе, өз үйінде де жарық жок екен. Тағы да терезеге келіп қараса, ол ішінен жабылмаған. Үйде мүлде жарык жоқ. «Кемпір мен шал сорлыларды да кұрткан екен ғой!»- деп ойлап аңырып тұрып қалды. Екі бала да жанына келіп түрды. Анна Ивановна өз көзіне өзі сенбей, терезеге тағы үңілді. Сол кезде үйдің ішінен біреу караңдап көрінді де, терезеге жақындап келіп:
Бұл кім?- деп сұрады. Бірак Анна Ивановна бірден жауап бермей, кідіріп қалды.
Бұл кім?- деп элгі адам даусын қаттырак шығарып, екінші рет сүрағанда барып, Анна Ивановна өз әкесінің даусын танып қуанып кетті.
Папа, папа! Мен Аня ғой, Аня!- деп Анна Ивановна сыбырлап, терезе шынысына аузын төседі. Қарт та кызын таныды білем:
Құдай-ау... Аночка!- деп, сол сәтте-ак ғайып болды. Терезеден кейін шегіне бергенде, Анна Ивановнаны экесі мен шешесі қабаттасып келіп қүшактай алды. Біраз кұшақтап мауқын басқан соң:
Жүр, жүр үйге!- деп сыбырлады әкесі. Барлығы үйге кірді. Терезені ішінен тұмшалап жауып, шам жақты. Иван Дементьевич қызын тағы қүшақтап, солқылдап жылай берді.
Папа, қой жылама?-деді Анна Ивановна. - Ана Борис пен Сережаны көрдіңіз бе?
Иван Дементьевич көзінің жасын сүртіп, екі баланың маңдайынан сүйді.
-Аночка,бүлдүние неболды?! Құрыдыккой! Біздің армияға
не болды?...- деп Иван Дементьевич тағы да сарыуайымға салынып, Анна Ивановнаға қарады. Анна Ивановна күрсініп:
Қайдан білейін! Әлі еш нәрседен хабарым жоқ. Бұл бір уақытша жағдай шығар. Совет халқының жеңілуі, фашистерге қүл болуы мүмкін емес. Қашан да болса эділеттілік жеңеді. Фашистер елімізге басып кірді, бұл әділеттілік емес. Біздің халык болса, енді өз отанын қорғайды, баскыншыларды туған жерімізден қуу үшін оларға карсы күреседі, бүл әділеттілік. Олай болса, біз жеңеміз!- деді.
Осында Антон Архипович, Тамара Үляктар немістердің алдынан нан мен тұз алып шығып, «совет үкіметі кұрыды» деп жүр,— деді карт.
Сол кезде Анна Ивановнаның көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ол саскалақтап:
Папа, не дейсіз? Тамара дейсіз бе?.. Антон шалды қойшы. Ол колхоз мүлкін үрлаумен өмірін абақтыда өткізіп келе жатыр. Ал Тамараны не кара басты? Бәсе, бәсе!..- өзінің жаңа ғана Тамараның үйінің жанында болғанын есіне түсіріп, неміс офицерімен рюмка соғыстырып, сұрқиялана күліп отырғанын ол көз алдына келтірді.
Ол бүзылған әйел. Неміс офицерлері үйінен шыкпайды. Николайды үмытты. Ол бүрынғыдай емес. Біздікіне келуді қойды. Сен онымен енді байқап сөйлес,- деп, Софья Павловна да сөзге араласты.
Жок, мама! Онымен мен енді сөйлеспеймін де. Әлгінде келе жатып оның үйіне соғып едім, мен де бір сүмдықты байқап қалдым...- деп сәл кідірді де:- Оны қойшы, Николай келсе, көреміз. Ал не істедіңдер? Село адамдарынан кімдер бар?-деп, Анна Ивановна әкесіне жақындай түсті.
Селода ашык жүргендер тоғышарлар. Фашистерге қайтсем жағам деп жүргендер. Ал өзіміздің совет үкіметін жаксы көретіндерден ашық жүргендер жоқ. Қоршауда қалып үйлеріне келген жастардың барлығы да элі көшеге шыға койған жоқ. Осында жақсы жігіттер де бар. Олар туралы кейін айтам,- деді карт балаларға күдіктене карап.
Өзінің әке-шешесінің бүрынғыдай совет үкіметіне берілген күйінде калғанына Анна Ивановна қатты куанып, бар ықылас- пейілімен риза болып, өзін шын бакыттымын деп есептеді осы кез.
Майданнан не хабар бар, папа? Қызыл Армия қай жерге дейін шегініпті?- деп сұрады Анна Ивановна.
Днепрде дейді ғой майдан. Олейниктің баласы келген екен. Сол біздің армия Днепрдің сол жағында, ал немістер оң жағында, немістерді ары карай өткізбей тұр деп келіпті, кім білсін! - деп жауап берді карт.
_ Папа, уайымдама. Бұл уақытша ғана шегіну ғой. 1812 жылы Наполеон да Москваға дейін барып, оны алып та койған. Артынан не болды? Бар солдатын тастап өзі әзер кұтылмап па еді. Бұл Гитлер де соның аяғын кұшады. «Қызыл армия жеңіледі, совет халкы фашистер алдында тізе бүгеді» деген лакапқа еш уакытта сенуге болмайды,- деп, Анна Ивановна кыза сөйледі.
