Тыныштық құшағында мүлгіген осы көркем қаланы мұнша әбігерлендіріп, шырқын бұзған кім? Неге өшікті екен осынша?
Оған керегі не? . .
Жамал әлі қарап тұр сыртқа. Ендігі бір сэтте сапқа тізшген солдаттар, көсемдеп бірнеше ат жеккен зеңбіректер, сықастыра Жүк тиеген машиналар, атты әскерлер көше-көшелермен қаланың батыс жагына қарай ағылып өте бастады. Серік те мамасының жанында осы жойқын көріністен көз алмай карап тұрған-ды. Бала жүрегі де кауіпті сезгендей еді. Сонысын байқатып:
Папам үйге енді келе ме? - деп сұрады ол мамасына күдіктене карап.
Келеді, жаным, келеді!- деп, жұбаныш айтып жауап қайырды, Жамал ұзақ-сонар ой соңында тұрып. Осыдан кейін екеуі біріне-бірі тіл қатқан жоқ, мамасы баласына, баласы анасына үнсіз қарай берді. Екеуі баяу басып, бірінің соңынан бірі еріп, үйге қайта кірді.
Серіктің құлағына соғыс дабылы алыстан үзіліп-үзіліп келіп тұрды.
Жомарт үйге келгенде Жамал мен Серік буған теңнің үстінде үрпиісіп-үрпиісіп отырған-ды. Серік папасын көре сала орнынан ұшып тұрып, жүгіріп барып, оның мойнына асыла кетті. Майор оны екі бетінен алма-кезек сүйді де:
Жамал, біз атганып барамыз. Қоштасайын деп бірер минутке ғана келдім. Өте асығыспын. Командованиенің бұйрығы бойынша бүгін барлық офицерлердің отбасы кейін, тылғақарай көшіріледі. Көшіретін адамдар осында калды. Бірақ кай жерге көшірілетіні белгісіз. Кейін хабарласамыз ғой. Әйтсе де,- деп сәл кідіріп, Жамалға қадала қарай бергенде, келіншегі көзіне жас алып:
Жомарт, жолың болсын! Әлдекандай уақыт болады, кім білсін. Мүмкін соғыс ұзакка созылар; біз елге кайтайык. Аман болсаң келерсің. Хат жазып тұр,- деп Жомарттың кұшағына кіре түсті.
Мен де соны айтайын деп тұр едім. Асылы елге қайт- кандарың жөн болар. Барлық туған-туысқандарға сәлем айт!- деді Жомарт та жарының сөзін мақұлдап. Серік папасы мен мамасына жаутаңдап карай берді.
Сөйтіп, аяқ астынан отбасының шырқы бұзылып, бірімен- бірі қоштасып, әке - майданға, шеше мен бала елге карай жол тартты.
Эшелон жол-жөнекей жиі токтап, ауа шабуылынан корғанып келеді. Осы үш күндік сапарда, шыккан жерінен онша ұзап та кете қойған жоқ. Күн сайын, сағат сайын ауа шабуылы жиілеп, бомбадан қираған вагондардағы адамдарды сау вагондарға ауыстырып, ал істен шыккандарды кез келген разъезд, станцияларға тастап кетуде.
Бүл эшелондағы адамдардың көбі жаралы болатын.
Серігін кұшақтап нардың астында отырған Жамал қарсысындағы полк комиссары Савченконың эйелі Анна Ивановнаға ойлы пішінмен көз тастап, әлденені айтқысы келгендей қарай береді. Анна Ивановна да Борясының басын көкірегіне кысып, элденеден қауіптенгендей, сыртқа құлағын сала тыңдап, вагонның есігінен көз алмай карап отыр. Ересек балалар, эйелдер вагон есігінің тесіктерінен сыртқа сығалап тұр.
Көп кешіккен жок, жау самолеттерінің гуілі тағы өрши түсті. Эшелон баяу жылжып келді де, бір жерге тоқтады.
