Тандамалы



бет9/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
"к •к іе
Серік пен Борис Переяслав бағытынан барлаудан келе жатты. Барлауды ойдағыдай орындағандарына екеуі де өте көңілді еді. Зарубенцы селосы тұсында Днепр жағасымен жүруді қолайлы көріп қалың жас шыбықты тоғайға келіп кірді.
Днепрдің оң жағы биік, орманды келеді де, сол жағы жаппай жазық, құмды болады. Майда құмға шыққан тал ит тұмсығы өткісіз қалың. Осы калың тал тұтаскан бойы төмен карай кете береді, кете береді. Жорыққа шыққан партизандар тобы бұл талды талай-талай тасалап келіп, жауға ойран салған. Соны жақсы білетін екі барлаушы тал арасынан жайбарақат жүріп келеді. Аспан айналып жерге түскендей. Күн тым ыссы-ақ. Луковец селосының тұсына келгенде Днепр жағасына шықпай, Днепрден тарамданып жатқан қара судан шөл басқылары келді Де, екеуі жағаға қарай жақындады. Көлденең кездесе кеткен қара судан кезек барып су ішіп беті-қолдарын жуып салкындады да, тағы ілгері жүрді. Сол сәтте өзен жакган дауыс естіліп, біреулер




күлгендей болды. Екеуі тұра қалып тың тыңдады да, талдың арасымен дауыс шыккан жерге келсе, екі адам суға түсіп жүр екен. Екеуі де еркек адам сияқты. Суда құлаштай малтып жүр.

  • Ұлтшылдар ғой, жайбарақат рақаттанып жүргендерін қарашы, жүрттың бэрі қолдарына қару ұстап күреске шыққанда!- деді Борис оларға кектене қарап.

  • Олар бізге қарсы соғысып жүрген сүмырайлар ғой. Менің мына қолымды жаралаған осылар ғой. Боря, осылар жай ұлтшылдар емес, полицайлар болмасын?- деп күдіктенді Серік. Борис «болса болар» дегендей, жан-жағына сақтана қарай қалды. Сөйттіп түрғанда сол жақтарында жуан талдың бүтағына іліп қойған көк мундир, ақ ішкі көйлектерді көрді. Талдың түбінде бір винтовка сүйеулі түрғанын көріп екеуі сасып калды.

  • Полицай десек, мыналар нағыз жендеттердің өзі ғой,- деді Борис Серікке жалт бұрылып, Серік судағы малтып жүрген немістерге қарады. Екеуі су ортасына барып қалыпты. Арғы жақта біреу бір қол қайықпен әуреленіп жүр. Бұлар қайық шақырып, арғы жақтағы Луковец селосына өту үшін қайык күтіп, суға түсіп жүрген неміс солдаттары екенін бірден түсінді барлаушылар. Серік пен Борис: «Маңайда тағы біреулер бар ма»,- деп төңіректі шолып шықты. Ешкім жоқ екен. Киім- кешектерін алып кету керек пе, жоқ элде, күтіп жатып өздерін атып кету керек пе? Екеуі осы жағын ойласты.

  • Сережа, винтовкалары мен киім-кешектерін алып кетейік, олар қайта малтып келгенше талай жерге барып қаламыз,- деген ұсыныс жасады Борис. Серік су жаққа бір қарап қойды. Жау киімдері жаткан жакка тағы көз тастады. Сонсоң сәл ойланып тұрып:

  • Қаруларын алайық та, өздерін бері судан шыккан соң атып кетейік,- деді жігерлене сөйлеп.

  • Командир «оқ атпаңдар» дегені қайда?- деп қалды Боря.

  • «Оқ атпа» дегенде тапсырманы орындап болғанша оқ атпау керек. Енді лагерьге жакындап келіп қалғанда несіне кауіптенеміз. Өздерін атпай киімдері мен қаруларын алып кетсек, анадағыдай партизандар бізге күледі ғой. Мас полицайды қолын артына байлап алып барғанымызда «Борис пен Сережа мас боп ұйықтап жатқан жауға батыр» деп күлгені қайда. Онан да екеуін де судан шығармай атып кетейік. Екеуіміз екеуін екі-ақ тартамыз,- деді Серік автоматына қарап қойып. Борис келіскендей болып: «Давай!» деді. Борис әркашанда бір