_ Аночка, кайдан білейін, бізге көп мемлекет жабылып кетті ғой!- деп күрсінді қарт.
_ Жабылғанмен олар өз еріктерімен жабылып жатқан жок. Оларды да Гитлер жаулап алды ғой. Демек, ол мемлекеттердің халыктары да біздің совет халқы сияқты өздерінің отандарын азат ету үшін күреседі. Тарихта талай ел талай елді жаулап алған. Бірак жауланған елдің халкы эділеттік соғыс ашып, өз отанын азат еткен. Демек, біз де өз отанымызды азат етеміз, олар да өз отанын азат етеді,- деп Анна Ивановна өзінің көкейіндегі көптен бергі ойын актарып салды.
Кешегі күле қараған өмір, енді аяқ астынан қабағын түйіп күңіреніп өтіп жатты. Біреуден біреу қорқады, біреуге біреу сенбейді. Өйтпеске лаж жок. Неміс комендантының бүйрығы бойынша селодан ешкім ешқайда шықпауға тиіс. Түнде селода полицайлардан басқа ешкімнің үйден шығуға да кұкы жоқ. Орманда ұсталған адамдар сол жерде қолма-қол атылады. Коммунистер мен белсенділерді атып-асып жатыр. Адам кұкығын қорғайтын заң жоқ. Басқыншыларды былай қойғанда, сатқын боп алған староста, полицайлар халықка не істеймін десе де ерікті. Олардың қолдарын ешкім қақпайды. Көңілдеріне жақпағандарды атуға да, асуға да, дүре соғуға да, мал-мүлкін тонап алуға да қақылы.
Анна Ивановна Тамараны үш-төрт күннен кейін көрді. Есік алдында кір жуып жатқан Анна Ивановнаны көріп Тамараның өзі бүрылған-ды. Амандасып тұрып ол:
Қашан келдің?- деп сүрады.
Осы, жаңа ғана,- деп жауап берді Анна Ивановна.
Сол сәтте Серік пен Борис үйден шыға келді.
А, мыналар кімнің балалары?- деп, Тамара шегір көзімен балаларды түйреп өтті.
Өзімнің балаларым ғой,- дей салды Анна Ивановна Тамараға жирене карап.
Сенде бала біреу-ак емес пе еді?
Жоқ, екеу,- деді Анна Ивановна. Осы тұста: «Жаман айтпай жақсы жок. Комиссардың эйелі деп мені осы Тамараның өзі ұстап бермесін»,- деген жаман ой да сап ете түсті. Тамара ұзақ тұрмады, бұрынғыдай емес, салқын ғана сөйлесіп, село орталығына қарай жүріп кетті.
«Екі жүзді азғын! Сені де совет үкіметі тегін оқытып, тәрбиеледі-ау. Соны ақтағаның, қадірін білгенің осы ма?» - деп күбірледі Анна Ивановна оның соңынан қарап тұрып.
Анна Ивановнаның ойлаған күдігі Тамараның залымдык әрекетінің үстінен дэл шықты. Оның кеткеніне екі сағат өтпей-ақ Анна Ивановна: «Екі балаңызбен комендантқа келіңіз»,- деген шақыру қағаз алды. Ол не істерін білмей сасып қалды. Бірақ, амал не, бармаса болмайды. Екі баланы ертіп, комендантқа келді. Комендант бүрынғы орта мектеп үйіне орналасыпты. Мұғалімдер бөлмесі есігінің алдында қолына винтовка үстап тұрған полицай:
Аня, аман ба?- деді. Анна Ивановна оған ала көзімен бір қарады да, жауап катпады. Полицай ыңғайсызданып калды да, теріс айналып кетті.
«Совет үкіметі тұсында бригадир болып жүруші еді, бұл сұм енді полицай болып, немістің кебінін киіп, өзгере калыпты ғой. Сатылған екі жүзді!»- деп Анна естілер-естілмес қылып күбір ете түсті де, комендант кабинетінің есігін ашты. Үстіне көк шүға жапкан төрдегі үзын үстел басында отырған ат жақты, көзілдірікті, ұзын бойлы неміс Анна Ивановна мен екі балаға көзілдірігінің үстінен сүзе қарады. Неміс офицерінің сол жағында отырған ақсары мосқал әйел:
Фамилияңыз кім?- деп сұрады орыс тілінде.
Полищук,- деп кана солғын жауап берді Анна Ивановна. Оның көзі офицердің артқы жағындағы қабырғада ілулі тұрған Еитлердің суретінің астына жазылған: «Гитлер азат етуші»,- деген орыс тіліндегі жазуды шалып қалғанда, жүрегі су ете түсті. «Бұл жауыздың түрі осындай екен ғой»,-деп ойлады ол ішінен. Сол сәтте осыдан екі-үш күн бұрын өз көзімен жол-жөнекей көрген бүл «азат етушінің» кісі өлтіргіштерінің айуандықтары бірінен соң бірі түйдектеліп Аннаның ой елесіне келе калып, енді оның көзі суреттен сүрініп кетті. Көзіне елестеп, ойына оралған бүл көріністерден де қашқалактағандай болған Анна
Достарыңызбен бөлісу: |