Жоғарыдан естілген самолет моторларының мазасыз гуілі қара жерді қақ жаратындай боп қаһарлы үнге басты. Бір кезде эр жерден жарылған бомбаның гүрсілі естіліп, оған қоса аспаннан пулемет оғы жауды. Ышқынып түскен бомбаның, ысқырып өткен оқтың зәрелі даусы ғана естіледі. Эшелон жауған оқ, түскен бомбаның астында қалды. Серік көзін шарт жұмып, мамасының бауырына тығыла түсті.
Далада жер төңкеріліп жатқандай, ұлардай шулаған үрейлі дауыс. Самолет моторларының гуілі басылу орнына, барған сайын үдей берді. Вагондағы жұрт үрейлі.
Бір кезде бірнеше бомба жақын бір жерден жарылды да, вагондарды дірілдете-солқылдатып, шайкап, толқытып жіберді. Сол-ақ екен, сырттан:
- Вагоннан тез шығындар, эшелон өртенді. Тез шығындар!- деген бір еркек адамның ащы даусы саңкылдай естілді.
Соны күткендей боп эзір тұрған адамдар вагонның есігін жедел ашып жіберіп, есіктен бірлеп-екілеп қарғи бастады. Жамал да Серіктің колынан жетектеп вагоннан жерге түссе, алдыңғы бірнеше вагон жанып жатыр екен. Жұрттың бэрі өкпе тұстағы шағын тоғайға қарай тырым-тырағай боп жүгіріп кетіп барады. Жамал Серікті сүйрелей-мүйрелей отырып, вагоннан жүз метрдей ұзағанша, жау самолеттері эшелонды тағы да бомбалай бастады. Бірнеше бомба бірінен соң бірі эшелонның
ұзына бойын куалай түсті де, вагондарды астын-үстіне шығарды. Жұрт азан-казан. Маңай лаулаған өрт. Будактаған кою кара түтін мен кып-қызыл жалынға оранып эшелон жанып жатты.
Тылға тартып бара жаткан эшелонды эбден басынып алған жау самолеттері сол төңірекке қайта оралып, қарусыз ана, дәрменсіз балаларға енді тіпті жакыннан шүйіліп келіп, пулеметтен оқты бұрқата жаудырды. Жан ұшыра жүгірген жұрт бас сауғалап, зытып барады. Жау тіпті көзіне көрінген эрбір адамды оқтың астына алуда.
Жамалда ес жок. Екі өкпесін колына алып, сүріне-қабына жүгіріп келе жатыр еді, бір самолет төмендей түсіп, оған оқты боратып жіберді. Ол баласын күшақтаған күйі бір шұкырға етпетінен кұлап түсті де:
Серігім!- деп дауыстап жіберді. Ышқына шықты үні. Шешесінің бауырында жатқан Серіктің оған жауап қатуға мұршасы келмеді. Ана үрейі баланы тіптен шошындырып жіберді.
Бір заматта Жамал есін жиғандай болып:
Серікжан, оқ тиген жоқ па, қарашығым?!- деді.
Жоқ, тиген жок! Мама, бұл жерден тез кетелік. Самолет тағы келіп қалады. Жүр, жүр, мама,- деп Серік үшып тұра келді де, оның қолынан тарта бастады. Бірақ мамасы жатқан орнынан тез түра алмады. Әзер-әзер көтерілді. Ол алға екі-үш қадам жасап барып қайтадан кұлап түсті. Ок тиген екен.
Мамасына оқ тигенін Серік сонда барып білді. Енді не істерін білмей сасқан бала, жан-жағына жалтақтап, аңырып түрып калды. Бар қауқары: «Мама, тұр, түр!»- деп қолынан тарткылай берді.
Бір кезде Жамал ышқынып барып, екінші жақ жамбасына аунап түсті.
Сол жерде Серік шешесінің қанға боялып жатқанын көріп шошып кетті.