нәрсе істер алдында сөзінің сырағысы осы «давай» болатын. Екеуі дереу еңбектеп барып, жаудың винтовкасы мен киім- кешектерін кұшактап алып тал ішіне алып келді де, кешікпей кайта шыкты. Бұл кезде немістер қайта малтып келе жатыр еді. Екеуі бір жуан талдың түбіне жасырынып тұра калды. Серік Бористің беліндегі пистолетті көріп, куанып кетті. Борис Серіктің құлағына аузын такап:
- Біреуінің белбеуінде екен. Демек, бұлардың бірі офицер,- деп сыбырлады. Екі бала автоматтарын тексеріп, алдарына төніп тұр. Екі жендет судан шықпай жатып, автомат оғының астында қалды. Днепрдің ашулы толқыны «тағы атыңдар мына жендеттерді» дегендей, екі арам денені жиекке итеріп тастап қайтып кетті. Әлде оқ тимей әдейі жатыр ма деп қалған Серік жақындап барып, автоматтан тағы оқ атты. Арғы жақта қол қайық маңында амалсыздан күйбеңдеп жүрген адам селоға кашып бара жатты. Серік пен Борис тоғайға кіріп жоқ болды.
к -к •к
Бір жолы барлаудан барлаушылармен бірге келе жатып, Серік «Белое озеро» деген орман шаруашылығындағы кұс бағып жүрген балаларға кездесіп, олармен мұндаскан болатын. Бұлар бұрынғы Переяслав балалар үйінің балалары еді. Оларды басқыншылар келіп қалған кезде кейін шығысқа қарай алып кетуге үлгіре алмаған. Переяслав пристанында кемеге тиеп экеткелі жатқанда, неміс сойқандары келіп қалып, балалар тэрбиешілерімен бірге басқыншылардың қолына түсті. Оларды жаяу Переяслав қаласына айдап келді. Сарайға қамап қойды. Тэрбиешілерді балалардан, балаларды тәрбиешілерінен айырды. Балалар сарайда қалды. Он күн ішінде балалар аштықтан жүдеп кетті. Оның үстіне «кішкене болыневиктер» деп оларды ұрды, соқты. Кейіннен сарайға азамат киімді екі жуан қарын неміс келді. Балалардың жартысын іріктеп алып кетті. Қайда алып кеткенін ешкім білмеді. Қалғандарының ересектерін Киев қаласына жөнелтті, кішкентайларын осы «Белое озероға» бұрынғы бір колхоздың кұсын алып келіп, соны бақтырып қойды. Бұл Переяслав комендантының азығы. Баталарды алғашқыдажаралы бір неміс офицері басқаратын еді, соңынан ол кетіп, екі полицай басқаратын болды. Қайсысының болмасын балаларға таяғы жұмсақ тиген жоқ. Күніне екі рет кара нан мен қара су ішіп, жиырма екі бала құс бақты. Әрбір өлген, жоғалған балапан ұшін олардың барлығына бірдей Дүре соқты. Отырса басқа, тұрса аякка таяқ тиді. Осы жайды






балалардың өз аузынан естіген Серік оларды аяйтын. Оларға жаны ашитын. Әттең шамасы келсе босатып алғысы да келетін. Бірак Серік тым кұрығанда топ командирі де емес қой. Ол жай барлаушы. Балалардың әңгімесін ол жалғыз өзі естіген. Онан баска барлаушылар ағаш шаруашылығының төңірегіне арнаулы тапсырмамен келіп кеткен. Олар балалар жайында, құс фермасы жайында да хабарсыз. Ол туралы білуге уакыттары да жок болатын. Серікке барлык жайды айтып берген он бір-он екілерге келген ашаң, ақсары бала. Ол барлығын жыламсырап. кішкентай кеудесін кере күрсініп отырып айтқан еді.
«Партизансыңдарғой,партизандардасенсияқтыбалалар көн пе? Қашып шықсам сендерді таба аламын ба? Партизандардын бастығы мені қабылдап ала ма?»- деген шашы жалбыраған таңкы танау ақсары баланың сөздері, онын қырылдаған қоңыр даусы Серіктің құлағынан ешкашан кетер емес. Серік бір күні бос уакытын пайдаланып отряд штабына келді. Штабта Иван Кузьмич жалғыз отыр екен. Серікті көрді де: «Амангелді, бері кел. Жараң жазылды ма? Дәрігерге көрсетіп жүрсің бе?»- деп сүрақты үсті-үстіне қойып, оны өз жанына шақырып алды. Серік командирдің жанына жақын келіп:

  • Жарам жазылып кеткен,- деп жеңін шынтағына дейін түріп, жарасының қара қотырланып тұрған орнын көрсетті.