Мама, ана ағаш ішіне жетелік, жұрттың бәрі соған барып тығылды. Мама, жүрші!-деді Серіктағы да, оң қолымен көзінің жасын сүртіп. Жамал тіл катпады. Аузынан әлсіз үн, болымсыз дем шығады. Серік көгендеген козыдай ешқайда кете алмай, шешесінің жанында жылап түра берді.
Жау самолеттері кайтып оралмады. Әлгінде ғана астан- кестен болған дүние бір сәт тынышталып, жым-жырт бола калды.
Маңайда жан жоқ. Екі-үш сағат өткеннен кейін Серіктің жылай-жылай дәрмені кұрып, шешесінің бас жағына жүресінен отыра кетті.
Жамал тағы бір сағаттай қиналып жатты да, жан тапсырды. Әкесі алдыңғы шепке аттанып, анасы далада қаза тауып, жас Серік бұрын аяғы баспаған бейтаныс жерде тірі жетім боп, жалғыз қала берді. Қайда барады, не істейді, не күтіп тұр алдында? Бэрі оған мәлімсіз.
Серік анасының касынан кете алмай тұрған шақта, сол маңдағы бір ағаштың түбінде толык денелі, орта бойлы, кою сары шашты, отыздың екеу-үшеуіне келген бір әйел отыр еді. Бұл полк комиссары Савченконың жұбайы Анна Ивановна Савченко болатын. Оның жанында ағашқа сүйеніп, он бір-он екілер шамасындағы ақ сары шашты, көк көзді, жалаңбас бір ер бала тұр. Бұл сол Анна Ивановнаның Борис деген жалғыз ұлы болатын. Ол станция жаққа ағаш арасынан көз алмай ұзақ қарап тұрды.
Мама, ана жерде біреу отыр. Ол мұнда келіп неге тығылмайды?-деді. АннаИвановна орнынан тұрып, баласының нұсқаған жағына қарап еді, шынында да ашық алаңда біреу отыр екен.
Мама, анау Серік қой! Танып тұрмын, Серік!- деді тағы да манадан бері одан көз алмай қарап тұрған Борис.
Анна Ивановнаның басына енді: «мұның шешесіне ок тиген екен, сөйтіп, Серік оның жанынан кете алмай тұр екен»,- деген күдікті ой сап ете түсті. Бористің қолынан жетектеп алды да, Анна Ивановна солай қарай беттеді. Орманның шетіне келіп анықтап қарап еді, әлгі отырған Серіктің дэл өзі екен. Анна Ивановна «жау самолеті көрінбей ме екен» дегендей, айнала аспанға бағдарлай қарап алды да:
Боря, сен осы жерде тұра тұр. Мен барып, не болғанын біліп келейін,— деді. Боря басын изеді. Анна Ивановна жедел басып Серіктің жанына келгенде, ол орнынан ұшып тұрып, Анна мен шешесіне алма-кезек қарап егіліп жылап қоя берді.
Серік, неге жылайсың? Мамаң жаралы ма?- деп, Анна Ивановна Жамалдың бетіне үңіле карап, тамырын ұстап көрсе, ол жан тәсілім еткен екен. Енді Анна Ивановна да не істерін білмей, Серіктің басынан сипап аңырып тұрып қалды. Оның көз алдынан кара торы, толык денелі, кою, ұзын кара шашты, өзінің көршісі Жамалдың жарқын бейнесі кетпеді. Ол сол сүйкімді
бейнені көз алдынан кетіргісі келмегендей, бір нүктеден көзін алмай карап тұра берді. Сәлден соң бір шешімге келгендей Серікті бауырына қыса түсіп.
Серік, мамаң өлді. Мамаңды фашистер өлтірді!- деуі-ақ мұн екен, Серік тағы да тізерлеп отыра қалып, мамасының өлі денесін құшақтап еңіреп жылап қоя берді. Анна Ивановна да егіліп тұр еді. Жамалдың бетін оның жасырып кеткісі келді, бірақ қалай жасырмақ?! Не қолында күрегі жоқ, не төңіректен еш нэрсе табар емес.
Сөйткенше болған жоқ, алыстан самолет моторлары жер жара гуілдеп, тағы да жақындай түсті. Анна Ивановна дереу Жамалдың үстіндегі қанға боялған жаздық жұқа пальтосын шешіп алды да, денесіне айқара жапты. Қысылтаяңда қолынан бар келгені сол-ақ еді. Сосын:
Серік, жүр кетейік! Әне, фашист самолеттері тағы да ұшып келеді. Жүр, эне жерде Боря тұр, соған барайық,- деді ол Серіктің қолынан ұстап. Көзіне жас толған Серік мамасының денесінен көз алмай: «Бармаймын, осы арада боламын»,- дегендей басын шайқап, орнынан қозғалмады.
Серік, мұның не? Жүр, мамаң өлді. Енді папаңды тауып алайық!- деді Анна Ивановна, оны мамасынан күдер үздіріп, ертіп әкетейін деген оймен. Сол арада жау самолеттері де қаптап кетті. Серік артына жалтақ-жалтақ қарап, Анна Ивановнаның соңынан еріп, бүлкектеп кете барды.
Толассыз жауған жаңбыр. Әр ағаштың түбін паналаған адам. Бұлар екі-үш күннен бергі жау бомбасынан, бораған октан әлдеқалай аман қалғандар. Көбі әйел, бала-шаға, іштерінде эшелондарды басқарып келе жатқан бірен-саран эскери адамдар да бар. Эшелондары өртеніп, жаудан баспаналап қашқанда бэрі де киім-кешек, азық-түліктерін тастап кеткен. Дені жаралы. Бұларға осы төңіректегі село, станциялардан кашқан адамдар да келіп қосылған. Жаңа қосылған адамдар: «Жау пәлен жерге, түген жерге келіп қалды. Қызыл Армия шегініп келеді. Жау бүгін-ертең осы арада болады. Бүл жерден дереу кету керек»,- деген үрейлі хабарды да ала келген болатын.
Анна Ивановна екі баланы бауырына қысып, бұтакты жуан талды паналап түр. Не істеу керек? Осы сұраққа ол неше күннен бері жауап бере алмады. «Енді поезбен жүре алмаймыз. Біреуді біреу біліп болар емес. Төңіректегі жүрттың бэрі шығысқа
беттеп барады. Алдағы бірер күнде азығымыз да таусылады, сонда не істемекпін? Жаяулап канша жерге бармақпын? Егер жау қуып жетсе, фашистердің қолында қалсам не боламын?» Дэл осы ақырғы сүраулы ойға келіп тоқтағанда, оның денесі тітіркеніп кетті де, костюмінің ішкі қалтасындағы партбилетін ұстай алды.
Жаулап алған жерлерде фашистер коммунистерге, тіпті жай совет адамдарына не істеп келе жатқанын батыс жақтан қашқан адамдардан талай естіген болатын.
Анна Ивановнаның өз басындағы қайғысына бауырында бүрісіп тұрған кішкентай Серіктің қасіретті қайғысы келіп қосылды. Оның ойы онға, санасы санға бөлініп, басы қатты. ¥йқы дегенді ұмытты. Шаршау не, шалдығу не? Ол да бұл шақта ойға кіріп шығар емес.
Анна Ивановна Винница облысы, Сомогородок ауданы, Зазулин селосында туған еді. Онда қарт әкесі, өгей шешесі тұратын. Ендігі бір ойы, осы туған селосына жеткісі келді. Осы тоқтам, осы байлам жеңіп, ақырында қалған бір тілім нанды екі балаға бөліп берді де, жолға әзірленді ол.
Шығысқа қарай шұбыра ағылып бара жатқан жұрт. Біреулер бозғыл шаңды бұрқыратып жолмен, кейбіреулер жол бойына жарыса шыққан ағаш арасымен, енді біреулер ашық даламен тартқан. Бэрі де арттарына, батыс жаққа, аспанға жалтақ-жалтақ кектене қарайды, ызалана қарайды. Үлкеннің де, кішінің де жүзінде жанкештіліктің, ызаның, ашу-толқынның, жалындаған кектің таңбасы бар.
Анна Ивановна арт жағына бұрылып қараса, шұбырынды қалың босқындар эр жерге топтанып-топтанып тұр екен. Бір кезде бірнеше жерден автоматтардан дыр-дыр етіп оқ атылды. Жұрт эр жаққа тырым-тырақай қаша жөнелді. Автомат даусын естіген сәтте Серік пен Борис құлақтарын тіге қалды да, зэрелері ұшып кетті. Қарусыз халық кез келген жаққа жан ұшыра қашып барады. Оқ тигендері құлап та жатыр. Босып келе жатқан бейбіт адамдарға жан-жақтан оқ борап кетті. Анна Ивановна екі баланы екі қолымен ұстай алды да, оң жақ өкпе тұстағы тоғайға қарай жүгірді.
Мама, оқ атқан кімдер?- деп сұрады артына бұрыла қарап келе жатқан Борис.
Білмеймін! - деп, Анна Ивановна келте жауап қайырды да, ілгері қарай жүгіре берді.
Автоматтан дамылсыз атылған ок даусынан төңірек жанғырығып кетті. Дэл осы кезде гүрілдеген мотор даусы естілді де, ол дарылдаған автомат даусына ұласты. Біреуді біреу біліп болар емес. Астан-кестен бір дүние әйтеуір. Бас сауғалап кез келген жакка карай жан ұшыра безіп бара жатқан жұрт.
Анна Ивановна екі баламен тоғайға келіп кірді де, не істе- рін білмей кілт бұрылып, бір орыннан тапжылмай тұрып қалды.
- Жүр, жүр, мама!- дей берді үрейлері ұшқан екі бала Аннаның қолынан ілгері карай тартып. Анна Ивановна: «ок аткан кімдер, аныктап көріп алайын» дегендей, кашып келген жағына ұзак караумен болды. Екі көзі бұлдырап еш нәрсе көрер емес. Көзін кайта-қайта сүртіп карағанмен, бірак ешкімді анық көре алмады. Содан соң ол балаларын ертіп бір талдың түбіне келді де, отыра кетті. Тағы да құлақ тұндыра ок атылды. Сәлден соң атылған ок Серіктер отырған маңайды тіміскілей бастады. Ыскырып өткен оқтан қорғанып, балалар да бұталарды паналап бұға калысты.
«Бұл не сұмдық?... Оқ атып жатқан кім? Фашистердің келіп- ак калғаны ма?.. Жоқ. Ол жауыздарды Қызыл Армия жібере қоймас!.. Сонда ок атқан кім? Біздің эскерлер босып келе жатқан өз адамдарына оқ ата ма? Жоқ, оқ атуы мүмкін емес. Сонда кімдер?..» - деген ойда отырғанда, жол бойы мото- циклистерге қаптап кетті. Бірінің соңынан бірі ілгері қарай өтіп жатыр. Бэрі де біркелкі көк киімді, білектерін шынтак- тарына дейін түріп, бастарына каска киіп, автоматтарын алдарына көлденең асып алған.
-Мынау біздің солдаттар емес!- деді Борис жұлып алғандай мотоциклистерден көз алмай қарап тұрып. Серік те, Анна Ивановна да оған ешбір жауап қатқан жоқ, үнсіз, кимылсыз тұрып мотоциклистерге үңіле қараумен болды.
Анна Ивановна көзін оң қолының салалы саусақтарымен кайта-кайта сүртіп қарап тұр. Бір заматта осы сабылып өтіп жатқан фашистер екеніне көзі әбден жеткен соң: «Ия, жау қуып жетті! Ендігі күніміз не болар екен?»- деп күбірледі де, Борис пен Серікке алма-кезек бір қарап койды.
Сол күні Анна Ивановна екі баламен ағаш түбіне паналап шықты. Енді жолмен жүру бұлар үшін қауіпті болды. «Не болса да алға карай жүре берейін»,- деген шешімге келген ол Борис пен Серікті ертіп, ағаш-ағаштың арасымен
ілгері қарай жүре берді. Азықтары таусылған болатын. Бірер сағат жүргеннен кейін сирей бастаған тоғай шетінен қалың өрт көзге шалынды. Будақтаған түтін ішінен кызыл жалынның тілі жалаң-жалаң етті. Өрт маңында қараңдаған әйелдер... Үшеуі солға карай бүрылып, өртті айналып жүрмек болды. Анна Ивановнаға жанып жатқан мал корасы, не бір сарай сияқты болып көрінді. Біраз ілгері жүрген соң анықтап қараса өртеніп жатқан кора емес, село болып шыкты. Әр үйдің қасында екі-үштен мотоциклистер жүр екен.
Село өртеніп жатыр!- деді Серік Анна Ивановнаға карап. Бірақ ол ешбір жауап катпастан ілгері қарап аяңдай берді.
Бұлар селоны айналып өткен соң, бір талдың түбіне отырып дем алды бұлар. Неше күндер бойы жол жүріп, шаршап-шалдығып келе жатқан Серік пен Борис мамаларының тізесіне басын сүйеп отырып, калғып та кеткен еді. Жарты сағаттай уақыт өтті. Анна Ивановна балалардың ұйкысын қимай, екеуінің басын екі қолымен сипап отыра берді. Тағы бір он минуттай уақыт өткен соң, Серік:
Мама!.. Мама, жүрші!- деп айкайлап шошып оянып кетті.
-Сережа, Сережа! Неболды саған? Айқайлама?!-деп, Анна Ивановна Серікті кұшақтай алды. Серік кеудесіне келіп қалған өксігін басып, кішкентай көкірегін кере күрсінді де, көзінің жасын сүртіп, жан-жағына мұңая қарады. Борис те оянып, не болды дегендей, мамасына қарап тесіле қалды. «Үйықтап кетсе-ақ шошиды. Ана қазасы баланың есін алыпты. Сережа шошымалы ауру болып кетер ме екен?».. Аурулы болып кетсе, не істемекпін? Онда мұның көрген күні мен менің күнім не болмақшы?!» - деп ойлады Анна.
Осылай қайғы құшағында отырғанда, село жақтан дырылдағын мотоцикл моторларының даусы естілді де, мылтық атылды. Сөйткенше болмай, атылған мылтық даусына ұлардай шулаған үрейлі адам даусы ұласып, төңірек азан-қазан болды да кетті. «Тағы не болып қалды?» дегендей, Анна Ивановна орнынан тұрып қараса, село жақтан көп адам кашып келеді екен. Көбінің қолында жас нәресте. Әйелдер, балалар, кемпір мен шалдар. Бэрі де қолдарынан келер қайраты жоқ, қорғансыз жандар. Ажал тырнағынан сытылып шыккандай, екі өкпелерін қолдарына алып, сүрініп-кабынып.
ушырыгі, бас сау-ғалап келеді. Бэрінің іздейтіні тыныштық, ба? амандық. Бірак жау бейбіт елге ол берекені берер емес.
Ойрандап, талкандап барады.
_ ңеге тұрсындар? Қашыңдар! Неміс солдаттары селоны өртеп адамдарды асып-атып жатыр!- деп, баласын көтеріп тоғай жиегіне ентігіп-демігіп бұрын жеткен жас эйел Анна Ивановнаға есі шыға қарады.
Анна Ивановна жас әйелге тіл қатқанша, шұбырындылар соңынан оқ атылып, селодан онша ұзап шыға алмаған дәрменсіз картгар бораған октың астында калды. Жау оғына ұшкан жас балалар, карггар, элсіз аурулар әр жерде ажал азабын шегіп жатыр. Селодан куғыншылар да шыкты.
Не деген қанішерлер!.. Адам баласында осыншама тағылык, осыншама жауыздық болады екен?!.. Жок, бұлар адам баласы емес, жок!..- деп күбірледі Анна Ивановна осы көрі- ніске карап тұрып. Қуғыншы мотоциклистердің қарасы жакындаған соң, Анна Ивановналар да босып шыккан село адамдарымен калың тоғай ішіне кіріп, жанталаса алыстай берді. Ит тұмсығы өткісіз ағаш орман баспаналарын тастап келген село адамдары жиналып қалды. Қуғыншылар тоғай ішіне кірмеді. Әр жерден ок атты. Жарты сағаттан соң ол да тынды.
Анна Ивановна село жайын анықтап білмек болып, манағы жас әйелдің жанына барып:
Селода не болды, айтшы?- деді.
Біздің селодан өзіміздің солдаттардың соңы кеткеніне екі-ақ сағаттай уақыт болды. Сонан соң, селоға неміс мотоциклистері каптап кетті де, эр үйді коршап алып, тінте бастады. Савчук деген қарттың үйінің шатырына жасы- рынған біздің екі солдат оларға қол пулеметінен оқ атыпты. Немістің біраз солдаттарын өлтірсе керек. Сол үшін бүкіл селоны өртеп, адамдарын атып, аса бастады. Олардан құтылып шыққандар, міне, осылар ғана болғаны ғой!..- деп, әйел көзіне жас алып, қолындағы нәрестесін бауырына кыса түсіп, жан-жағындағы адамдарға қамыға қарады.
Көбін үйлерінен шығармай, үйлерінің есіктерін сыртынан бекітіп, өртеп жіберді. Терезелерінен кашып шықпак болғандарын атып тастады. Жас балалары барлар, кемпір- шалдар үйден шыға алмай калды!..- деді ентігіп-демігіп сөйлеген бір мосқал адам.
Бірінің анасы, екіншісінің баласы, үшінші біреулерінің
туған-туысқандары қалған үрейлі жандар село жаққа қарайды. Қайран село қалың өрт құшағына оралып жатыр.
Анна Ивановна село адамдарынан жол сұрап алды да, түс ауа жолға шықты.
Қалың орманнан шыққан соң, село адамдарының айтқан «бас паналар бүргені де жоқ» ашық даламен жүруге тура келді. Сонда да жолдан бой тасалап, тағы бір күн жүргеннен кейін. үлкен өзен кездесті. Кешіп өтуге болмайтындығын сезген Анна амалсыздан көпір іздеді. Судың бойымен жоғары қарай үш-төрт шақырым жүрген соң, темір көпір көрінді. Көпірге жақындаған кезде, оның ауызында тұрған неміс сақшыларын көріп, зәресі ұшып аңырып тұрып қалды. Есі кетіп: «Енді не істеймін?.. Бұл судан калай өтемін?»- деп тұрған оның ойын:
Ком, комая!- деп барқ ете түскен неміс сақшыларының бірінің даусы бөліп жіберді. Анна Ивановнаның қорқынышы біреу-ақ еді. Ол талай қауіпті күндерден бері көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан партиялық билеті болатын. Оны соңғы күндері Серіктің вельветкасының жағасының ішіне тігіп берген еді. Бірак қайда тықса да неміс жендеттері көріп тұрғандай, тінткен жерде оны тауып алып қоятындай болып көрінетін-ді оған. Әсіресе соны қауіп қылып, қипақтап қалды.
Шақырып тұрған сақшының алдына қанша барғысы келмесе де, амалсыздан екі баласын екі жағына алып, қолдарынан мықтап ұстап, көпірге карай беттеді. Екі бала қауіпті сезгендей, ана мен неміс сақшыларына алма-кезек жалтақтап қараумен келеді.
Бұл жерде не іздеп жүрсің?- деп сұрады бір солдат орыс тілін әзер құрап сөйлеп.
Үйге кетіп бара жатырмыз,- деп жауап қатты Анна Ивановна.
Үйге!.. Үй қайда?..- деп элгі солдат қайта барқ ете түсті де, жанындағы солдаттарға «тінтіңдер» дегендей иек қақты. Үш- төрт солдат эрі тінтіп, бері тінтіп Анна Ивановнаның паспорты мен қол сағатынан басқа еш нәрсе таба алмады.
Басқа құжаттарың қайда?- деп тебінді элгі солдат- Басқа түгіміз жоқ,- деп, Анна Ивановна қысқа ғана жауап берді. Не қыларын білмей аптығып тұрған элгі солдат:
Мынау кімнің баласы?- деп сұрады Серікке қадала қарап.
Өзімнің балам!- деп Анна Ивановна іркілмей жауап берді де, Серіктің иығынан ұстап өзіне карай тартты.
Өтірік айтасың! Мынау азиат. Орыс емес, украиндық рмесі- деп ақырды әлгі солдат.
С - Азиат, азиат!..- десіп жамырасып кетті солдаттардың
барлығы^ Ивановнаньщ зЭресі ұшыгі кетті. «Азиат деп бұл сорлы баланы менен айырып алып кетсе қайтем?.. Онда баладан да, партиялык билетімнен де айырылғаным ғой!..» - деген ой оған сап ете түсіп, Серікті өзіне карай онан сайын тарта берді. Серік те қоркып, Анна Ивановнаның бауырына қарай тығылды.
Солдаттар біріне-бірі баркылдап сөйлеп, бұларды коршай
түсті.
Сен азиатпысың, ә!...- деп бір кекселеу жуан қарын солдат Серікке төніп келді де, «Сен кісі етін жейтін ұлттың баласымысың?» дегендей өзінің добалдай жүнді білегін өзі тістеді. Сонан соң оң қолының сұқ саусағын шошайтып балаға сұс көрсетті. Серік онан бетер қорқа түсті. Зэресі қалмады. Кішкентай қара көздеріне мөлдіреп жас іркіле қалды.
«Гитлер солдаттарын азия халықтары кісі етін жейді деп үйреткен екен ғой»,- деп жорамалдады Анна Ивановна, жуан қарын солдаттың элгі сөзінен кейін.
Анна Ивановнаның аузына: «Өзімнің балам, өзімнің балам»,- дегеннен басқа сөз түспеді. Бастапқы солдат қол сағатты өз қалтасына салды да, паспортты Анна Ивановнаға қайтып берді. Сөйтіп тұрғанда, көпірдің арғы жағынан үстін брезентпен жапқан он шақты жүк машинасы келе қалды. Алдыңғы машинаның кабинасынан басына маңдайы шошайған қалпақ киген бір неміс офицері қарғып түсті де, Анна Ивановналардың қасында үймелеп тұрған солдаттарға қолын бұлғап айқай салды. Барлығы соған қарай жүгіре жөнелді. Жүгіріп бара жатқан солдаттардың ең соңындағы біреуі түра қалды да, артына қарап сәл кідіріп барып, Анна Ивановнаға жүгіріп келді.
Мен чехпын. Біз туысқан адамдармыз. Бүлардың өздері кюі жегіш! Ел тонағыш тағылар! Тез кетіңіздер,- деп түстік жақты нұсқады да, ол қайта жүгіре жөнелді. Анна Ивановна екі баланы жетектеп, көпір аузынан түстікке қарай ұзай берді....
Көпірден ұзап шыккан соң, бір қалың тоғайға кезікті олар. іұнжырап жай ғана ағып жатқан үлкен судың жағасымен жоғары өрлеп тағы біраз жүрген соң:
Достарыңызбен бөлісу: |