  • Е, шынында жазылып кеткен екен,- деп, командир қуанып қалды - Неге келдің? Лагерьде ұзақ жатып қалып жалықтың ба?- деп, Иван Кузьмич Серікті жанына отырғызып, арқасынан қағып қойды.

Серік біраз ойланып отырды да әкесіндей жақсы көретін командиріне «Белое озеро» оқиғасын түгел айтып берді. «Не дер екен» дегендей, Иван Кузьмичке қарақаттай қара көзін сұраулы пішінмен қадай қойды. Серіктің көкейтесті ойын түсіне қойған командир:

  • Оларды босатып отрядқа алып келеміз. Оған сен де барасың. Гриша Спижевойдың тобын лагерьге келісімен жіберемін,- деді. Серік қуанғанынан орнынан атып тұрды да, белбеуін түзеп, кетуге ыңғайланып, кэдімгі солдаттарша:

  • Кетуге рұқсат етіңіз!- деп саңқ ете түсті. Иван Кузьмич жымиып күлді де:

  • Бара беруіңе болады,- деп, нақ сол сәт ол әскери адамша оқыс бұрылып кетіп бара жатқан Серіктің соңынан қарап қала берді. Серіктің ерлігі, Серіктің тапқырлығы, қырағылығы оны бұрыннан да қатты сүйсіндіріп жүретін. Әлгіндегі сөзі, қимылы


тағы да ұнай түсті, сондыктан бала тілегін калай да орындауға бел байлады.
Сол күні Григорий Спижевойдың тобы жорықтан келді де, ертенінде түс ауа «Белое озероға» шығып кетті. Топ алдында карт партизан Семен Григорьевич Власенконың жанында Серік те кетіп бара жатты.
к к к
Отряд үлкен қүрамаға айналып, Хоцкий орманында тұрған кез еді. Қыркүйек айының ортасы болатын, күн шайдай ашық. Қиян-кескі ұрыстан соң отряд Днепрдің оң жағындағы Панитов орманынан осы орманға ойысқанына бүгін екінші күн. Сол ұрыста колға түскен тұтқындардың жауабына карағанда, фашист армиясы тоқтаусыз шегініп, қала соңынан қала, село соңынан селоны тастап, шегініп келе жатқанға ұқсайды, Бірак майдан шебі қай жерде екенін олар айта алмаған. Сол себепті кұрама басшылары Шығыс - Полтава - Харьков бағытына барлаушылар жіберген болатын. Олардың ішінде әдеттегідей Серік те бар. Барлаушылар элі қайтып оралған жоқ. Бүкіл лагерь болып олардың хабарын күтіп отыр. Күтпегенде ше? Жау тылында екі жылдан аса уақыт болып, бел шешіп бір күн болса да рақат көрмеген жандар. Осы мезгіл ішінде талай рет жаумен бетпе-бет белдескен. Екі күннің бірінде соғыс, қантөгіс. Айнала жау, артың да, алдың да тосқауыл. Осы екі талай күндерде жанкештілікпен Отан үшін алысқан ерлердің көргендері, бастарынан кешкендері көп еді. Олар сәулетті қала мен селолардың күл болып қалған орнын көрді, немістер тірідей көмген әке-шеше, аға-іні, қарындастарының зиратын көрді. Тоналған елді, үй орнында күл болып қара топырағы ғана калған жерді көрді. Панасыз жүрген ананы, анасыз жүрген баланы көрді. Жер кан сасып жатты. Міне, фашизмнің салған лаңы осындай еді. Осындай адам баласының жаны түршігерлік айуандық жасаған фашизм канқүмарларын іштен шалып, ер азаматтар етігімен су кешті. Отан үшін алысты. Қас дұшпаннан халықтың кегін алысты. Ар үшін, үят үшін, намыс, азаттық үшін белдесті олар. Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін жаумен бетпе-бет келіп айқасты ерлер. Өздерінің туған қасиетті жерінің эр қадамы үшін қан төкті. Олар жаудың ту сыртынан соққы беріп, басқыншыларды іштей жайлап, айбынды Қызыл Армияға көмектесті. Сөйтіп жеңіске үлкен үлес қосуда.
Осындай патриоттықтың үлгісін көрсеткен ерлер өз елін, өз жерін, өздерін мәпелеп тэрбиелеген адамдарын сағынды.




Олар бейбіт өмірді аңсайды. Ата-аналарын, сүйген жар, бала- шағалары, туған-туыскандарын, жора-жолдастарын сағынады.
Кейбірі «Қызыл Армияның бірінші кездескен солдатын кұшақтасам, сонан соң өлсем де арманым болмас еді», дейді. Кейбіреуі отанның бір түкпіріндегі өз үйіне баруды армандайды...
Лагерь кыркүйектің он алтысынан он жетісіне қараған түні үйықтамай шықты. Құрама, отряд комиссарлары партизандар арасында жүмыс жүргізді. Қызыл Армиямен кездесуге, қанды соғыс қиыншылықтарынан қандары бұзылып, аурулы болған партизандарды қуанғаннан жүрегі жарылып, өліп кету қаупінен сақтандырып алдын ала эзірлік жасады.
Таң әбден атканда барлаушылар: «Қызыл Армия Переяславқа келді»,- деп хабарлады. Соның соңынан лагерьге көп кешікпей екі танк жетіп келді. Танктің люгінен бірінші боп көрінген полковникті көргенде уралап айқайлаған дауыстан бүкіл орман толқып тұрды. Танкистерді партизандар кезек- кезек кұшақтап, беттерінен сүйіп, амандасып жатыр. Біріне- бірі кезек берер емес. Лагердегі қуанышты кездесу бірер сағатқа созылды. Құрама командирі Иван Кузьмич Примак, полковник жэне танкист үшеуі қүрама штабына беттеді, олардың соңынан отряд командирлері мен комиссарлары да штабқа кірді.
Партизандар құрамасы басқыншылардан азат етілгеп Переяслав ауданының Шобитки, Пологи-Вергуны деген екі селосында дем алуға орналасты. Бұл селолардан майдан линиясына айналған Днепр өзені жиырма бес шақырымдай. Немістер өзеннің оң жағына, біздің Қызыл Армия сол жағына барып бекінді. Екі жак әскерінің алдыңғы шебін бөлігі тұрған осы Днепр. Жау өзеннің оң жағына бекініп, судын батыс жағасының орман басқан дөңесінің стратегиялык артықшылығын пайдаланып, сонда тұрып қалмақ. Бұл қарманғанда қолдарына ілінген ақырғы талы екенін білді жау. Мұнан айырылса, үріккен қойдай дүркірегеннен-дүркірегі қашатыны сөзсіз. Ондай халде қайда барып тоқтары белгісіз. Сондықтан, соңынан тарихта Букрин плацдармы деп аталған бұл жерге жау барлық күшін салып, бар техникасын төгігі бақты. Бірақ бұларды өкшелеп қуып келген Қызыл Армия эскерлері де осал күш емес еді. Олар маршал Малиновский басқарған даңқты үшінші Украин майданының жауынгерлері Кэрі Днепрдің астымен де, үстімен де өтіп шығып, жаудын




тас-талканын шығарып, касиетті Украин жерінен кумақ. Совет жерін, уақытша жау қолында қалған совет адамдарын азат етпек.
Алдымен Днепрден өту керек еді. Оған Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отряды аттанды. Партизандар өздерінін күні бұрын жасырып қойған қайықтарымен бірінші болып Григорьевка селосының сэл төменгі жағынан түнде өтіп шығып, судың арғы жағына бекініп, қызыл армияның жаяу эскер бөлімшелерін жасырын өткізе бастады. Көп кешікпей Жау сезіп койып, Днепр үстіне аспалы жарык ракеталарын тастап, өзен бойын бомбалады. Өзеннен өтіп үлгірген кызыл армия бөлімдері мен партизан отряды Григорьевка, Луковец жэне Зарубенцы селоларына басып кіріп, одан жау әскерлерін қуып шығып, жаудың көптеген танкалары мен машиналарын қолға түсірді. Сол кезде қызыл армияның танкалары мен ірі құрамалары да өзеннен өтті. Шешуші айқастардың бірі басталып та кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет