"к к к
Анна Ивановна ІПобитки селосындағы бір шал мен кемпірдің үйіне орналасты да, кішкентайлар тобындағы Борис пен Серікті өз жанына алды. Селода партизан отрядынан басқа екінші эшелонға карасты бір артиллерия полкы тұр еді. Өмірдің қиыншылығын көріп қалған ана «балаларымнан айырылып қалармын» деп, Серік пен Бористі жанынан шығармайтын болды. Аннаның ойы он, санасы сан бөлек. Не істеу керек? Қайда бару керек? Өз үй-іші болса анау, комиссар майданға кеткелі хабарсыз, үй дүниелігі болса, эшелонда өртеніп кеткен. Өзінің туған үйінің жайы да белгілі. Фашистер экесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген. Қазіргі үстеріндегі бір қабат тозығы жеткен киімдерінен басқа еш нэрсесі жок. Баста - пана, үсте - киім, оның үстіне ішер ас болмаған соң, киын ғой! Соғыс болса мынау, элі аяқталар емес. Анна осының бэрін ойлайды. Біресе өзінің туған селосына барып, ағайындарына паналағысы келеді, біресе Киев қаласына барып, жұмысқа орналасып, екі баланы окытпақ болады. Осы екі ойының кайсысына бел байласа да, туған жер басқыншылардан түгелдей азат етілгенше, осы жерлердің бірінде тұра түруға, ЭЛ1 Де жаумен күресуге тура келер деп те ойлайды. Сондықтан Да Анна Ивановнаның ешқайда асыккысы да келмеді. Үй иелерінің көңілін тауып тұра берді.
Отряд қатардағы партизандарына кұжат беріп, армия
қатарына жіберді. Кейбіреулері жау тылына қайта ұшып кетті. Кейбір бұрынғы партия, совет қызметкерлері жаудан босаған жерлерге кызметке жіберілді. Отряд жұмысын корытып. Украинаның Орталық Партия комитеті алдында есеп беруге. кұрама комиссары бастаған он шақты адам ғана қалды.
Бір күні есік алдында жүрген Борис пен Серік жок болды да кетті. Анна Ивановнаның зәресі ұшып, есі кетті. «Қара басып. екеуінен де айырылған екенмін»,- деп ойлады ана. Екі өкпесін қолына алып, көшегі жүгіре шықты. Селода эскерлер көп еді. Біреуді біреу біліп болар емес. Селода тұрған әскери бөлімнен басқа село арқылы майдан шебіне қарай өтіп жатқан эскерлер қанша десеңші. Тіпті майдан жақтан жаралы жауынгерлерді тиеп, шығыска карай ағылып кетіп бара жатқан машиналар мен арбалар да көп. Анна Ивановна балаларын іздеп, осы көпке араласып кете барды.
Осыдан екі сағат бұрын Серік пен Борис көшеде кетіп бара жатқан әскери бөлімдерді қызықтап келе жатты. Әр түрлі зеңбіректерді қарап жүр.
Біздің осындай зеңбіректеріміз болса ғой, немістердің көкесін көрсететін едік,- деді Борис.
Ең болмағанда осындай бір зеңбірегіміз болса да. оларға көресісін көрсететін едік. Біздің Спижевой командир артиллерист емес пе еді. Міне, дэл анау мойны ұзын зеңбіректі Костя командирдің қолына берсе, жауды қыратын еді ғой,- деп оны қостап кояды Серік.
Сережа, ананы қара, машина үстіне темір жол рельсін орнатып алыпты. Көпір салуға керек шығар,- деді Борис артиллеристердің тағы бір колоннасы өз тұстарына қатарласа бергенде.
Ол темір жол рельсі емес. Партизан болсаң да осы уақытқа дейін «катюшаны» білмейді екенсің,- деді артқы жақта тұрған бір мұртты солдат.
Борис солдатқа жалт карап, ыңғайсызданып қалды да, қызыл ленталы қара кепкасын түзеп киіп Серікті түртіп қалып:
«Катюша» дейді. Міне, ғажап! Қалай атады, рельс сияқты темірлерінен басқа еш нәрсесі жоқ,- деді.
Қалай ататынын Серік қайдан білсін? Ол да «ой ғажап» деп таңырқағаннан басқа ештеңе айта алған жоқ. Сөйтіп тұрғанда оң жақтағы үлкен ақ үйдің кақпасынан бір кіші лейтенант шыға келді де, Серікке қарай қалды. Серіктің көзі кіші лейтенанттын
каракаттай көзіне түйісіп кеткенде, ол ұялып, қысылып қалды. ^іші лейтенант Серіктің жанына жакындап келді де:
Сен казақпысың?- деп сұрады орысшылап. Серік сэл кідіріп калды да, Бориске карады. Борис «Кім екеніңді айт» дегендей, басын изеп күлді. Серік кіші лейтенантқа карап:
Иә, казакпын,- деді орысшылап.
Қазак тілін білемісің? Мен де казакпын,- деп, кіші лейтенант Серікке жақындай түсті.
Білемін,- деп, Серік енді қазақша жауап берді.
Серік оған басынан кешкен оқиғаларын айтып берді. Серіктің өмірі кіші лейтенантты таңқалдырғандай болды. Ол бала партизанның әңгімесін тебірене тұрып тындады. Сонсоң кіші лейтенант Серіктің иығына қолын салып тұрып:
Атың кім?- деді.
Аты Сережа, - деді Борис Серіктің орнына жауап беріп.
Жок, атым Серік, партизандар Сережа деп атайды,- деді Серік қазақшалап.
Ал Серік, Боря, жүр біздің штабқа барайьщ. Сендерді штаб бастығымен таныстырайын,— деді кіші лейтенант. Серік пен Борис барарын да, бармасын да білмей тұрып қалды.
Жүріңдер, партизандар осындай бола ма екен? Ұялмаң- дар, жүріңдер,- деп, кіші лейтенант екі баланы екі қолынан жетектеп үйге карай жүрді. Екеуі біріне-бірі карап жымиып күлді де, үйге карай кете барды.
Менің атым Мұқан, штабтағылар Миша дейді. Біздің штаб бастығы өте жақсы адам. Балаларды, әсіресе, партизан балаларды жақсы көреді. Қазір сендермен эңгімелеседі,- деп, кіші лейтенанат екі баланы сөзге айналдырып үйге кіргізді. Алдыңғы бөлмедегі үш столды жағалай отырған офицерлер Серік пен Бористі көргенде: «Мыналар партизандар ғой. Бұларды қайдан тауып алдың, Миша»!- деп бэрі дабырлай сұрасты.
Міне, екеуі де партизан. Чапаевшылар,— деді кіші лейтенант.
Біз примаковшылармыз,- деді жұлып алғандай Борис.
-Чапаев атындағы партизан кұрамасында болдық дегендерің
Кайда?- деді Мұқан.
Сол құрамада болдық. Бірақ біздің командиріміз Примак Иван Кузьмич. Бізді примаковшылар деп атайды,- деп жауап кайырды Серік.
Ә, онда жарайды, примаковшылар. Мынау Сережа
Мергенбаев менің жерлесім. Ал, мынау оның қанды көйлек жолдасы Боря Савченко. Біздің штаб бастығының жерлесі болу керек фамилиясына қарағанда,- деп таныстырды балаларды штабтағы жолдастарына кіші лейтенант.
Неге шулап кеттіндер?-деп сол кезде төргі бөлменің есігін біреу ашып жіберді. Есіктің арғы жағынан бір алпамсадай қара торы, ұзын адам шыға келді.
Жолдас подполковник, партизандар бізге қонаққа келді, деп баяндады кіші лейтенант. Подполковник Серік пен Бористі көріп күліп жіберді де:
Кәне, маған кіріңдер. Қандай партизан екендеріңді көрейін,- деді.
Алдыңғы бөлмедегі офицерлер Серік пен Бористі қаумалагі. штаб бастығының кабинетіне алып кірді.
Жолдас подполковник, екеуі де бұрынғы артил- леристердің балалары, біздің артиллеристердің балалары екен. Мынау Боря артиллерия полкінің комиссары Савченко деген майордың баласы екен, ал мына Сережа дивизион командирі Мергенбаев деген майордың баласы екен,- деп сөзін бастады да, кіші лейтенант екі баланың өмірбаянын, бастарынан кешірген оқиғаларын түгел баяндап шықты штаб бастығына. Подполковник екі балаға алма-кезек карап, ойланып қалды.
Подполковник Красюк Полтава каласында туып-өскен адам еді. Соғыстың алдында Харьков каласында артиллерия училищесін үздік бітіріп, лейтенант атағын алған. Полтава қаласында тұрған артиллерия полктарының бірінде взвод командирі болып жүріп 1937 жылы үйленген. Бір жылдан кейін әйелі ұл тауып, оның атын Борис қойған. Соғыс басталып. өзі батыс Украинаға аттанғанда, әйелі баласымен Полтава қаласында қалып еді. Сонан бері олардан хабарсыз. Олардын не өлісі де, не тірісі де белгісіз, еш дерек жок. Сонан бері талай соғыстарға катысты, Қызыл Армия бөлімдерімен кейін шегінді. Неше рет жараланды. Әскери ауруханаларда жатты. Оның талайынан сауығып шықты. Неше рет эр түрлі әскери бөлімдерге ауысты. Лейтенанттан шені подполковникке дейін өсті. Ақыры осы артиллерия полкына штаб бастығы болып тағайындалды. Полтаваға жеткенше асыкты. Жарымды, жалғы ; баламды тауып алам деп ойлады. Полк Полтаваны босатуға қатысты. Подполковник полкі қалаға бұзып-жарып алдымен кіргендердің бірі болды. Туған қала азат етілді. Красюк отбасын іздеп өзі тұрған үйге келді. Үйден ешкімді таба алмады.
Көршілерінен сұрады. «Астыртын ұйыммен байланысы бар деп, ұлы мен өзін немістер атып тастаған»,- деді көршілері.
Міне, екі жетім партизан баланың жайын естігеннен кейін подполковниктің қайғысының жарасының аузы ашылып кетті. Оның қайғысын бүкіл полкі білетін еді. Штаб бастығының мандайын жұдырығымен тіреп койып, көңілсіз сұлк отырғанын көрген офицерлер оны аяп кетті. Бірақ олардың колдарынан не келеді? Қолдарынан бар келгені Полтавадан сон жауға бұрынғыдан бетер қатты соққы беріп келеді. Енді екінші эшелонға шығып, біраз дем алған соң жауды тағы аямай соғады.
Подполковник ауыр күрсініп:
- Екеуі де біздің артиллеристердің балалары екен, ең әуелі тамактандырыңдар. Варшавскийге айтыңдар, екеуін де өз әкелерінің формасымен бастан-аяқ киіндірсін. Егер өздерінің қалғылары келсе, полкта калсын. Соғыс біткен соң оқуға жібереміз. Бұлар да артиллерист болып ел қорғасын!- деді.
Серік үнсіз подполковникке карап отырды. Оның «біздің артиллеристердің балалары екен» деген сөзі Серіктің көкейіне ұялап, өте жылы естілді. Көз алдына экесі елестей кетті. Әкесінің формасы да осы подполковниктің формасындай еді. «Артиллеристер бір жерде жүретін шығар. Бірін-бірі білетін шығар»,- деп ойлады да: «Менің әкемді көрмедіңіз бе?- деп сұрағысы келді подполковниктен. Бірак батылы барып сұрай алмады. Сол сәтте «партизандар, жүріңдер», деп кіші лейтенант екеуін асханаға, тамак ішуге шакырды. Бористің осы минуттарда не ойлағанын кім білсін, оның шешесі жанында ғой, ал Серік болса, көп уақыт өтіп көмескілене бастаған ой соқпактарына кайта сокты. Енді оның ойынан әкесі кетпеді. «Мамам өлді. Өлгенін көзім көрді. Мамам енді ол жаткан жерден тұрмайды»,-деп түңілді. «Ал папам соғыска кеткен. Ол өлген жоқ. Ол өлмейді. Оны фашистер өлтіре алмайды. Оның солдаттары көп. Зеңбіректері де көп болатын. Осы маңдағы артиллеристердің ішінде, солдаттарға команда беріп жүр ғой. Қалай тапсам екен? Оны білетін командирлер бар шығар. Бірақ барлығы әскери адамдар, кұпия деп, оның кайда екенін айтпайтын болар»,- деп ойлап келеді.
Асханадан тамақтанып алған соң, көрші үйдегі киім тігетін шеберханаға келді. Екеуін екі солдат алдарына тұрғызып койып, бойларын тігінен, көлденеңінен өлшей бастады.
Анна Ивановна балаларын іздеп дал болып, жан ұшырып
жугіріп жүр. Көрінген адамнан сұрайды. Ешкім оларды көрмеген сияқты. «Әлде үйге келді ме екен?»- деп кейін қарай көше бойлап қайта келе жатты. Көшенің сол жағында шарбақка сүйеніп, бір мұртты, орта жасқа келген солдаі тұр екен. Әлгі солдаттың тұсынан өтіп бара жатып: «Мына солдаттан балаларымды неге сұрамадым?»- деп ойлап, Анна Ивановна тоқтай қалды.
Сіз осы маңайдан балалар көрмедіңіз бе?- деді Анна Ивановна.
Қандай балалар? Екі бала ма? Бірі қара бала ма?- деп, солдат мана зеңбірек, «катюшаларды» таңырқаған екі баланы есіне түсірді.
Иә, иә. Бірі қара бала? Олар калай карай кетті?- деп Анна Ивановна ентігін баса алмаған күйі солдаттың жанына таяу келді. Солдат қалтасынан темекі дорбасын алып жатып, Анна Ивановнаға тесіле қарады да:
Ол екі бала ешқайда кеткен жоқ. Мына полк штабында. Полктың аға писары Миша деген қазақ жігіті еді. Сол осы арада екі баламен сөйлесіп тұрған. Енді бір кезде екі баланы ертіп штабқа кіріп бара жатқанын көрдім,- деді солдат оң жағындағы ак үйге қарап.
Ракмет!- деп, Анна Ивановна солдатқа алғысын айтты да, штабқа қарай жүгірді. «Бұлар бір қылмыс істеп койды ма, штабка неге әкетті екен?»- деген оймен келіп, Анна Ивановна штабқа кірді. Алдыңғы бөлмеден ешкімді кездестіре алмаған соң, төргі бөлменің есігін ашып еді, бір подполковник отыр екен.
Подполковник келген әйелдің кім екенін айтпай-ак түсіне қойды да:
Саламатсыз ба? Балаларыңызды іздеп жүрсіз бе?- деді. Анна Ивановна сэлемдесті де, подполковник алдында жазықты адамдай:
Иә, балаларымды іздеп келіп едім. Екеуінің де сотқарлығы жок еді,- деп балаларын ақтап сөйлей бастады.
Жок. Олар соткарлык жасаған жоқ,- деп, подполковник балалардың штабқа қалай келгенін, олармен ұзақ уақыт эңгімелескенін,өзбасындағыкайғысынайтты АннаИвановнаға. Сонсоң:- Бұлар артиллеристердің балалары екен. Біздін артиллерия полкына қалдырыңыз балаларды. Біз тэрбиелейік,- деді подполковник. Анна Ивановна да біраз уақыт бойына подполковник алдында көзіне жас ала отырып, іштегі мұңын ақтарып салды.
Балаларды, сіздерге бере алмаймын ғой. Өзіңіз көріп отырсыз, ол екеуінен басқа менің нем қалды. Кімге сүйенем? Кімім бар менің? Әрине ашығармыз, тарығармыз. Мұнан жаман күндерді де басымыздан кешірдік. Ашығып та көрдік. Жарық дүние көрмей жер асты үйде де тұрдық. Аңша бұта-қарағанды паналап та жүрдік. Қазір оған қарағанда құдайға шүкір, аш болсақ та, жалаңаш болсақ та жарық дүниеде еркін жүре аламыз ғой. Қара жұмыс істесем де екеуін аш-жалаңаш қылмаспын. «Полкке алайын, қамқорлық жасайын»,- дегеніңізге көп рақмет. Олар тағы бір жаққа кетіп қалар,- деп Анна Ивановна орнынан көтеріле берді.
Сіз элі де ойланып көріңіз. Соғыс болса элі де жүріп жатыр. Бористі қалдырмағанмен Сережаны қалдырыңыз. Бористі тэрбиелеп жеткізсеңіз де үлкен еңбек істеген боласыз. Ал Серік болса жетім бала. Өзіңіздің балаңыз емес. Біздің артиллеристің баласы ғой. Біз оған жанашырлық жасайтын боламыз. Тамағы аш, киімі жыртық болады дейсіз бе? Штабта жүреді. Соғыс біткен күні оқуға жібереміз. Ол да артиллерист болып шығады әкесі сияқты,- деп подполковник партизан әйелді үгіттей бастады...
Анна Ивановнаның іші алай-дүлей. Оның көз алдына өткен өмір елестері келіп-кетіп жатыр.
«...Өзі туған Зазулин селосы. Комендатура. Комендант өзіне таяп келіп, өзін жақтан салып жіберді. Көзінің оты жарқ ете түсіп, көзі қарауытып, есеңгіреп қабырғаға барып сүйенді Анна Ивановна. Сол сәтте «мама» деген Серіктің ащы даусы қүлағына келді. Көзін ашып қарады. Серік екі алақанымен бетін басып «мамалап» жылап тұр».
Жоқ, жолдас подполковник, Серік менен тумаса да, туғандай боп кеткен бала. Ол мені өлімнен алып қалған. Мен де оған пана да, ана да болып келемін. Оны сіздерге бергім келмейді. Бере алмаймын. Олар қайда болса, мен сонда, мен қайда болсам олар сонда болулары керек! Серікті бере алмаймын, оған қолқа салмаңыз!- деді Анна үзілді-кесілді жауап айтып, жыламсырап, көзін сүртіп отырып. Анна ИБановнаның көнбесіне көзі жеткен соң:
-Жарайды. Балаларыңызөзіңізгеболсын. Бірақ балалардың тағдырын біліп отырайық, сіздің адресіңізді жазып алайын, біздің полк адресін сіз жазып алыңыз. Хабарласып тұрайық,- Деп, подполковник полк адресін Анна Ивановнаға жазып беріп,
оның адресін блокнотына жазып алды да:- Балаларыңызға киім тіккізіп жатырмын, біздің полктан артиллерист балаларына ескерткіш болсын. Олар мынау карсы үйде,- деп, штаб бастығы терезеден карсыдағы сабан шатырлы үйді нұскады. Анна Ивановна орнынан тұрып:
-Сізге көп ракмет! Жаксылығыңызды ұмытпаспыз! Рақмет. Хош-сау болыңыз, жортқанда жолыңыз болсын,- деп штаб бастығымен коштасты да, тез-тез басып сыртқа шығып кетті.
Балалардың киімі ертеңге дайын болатын болды. Анна Ивановна Серік пен Бористі ертіп көшеде келе жатты. «Қызыл Армия - халық армиясы, халықтың корғаушысы. Қызыл Армия халықтан шыққан, халық үшін кызмет істейді деген осы-ау. Кешегі неміс армиясына, тіпті неміс азаматтары жақын бара алды ма? Жоқ, олардан халык коркатын. Оларды көрмеуге тырысатын бейбіт халық. Міне, біздін армияны айтсаңшы! Былай қарағанда оларға ешбір қатысымыз жоқ сияқты, бірак элгі подполковниктің соншама жылы қарсы алып, каншама камкорлық жасағаны халықтан, өзіміздің еңбеккер халықтан шыккандығы ғой»,- деп ойлады Анна Ивановна ішінен.
•к * *
Анна Ивановна Переяслав каласындағы май заводына жұмысқа орналасты. Бұрынғы май заводынан еш нәрсе калмаған. Қаладан шегінер алдында заводты неміс сойқандары қиратып, тас-талканын шығарып кеткен. Енді сол кираған заводты қалпына келтіру керек. Жұмыс көп, бастан асады. Оның үстіне біздің партизандар мен Қызыл Армияның ерекше соққысынан шегіне қашқан жаудан алып калған сиыр сүті заводқа түсе бастады. Одан май, ірімшік, кэдімгі кол күшімен алынады. Бұл заводта Анна Ивановнадан басқа Похолок Татьяна, Широконос Надежда, Матузька Татьяна сияқты партизанкалар да жұмыс істейді. Серік пен Борис Днепрден қармакпен балык аулап, кешке бір шелек шабак әкеледі. Үшеуінің негізгі корегі сол. Оны асып та, куырып та жейді. Көп кешіккен жок, қазан айының аяғында калада онжылдық мектеп ашылды. Серік пен Борис мектепке барып оқу окитын болды.
Соғыс жүріп жатыр. Днепр бойы күндіз-түні бомба астында күңіреніп жатыр. Қала үстінен екі жақтың самолеттері жүздеп үшады. Әр сағат, әр минут самолет гуілімен жарыса өтіп жатыр.
Бір жетіден соң жағдай басқаша боп өзгерді.
Енді жау самолеті күн сайын сирек көрінетін болды. Майдан шебі Днепрдің оң жағына көшті. Сонан біртіндеп батысқа қарай алыстай берді, алыстай берді.
Анна Ивановна қаншалықты шаршап жүрсе де, осы кездерде көңілдене бастады. Өйткені енді көп ұзамай өзі туған Зазулин селосы азат етіледі.
Мама, сүйінші, Иван атамның селосы азат етіліпті. Атама барамыз,- деп, Борис алдыңғы бөлмеде тамақ пісіріп жүрген Анна Ивановнаның жүгіріп барып мойнына асыла кетті.
Оны қайдан білдің, алтыным,- деп, Анна Ивановна да елең ете қалды. Ол сенбей тұр.
Тыңдашы, мама, радиодан хабарлап жатыр,- деп Борис мамасының қолынан ұстай алып, төргі бөлмеге карай жетектеді.
Сол кезде соңғы хабарды ырғағымен радиодан асқақтата оқып тұрған Левитанның даусы: «...Соңғы хабарды оқыған Левитан»,- деп барып тына қалды. Анна Ивановна соңғы хабарды ести алмай қалды. Оқуға кеткен Серік те естіген жоқ. Анна Ивановна Бористің сөзіне сенді. Борис өтірік айтпайтын. Бірақ сол сэтте Анна Ивановнаға көңілсіздік те пайда бола кетті. Ол Бористің басынан сипап тұрып, көзіне жас алды. Анна Ивановнаның бетінен сырғып барып өзінің бетіне тамып кеткен ыстық тамшыдан ғана мамасының жылап тұрғанын сезді Борис. Сосын Борис: «Мамам неге жылайды? Тегі мамам да мен сияқты өз папасын сағынған екен ғой?»-деп ойлады. Нағашы атасын немістердің өлтіргенін Борис естіген жоқ, білмейтін еді. Анна Ивановна: «Иван атаңды немістер өлтірген»,- деп айтпақшы болып оқталды да, жас бала көңіліне қаяу салмайын деп, кезінде айтпаған. Иван атайларын Борис те, Серік те жақсы көретін. Ол кісі де ақ көңіл, бала сияқты адал адам еді. Әсіресе, балаларды жақсы көретін. Балалармен балаша ойнайтын. Онда он шақты күн болғанның өзінде екі баланың көңілін тауып, баурап әкеткен еді. Ақыры сол балалар үшін жау қолынан қаза тапты. Анна Ивановна әкесінің өлімін көре алмаған. Соңынан, бір жылдан кейін партизандар қатарында жүрген кезінде отряд командирі мен комиссары естірткен.
Анна Ивановна қатты қайғырды, егіле жылады. Қанды- балақ басқыншыларға, олардың қолына ұстап берген азғын Тамараға деген қарғысын аяған жоқ. Сосын Анна Ивановнаның көз алдына Тамараның құбыжық бейнесі елестей кетті де, ол
көзінің жасын сүртіп, кектене есік жаққа қарады. «Аз күнге сұранып барып, партиялық билетімді алып қайтайын. Екі жүзді азғын қайда кетті дейсің, оны өкімет орнына ұстап берейін. Барганда да, екі баланы ерте бару керек, тірі екенімізді ол азғын көрсін»,- деген корытындыға келіп, Боряның тамағын берді де, жұмысына кетті.
Сол күні Анна Ивановна завод директорынан он күнге сұранып, Борис пен Серік үшеуі майдан шебіне кетіп бара жатқан машиналардың біріне түсіп, туған селосына жүріп те кетті.
Селода сау үй қалмапты. Не бір сәулетті үйлердің орнында топырақ үйіндісі жатыр. Үй орнында эр жерде пеш мұржалары осы жерде бұрын үй болғандыктың белгісі ретінде сорайып- сорайып тұр. Күре жолдан алыс кейбір үйлер аман калыпты. Аман қалған үйлер терезесіне айқұш-ұйқыш кағаз жапсырып тастапты. Соған карағанда бұл селода артиллерия айқасы, эуе шабуылы болғанға үқсайды.
Сөйткенмен селода тіршілік бар екені көрініп тұр. Әр үй маңында адамдар көрінеді. Біреулер үйдің қабырғаларын қалап жатса, екінші біреулер үйлерінің төбелерін жауып жүр. Машина үстінде келе жаткан Анна Ивановна өз үйінің орнын да көре алмады. Сол кезде оның жүрегі су ете түсті. «Жендеттер шие бағын да жойып жіберді ме екен» дегендей, шарасы кең көзін үйдің артқы жағына аударды. Бак аман, бірак сиреп қалған сияқты. Анна Ивановнаның онан эрі жүргісі келмей, машина кабинасының төбесінен тоқылдатып ұрды. Машина кенет тоқтай қалды. Анна Ивановна машинадан түсті. Серік пен Борис те машина қорабынан секіріп, жерге түсе қалды. Олар жүргізуші солдатқа қатарласа алғыс айтты, машина ілгері қарай жүріп кетті.
Анна Ивановна екі баланы ертіп бақша ішімен өзі туған үйдің орнына келді. Үшеуі аң-таң. Үй орнында уатылған кесектер, қап-қара болып күйген тақтай сынықтары ғана үйіліп жатыр. Ортасында «мен мүндалап» пеш мүржасы сорайып тұр.
Мама, зеңбірек оғы тиіп, үй күйіп кеткен ғой деймін,-деді Борис таңырқап.
Жоқ, зеңбіректің оғы тиген жок. Немістер өртеп жі- берген,- деп, Анна Ивановна көз жасын балаларға көрсеткісі келмей, теріс айналып кетті.
Атам қайда?- деп, Борис «үйі өртенген соң, біреудің үйінде шығар» дегендей, маңайдағы үйлерге көз жіберді.
Атаң, атаң сорлы да жоқ!- деді егіліп жылап гұрған Анна. Бар жауабы сол-ақ болды. Онан эрі тіл қата алмады. Онын даусы, әдеттегідей емес, дірілдеп әзер шықты. Балалар да мамаларының жылап тұрғанын, бір сұмдықтың болғанын сезіп, онан эрі ешнэрсе сұрамады. Томсарып-томсарып біріне- бірі сұраулы пішінмен қараумен болды. Анна Ивановна біраз уакыт егіліп жылап тұрды да:
Сережа, біз ана жылы орамалды қайда тыгып едік?- деп баққа қарай беттеді.
Орамалды ма, оны анау жуан ағаштың түбіне тыққамыз - деп, ол Анна Ивановна мен Бористі ертіп, бір жуан алмұрт ағашының жанына алып келді. «Осы жерге тығып па едік?»- деп Анна Ивановна элгі ағаштың түбіне қарап ойланып калды. Оның екі ойлылау болып тұрғанын түсіне қойған Серік:
Мама, дәл осы жер,- деп қолымен элгі ағаштың түбін каза бастады. Сонда ғана Анна Ивановна «болса болар» дегендей, Серікке сүйсіне қарады да:
Тоқтай тұр. Күрекпен қазбаса болмайды. Сендер осы арада тұра тұрыңдар, мен Параска апайдың үйінен күрек алып келейін,- деп, көршілес үйге қарай кетті. Кетіп бара жатып, Серіктің соншама жершіл екеніне тағы бір таңғалды.
Анна ұзап кеткен соң, екеуі жан-жақтарына қарап біраз тұрды. Сэлден соң:
Сережа, Иван атам қайда екен?- деді Борис мұңайып. Серік иығын қиқаң еткізді де койды.
Үйді өртегенде атамды да өртеп жіберген ғой иттер,-деп, енді Борис екі жұдырығын түйіп тұрып кектене сөйледі.
Онда атам қашпай ма?
Қайдан қашсын. «Олар үйдің сыртынан бекітіп қойып өртейді» дегені қайда бізге Василий ағай,- деп дэлелдемекші болды өз ойын Борис.
Біздің Иван атай оған көне қоймас. Ол шатырды тесіп шығып кетер. «Азамат соғысы кезінде осы үйдің шатырына тығылдым. Сосын қарақшылар үйге кірген кезде шатырдан шығып, алдыңғы жылғы біз сияқты, бак ішімен қашып құтылдым»,- деп бізге эңгіме айтып беріп еді ғой. Иван атам ақылын табады,- деп, Серік оны өлімге кимай тұр.
Осылай екеуі таласып тұра берді, Анна Ивановна көрінбеді. Не заматта үйден Анна Ивановна да көрінді, соңынан бір әйел ере шығып, қолын село ортасына қарай сермеп бірдемелерді айтып жатты. Оның сөзін Анна Ивановна ұйып тыңдап тұрғанға
ұқсайды. Әлден уакытта темір күрек алып Анна Ивановна да келді-ау. Келе үшеулеп ағаш түбін казып жүріп, іздеген орамалдарын тауып алды. Сыртына ораған клеенкасын алып тастады да, орамалдың бүктеуін жазып, билетін қолына алғанда ғана Анна Ивановнаның жүрегі орнына түскендей болды.
Көршінің күрегін апарып берді де, Анна Ивановна Борис пен Серікті ертіп, тура сельсовет кеңсесіне карай беттеді.
Сельсовет кеңсесіне келсе, кеңес төрағасы Василенко атаймен бірге үш-төрт эскери адам отыр екен. Анна Иванов- наны көре салып:
Е, қызым, Анечка, тірімісің? Жаңа ғана сен туралы мына кісілерге айтып отыр едім. «Кімді айтсаң сол келеді» деген, келе қалғаныңцы қарашы!- деп, Василенко қолын беріп амандасты да:- О, мына солдаттар да келген екен ғой,- деп, Серік пен Бориске де кол берді. Сонсын Василенко карт калбалактап соңғы келген үшеуін орындыкка отырғызды да, эскери адамдарға Анна Ивановнаны таныстыра бастады.
Сіздің келгеніңіз жақсы болды. Біз Армияның бірінің ерекше бөліміненбіз. Осы аудан, оның ішінде осы селода болған басқыншылар айуандығын анықтау үшін бөлінген комиссия мүшелеріміз. Біздің колымызға түскен осы селоның бұрынғы старостасы Чуляк, оның кызы Тамаралардың қылмысын анықтау үшін сіз бізге керек едіңіз,- дей берген капитанның сөзін бөліп:
Ол жауыздар қазір қолға түсті ме?- деп сұрады Анна Ивановна, орнынан үшып түра келіп.
Қолга түсті. Қайда қашып құтылады дейсіз,- деп жауап қатты элгі капитан . Анна Ивановна жүрегі енді орныққандай болып, орнына қайта отырды.
Жергілікті халық та оларды каралап, жауыздыктарын мойындарына қойып жатыр,- деп жалғады сөзін капитан,- Дегенмен, баскыншыларға олардың ұстап берген адамдарының бірі де тірі калмаған. Жендеттер олардың барлығын да дарға асып, атып өлтіріп үлгіріпті. Солардың ішінде сізбен ғана кездесіп отырмыз. Бұл жөнінде сіз бізге үлкен көмек көрсетер деп сенеміз,- деп аяқтады сөзін капитан.
Жолдас капитан, әрине, көмектесемін,- деп, Анна Ивановна Тамара мен карт азғын Чуляктің кылмыстарын айта бастады. Екінші бір капитан мен тағы бір аға лейтенант Анна Ивановнаның аузынан шыккан дәлелді аныктамасын жазып отыр. Ал Анна болған окиғаның айы-күні, тіпті сағатына дейін
көрсете айтты. .Ол анда-санда: «Солай емес пе еді, Серік», «Есіңде бар ма, солай емес пе еді, Борис?» деп айтып отырған сөзін екі баласына алма-кезек мақұлдатып отырды. Аннамен бірге осыншама кантөгіс жойқын оқиғаға куэ болған осы екі балаға комиссия мүшелері қайран қалды. Анна Иванована айтып отырған ұзақ сонар оқиғаның бір жерінде олар екі балаға жандары ашып мүсіркесе, енді бір жерінде олардың ерлігіне, тапқырлығына таңқалып риза болып отырды.
Сол күні селолық кеңес төрағасы Василенко бастаған село халқы жиналып Анна Ивановнаның жау қолынан қаза тапқан әкесі Иван Дементьевич Полищуктің сүйегін тауып, селоның орталық алаңындағы туысқандық зиратына әкеліп жерледі. Селоның эр тұсынан жерлестер келіп, марқүмның басына гүл қойды. Еске түсіре келген село адамдары Анна Ивановнаға көңіл айтты.
Анна Ивановна Переяслав қаласына қайтып келген күні анадағы артиллерия штабы бастығына хат жазды. Хатында Переяслав май заводында смена мастері болып жүмыс істейтінін, Серік пен Борис оқу оқып жүргенін, туған селосына барғанын, ондағы көрген-білгенін айта келіп, подполковникке өздерінің соңғы тұратын адресін білдірді. Хатты почтаға салып жіберді де, бір кезде өзіне қамқорлық көрсеткен адамнан хат күтті.
Полк штабынан көп кешікпей-ақ хат келді. Онда полк жеңіспен батысқа кетіп бара жатқанын, полкке гвардия атағы беріліп, полк офицерлері мен жауынгерлерінің наградталғанын жазыпты. Хаттың соңында: «...Анна Ивановна, екі артиллерист баланың экелерін іздеп Москвадағы әскери анықтама баскармасына катынас жаздым. Олар туралы анык дерек табылса тез хабарлаймын. Балалардың әкесінен үміт үзбеңіз...»,- деген жерін оқығанда, зарыккан, жабыққан ана әлденеден үміттенгендей болып қуанып кетті. Осы бір соңғы жылы сөздерді қайта-кайта оқи бергісі келді. Сөйтіп отырып «Оларды подполковник калай іздеп жатыр? Біреуді іздеу үшін оның аты-жөнін, бұрын кайда тұрғанын білу керек шығар?!- деген оған бір шым-шытырык ойлар келе қалды. Енді ана ойға шомып, подполковникпен штабта қалай кездескенін, оған өзі не айтқанын, өзіне оның не дегенін есіне түсіре бастады.
«Иә, подполковникке барлығын айтыппын. Олардың аты- жөндерін, Каменец-Подольскі қаласынан шекараға - майданға аттанғанын, полк номеріне дейін айтқамын, ол блокнотына бір
нәрселерді анда-санда жазып койып отыр еді, сонда осыньщ барлығын жазып алған екен ғой. Өзі де отбасынан қапыда айырылған қайғылы адам еді, менің кайғыма да ортақ екендігін көрсетті. Николай Семенович, саған тағы да көптен-көп рақмет! Жеңістен-жеңіске жетіп, мерейің үстем болсын! Аман бол!»- деген тілекпен аяктады сол бір сәттегі ойын Анна Ивановна. Енді ана бұрынғыдай емес, көңілденіп сала берді.
Бірак оның осы қуанышты хабарды Серік пен Бориске қалай да айтқысы келмеді. «Кім біледі, екеуінің экелері табылса жақсы, табылмаса екеуінің сэби жүректерін уақытша алдағандай болам ба? Қазір екеуі ешбір ойдан аулак, тып-тыныш окуларын оқып жүргенде, тағы да көңілдерін алаң қылмайын. Әсіресе Серік ойлы бала, оған эзірше ой салмай-ак кояйын. Не болса да істің ақырын күтейін»,- деген оймен жүре берді.
Күн артынан күн ел көшіндей өтіп жатты. Сол күндердің бірінде подполковник Краскжтен хат келді. Ол хатында: «... Москвадан хабар алдым. Серіктің әкесі табылды», деген жерге келгенде, Анна Ивановна қуанып кетіп хатты кеудесіне баса қойды да, элгі жерден былай қарай тағы окыды. «...Бористін экесін элі іздестіріп жатырмын»,- деген сөйлемін оқып ана кідіре қалды. «Бұл қалай? Екеуі бір емес пе еді? Бір полкта еді ғой? Бірі табылып, бір табылмағаны қалай?» деп сүраулы ой шырмауына оралып барып хатты эрі қарай оқи берді. «...Подполковник Мергенбаев Жомарт үшінші Украина майданының Н. бөлімінде полк командирі екен. Серіктің әкесі екенін анық білдім. Дивизия штабындағы рация аркылы Мергенбаевтың өзімен ауызба-ауыз сөйлестім. Серіктің жайын айттым. Сіздердің адрестеріңізді бердім. Өзі төрт-бес күнге сұранып сіздерге барып кайтамын деді. Күтіңіздер, екі-үш күнде барып калар. Серікті менің атымнан құттықтап, бетінен сүюіңізді өтінемін.
Бірнеше минуттан кейін шабуылға шығамыз. Уақыт болмай хатты кысқа жазып отырмын, кешіріңіз. Сәлеммен Красюк»,- деп қол қойыпты.
Бұл демалыс күні еді. Серік пен Борис мектеп маңында доп ойнап жүрген. Анна Ивановна хатты тағы бір анықтап оқыды да, оны төрт бүктеп қалтасына салып, сыртқа шықты. Ол тура мектепке карай беттеп келе жатты да, тағы ойға шомды. «Серікке айтсам, ол сөз жоқ қуанар. Кішкентай жүрегі тайша тулап, куанышы койнына сыймас. Сонда Борис кандай күйде болады? Оған да ес кіріп калған бала, ол да әкесін ойлайды ғой. Қой, бітіп келе жаткан жараның аузын ашпай, элде де
болса тұра тұрайын. Серіктің экесі келе қалса, онда көрермін. 0Лде де сабыр етейін»,- деп Анна кейін қайтты. «Мергенбаев полк командирі. Ол кай полк? Бұрынғы 198-артиллерия полкы болса, онда оның командирі полковник Лысенко кайда? Ол полктың комиссары менің сүйікті Степаным кайда? Олар элде майданда құрбан болып кетті ме? Жок, олай болмас»,- деп сүйген жарының жоктығын жамандыкка жорығысы келмеді. Оны өлімге қимады. Оның көзіне ыстық жас келіп, іркіле қалды. Ол Москваға екеуін де іздеп хат жазды. Екеуі бір полкта болатын. Сонда Мергенбаевтың казір қайда екенін білген Москва, комиссар Савченконың да қайда екенін білуі керек еді ғой?.. «Әлде комиссар туралы Красюк жаман хабар алып, маған хатка жазғысы келмеді ме?..»- деген суык ойға тіреліп барып, «Жок, ондай жаман хабар алмаған шығар»,- деп, ол ойдың тұйығынан да тайқып шықты. Сосын «Мергенбаевты күтейін. Ол Степанның кайда екенін біледі ғой»,- деген корытындыға келді.
Күткен көп күндердің бірінде таң сәрісінен есік кағылды. ¥зак танды көзімен атқызатын Анна Ивановна төсегінен тұрып, «Бұл кім болды екен, ертемен есік қаккан? Бірдеме сұрай келген көршілердің бірі ме? Әлде Сережаның экесі келіп калды ма?» деген екіұшты оймен есікке келді де:
Бұл кім?-деді.
Анна Ивановна, есік аш, мен ғой, Варя,- деген көрші әйелдің даусы естілді есік сыртынан. Тағы сіреңке сұрай келген ғой»,- деп ойлаған Анна Ивановна:
Сіреңке жоқ. Пештен шала алмасаң,- деп есік ашты.
Анна Ивановна, сіреңке сұрай келгенім жоқ. Сыртта сізді бір командир іздеп келіп тұр. Сережаның әкесі болу керек, сол сияқты қара,- деді ентігіп-демігіп сөйлеген көрші эйел. Анна Ивановна қуанғанынан:
Варечка, сол Серіктің әкесі ғой, күтіп жүргенбіз. Саған рақмет. Қазір шығайын,- деп киінуге кейін қарай жүгірді. Көрші әйел үйден шығып кетті. Анна Ивановна тез киінді де, құшақтасып ұйықтап жатқан Серік пен Бористі оятпастан үйден шықты. Анадайда көрші әйелмен сөйлесіп тұрған офицер Анна Ивановнаны көріп, көшеде тұрған жеңіл машинаның жүргізушісіне «бері бұр машинаңды» дегендей, оң колымен белгі берді де, үйге карай беттеді.
Қымбатты Жомарт - деп Анна Ивановна катты дауыстап жіберді де, келген офицерді кұшактай алып, егіліп жылап қоя
берді. Өлім-жітім көріп қайғылы болған екі жан бірін-бірі құшақтап ұзақ тұрды. Офицер де көзіне жас алды. Не заматта барып амандасуға шамалары әзер келді.
Анна Ивановна, балалар қайда?- деді подполковник Мергенбаев. Анна Ивановна орамалымен көзін сүртіп тұрып:
Үйге жүріңіз. Екеуі де ұйыктап жатыр,- деп үйге қарай бұрылды. Сонда ғана барып «балам шынында тірі екен» дегендей, Жомарт қуанып кетті. Машина да келіп есік алдына токтады. Анна Ивановна үйге бұрынырак кірді де, өз төсегінің үстіне көнетоз одеал жаба салып, келген конағын өздері жататын төргі бөлмеге шақырды. Бұл сәтте екі бала бірін-бірі құшактап таңертеңгі тэтті ұйқыда жатыр еді. Жомарт Серігін - жалғыз баласын керіп жүгіріп барып құшақтай алып бетінен сүйіп жатыр. Сол кезде Борис оянып кетті де, көзін уқалап, жанындағы Серікті сүйіп жаткан адамға қарай калды.
-Боря, сенбісің?-деп, Жомарт Бористі құшақтап екі бетінен алма-кезек сүйді. Сонда ғана Борис Жомартты танып:
Сережа, папаң келді, ура!-деп айқайлап жіберді. Бористің куанышты даусынан Серік те оянып кетіп, көзін уқалап ұйқысын аша алмай отырды да, бір кезде әкесін танып:
Папа!- деп дауыстап әкесінің мойнынан құшақтай алды. Серік «папалап» жылай берді, жылай берді. Анна Ивановна да жылап тұр. Серіктің «папалаған» даусы Жомарт пен Анна Ивановнаның сай-сүйегін сырқыратты. Жомарт Серігін аймалап көтеріп алды да, не істерін білмей, екі бетінен кезек-кезек сүйе берді.
Сережа, келдім, жылама!- дей берді ол, баласынын куанғаннан жүрегі жарылып кетеді екен дегендей оны уатып. Екі отбасынан қалған қайғылы төрт жанның ойламаған жерден кездесуі осылай болды. Әке мен баланың, бала мен ананың шері ұшан-теңіз. Сол шерді таркату оңайғатүспеді. Жомарт пен Анна Ивановна қинала отырып, біріне-бірі көңіл айтты. Бірде қуанышты, бірде қайғылы әңгімелер кабаттасып жатты. Анна болса бар қайғысын ақылға жеңдіріп, өзін-өзі тоқтатты да, үстел басында шай ішіп отырып, болған оқиғаның барлығын Жомартқа айтып берді. Жомарт та өз отбасы тағдырының шет-жағасын рация аркылы сөйлескенде подполковник Красюктен естіген болатын. Жомарт бұл ел басына туған каһарлы күндерде Серігін тауып алғанына да шүкірлік етіп, Жамал кайғысын жеңілдеткісі келді.
Анна Ивановна, уақыт солай! Бір ғана біз емес, бүкіл совет
халкы, қала берсе жер жүзі қарапайым халықтарына келген бір зор апат болды. Жандай жақсы көретін адамдарымыздан айырылған жалғыз біз емес. Фашизм, бас кесер Гитлер лаңы жұртты қан қақсатты. Бекініңіз, жылағанмен, қайғырғанмен Степан Сергеевич қайтып келмейді. Сол сияқты канша қайғырсам да енді маған Жамал тіріліп келер ме?! Келмейді! Енді Борис пен Серік аман болсын! Солардың тілеуін тілейік. Біз жыласақ, біз қайғырсақ, бұлар да шерлі болып жүдеп кетеді, - деп Жомарт Анна Ивановнаға тоқгау айтты.
Солай ғой, бірақ өлігін көре алмаған соң адамға киын болады екен,- деп күрсінді ана көзінің жасын сүртіп отырып. «Степан Сергеевичтің өлімін қалай естіртер екенмін»,- деп қатты қиналып келген Жомарт ыңғайын тауып естірткеннен кейін, сол бір соғыстың бірінші күнін еске түсіргісі келді.
Есіңізде ме, Анна Ивановна, 22 маусым күні таңертең қаладан шығып кетіп едік қой. Шекараға жақындай бергенде- ак шабуыл жасап келе жатқан жау эскерінің алдыңғы бөлімдерімен ұрыс басталып кетті. Сақадай сай келе жатқан жаудың танкалы кұрамалары өйтіп-бүйткенше болмай, бізге тап берді. Бетпе-бет белдескен ұрыста зеңбіректеріміз іске аспады, кәдемізге жарамады. Неміс танкалары оңды-солды бізді жайпап жіберді. Біздің полктан не бэрі он шақты адам ғана қалды. Сол алғашқы айқаста полк командирі оққа ұшты. Степан Сергеевич танк қирататын гранатпен жаудың төрт танкасын табан астында талқандады. Сол сәтте сол жақтағы ағаш ішінен шыға келген бір танк Степан Сергеевич тобына, өздері де төрт-бес-ақ адам еді, тап берді. Олардың гранаталары болмай қалды ғой деймін, танкіге винтовкадан оқ ата бастады. Сол сәтте танкіге орнатылған ірі калиберлі пулеметтен жау оқты боратып жіберді. Комиссар бастаған жауынгерлер түгелімен сол арада қаза тапты,- деп барып, Жомарт астыңғы ернін тістеп, басын шайқап көзіне жас алып, орамалмен бетін жаба сүртті. Анна Ивановна егіліп жылап отыр. Серік пен Борис сырттағы машина маңында еді, бұл әңгімені олар естіген де жок.
Сонан,- деп жалғады сөзін Жомарт,- менің жанымда қалған жауынгерлер жауға қарсы аянбай оқ атып, жау танкісін өзімізге қарай беттетпеді. Сөйтіп, жан алып, жан беріп тұрғанымызда артымыздан күш келіп, жаудың бетін қайтардық. Жауды өкшелеп қуып бара жатқанымызда менің оң жақ санымнан оқ тиіп, ауыр жараландым. Жүруге жарамай,
көп өлік арасында кансырап жата бердім. Қанша уакыттан соң екені есімде жоқ, бір кезде майдан даласынан өлік жинагі жүрген өзіміздің дәрігерлер келіп төрт адамды самолетке салды. Сонан соң не болғанымды білмеймін, бір далалық госпитальда жатқанымды бірнеше күннен кейін бір-ақ білдім. Санымнан операция жасап, таңып тастапты. Оң аяғым ап-ауыр, қозғалсам сырқырап ауырады. Госпитальда сол жатқаннан жата бердім. Госпитальды бір жерден екінші жерге көшіре берді. Сонан есімді жинаған соң, Жамал мен Серікті іздеп елге хат жаздым. Әкем Жамал мен Серіктің елге келмегенін, олардан хабарсыз екенін айтып хат жазыпты. Жамалды осылай жоғалтып жүре бердім. Екі ай дегенде жарам жазылып, жүруге жарадым. Госпитальдан шығарып, бір артиллерия полкына штаб бастығы етіп тағайындады. Бір айдан соң подполковник атағын беріп, сол полктің командирлігіне ауыстырды. Бұл полк та талай кескілескен ұрыстарға қатысып, көптеген шығынға ұшырап жүрді. Шығынның орнын талай рет толтырып, ұрысқа шығып отырдық. Осы Днепрден өтуде ерекше көзге түсіп полкке гвардия атағы берілді. Полкымыз «Қызыл ту» орденімен наградталды. Офицерлеріміз бен жауынгерлеріміз де талай рет наградталды. Қазір осы полктың командирімін. Серік пен Жамалды қалай, қайдан іздерімді білмей жүруші едім. Бір күні подполковник Красюктен хат алдым да, сол күннің ертеңінде өзімен рация арқылы сөйлесіп, сіздердің хабарларыңызды естіп қатты қуандым. Менің бұл халімді дивизия командирі жақсы білуші еді. Қуанғанымнан сол кісіге барып жағдайымды айттым. Мен сұрамай-ақ: «Екі күнге босаттым. Барып балаңды тауып ал»,- дегені. Мұндай өмірімде қуанбаспын да! Екінші эшелонда тұр едік. Орныма комиссарды қалдырып, бері қарай тартып отырдым. Жолда подполковник Красюктің штабына согып, ол кісіге де алғысымды айттым. Міне, Анна Ивановна, қиын-қыстау күндерде Серігімді паналатып, бауырыңызға басыпсыз. Әке орнына - әке, шеше орнына - шеше болыпсыз. Сіз болмасаңыз Серіктің күні не болатын еді?! Сізге бір ғана рақмет айту аз сияқты. Сіздің бұл жаксылығыңызды немен ақтарымды білмей отырмын, — деп киналды Жомарт Анна Ивановна алдында.
- Сіз сонша қиналмай-ақ қойыңыз. Бұл істегендерімнін барлығы менің аналык борышым. Бұл эрбір совет адамынын
борышы. Жомарт Мергенбаевич, сізге көп ракмет. Хабарсыз кеткен Степанның Отан үшін ерлікпен каза тапканын сіздің аузыңыздан естідім. Сізден баска мұны ешкімнің аузынан ести алмайтын едім. Өйткені оның өлімін көргендердің барлығы да қаза тапқанын өзіңіз айтып отырсыз. Оның куәсі сіз ғана. Әрине, бұл кайғылы хабар, сонда да менің жұбанатыным, өлмейтін адам болмайды, бэріміз де өлеміз ғой бір күні, Степан өлсе Отан үшін, бақытты болашак үшін жаумен алысып өлді. Отан солдаттарының алдыңғы катарында каза тапканын көңіліме медеу тұтам. Барлығымыз да сүйікті Отан үшін өлсек армансызбыз дейміз ғой. Олай болса Степан сол Отан үшін белдескен айқаста мерт болды, арманы жоқ деп ойлаймын. Бірак армансыз адам болмайды ғой, оның да арманы, аңсағаны болған шығар,- деді Анна Ивановна көзіне кайта жас алып.
Степан Отан солдаты еді, сол Отаны үшін қаза тапты. Оның үстіне артына өзі сиякты бір Отан солдатын калдырды. Степанның топырағы торқа болсын! Енді Борисім тірі болса болғаны,- деп Анна Ивановна өзіне өзі тоқтау айтып Жомарттың борышын жеңілдеткендей болды.
Жомарт көпті көрген бұл әйелдің соншама ақылды екеніне іштей риза болды. «Соғыстан бұрын екі-үш жыл көрші тұрдык. Онда жай әйелдердің бірі ғана сияқты еді. Кімнің кім екені киыншылықта көрінеді деген осы-ау. Қандай ақылды, қандай парасатты адам. Міне, адам болса осындай болсын!»- деп қорытты Жомарт Анна Ивановна туралы ойын.
Сол күні Анна Ивановна мен Жомарт арасында ұшан-теңіз эңгіме жібінің ұшығы таусылмады. Сонан эңгіме соңы мұнан былайғы өмірге ойысты. Жомарт Серік пен Бориске, Анна Ивановнаға әкелген сәлемдемесін берді. Енді берілмеген бір нәрсе бар. Оны қалай жөнін тауып берерін Жомарт білмеді. Ол ақша еді. Оны Анна Ивановна алмауы да мүмкін. Оны Жомарт біліп отыр. Сонда да қағазға мұқият оралып, екі жерінен айқұш-ұйқыш жіппен байланған түйіншекті Анна Ивановнаға ұсынып:
Анна Ивановна, анда-мұнда барғандай боласыз ба, мына азын-аулақ ақша еді, жолдарыңызға ұстарсыздар,- деді Жомарт.
Қойыңыз, мұныңыз калай? Елде әке-шешеңіз бар көрінеді, соларға жіберіңіз. Біз енді кайда барып жатырмыз, ешкайда
бармаймыз,- деп акшаны Анна Ивановнаның алғысы келмеді. Сол сәтте үстелге сүйеніп түрған Серік:
Мама, алыңыз. Әлі елдегі атама барамыз,-деп папасының қолындағы түйіншекті алып Анна Ивановнаның қолына берді.
Ал, Анна Ивановна, менің майдан шебіне қайтар уақытым болды. Ақылдасайықшы, соғыс болса әлі жүріп жатыр. Ел жағдайы эзірше қиын. Мүмкін, соғыс аяқталғанша біздің Қазақстанға, Мерген қарттың үйіне барып тұра тұрсаңыздар қалай болады? Қанша айтқанмен ол соғыс болмаған жер, тұрмыс жағдайына қолайлырақ болар. Мерген қарт аққөңіл адам, сізді бар ықыласымен карсы алар еді,- деді Жомарт Анна Ивановнаны неміс бомбасы астында бүліншілікке ұшыраған қалаға тастап кеткісі келмей.
Анна Ивановна ойға шомып біраз огырды да:
Жомарт Мергенбаевич, оның жөні келмес. Мына заводка орналасып қойдым. Сол заводты қалпына келтіру керек. Оның үстіне бастауыш партия ұйымының хатшысы етіп сайлады. Жұмыс көп. Сол қиыншылықтан қашып, өмір жеңілдігін енді іздеуім дұрыс болмас. Мұнан жаман күнде де қиыншылык алдында тізе бүккен жокпыз. Сіз уакытыңыздан кешікпей полкыңызға барыңыз. Жеңіс күні алыс емес шығар. Біз үшеуміз осында болайық,- деді.
Жомарт ананың дәлелді жауабына карсы ештеңе дей алмады. Елге барайық деп Анна Ивановна келіссе бір сэрі еді, енді Жомарт Серігін тастап кеткісі тағы келмеді. Ол жалғыз Серігінен тағы көз жазып қаламын ба деп қауіптенді. Осы абыр-сабыр асығыс жүргенде оны елге, атасына жіберудің де жөнін таба алмады. Ол өзінің осы ойын Анна Ивановнадан жасырмады. Анна Ивановна алдында: «Соғыс аяқталғанша Серікті қайда жіберем. Папасы болса кескілескен майданда жүр. Соғыс біткен соң келіп алар», деп ойлағанмен, соңынан бұл ойынан қайтып қалды. «Кім біледі. Сережа бір күні оқыс болып, не болмаса ауырып-сырқап алай-былай болып кетсе, Жомарт алдында қара бет болып қалармын. Сонсоң оның өкініші кетпес. Онсыз да Жомарт Мергенбаевич қайғылы адам. Көз көрмеген өлімнің күйініші де, өкініші де, күдігі де көп көрінеді. Өз борышымнан Жомарт Мергенбаевич алдында құтылған сияқтымын. Не болса да Сережа экесінің көзінің алдында болсын»,- деген корытындыға келді де:
Жомарт Мергенбаевич, оныңыз дұрыс екен. Өз қасыңызда болсын Сережа. Ол ақылды бала. Штабта болады. Тіпті майдан жағдайы қиын болып бара жатса, оны елге, атасына да жіберуге болады ғой,- деп түйді сөзін Анна Ивановна.
Өзім де соны ойлап отырмын. Ал онда, қымбатты Анна Ивановна, менің полкке оралар уакытым да болды, сізге көптен-көп рахмет. Бұл жақсылығыңызды еш уакытта ұмытпаспын. Хат жазып, хабарласып тұрамын. Соғыс бітіп, колым босаған күні келемін. Оған дейін де қолымнан келген көмегімді аямаспын. Сіз Серігіме туған анасындай болдыңыз. Мен де Бориске туған әкесіндей камқорлык жасауға борыштымын деп есептеймін,- деп, Жомарт орнынан тұрды. Борис Серікті үйден құшақтап шықты. Машинаға мінген Серікті Анна Ивановна кұшактап ұзақ жылады. Серік те жылады, Бористі құшақтаған бойы көпке дейін жібермеді. Тагдыры бір екі бала осылай коштасты. Кешікпей машина орнынан жай козғалып барып, жүріп кетті. Қолдарын бұлғап кала берген сол бір аяулы екі жанға Серік пен Жомарт та көз жазғанша қол бұлғап, батысқа, майдан шебіне карай кете барды.
* * *
1959 жылдың күзінде Ленинградтан Қазақтың мемле- кеттік көркем эдебиет баспасына хат келді. Ол хат маған арналып жазылмағанмен, мені іздеп, сұрау салған хат екен. Оны баспа қызметкерлерінің бірі маған берді. Конверт сыртындағы «Абраменко» деген хат иесінің фамилиясын көре сала, осыдан он сегіз жыл бұрын болған оқиға есіме түсті...
Иэ, Абраменко? Абраменко менің досым, майдандас қанды көйлек досым! Онан қалай хат келді? Ол өлген. Ол ерлікпен Отан үшін қаза тапқан. Оның ардақты зайыбы Мария да өлген. Астыртын ұйым ісі үшін жан қиған. Осы шақта қаһарман достарымның жарқын бейнесі көз алдыма елестеп кетті де, бойымды сағыныш билеп орындыққа сылқ етіп отыра кеттім. Көңілім босап, көзіме жас та келіп қалды...
Хатты ашып оқысам: «Мен Николай Абраменконың баласымын. Атым Виктор...»- деп жазыпты бір жерінде. Сонда ғана барып бір кезде ата-анасыз, панасыз сонау Украинада,
Македон селосында қалған кішкентай бес жасар Витя есіме түсті.
Иә, Витя селода калған. Селодағы адал адамдар Абраменко отбасына жандармдар қанды шеңгелін салып жатканда, «тым болмаса жас нәрестесі тірі калсын» деп, сыртта ойнап жүрген Витяны алып кетіп жасырған. Міне, сол кішкентай Витя мені іздеп хат жазыпты. «Бала - өміріңнің жалғасы» деген осы екен. Фашистер Абраменко тұкымын күрта алмапты. Витя тірі қалыпты.
Бір жолы каникулға Киев каласына барған Витя дүкеннен «Переяслав партизандары» деген менің кітабымды кездейсок кездестіріп, сатып алыпты. Онда өзінің әкесі мен шешесі туралы жазғанымды окыпты. Менің әке-шешемнің тағдырын білетін адам ғой мұны жазып отырған деген ойға келіп, сол кітапты шығарып отырған баспаға хат жазыпты. Онда «...Мүмкіндігі болса, осы кітаптың авторын тауып алуыма көмектесіңіздер. Әке-шешемнің қайғылы тағдырын ол кісіден тағы да анықтагі білгім келеді»,-деп жазыпты. Мен сол күні Витяға хат жаздым. Әке-шешесінің тағдырын бастан-аяқ баяндап, өзін Алматыға қонаққа шакырдым. Ленинградта Витя оқып жүрген Дене шынықтыру жэне спорт техникумы басшыларына оның жайын айтып, оған көмектесулерін сұрап арнайы хат жолдадым. Көп кешікпей Витядан екінші рет өз адресіме хат келді.
«Елдің айтуы бойынша сізді менің әкем мен шешем де Вася деп атаған көрінеді, сондықтан сізді менің де Вася ағай деп атауыма рұксат етіңіз,- деп жазыпты хатының басында.- Сөйтіп, Вася ағай, ол кезде кішкентай болсам да сіздер туралы есімде біраз елестер калыпты. Әлі есімде, бір күні түнде біздің үйде төрт адам отырып ұрыстыңыздар. ¥мытпасам, ұрыс кару-жарак туралы болды. Мен әкемнің тізесіне сүйеніп тұрып тыңдадым. Сонсоң мамам мені алдыңғы бөлмеге алып кетті. Біраздан соң мамам тамак әзірлеуге айналып кетті. Соны пайдаланып кайта төргі бөлмеге келсем сіздер жок екенсіздер. Есік біреу, онан алдыңғы бөлме аркылы шығу керек еді, бұлар кайда кетті деп ойладым. Менен жасырынып калды ма деп, бөлме ішін шарк ұрып іздедім. «Папа, папа»,- деп екі-үш рет даусымды шығарып әкемді шақырдым. Сонан кейін ғазиз әкемнің жарқын жүзін көре алмадым! Мамам байғұс та мені жақсы көретін. Мені
кұшактап сүйе беруші еді. Сөйтсем, ол да мені тастап кетерін біліп жүрген екен. Сонан өзіңіз жазғандай селода жалғыз қалып койдым. Мамам мен Галя апайды тұтқынға алып, үйді өртеген күні село адамдары мені жасырып Пи селосына шығарып жіберді. Бір сұмдыктың болғанын білдім. Бірак амал канша, сол күннен бастап үш-төрт айға дейін жарық көргенім жоқ. Параска апайдың карауында болдым. Ол апай бірде шатырға, енді бірде жерқоймаға, пеш үстіне жасырып жүрді мені. Папам мен мамамды сағынып жылап та жүрдім. Олар түрсын өзімді ойнатып жүретін Галя апайға да зар болдым. Параска апайдан талай рет қашып та кетіп көрдім. Бірақ, үй жок, папам да, мамам да жоқ, түнде кайтып келіп жүрдім. Түнде кетіп калатынымды біліп Параска апай ұрсып, «сені де неміс асып өлтіреді»,- деп мені қорқытты. Сонан былай ол апай не айтса, соны істейтін болдым. Жасырын өмір сүріп жаттым. Параска апай мені тіпті көршілерге де көрсетпейтін еді. Қазір ойлаймын, сол апай талай совет адамдарын жасырған шығар. Өйткені мен танымайтын көп адамдар түнде келіп, сол үйді күндіз паналап келесі бір күндері кешке, әбден караңғы түскенде кетіп қалып жүрді. Көршілерден жасырғанмен, мені олардан жасырмайтын-ды. Сол бейтаныс адамдармен бірге жатып, бірге тамак ішіп жүрдім. Сол апай сондай бір берік адам еді. Қанша уақыт өткені есімде жоқ, бір күні Параска апай: «Біздің адамдар келіп қалған болуы керек, комендант, староста, полицайлар қашып кетіп жатыр. Иттерге сол керек!»- деді.
Біздің адамдар деп тұрғаныңыз кімдер?- деп сүрадым онан. Ол бетіме таңдана қарады да:
Қызыл Армияны айтам,- деді қуанып.
Мен тағы ойға кеттім. Біздің адамдар дегенге папамдар, партизандар келеді екен деп калып едім. Енді Қызыл Армия келеді деген соң бэрібір партизандар сол Қызыл Армиямен бірге шығар деп ойладым. Соның артынан көп үзамай алыстан зеңбірек даусы естіліп, село үстінен күнде самолеттер ұша бастады. Шатырда соның барлығын естіп жатамын.
Тағы бір жетіден соң селодағы чиновниктер кетті де, селоға майдан шебі келіп тірелді. «Байтал түгіл бас қайғы» Дегендей, жандармдардың селоларды тіміскілеп біздерді іздеуге шамалары да келмесе керек. Енді Параска апайдың
рұқсаты бойынша көшеде ашық жүре бастадым. Бірақ эр үйге неміс солдаттары орналасып, үй маңынан окоп қаза бастады. Бізді селодан қуып батысқа қарай көшірмекші болды. Жұрт көше бастады. Алдымен староста, полицайлардың отбасылары көшті. Днепрдің сол жағынан қашып келе жатқандардың көбі сол азғындар: старосталар, полицайлар, олардың туған- туысқандары болатын. Бұлар салт атпен, арбамен артынып- тартынып кетіп барады. Биік көк қалпақты неміс коменданттары да елден тонаған заттарын машиналарға тиеп өтіп жатыр. Солармен араласып Параска апай екеуміз де селодан шықтык. Апай селодан онша үзап кеткісі келмеді ғой деймін, Пи мен Македон селосы аралығындағы сайға түсті. Бұрын біреудің жарды үңгіп қазған жерқоймасы болу керек, бір терең үңгірге мені кіргізіп отырғызды. Өзі шығып, жан-жақты болжап алды да:
Витя, сен осы арада отыра тұр,- деп өзіміз келген жақка қарай кетіп қалды. Көп кешікпей жарты қап азық алып келді. Сонсоң үйден ала келген күрегімен шым ойып экеліп әлгі үңгірдің аузын бітей бастады. Шымның шөптесін жағын сыртка қаратып қалап, кісі еңбектеп шығарлықтай тесік қалдырды да, үңгірдің аузын бітеп тастады. Біз бұл үңгірде көп жатпадық. Екі- үш күн өткен соң, төңіректе атыс басталып кетті де, «уралаған» дауыс іпықты. Параска апай қүлағын түріп отырды да:
Қызыл Армия келіп қалды ғой деймін. Мынау біздің әскерлердің даусы. Естимісің, «ура, ура» демей ме?- деп үңгірдің тесігінен сыртка қарады. Мен де апайдың жанына бардым. Сөйткенше болмай апай тесіктен сыртқа шықты. Мен де оған ере шықсам, өзіміздің эскерлер батысқа, Македон селосына қарай қаптап кетіп барады екен. Параска апай қуанғанынан өкіріп жылап, біздің жанымызға келе берген бір солдатты құшақтай алды. Оның жанындағы тағы бір солдат мені қүшақтап бетімнен сүйді. Сол сәтте менің қуанышымда шек болмады. Әлгі бетімнен сүйген солдат маған қол фонарын берді. Сөйтіп түрғанда Македон селосы жақтан атыс басталып, барған сайын үдеп кетті. Біздің жанымызда қаумалап түрған солдаттар солай қарай сайдың ішімен жүгіре жөнелді.
Апайекеуімізүңгірдіңаузынашып,азық-түлік,төсенішімізді алдык та үйге келдік. Үй бүлінген жоқ, аман екен.
- Үйді өртеуге де шамалары келмеген екен ғой жауыздар- дын,- деді апай. Сонымен апай екеуіміз жерқоймаға апарып койған үй іші мүліктерін, ыдыс-аяқтарды үйге тасып, үйді жөндеп жинап қойдық та, бір жаңа дүниеге келгендей масайрадық та қалдық. Біресе сыртқа шығамыз да тың тындаймыз. Манағыдай емес мылтық даусы алыстан анда- санда үзіліп-үзіліп естіледі. Фашистер алды-артына қарамай қашып бара жатқанға үқсайды. Біздің әскерлер лек-легімен ілгері қарай кетіп жатыр, кетіп жатыр.
Осылай біздің селолар басқыншылардан азат етілді. Майдан шебі батысқа ұзап кетті. Жұрт есін жинап, бірін-бірі іздеп табыса бастады. Үйлері аман қалғандары үйлеріне кірді. Үйлері өртенгендер, зеңбірек оғы, бомбадан қирағандары қайтадан үй салуға кірісті. Ішетін ас, киетін киімдері, төсеніштері болмаса да, жұрт мүңайған жоқ. Әркім өзінің тіршілік қамын істеп жатты. Көп ұзамай өкімет тарапынан жұртқа көмек те беріле бастады. Колхозға мал да, құрал-сайман, машиналар да келіп қалды. Колхоз бұрынғы қалпына келіп, шаруашылығына кірісіп кетті. Село да көркіне келіп, соғысқа дейінгідей құлпырып шыға келді. Бірақ мен бұрынғыдай әке-шешесіз, үйсіз сол мейірімді Параска апайдың қолында қала бердім. Ол апай менің папам мен мамады іздейді-ау деймін, күнде үйден кетіп қалады да, кеш оралады. Маған аяныш білдіре қарайды. Әрине, менің тамағым аш емес. Киімімді де апай жамап- жасқап береді. Бірақ папам да, мамам да жоқ қой! Өзім де қарап жүрмеймін. Оларды іздеймін. Түсі таныс адамдар аты-жөнімді сұраса-ақ болғаны: «Менің мамамды көрдіңіз бе? Папамды біліп тұрсыз ғой, көрген шығарсыз? Мен жалғыз жүрмін»,- деймін. Бірақ сұрау салған адамдарым менің мамамды да, папамды да көрмеген болып шығады.
Сонымен екі-үш жыл уақыт өтіп кетті. Бір күні үйге жүз таныс екі адам келді. Бірі орта бойлы, мығым денелі сары, екіншісі онан гөрі жастау, орта бойлы, ашаң жүзді қара торы жігіт. Екеуі де менің бетімнен сүйіп, «Витя, халің қалай?»- деп хал-жайымды сұрай келді. «Осылар менің папам мен мамамды білетін шығар»,- деп ойладым да, олардан да сүрамакшы болып еДІм, бірақ Параска апайдан бата алмадым. Келген адамдар апайды төргі бөлмеге алып шығып, үзак сөйлесті. Сонсоң: «Витя, оқу оқығың келе ме?»- деп сүрады мығым денелі сары.
Окығым келеді,- деп жауап бердім оған.
Параска апай да сені оқысын дейді. Онда бізбен бірге жүр, окуға түсіреміз. Мектеп жақсы. Жанында Днепр өзені ағып жатыр. Бос уақытыңда балалармен бірге суға түсесің, онда жүзіп үйренесің,- деді кара торы жігіт. Сол күні Параска апаймен қоштасып, келген екі адамға еріп кете бардым. Параска апай катты жылап қалды.
Мені Львов каласындағы балалар үйіне орналастырған сол екі адамның үлкені партизан Николай Михайлович Попов, кішісі Иван Прохорович Гаман екенін соңынан білдім. Олар да әкемнің жолдасы екен, бірак папам мен мамам жайында ештеңе айтпады олар.
Балалар үйінде 1946 жылдан 1951 жылға дейін болдым. 1951 жылы тәрбиешім Ставрополь каласына әкеліп, мені Суворов мектебіне түсірмекші болды. Бірак жасым асып кетіп ол мектепке түсе алмадым. Сонсоң тэрбиешім сол қаладағы балалар үйіне берді. Сонда бір жылдай болдым, ремесло училищесіне түстім. Оны 1956 жылы үздік бітіріп шыктым. Училищеде окып жүргенімде спортпен шүғылдандым. Екі жыл машина-трактор станциясында жүмыс істедім. 1958 жылы осы техникумға түстім. Келер жылы бүл техникумды бітіремін. Македон селосында бірнеше рет болдым. Бірак кімнен сүрасам да әке-шешемнің тағдырын біле алмадым. Сіздің кітабыңыздан папам мен мамамның тағдырын бір-ақ білдім!..» - деп хатын аяқтапты Витя.
Витя Абраменко осылай тірі қалыпты, табылды. Қазір Киев каласында Данилевская көшесі, 52-ші үйде тұрады. Өмірден өз орнын тауып, қоғамға адал еңбек істеп жүр.
Ваня, Мария, Галя Гамандар мен Илько Витряк жэне Вася Яковенколар да казір ер жетіп, туған жерлерінде түрады. Борис пен Серіктен хабар жоқ. Сонан былайғы олардың тағдыры маған белгісіз. Олар да тірі болса бір жерде жүрген шығар, табылып калар деп үміттенемін. Ал кар- шадай Миша Гаман болса, өздеріңе мэлім, жау колынан қаза тапты.
Соғыс зардабы осындай. Соғыс зор апат. Сондықтан дүние жүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді.
ЖАС ПАРТИЗАНДАР
Егіс бригадасының бригадирі Григорий Васильевич Витряк партия жиналысынан кешірек қайтты. Қабырғадағы үлкен сағаттың стрелкалары бірқалыпты қозғалысымен түнгі сағат бірден жиырма бес минут өткенін көрсетіп тұр. Бүл, эрине, эдетте бола беретін жиналыстардан гөрі тым-ак кешеуілдеуді байқатты.
Мария Исаковна бүл уақыттың ішінде үй ішінің бірталай шаруасын, оны-мұнысын жайғастырып койды. Кешкі тамақ элдеқашан эзір болған еді, бірақ Мария Исаковнаның өзі де, он төрттегі баласы Илько да тамақтану үшін үстелге отыра қоймады. Бірі әкесін, бірі зайыбын - екеуі Григорий Василь- евичті күтіп, бір-біріне үнсіз қарасып қана отырды. Күткен сағаттар қандай ұзақ болып көрінеді десеңші.
Олар оның ұзақ келмегеніне едэуір тағатсызданды. Григорий Васильевич бүрын еш уақытта мұнша кешіге қоймайтын-ды.
Осындай бір үнсіздік үстінде терезеден біреудің сәл шерте қоюы мұң-ақ екен, Илько атып түрып, есікке қарай жүгірді.
Илько, сен элі жатқан жоқсың ба? - деді Григорий Васильевич кіре беріп, ол баласын мейірлене аймалап, еркелете қүшты.
Жоқ, әке, мамам екеуміз сізді көп күттік. Неге кешікті деп уайымдадық. Қайдағы үйқы, осындайда ұйқы болар ма?- деді әкесіне Илько, эрі еркелік, эрі бір көңілсіздікпен.
Әкесі, бүгін сен тым көп кешіктің ғой?- деді Мария Исаковна еріне дастарқан жасап жатып.
Бүгінгі жиналыста бір үлкен мэселе қаралды, міне, соның себебінен көбірек аялдауға тура келді,- деді Григорий Васильевич шаршап қалжыраған, ойлы пішінмен.
Әке, сіздердің осы жиналыстарыңызға келген бөтен адамдарыңыз кім?- деп, құмарлықпен сұрады Илько тос- тағандай көкшіл көздерін әкесінен айырмастан.
Баласының бұл сүрағында бос қүмарлықтан гөрі сол келген адамдардың жайдан-жай келмегенін сезгендей, енді-енді соны анығырақ білуге ынтыққандай кескін бар еді. Григорий Васильевич баласының бетіне қарап, сәл ғана жымиып күлді Де, артынша бір сәт ойланып калып:
Осы уақытка дейін тамақ ішпей, мені күтіп, аш
- — 91 ЕЕ
отырғандарың не, ә?- деп, элгі сұракка берер жауапты ойластырған түрмен, эңгіме бетін баска жаққа бүра түсті. - Мені күтіп, баланы, өзінді осынша зарыктырармысың, мені осыдан келмей жоғалып кетеді деп ойладыңдар ма? А, жоғала калсам, сендер бар тамақты жемей, аштан өлесіңдер ме? Бұларың жақсы әдет емес.
Ол тағы да аз кідірді де, баламнан оның несін жасырамын дегендей:
Айтпакшы, элгі сен сұраған кісі Ржищевтен, аудандык комитеттен келіпті. Илько, сенің көзің оны қайдан шалып жүр? Ол кас қарая, қараңғы түскен соң келген еді ғой?- деп қарсы сұрак берді.
Мен бе, мен ол кезде мектептен келе жатыр едім, бір машина селолық кеңестің кеңсесіне келіп тоқтады. Бейтаныс адам машинадан түсті де, кеңсеге асыға басып кіріп кетті,- деді Илько- Бірақ жүзін абайламай қалдым, өзі кандай адам?
Ал сендердің мектептеріңде не болып еді, кеш қайтыпсыңдар ғой?- деп сұрады ол.
Мектептегі пионерлер мен комсомолецтер жиналып. майдан хабарларын оқыды,- деп көңілдене сөйледі Илько,- Ересек комсомолецтер ертең военкоматқа барып, армияға өз еріктерімен баруға сұранбақшы. Олар кешке қарай винтовканы, пулеметті, гранатаны оқып үйренеді. Ал, бізге сендер элі жассыңдар деп, маңына жуытпайды, он төрттегі бала жас бола ма екен!
Комсомолецтердің мұнысы игілікті іс екен. Соғыс жаңа ғана басталды ғой. Олар - Отанымыздың ең адал жас перзенттері эрі үрыстарда бізге керек болады ғой. Олардың соғыс өнерін үйренуге ынталана кірісуі, әрине, жақсы,- деді Григорий Васильевич ұлының сөзін ықыластана тыңдап,- бұл - сүйсінерлік іс. Ал эзірше оларға мүнда да жұмыс та- былады. Тылды нығайту - майданда белдескенмен бірдей, ізгі іс.
Григорий Васильевич баласына жылы шыраймен қарады.
Ал, әкесі, аудандық комитеттен келген қонақты үйге неге шакырмадың?- деді Мария Исаковна еріне.
Василий Алексеевич менен бүрын шақырып қойыпты. Ол колхоз партия ұйымының секретары ғой, мүмкін, келген адаммен ол кейбір мәселелерді шешуі керек шығар. Менің онымен кабаттаскым келмеді.
Ал майданнан кандай хабар бар?- деді Мария Исаковна элгі келген адам бір жаңалық айтқан болар деген оймен.
Мама, сен қызык екенсің,- деді Илько - Мен майдан жайы туралы саған нақ казір екі сағат бойы айттым гой. Түсінбедің бе? Ең басты, жаңа хабарларды айттым, ал енді тағы папамның мазасын аласың.
Анасы сәл жымия баласына қарады да:
Сенің айтқандарыңа қосар жаңалығы бар ма екен дегенім ғой!- деді.
Григорий Васильевич көз қиығымен баласына қарады да, үлкенмен де, кішімен де, жатпен де, жақынмен де сөйлескендегі ежелгі байсалды, ұстамдылығымен, сөздің бір жағын қалжыңға айналд ырған дай:
Илько, мамаң дұрыс сұрап тұр, екіншіден ол сенің сөзіңе иланбағандықтан емес, тағы не бар екен деген оймен сұрады. Шешеңнің элгі келген адамның қандай жаңалық хабар әкелгенін білгісі келіп тұр ғой,- деп түсіндірді баласына Григорий Васильевич - Сен өзің білесің, біз эр уақытта саған сенеміз, сенің өтірік айтпайтынынды біз жаксы білеміз, мектеп окушылары өтірік айтпайды, олардың адалдыққа берген анты бар.
Илько шешесіне кінэлы адамша «артық айтсам кешірерсің» дегендей мұңая карады:
Мен мамама біраз өкпеледім, өйткені ол майдан жайын менен сұраған еді, мен бар білгенімді, естігенімді айттым, ал енді тағы да сенің мазанды алмасын дегенім ғой, артык болса, мамажан, кешіре көр,- деп ол мамасына бұрылды.
Мария Исаковна ұлын кұшақтап, оны бауырына катты қысып, торсиған қызыл жұзінен шөп-шөп еткізіп құшырлана сүйіп алды.
Григорий Васильевич эйелі мен баласының кұшақтасып тұрысына аса бір үлкен мактаныш сезімімен, экелік мейірмандықпен жайдары қарады, ол аз кідірістен кейін, сабырмен эңгімесін айта бастады.
Аудандық комитеттен келген жолдас жиналыста бізге мынаны хабарлады: қарғыс атқан гитлершіл сұмырайлар тосыннан бізге бас салып, өзінің сыбайластары мен жаулап алған елдерден көп күш жинап, Қызыл Армия бөлімдерін ығыстырып, еліміздің ішіне карай баса-көктеп келеді,- деп
бастады Григорий Васильевич- Біз дереу эвакуацияға эзірленуіміз керек, бірак ешқандай абыржу болмауға тиіс. Еркін, адал еңбегімізбен табылған бір сабақ жібіміз жау қолына түспейтін болсын. Жау табаны уакытша жерімізді басса да, төрімізді баспасын!
Оңбаған бұл иттер бэрібір алыс кете алмайды, оларды біз кұртамыз,- деп ызалана, даусын көтере сөйледі Илько. - Біздің бэріміз Қызыл Армияға, оның жауынгерлеріне жэрдемдесеміз. Біздің Армия күшті! Жау біздің халқымызбен соғысу дегеннің не екенін көретін болады. Ал егер мені армияға алатын болса, мен де барамын.
Илько осы сөзді айтты да, біресе шешесіне, біресе экесіне қарады.
Григорий Васильевич пен әйелі екеуі балаларының бұл сөзіне сүйсініп, оны мақтаныш ете, бір-біріне қарады.
Саған элі ертерек, сенсіз де жеңерміз, эзірше сабыр ете тұр. Дайындала бергенің артық болмас.
Әрине, біз жеңеміз. Бас қолбасшы үшінші шілдеде не деп еді? Әне, менің үстелім үстінде жазулы тұр, қарашы: «Жолдастар, біздің күшіміз ұшан-теңіз. Дандайсыған жаудың бұған көп кешікпей-ақ көзі жетуге тиіс. Біздің жеңісімізге қарай, алға!» Міне, осы сөзді біз эруақыт есте ұстауға тиіспіз,- деп бітірді сөзін Илько экесін айқара құшақтап.
Сөз жоқ, бірде-бір совет адамы біздің жеңетінімізге шек келтірмейді,- деп оның сөзін қостады Григорий Васильевич- Сүйікті ұлым, біздің қайсымыз болсақ та, өз Отанымызды төсімізді төсеп қорғаймыз. Отанымыз үшін, халқымыздың бақыты үшін қасықтай қанымызды аямаймыз. Кінәсіз совет адамдарын: қарттарды, жастар мен сәбилерді өлтіргені үшін, біздің адал еңбегімізбен, мандай терімізбен жасалған мәдениет мұраларын талқандағаны, бұзғаны, бүлдіргені үшін бұл зұлымдардан кек аламыз.
Папа, сенің «партия не айтса, бэрі орындалады» деген сөзіңді мен ешкашан есімнен шығармаймын. Біз жеңеміз, мұны жұрттың бәрі біледі,-деді Илько мақтаныш сезімімен.
Оның айтқан осы сөзі әлдилегендей, көңілін жай таптырғандай болды білем, ол әкесінің көз алдында маужырап ұйықтап кетті.
Таңертең сельсоветке келе жатып, Григорий Васильевич
кенес үйінің сатысында тұрган Василий Алексеевичті көрді. Тегі, ол мұны тосып тұрса керек.
Қартым, ұйықтамаған екенсің, көзіңнен көріп тұрмын,- деді, саулығын сұрастыра тұрып Василий Алексеевич Буряк,- Мен де көз шырымын ала алмадым.
Ал, әлгі жиналыс жайы калай болды, кай сағатқа, кай кезге шакырамыз?- деп сұрады Буряктан Григорий Васильевич.
Кешкі беске деп тұрмын. Халыкка ертерек кұлак қағыс ету керек, олар жұмысын кешкі сағат беске дейін бітіретін болсын. Ал біз казір колхоз басқармасымен, селолық Совет председателімен келісіп, сол жиналысқа дейін жұмыстың бэрін ойластырып қоюға тиіспіз, адамдарды шақыруға Захар картты жібердім.
Василий Алексеевич, комсомолдардан да адамдар шақыру қажет болар жэне активтің кейбіреулерін келтірген жөн болар.
Абыржымаңыз, Григорий Васильевич, бэрі де ойла- ғаныңыздай болады. Комсомолецтер шақырылады. Оның ішінде Ильконы да шақырам. Оны білетін боларсыз деймін? Ол - біздің кішкентай активисіміз. Бұларға коса бригадирлер - Ефим мен Стратон карттарды, эйел белсенділерден екі сауыншыны шақырмақпын... Меніңше, жеткілікті болар.
Иә, эрине, жетеді, мұны қуаттаған жөн болар.
Жиналыс тура сағат бесте басталды. Парторг Буряк эва-
куация жоспарын, оның қалай ұйымдастырылатынын айтып берді.
Жиналыс өтіп жатқан кішкене бөлме іші құлаққа ұрған танадай. Тек оқтын-оқтын эрбір бұрыштан ауыр күрсінулер ғана естіледі. Кімге болса да, атамекенін, туып-өскен жерін, өз қолынан салған үйін тастап кету оңай соға ма екен! Мұндағы мәдениет, байлықтың бәрін олар өз колдарымен жасады, сондықтан да мұндағы эрбір зат, үй, жер - бэрі де жандарына сондай жақын, сондай қымбат.
Ертеңінде таңертең осындағы тұрғындардың эрқайсысы әбігер-абыржусыз, зор сабырмен өз жұмыстарымен шұғыл- данды. Мал, астық жэне колхоздың басқадай мүліктерін алыс тылға жөнелтуге ыңғайлап, әзірлей бастады.
Соғыс тәңірісі атанған артиллерия канонадасының алыстағы Дүбірі Малый Букринге де еміс-еміс естіле бастап еді. Жаудың шабуылы үдей түсті. Селодан Қызыл Армияның уақытша
шегінген кейбір бөлімдері, обоздар, көліктер, зеңбіректер жэне үсті-басын тозаң баскан солдаттар өтіп жатты.
Абыржу, асығыстық күшейе түсті, майдан барған сайын Днепр өзеніне жакындады. Канонада дүбірі барған сайын айқын естіле бастады. Жау бомбардировщиктерінің қарақұрым топтары Днепр үстін жиі-жиі торып жүрді. Бомбаның бірлі- жарым жарылган даусы естілді.
Шығысқа қарай арбалар мен зеңбіректер тізбегі созылып өтіп жатты. Олардың соңынан жараланған солдаттар қабақ- тары қатып, түнеріп, ілби басып келеді. Осы топтардың ішінде балалы әйелдер мен бала-шаға, кемпір-шалдар да кетіп барады. Туған жерден кетіп бара жатқан осы бір қалың топ ертең-ақ қайтып ораларына сенімділікпен, оның үстіне өжет қаталдық пен ыза кернеген ашу, нағылетпен кетіп бара жатыр.
Немістер селоға жақындады. Малый Букриннің комму- нистері мен комсомолецтері аудан орталығы Ржищев қаласына кенет шақырылды. Аудандық партия комитетінің үйғаруы бойынша жау тылындағы астыртын жұмысқа қалдырылған жолдастардан басқа барлық коммунистер мен комсомолецтер Қызыл Армияның шегінуші бөлімдеріне қосылуға тиіс.
Малый Букриндегі астыртын жүмысқа Григорий Василь- евич Витряк пен Василий Алексеевич Гуряк қалдырылды.
Илько көп кешікпей-ақ бүл жаңа жағдайға тез көндікті. Аспанды торып жүрген жау самолеттерінің гүріліне ол қүлақ салмады. Бүл оған үйреншікті үн болып кетті.
Бірақ баланың еңсесін бір ауыр зіл басқандай, көңілсіз де, ойлы да еді.
Илько ата-анасының жүзіне де кейде үрейлене, кейде мазасыздана карайтын. Соңғы уақытта Григорий Васильевич те тым өзгеріп кетті. Оның өңі сынып қартайыңқырап жүдеді. бірақ ол сол бұрынғы қалпынша сабырлы да ұстамды болып қала берді.
Бұл күнде Ильконың кеңпейіл, рақымды шешесінін бетіндегі эжімдері қалыңдап, жағы сорайып, тостағандай үлкен кара көздерінен кайғының, уайымның ізі сезіліп тұратын болды. Бірақ ол да бүрынғыша жүмысқа жігерлі, ерінбейтін, жалықпайтын еді, ымырт жабылғанға дейін шаруасымен тынымсыз айналысады да жүреді.
Бала да болса сезімтал, жаны жақсы, есті Илько ата- анасының жүзіндегі бүл өзгерістердің себебін жақсы түсінетін.
Ол ата-анасына бұрынғыдан да мейірімді, ракымды болуға тырысгы, шамасының келгенінше қолғабыс етті. Оларға унемі жаксылық істеуге, анасының үй ішіндегі жүмысына көмектесуге, оның жүмысын өзінің қолғабысы арқылы болса да жеңілдетуге тырысты.
Бұл қауіп-қатерлі күндерде Илько жастығына карамастан, Василий Алексеевичке де қатты колғабыс тигізді.
Парторг оған жиі-жиі тапсырмалар беріп тұрды. Илько оларды мүлтіксіз, барынша тындыра орындады. Ол өзінің жакын, қымбатты, кадірлі адамдарына осындай киын-қыстау күндерде қолынан келгенінше септігін тигізіп, тапсырмасын орындағанын едэуір-ак мақтаныш ететін.
Осы жуырда-ақ ол еліміздің алыс тылына қарай мал айдап кеткен жолдастарына кызғана караган еді. «Менімен қарайлас болса да, анау балалар маңызды тапсырмалар алды, ал мен болсам, қүр босқа жүрмін, маған ешқандай тапсырма бермейді» деп ренжитін. Енді ол ой ескіріп, артта қалып бара жатқан сиякты көрінді. Василий Алексеевич оған сен пионер вожатыйсың, саған осында болу кажет дегенде, парторгтың бұл сөзі оған қалжың сөздей көрінуші еді, ол мұны қорлықтай көріп жылап жібере жаздайтын. Бірак біраздан соң Василий Алексеевичтің бұл сөзінің калжың емес екеніне оның көзі әбден жетті.
Бір күні таңертең селолық кеңестің күзетшісі Захар карт әйнек кақты. Илько жаңа ғана ыдыс-аяқты, еденді жуып, киімдерін тазалаған-ды. Үйде тірі жан жок еді. Әкесі мен шешесі таң кылаулана үйден кетіп қалған болатын.
Илько, үйдемісің?- деп айқайлады Захар қарт.
Ата, үйдемін, ата, үйдемін,- деп жауап қатты Илько, есікті ашып жатып.
Сені Василий Буряк шақырады, дереу келсін дейді. Тездет...
Қазір, міне, ата,- деді ол асыға киініп, парторгтің шақырғанына қуанып кетті.
Бірнеше минуттен кейін жүрегі алқынған Илько партком есігін қакты.
Кіре ғой,- деген Василий Алексеевичтің даусы естілді.
Илько бөлмеге жүгіре кірді... Бірақ катты абыржып калды,
өйткені үлкен жазу үстеліндегі Василий Алексеевичпен катарласа креслода өз әкесі Григорий Васильевич отыр.
Ол әкесінің күтпеген жерде отырғанына едәуір-ак ыңғайсызданып қалған еді.
Илько, маған ешқандай тапсырма бермейді деп ренжулі едің сен,- деді Василий Буряк оған карап,- бүгін бір аса маңызды тапсырма болып тұр, мұны сенен бөтен адамға беруге болмайды. Мынау пакетті Дудари селосына апарып, тек партком секретарына ғана табыс ету керек. Конверттің сыртына алдым деп, ол қол қоятын болсын. Жолда абай бол, қазір сан қилы адамдарды кездестіруге болады, ал пакет өте құпия. Саған бұл түсінікті болар,- деп кадағалап айтты Василий Алексеевич.
Бэрін ұқтым,- деді Илько.- Тапсырманы орындауға эзірмін.
Ал Дудариға калай барамын деп ойлайсың?..- деп сұрады парторг.- Жаяу ма, салт па?
О не дегеніңіз, Василий Алексеевич,-деп Илько наразылык білдірді,- казір салт атпен кауіпті, жаяу барғаным дұрыс. Егер біреу-міреуді көре калғандай болсам, кез келген бұтаның түбіне жасырына коюға болады. Ал атпен кайда сыясың, ол кайта өзіңді ұстап береді.
Григорий Васильевич баланың тапқырлығына барынша риза бола күлді, ал Василий Алексеевич те оның байсалды, сабырлы кескініне қарап, сэл жымиып қойды.
Ол ішінен «Осындай зерек, тапқыр балалардан жақсы барлаушы шығар еді» деп ойлаған пішінін жасыра алмаған еді.
Илько, сенің мұның жөн болар,- деді парторг пакетті ұсынып жатып...- Өзің қайсысын жөн дейсің, соны істе. Әйтеуір, сак болғайсың, тапсырманы орындасаң, болғаны.
Илько пакетті камзолының сол жақ қалтасына салды да, шығып кетті.
Тапсырманы орындайтын сапарға аттанардан бұрын Илько үйіне соқты да, сақтық үшін үстіндегісін тастап, ескі костюмін киді, сонсоң тапсырманы орындау сапарына кетті.
Алғашқы тапсырманы ол жаман орындаған жоқ.
Дудариға бара жатқан жолында ол ешқандай оқиғаға, тіпті, ешбір адамға ұшыраспады, ал үйге қайтып келе жатқанда, Мартыновканың бағы арқылы жүрген еді. Илько бақ ішіндегі жалғыз аяқ жолмен емес, бұта-бұтаны қуалап қиялай жүрді. Бақтың Малый Букрин жағындағы шетінен жиырма метрдей жер қалғанда, Илько бақтың қалың бұталарының арасында
деасырынып отырған сорайған бір ер кісіні көрді. Бұл Ильконы қайран калдырды, оның отырысы оған тым-ак күдікті көрінді.
«Өзі үлкен адам, ал менен жас баладай-ак кұты қашып, урейленіп кетті. Не де болса, мұнда бір терең сыр бар» деп ойлады Илько ішінен.
Баққа таяна бергенде, Илько ойламаған жерден, қолында бір түйіншегі бар баланы көрді. Бала бұта-бұтаның арасымен сактана басып, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап, Илько бет алған жаққа карай кетіп бара жатыр.
Илько бұға қалып, біраз кідірді, мұның қайда баратынын байкау үшін оны ілгері жіберіп, бақтан шығуын күтіп тұрды.
Бұл баламен бак ішінде жасырынып жаткан адамның байланысы барлығын ол осы бір сәтте-ақ аңғарып қалды.
Қолында түйіншегі бар бала Малый Букринге қарай бет алды, ал Илько бұл кезде бактан шықты да, элгі баланы жылдамдата басып, лезде куып жетті.
Илько бұл баланы жақсы танитын-ды. Бұл Малый Букриндегі бұрынғы кулак Роман Гердюктің баласы еді, әкесі іріткі жасағаны, колхоз мүлкін ұрлағаны үшін он жылға сотталған болатын.
Илько Роман Гердюктің бүкіл отбасын білетін-ді, бұл залымды Малый Букриндегілердің бэрі жек көретін.
Илько баланы куып жеткенде, ол сасқалақтап, оған кінэлы адамдай жалтақтай қарады.
Тамақты Мартыновкада кімге апардың, мені көргенде, бұтаға жасырынған элгі адамың кім?- деп сұрады Илько оған сұстана карап.
Ол баланың аты Ваня еді. Ваня күмілжіп, сыксиған, іркіліп жас келген көздерімен Илькоға үрейлене қарады да:
Ол менің әкем еді, соған тамақ апарып келе жатырмын,- деп жауап берді.
Е, әкең ол жерде не істеп жүр? Әй, тоқта, ол несіне жасырынады, шыныңды айт!- деп, Илько Ваняға қатуланып, сұктана карады.
Ол үйде бір-ақ рет болды, коммунистер ұстап алып, камап қоя ма деп қоркады,- деді даусы дірілдеп Ваня.
Ол эзірше орман ішінде бас сауғалап жүр, немістер біздің селоға қашан келер екен деп күтетін болуы керек меніңше. Солар келісімен-ақ, экем үйге оралмақшы.
Ал енді айт, әкең үйлеріңе кашан келді?- деп, даусын бәсендете сұрады Илько.
Мүнда келгеніне он шақты күн боп қалды. Үш күн үйде. ал бір күн Мартыновкада түнеді,- деп жауап кайырды Ваня. колымен көзін сүртіп жатып.
Ал ол бүған дейін қайда болып еді, білетін шығарсың? - деп сұрады Илько, балаға сынай қарап.
Донбаста болса керек, әкемнің мамама айтқанынан аңғарып қалдым, - деді Ваня, ешбір қулықсыз балалык аңкаульщпен.
Ол мұның бэрі тосыннан тап болған өжет баланың бастырмалатып берген сұрақтарына үрейлене тұрып, аңғал айтылған ағатсыз шындық еді.
Илько селоға келісімен, еш жерге тоқтамастан, селолык кеңеске келді.
Парткомда жалғыз ғана Василий Алексеевич бар екен, ол алдында жатқан көп кағазды ақтарып отыр. Илько тапсырманы орындағанын айтып, сыртында «алдым» деген белгісі бар конвертті парторгке ұсынды.
Василий Алексеевич Илькоға алғыс айтты, жолда ешкандай уақиға болған жоқ па деп сұрастырды. Илько алғашкыда қысылып, абыржып қалды.
Осы кезде есік ашып, Григорий Васильевич кіріп келді.
Ал не, калай Илько, барған жұмысыңды тындырдың ба?- деді әкесі.
Жігіт екен сіздің балаңыз, өжет, пысык бала,- деп Илько үшін Василий Алексеевич жауап қайырды.
Парторгтың мақтағанына Ильконың мерейі өсіп, көңілі көтеріліп қалғандай болды.
Менің жұмысым жаман емес қой... Мақтағаныңызға ракмет. Мен жолда бір жайсыз жайды көрдім,- деді Илько алқына сөйлеп.
Ол Мартыновкадағы бақта Роман Гердюктің жасырын, бейсауат жүргенін жэне оның баласы мен өзінің әңгімесін бастан-аяқ баяндап берді.
Ие, бұл онша ұнамды хабар емес екен,- деді Василий Алексеевич қабағын түйіп- Сақтығың үшін саған алғыс айтамын. Сен жақсы барлаушы, кейін тэуір тергеуші болады екенсің.
Ие, бұл едәуір үлкен жаңалык,- деп күрсінді Григорий
Васильевич,- Жарайды, балам, үйге бар, демал, Гердюк туралы тіс жарып ешкімге ештеңе деуші болма. Мамаңнан баска тірі жанға лэм деме. Түсінікті ме?
Григорий Васильевич есіктен сыртка беттеген баласына сүйсіне карады.
Әке, бэрін де үктым. Бала да болсам, аңғарам ғой,- деді де, Илько шығып кетті.
Бұл оңбаған, жебір тышқандар індерінен шыға бастаған екен,- деді Василий Алексеевич Буряк қабағын түйген қатулы түрде,- бұларды жау келмей тұрып, ертерек тұншыктырып тастаған жөн болар. Өйтпесек, олар ертең біздің жалпы ісімізге кеселін тигізеді, жеңіске ұмтылған талабымызға бөгет болады.
Иә, жау қайдан келсе, онан келсін, жаудың аты - жау, сондықтан жау атаулының қайсысына болса да, рақым болмау керек. Фашист айуан сияқты, ішкі дұшпан да бізге қауіпті.
Жиырма адамды қару-жарақпен жабдықтап, Василий Алексеевичтің бастауымен екі күн ұдайы олар Мартыновканың ой-шұқырын, барлық қуысын, бау-бақтарын сүзіп шықты. Бірақ бұл іздеудің нәтижесі болмады. Роман Гердюк те, оны жасырушылар да табылмады.
Осы уақигадан соң біраз күндер өтті, каныпезер қор- қаулардың фашистік тобырлары Малый Букринге де баса- көктеп енді. Бұл зұлымдармен бірге элгі азғын Роман Гердюк те селоға келді. Ол селолық староста боп тағайындалды, селоны билеп-төстеді, кінэсыз жай халықтың басына эңгір таяқ ойнатып, ойына келген арамдықтарын жасады.
Григорий Васильевич Витряктың үйінің құлыбын бұзып, староста оған неміс комендатурасын орналастырды, ал өзі селолык кеңестің үйін алды. Гитлердің сұрғылт шинель киген сұр шегірткелері деревняға қара құрттай жабылып кетті. Олар бейбіт халыққа зорлық-зомбылық көрсетіп, талауға кірісті, маскүнемдікке салынды, халықка жэбір-жапа көрсете бастады.
Ертеңінде-ақ басқыншылар «жаңа тэртіп» орнатуға белсене кірісті. Селоның тап ортасына, мектеп қасындағы алаңға дар ағашын орнатты. Үшінші күні таңертеңгі онда олар селоның барлық халқын зорлап осында айдап әкелді. Міне, осы халықтың көзінше Малый Букриннің ең таңдаулы он екі адамын ешбір жазықсыз дарға асты.
Бет-ауыздарының мылжа-мылжалары шыққан, өне бойларын қан басқан оларды дар қасына сүйреп экелді. Олар
соққыдан аяқтарын тәлтіректеп баса алмайды. Барлығын бір арқанға көгендепті. Ұрып-соққанға, қорлық-жәбірлеушілікке қарамастан олар еңселерін жоғары көтеріп, тайсалмай жүріп келеді, коммунистік қажырлылық, табандылык өмірінің актык минуттеріне дейін олардың рухын төмен түсіртпеді. Олар халыкты көргенде бұрынғыдан да жігерленіп, акырғы күштерін жинап, еңселерін көтере жоғары қарады:
Дарға асуға алып келген осынау топтың ішінде Григорий Васильевич Витряк тұр. Ол бойын жинап, басын көтеріп алды да, мұңайып тұрған халыкқа қарады.
- Жолдастар, шираңдар, табанды болыңдар, мұңайғанмен іс бітпейді, фашист арамзаларына карсы ракымсыз күресіндер. Туған жерімізді, балаларымызды қорғаңдар. Қызыл Армия қуатты, ол мэңгілік өмір сүреді, ол ертең-ак қайтып оралып, бұл сұмырайларды біздің қасиетті жерлерімізден қуады, қарасын өшіреді! Жасасын Коммунистік гіартия! - деп, оның даусы қатты шығып, сол бір сэттен-ақ тез үзіліп кетті. Неміс офицері жанталаса жүгіріп келіп, оны бар пәрменімен жақтан салып жіберді. Григорий Васильевич неміс офицерінің арсыз, жексұрын сықпытына жирене, кекті ашумен карады да, бетіне түкіріп жіберді. Ол бұрынғысынша қайсарланып, бурьш басын төмен имеді, мелшиіп тұрып қалды.
Түнеріп, үн-түнсіз тұрған қалың көптің ішінен ол өзінің әйелі мен баласын іздестірді, бірақ оларды көрді ме, көрмеді ме, белгісіз, әйтеуір бірдеңе деп күбірлеп олармен ойша қоштасқандай болды. Бірақ оның даусын ешкім ести алмады.
Алдымен Витрякты асты.
Жүректі өртеген қайғы-қасіреттен, ауыр жан азабынан Мария Исаковнаның тек кұр сүлдері ғана тұр. Оны Стратон қарт колтыктап, сүйеп тұрды, анасының касында оның қолын қапсыра ұстап, сүйікті әкесінен көз алмай Илько тұрды.
Осы бір минуттер қандай ауыр, қандай касіретті еді. Кексе тартқан ақ самайлы әйелдің көз алдында оның көп жыл отаскан жолдасын асса, оның ең сүйікті баласының алдында әкесін асып өлтірді.
Мария Исаковнаның білеудей болған көздерінен үміт оты сөніп, ерінің жүзінен көз ала алмады, ол өзіне ең жақын, сүйікті адамның бейнесін мэңгілік жүрегінде сақтап қалғысы келгендей, көзін кең аша түсті. Оның көзінен бір тамшы да
жас шықпады, көздері жансыз, әлдебір әйнек сияқты болып кетті.
Илько да жылай алмады. Тек оның жүрегін кернеген азап- кайғыдан ол әлсін-әлсін ауыр күрсініп кояды. Жауға деген ызалы өшпенділік оның жүрегін өртеп барады. Ол экесінің мойнына аркан салған кезде бетін басып, теріс айналды.
Олардың денесі үш күндей дарда асулы тұрды. Марқұм әкесінің сүйікті жүзін, тірі кезіндегі мейірімді келбетін көру үшін Илько күн сайын жасырынып келіп жүрді. Ал төртінші күні таңертең олардың бірде-бірінің денесі жок болып шыкты. Қайда жерленді - оны ешкім білмеді.
Азалы анасын үйге қалдырып, жетімдікке душар болған Илько әкесінің өлігі тасталған жерді іздеуге шықты.
Ал бұл кезде Мария Исаковнаны немістер бүкіл деревняны шарлап іздеуде еді. Мария Исаковна мен баласы екеуі баспаналаған Стратон карттың үйіне Василий Алексеевич жүгіріп келіп, бұл жайды оған ескертіп кетті.
Мария Исаковна көрші Ромашка селосындағы сіңлісінің үйіне қашуға ұйғарды.
Стратон қарт аталык камқорлық жасап, Мария Исаковнаны бақша ішімен селоның шетіне шығарып салды. Жендеттер ерін асқаннан бергі аз күн ішінде ол тұңғыш рет кана егіле жас төгіп, картпен коштасты да, эрі қарай жалғыз жүріп кетті. Жазык далаға шығысымен, мина көмілген далаға килігіп, ойда жокта, кенеттен қаза тапты.
Жас Илько ана өлігінің алдында жыламауға өзін-өзі мыкты ұстап, қажырлы, кайратты болуға, жаудан әкесі мен шешесінің өлімі үшін кек алуға ант берген еді.
Бақытсыз эйелдің өлімінің куәсі болған Стратон қарт Ильконы өзіне алып, оны есіркеп, бауырына басты, туған- туысқандарының өлімі жүрегіне өшпес жара салған жас баланы ол аталық мейіріммен жақсы көрді. Өзінше қамқорлық етті.
Бұл көгалды май айының аяқ кезі еді. Жас командир Темір Болатов басқарған шағындау партизан отряды таңсәріде Мартыновканың үлкен бағына келіп жетті. Бұл Малый селосынан алыс емес еді, осы жерде партизандар жергілікті подполыциктермен кездесуге уэде етіскен.
Шапақ шашкан күн сэулесі ағаш басына нұрын мол түсір- ген кезде, біраз көз шырымын алғаннан кейін отряд бақтың
ішінен шығып, бүргенді калың тоғайдың ортасына енді де кетті. Осы жерден селоны бакылауға, ондағы жағдайды білуге қолайлырак еді.
Осы жерден жан-жакты бакылай отырып, партизандар бактың шетінен бір бала көрді. Ол жуан таякка сүйеніп, элдеқайда қияға көз жіберіп тұр. Онан он кадамдай жерде үш сиыр өз жайымен қалың кауда жайылып жүр. Бала сиырларға емес, әлдеқайда қиялдай қарайды.
Жолдас командир,- деді партизандардың біреуі Болатовқа бұрылып,- бақташы баланы осында әкелуге рұксат етіңіз. Одан біраз жайды білуге болар еді.
Әзір қажеті жоқ,- деп жауап берді командир,- бак төңірегін байқап, шолып шығу керек, бұл маңда біреу-міреу жок па екен, тексеру керек.
Дереу екі партизан, біреуі сол жаққа, біреуі оң жакка төңіректі байкау үшін жөнелді, олар көп кешікпей қайта оралды.
Айналаны шолып шықтық, тірі жан жоқ, сілімтіктердің өздері де, көлеңкесі де, жергілікті шаруалардың да бірде-бірі көрінбейді,- деп баяндады эр уакыт жайдары жүретін жас партизан Иван Чуляк.
Осы кезде бақташы бала ұйқыдан оянғандай селк ете түсіп, басын жоғары көтеріп алды да, аяғын еріне, баяу басып, тура партизандарға қарай жүрді. Ол бақтың төңірегін көмкергендей айнала тартылған жіңішке арықтың ішімен бакка келіп жетті, ол партизандардан үш қадамдай-ақ жерде тұр.
Партизандар бұта арасынан оған таңырқай қарап, эрбір қимылын бақылап тұр.
Бала кілт тоқтай калды да, үлкен адамдай ауыр күрсінді, баланың жүзінде зілді қайғының терең ізі жатқандай көңілсіз еді.
Баланың назарын аудару үшін жэне оны тосыннан үрейлендірмеу үшін, отряд командирі партизандар жатқан бұтанын жапырағын ақырын ғана еппен қозғап дыбыс берді.
Бала сол сәтте-ақ құлақ тіге қалды, орнынан кілт қоз- ғалды да, бұтаны майыстырды, ол партизандардың тап ал- дынан келіп шықты.
Ағаш арасында бөтен адамдармен кездесу оны онша үрейлендіре қойған жоқ, ол бойын тез жиып алды, абыржып
саспады да, таңырқамады да, бала жақын көретін жақсы адамдарын, іздеп жүрген кісілерін тапқандай, элдебір жақсы достарымен кездескендей болды, мүны оның сүйкімді, балалық кескініндегі мейірімді күлкісі ой тоқтатып, қиындық керіп, жан азабын басынан өткізген адамның бейнесін көрсетерлік еді.
Бала денесі дембелшең, әп-әсем, иықты еді. Оның қайратты қою сары шашы кең маңдайына түсіп, қалың қастарының астынан мөлдіреген тостағандай көкшіл көзі ғана жайнап тұр.
Баланың үстінде тозығы жеткен көне костюмі бар, оның жағасы астынан қоңыр сиса көйлегі көрініп тұр. Ал аяғында лыпасы жоқ, ол фуражкасын артына шалқайта киіпті.
Оның тозығы жеткен костюмі мұның иесінің оны талайдан үстінен тастамағанын айтпай-ақ аңғартқандай еді.
Партизандар боларсындар?- деді бала сыбырлап.
Ал егер партизан болсақ ше, бір нәрсе айтпақсың ба?- деді командир, оның жайдары жүзінен көз алмастан.
Баланың жүзінде әп-сәтте шаттық нышаны ойнап шыға келді, оның көздері жайнап, өңіне шырай кіре бастады.
Атың кім?- деді Болатов.
Илько.
Жақсы екен есімің.
Командир сіз боласыз ба?- деді ол.
Ие, менмін,- деді Болатов жымия күліп,- ал оның саған не керегі бар?
-Меніңдепартизанболғымкеледі.Меніотрядқаалыңызшы,- баланың мейірімді көздері командирге жалынышпен қарады- Мылтык ата білемін, қаруым да бар. Осы таяу жердегі бір сайға винтовкалар мен патрондар жасырып қойдық.
Бала соны айтқанда бұрынғыдан да көңілденіп, партизандарға мақтанышпен қарады.
Ал сенің винтовкаңды кім алып жүреді? Біздің басы артық адамымыз жок,- деді Василий Бутенко, оған қалжыңдап.
Бала кысылып-қымтырылмай, Василий Бутенкоға қарады Да:
Винтовканың маған ауыр екені рас. Бірақ менің кесілген, Қысқа мылтығым бар, оның тілін білемін,- деді сабырмен.
Е, сен, оны атып көріп пе ең?- деп сұрады Болатов онан.
-■ 105 ИЕЕЕЕЕ:—
Сан атқанмын,- деп мақтана жауап берді ол.
Фрицтер оны сенен тартып алмады ма?- деп сұрады партизанның біреуі, оның қалай атып жүргенін білгісі келіп.
Фрицтер ме?- деді бала таңырқағандай,- ол сүмырайлар біздің қаруларымыздың қайда екенін еш уакытта біле алмайды,- деді ол кызына сөйлеп - Біз винтовка мен патрондарды анау бактың ар жағындағы сайға жасырдық. Ал мылтық атуға сонау Дудари селосына барамыз. Онда терең жар бар, ол - біздің атыс орнымыз, үйренетін жеріміз.
Е, сенің бізің кім?- деді Болатов оның жолдастарын білгісі келіп.
Менің Михаил Гриценко деген жақсы досым бар. Сол екеуміз фрицтер мен полицейлерді карусыздандырамыз, ал қаруды партизандар үшін жасырып, сақтап қоямыз.
Ол «осыларым дүрыс па» дегендей, командирге көңілдене қарады.
Ал атудың не үшін қажеті бар сендерге?- деді партизан Иван Чуляк куана жымиып.
Атуды үйренбесек, басқыншы залымдармен енді қалай күресуге болады?- деді бала, сүрау берушіге таңдана карап. — Егер ата білмесең, партизанға не бетіңмен барасың. Бізді отрядқа кім алады?
Сендер бұл фрицтер мен полицайлардың қаруларын қалай есебін тауып қолға түсіріп жүрсіңдер? Кэне айт, тыңдалық,- деді отряд командирі Болатов, жерге отыра беріп.
Мен оны айтсам, эңгіме үзаққа созылады,- деп ескертті бала — Тыңдауға уақыттарыңыз бар ма, айтайын ба?
Болатов мақұлдап басын изеді де, оны өз қасына отырғызды. Партизандар оны айнала қоршап отыра қалысты.
Немістер полицейлермен күнде арақ, самогон ішіп мас болады жэне жығылғанша ішеді. Ол кезде олардың винтов- касы түгіл, өздерін сүйреп әкетсең де, ештеңе сезбейді... Міне, сол уақытта Михайло екеуміз үйді торуда боламыз, ол үйдің бір қабырғасында, мен екінші кабырғасында күзетте түрамыз,- деп әңгімені батыл бала естияр адамдарша бастады.- Немістер тынышталған кезде не мен, не Михайло олар ұйықтады ма екен деп, білу үшін байқауға барамыз. Ал мүны былай істейміз: не эйнек қағамыз, не есікті ашып-жабамыз. Егер осы кезде үйден біреу-міреу шыға калғандай болса, онда
біз панасыз адам болып, бір түн қайда түнеп шығуға болар екен деп сұраймыз.
Ал егер үй іші тым-тырыс болса, ешкім қыбырламаса, терезеге де, есікке де еш пенде келмесе, онда біз үйге еркін кіріп, бір-бірден винтовка, патрондар аламыз да, екеуміз екі жакка кетеміз. Селоның сыртында түйісеміз де, сонау сайға барып, барлығын жасырамыз. Сонсоң элгі фрицтерден винтовка алған селоға емес, екінші бір селоға кетеміз.
Бұл сияқты «ұрлықты» көп жасадыңдар ма?- деді Болатов онан эрі қалжыңдап, эрі жайды білгісі келіп.
Михайло екеуміз үш рет, ал Михайлоның өзі бір рет жорық жасады, ол кезде мен наукастанып жатыр ем.
Бірде-бірінде де ешқандай жамандыкка тап болмадыңдар ма?- деді партизан Попов.
Әрине,- деді бала мақтаныш сезіммен - Біз бала болсак та, көп нәрсені аңғарамыз, абай болу керек екенін білеміз.
Ол эрі ойнақы, эрі ойлы көздерімен жапа-тармағай отырған партизандарды бір шолып өтті. Оның бұл карасында өз ісіне сүйсінген, оны басқалардың қалай бағаларын білгісі келген ой бар еді.
Оның бұл көкейге қонарлық пікірлерін партизандар аса ынта қойып тыңдады.
Мен Малый Букрин селосынанмын, ал Михайло Болыной Букрин селосынан. Біз винтовканы Малый Букриннен қолға түсірсек, коналқыға Большой Букриндегі Михайлоның үйіне барамыз. Ал егер большой Букринге жорық жасасақ, Малый Букинге барып түнейміз...
«Біздің бұл айлакерлігіміз сендерге ұнай ма» дегендей бала төңірегін қоршап, бар ынтасымен тыңдап отырған кэрі-жас партизандарға карады.
Баланың сөзі бүкіл отрядға ерекше әсер етті, оның эрбір сөзін ерекше ынта қойып тыңдады.
Командир жолдас, Михайло екеумізді қатарларыңызға алуыңызды өтінеміз, біз жақсы жұмыс істейміз,- деп ол жәлынған кейіппен Болатовқа қарады.
Біз бұл жердің барлық ой-шұңқырын, Днепрдің ана жағалауы мен мына жағалауындағы барлық жолдарды жақсы білеміз. Днепрден өтетін өткелдерді де, орманы мен бақтарын түгел білеміз. Біз қай селода қанша фашист сұмырайлары,
канша полицай бар екенін де білеміз. Біз отрядтарыңызда барлау жұмысында болайык, біз колғабыс етеміз, бізден зиян көрмейсіздер, біздің тілегімізді орындауды өтінемін.
Мұның бэрі жақсы, батырымдеді Болатов.- Бірак сен партизан отрядына тек сыналған адамдарды ғана алатынын білуің керек, неміс тылында өзінің Отанға берілгендігін дәлелдеген адамдар ғана партизан бола алады. Сөзіңе карағанда, Михайло екеуің біраз жұмыс істеген секілдісіңдер, бірак мұның бэрі рас па, жоқ па? Айта беруге болады ғой, бірак біз кұр сөзге сенбейміз, біз сендердің аты-жөндеріңді, кабілеттеріңді байқауға тиіспіз, әуелі сыннан өткіземіз.
Осы сөзді естігенде, баланың жүзі солғын тартып, мөл- дірген көздерінің нұры сөніңкіреп, онан қайғының ізі сезіле қалды, ол басын төмен салбыратып, ауыр бір күрсінді.
Мен қазір өз жайымды бастан-аяк баяндайын,- деді ол жайлап қана - Менің атым - Илько, фамилиям - Витряк, жасым он бесте. Әкем коммунист болған. Фашистер біздің Малый Букрин селосына басып кірген күні бір опасыздар әкемді немістерге ұстап берді, бұл сұмырайлар менің әкемді, онымен қоса селоның он бір ең жақсы, адал адамдарын дарға асты, шешем фашистердің кудалауынан кұтылам деп жүріп, минаға жарылып өлді. Менің тарихым осы! Маған сенбей- сіңдер ме? Сенсендер, мені топтарыңа қосыңыздар.
Сонан соң Илько фашистердің Малый Букринге келгенін, олардың село адамдарына істеген айуандықтарын бастан-аяк айтты. Ол өз басындағы ауыр қайғыны айта отырып, мөлтілдеп жас толған көздерімен партизандарға қарады, оның басындағы бұл қайғыға осы отырған бүкіл партизандардың жаны ашып отырғанын ол жаксы сезгендей еді.
Ауыр күрсініп, ол үн-түнсіз отырып қалды.
Басынан кешірген бұл ауыр қасіретті еске түсіру оның жүрегінің бітпеген жарасын кайта козғағандай болды. Партизандардың қай-қайсысы болса да, жаны жаралы, жүрегі қаяу бұл баланы есіркеп, жұбатуға тырысты.
Біраздан соң өксігі басылған ол:
Мен әкем үшін, анам үшін ғана емес, басқаларға істеген зұлымдықтары үшін өш алуға, кек алуға бел байладым. Әке- шешем қайтыс болғаннан кейін, он екі күннен соң, тосыннан- тосын Киевтен зор киыншылыкпен Малый Букринге апайым Ганна келгенде, менің куанышым койныма сыймады. Ол
Киевтегі пединститутта оқитын. Сорлы анам Ганнаны көре алмады, оның келуін соншама күтіп еді. Әкем мен шешемнің өлімін естігенде, ол қалай егіліп жылады десеңіздерші. Оның қеудесінде тек шықпаған жаны ғана қалды. Мен оны құшақтап, қолымнан келгенше күні бойы жұбатумен болдым, бірақ ол лэм демеді. Тек қас қарая есін жиды.
Көз жасты құр босқа төге бергеннен не шығады, онан түк түспейді,- деді Ганна әлден уақытта, ойлана отырып,- Кимыл жасау керек, атамекенімізді аяққа басқаны үшін, біздің туған-туысқандарымыз үшін, әкем мен анам үшін кек алу керек.
Ол мені құшақтап, бетімнен сүйіп-сүйіп алды да, сыбырлап:
Қарғыс атқан фашистерден кек алу керек, оларды түп- тамырымен құрту керек. Жасырын жұмыс жүргізіп жүрген адамдармен байланыс жасау керек. Әкем жалғыз болды дейсің бе, асылған он бір адамнан басқа да адамдар болуы керек, партия жасырын жұмысқа біраз адамдар тастаған болу керек. Оларды табу керек. Бұл адамдар бандиттермен қалай күресудің бізге жөн-жобасын айтады - Ганна маған партизандармен байланыс жасау қажет, олар Панитов жэне Хоцкий ормандарында болса керек,- деді.
Мен апамның сөзін ықыласпен тындадым, менің сол сәтте- ақ бүкіл селоны шарк ұрып, барлык үйлерді аралап шығып, олардың қайсысы жасырын жұмыска қалдырылған екенін сұрап білгім келді.
Мен апамнан ертеңге калдырмай, бүгін, тап бүгін Панитов пен Хоцкий ормандарына кетуді өтіндім. Бірак апам менен естияр еді, абай болу қажет екенін түсінетін. Мен мұны соңынан ұқтым.
«Бауырым Илько, асығудың кажеті жоқ, біз тек мұнымен өзімізді ұстап беруіміз мүмкін, ең бастысы ойға алған ісімізге кедергі келтіруіміз мүмкін»,- деді ол маған.
Бірак тосыннан бізге жаңа бір пәле тап болды,- деді Илько командирге уайымдай қарап,- Немістер топ-тобымен селоны шарлап, жастарды Германияға айдады. Түн ішінде біздің үйге келіп, Ганнаны да алып кетті. Сонан соң мен оны көрмедім. Мен тағы да жападан-жалғыз қалдым, бірақ апамның «Илько, жалғыз қимыл жасағанмен түк шығара алмаймыз, партизандарға
косылу керек, жасырын жұмыс істеп жүргендерді табу керек» деген сөзін мен есте жақсы ұстадым.
Өзіміздің селодан астыртын жұмыс жүргізушілерді іздестіріп таба алмадым, сондықтан ормандағы партизандарға баруға ұйғардым. Бір тілім нан, бір шиша су, сөмкемді алып, «ең алдымен сактык керек» деген апамның сөзін ескеріп, түнді сарай ішінде өткіздім. Таңсәріде осы жерден сапарға шықпакшы болдым, өйткені күндіз селодан шығып кету киын болды. Немістер ерсілі-қарсылы аласұрып, шапқылып тіміскіленіп жүрді. Бірақ ұйыктап қалар ма екем деп қорықтым, сондықтан айнала жым-жырт болған кезде, мен жолға шықтым. Біреу-міреуге кездесіп қалмау үшін өмірі жан баспаған жерлермен жүрдім, бүгін-ертең партизандарға жолығамын деген қуаныш сезімі жанымды элдилегендей болды. Маған қанат біткен секілді, мен алға қарай ұшып бара жаткандаймын.
Илько бір минуттей кідірді, «айтқан эңгімем бұларға қалай эсер етті» дегендей партизандарға карады.
Отряд командирі макұлдағандай бас изеді, сонан соң Илько тағы да сөзін жалғастырды.
Ақыры, келесі күні кешке Панитов орманына келіп жеттім. ¥шы-қиыры жоқ қалың орман түнеріп тұр. Айнала жым-жырт, тыныштық. Маңайда тірі жан көрінбейді. Алып еменнің сарғылт жапырақтары күн сәулесіне шағылысып, бейне алтын секілді көрінеді.
Мен орманға таяу келіп тұра қалдым. Күннің жарык сәулесінде орманға кіруге үрейлендім. Мені біреу-міреу аңдып тұр ма деп ойладым, партизандарға тек меңіреу түнде ғана бару керек деп ұйғардым.
Айналаны шолып карап ем - еш жерде бір пенде көрінбеді. Мен жата қалдым. Жүрегім аттай тулады, оның соғуы сонау орманға естіліп тұрғандай көрінді. Мен мазасызданып жата алмадым, бірнеше рет тұрып, жан-жақты шолдым. Сол баяғысындай ешкім көрінбейді.
Күн бүгін ұясына қонбайтын болар деп ойладым мен, уақыт тіпті баяу жылжығандай болып көрінді маған! Әйтеуір, бір кезде қас карайды, мен не болғанымды білмедім.
Қалың орманның жанында, жапан түзде, түнерген қараңғылық ішінде сен жалғыз қорықпадың ба?- деп сұрады партизан Иван Гаман.
Қорықпадың ба дейсіз бе?- деп жымиып күлді Илько- Жоқ, қорыққаным жоқ. Мен бүл жерден, орман ішінен өз адамдарымды ұшыратамын деп үміттендім, олармен қосылып туған-туысқандарым үшін кек аламын деп қуандым. Мен бүл сағаттарды асыға күткен едім. Орман ішіне кірсек болғаны, жасақтанған партизандар мені қарсы алып, отрядқа апарады деп ойладым мен. Мен еш нәрседен де қорыққаным жоқ, ал бірақ бойымды әлдеқандай бір белгісіз сезім билеген еді. Мұны мен айтып жеткізе алатын емеспін.
Мен орман ішіне ендім, әрбір ағашты сипалап жүріп келемін. Біресе орманның қалың түкпіріне сүңгіп кетіп, біресе қайта шетіне шығып қаламын. Ептеп жөтеліп те, ысқырып та қоямын - ешкім дыбыс бермейді. Тек аяқ астында қу ағаш бытыр-бытыр етеді.
Орман ішіне тағы да қайта сүңгимін, сонсоң тағы да шетіне шыға келемін, бір жан кезікпеді. Мен үзак сенделдім, эбден қалжырадым. Емен түбіне қисайып, қалғып кетіппін. Денемді мүздатқан ызғарлы суық мені оятып жіберді. Күннің жаңа шашырап келе жатқан сәулесі ағаш араларынан қылтиып сығалап түр екен. Бірақ онан бэрібір ешқандай жылу сезілмеді, мен жүгіріп орманның шетіне шықтым.
Анадайдан Луковец хуторының шатырлары көрінді. Мен бүл түні талай жер жүрген екенмін. Луковец хуторына бет алдым. Тым қүрыса бір тілім нан тауып алып, ал сонан соң Хоцкий орманына беттемекшімін. Онда партизандар бар екеніне менің ешқандай күмэнім болмады.
Мен хуторға еркін кірдім. Оның кең көшелерінде, жек- сұрын фашистердің мотоциклдері мен жүк машиналары ерсілі-қарсылы ағылып жүр. Мен бірінші үйге келіп кірдім. Үйде ешкім жоқ екен. Қаңырап бос тұр, тек еденде шоқпыт-шоқпыт бір нәрселер, қалай болса, солай шашылып жатыр.
Ау, үйде кім бар?- деп дауыстап сүрадым. - Сол сәт орыс пешінің қалқасындағы есік сықырлап ашылды да, басы бурыл тартқан, қаба сақалды шал шықты.
Балам, саған не керек?- деп сүрады күркілдеген даусымен элгі шал.
Ол мені орындыққа отырғызды да, еденнен ескі-құскы шүберектерді жинай бастады.
-Балам, бұл антұрған сұғанақтардың не істеп кеткенін көріп отырсың ғой,- деді карт қайғырып,- Тып-типыл ғып кетті, дым калдырмады.
Қарт осы бір сөздерді айтты да, мұңайып көп отырды, аздан кейін ызадан еңіреп жылады.
- Бэрібір иттерге ескі-кұскы шүберектерден баска ештеңе калмады. Хуторяндар бар астықты тығып қойды, ал малды баяғыда-ақ сонау өзіміздің жаққа айдап әкеткен,- деп шал шығыс жақты көрсетті. Сонсоң менімен катар сәкіге отырды да, ауыр күрсінді.
Шалға мен де өз жайымды айттым: ата-анамды фашистер өлтірді, апамды Германияға айдап әкетті, өзім болсам, бір селодан екінші селоға барып, каңғып жүрмін дедім.
Кетуге ыңғайланып жатып, шалдан бір тілім нан сұрадым, өйткені аштық ішімді жалап барады, сонан соң хуторяндардан партизанға кеткендер аз ба, көп пе деп сұрастырдым. Шал маған одырая қарады да, ештеңе демей, орнынан тұрды да, бүйірдегі бөлмеге қарай кетті. Одан үлкен бір тілім нан алып шығып, маған ұсынды. Мен жаны жақсы, мейірбанды қартқа рахмет айттым да үйден шығып кеттім.
Көшеде фашистердің бір үйден көрпе-жастық алып шығып, машинаға лақтырып жатқанын көрдім. Хутордағыларды тонап жатыр. Мен шалдың ауласына қайта оралып, оның бақшасының ішімен далаға шығып, Григорьевка селосына қарай жөнелдім. Сол жерде өткел бар еді, ал Днепрдің ар жағында Хоцкий орманы болатын.
Мен келесі күні кешке сілем катып Григорьевка селосына жеттім. Селода фашистер каптап жүр екен. Көшеде жергілікті тұрғын халықтардан тірі жан көрінбейді.
Мен тура өткелге карай тарттым. Фашист солдаттары көшеде карбалас боп жүр. Менімен шаруасы да болған жоқ.
Өткелге де келіп жеттім. Мұнда фрицтер өте-мөте көгі екен. У-шу, азан-казан, ештеңе естіліп болмайды. Осы сендей соғылыскан адамдардың ішімен ар жакка өтіп шыға қояйын деп едім, тосыннан фрицтің біреуі колымнан шап беріп ұстай алды да, артқа карай итеріп жіберді. Онын артынан екінші бір фриц желкемнен түйіп жіберді. Енді мен бұл жерден өтіп шыға алмайтынымды жақсы түсіндім.
Григорьевкаға кайта оралуды ұйғардым.
Илько, сен шаршадың білем, азын-аулақ дем ал,- деді Иван Гаман жас баланың ішкі жан күйзелуін бозарған жүзіне карап, жаны ашыған түрде.
Жоқ, жоқ,- деді Илько,- мен шаршағам жоқ, бэрін түгел айтпақшымын.
Григорьевка селосына бара жатқан жолда мен бүдан былай не істесем екен деп ұзақ ойландым. Өзеннің арғы жағалауына өтуді ойладым. Әкеммен бірге талай жүрген жерім ғой, есіме басқа бір өткелдер түсе қалғаны бар емес пе? Оның біреуі Переяславльге жакын, ал екіншісі Бучак селосына таяу еді. Мен Бучак селосына баруға ұйғардым, өйткені бұл тұстағы өткел Хоцкий орманына карай тура шығатын еді. Жүре-жүре мен Бучак селосына да жеттім.
Мүнда өткелді тек екі ғана патруль күзетеді екен, бірак соның өзінде күндіз өтіп кету сондай қиын. Тек түн караңғысын жамылып қана жасырын өтуге болатынын сездім.
Өткелді сырттан бақылап, түні бойы күзеттім. Қарауылдар жиі-жиі ауысып тұрды, байқаусыз өтіп кетуге болмады. Мен не істерімді білмедім, төңіректе көмектесер жан жоқ. Наным бітті, бірақ еңсем түскен жоқ. Үмітім көп, қалай болғанда да, партизандарға өтуге үйғардым. Бірак калай өту керек, міне, осыны ойлап табу кажет. Ақыры, мен өзімше, жол тапқандай болдым.
Кешке жақын селодағы үйлердің ара-арасымен келе жатып қурайдың арасында жатқан бір бүралқы аш итті көрдім, оның бауырында үш-төрт күшік қыбырлап жүр екен. Сол жерде, осы күшіктердің көмегімен Хоцкий орманына өтудің амалын ойлап таптым.
Мен иттің жанына тізерлеп отырып, енесінің бауырынан күшікті тартып алдым. Ол қыңсылай бастады. Мен екінші күшігін тартып алдым. Сонсоң оларды ептеп кағаз-кітап салатын сөмкеме салып алдым да, өткелге қарай жедел басып жөнелдім, күшіктер сәл қыңсылауда. Тоңған күшіктерді жылыту үшін, сөмкемді пенжагімнің етегімен жаптым да, өзім түн қараңғысын күтіп, жар жағалауындағы қурай ішіне келіп жаттым.
Қас карайысымен мен күзетшілерді бақылаумен болдым. Өткелде екі фриц ерсілі-карсылы күлісіп, масайрап жүр екен. Днепрден самал жел соғады, қурай басы ақырын ғана
ырғалады. Мен демімді ішімнен алып, күзетшінің ауысуын күтудемін, өйткені кезегі ауысқаннан кейін оларға көпке дейін жан келмейді. Міне, ақыры карауыл ауысты, жел де бұрынғысынан үдей бастады. Жел гуілімен мен жер бауырлап отырып, өткелге он кадамдай жақын келдім. Сонсоң көйлегімнің етегін жырттым да, онымен күшіктерді артқы аяқтарынан бір-біріне байладым, оларды сол жерге тастап, ал өзім жер бауырлап отырып, жардың қарсы қабағына жеттім де, үнсіз-түнсіз жата қалдым. Құлақ салып тындаудамын - күшіктерден үн жок.
Тыпыр етпей жатырмын. Уақыт өтіп барады, ал күшіктер дыбыс бермейді. Шынымен, элгі оңбаған күшіктер ұйықтап қалды ма екен деп, қапа болдым, бойымды ашу кернеді. Енді не істеу керек? Бір кезде болмашы үн құлаққа шалынды.
Құлағымды тосып тыңдап тұрмын, фрицтер де құлақ түре қойды. Бірер минуттен соң қыңсылау зарлы үнге айналды.
Фрицтер тұра қалып, тыңдай қалысты. Олардың біреуі екіншісіне сыбырлап бірдеңе деді де, аягын аңди басып, автоматын кезеніп, күшіктерге қарай жүрді. Ол баяу жүрді, ал күшіктер қыңсылауын барған сайын үдете түсті. Бірак мүның маған пайдасы болмады, өйткені фрицтің екіншісі орнынан қозғалмады. Менің ойлаганымнан еш нәрсе шықпайтын болды. Фрицтер күшіктердің қыңсылына көңіл аударып, соған жақын барады, мен осы кезде өткелден зып етіп, өте шығамын деп үміттенген едім.
Бірақ бұл ойымның быт-шыты шықты, таң қараңғысында капжырап, салым суға кетіп, мен кайтадан өзіміздің Малый Букринге қарай тарттым.
Ал сен күшіктерді бір-біріне несіне матадың?- деді отряд командирі каршадай баланың не ойлағанын білгісі келгендей.
Илько көзін қулана, қыса қарап:
Е, оны ма, күшіктер бір-біріне жабысып өрмелеп, аяқтарымен бір-бірін тырмалап, ызаланып қатты қыңсыласын деп матадым. Күшіктер кішкентай болса да, ызаланғыш келеді,- деп күле жауап берді.
Сен зерек, тапқыр бала екенсің,- деді отряд командирі. Ильконы жауырынан қагып.
Илько жан-жағында отырғандарға масаттана карады да:
Малый Букринге қайтар жолда мен эр хуторға, эрбір
—ЕЕЕЕіИ 114 —
селоға соқтым да, фашист эскерлерінің бет алысы калай, қанша күші бар екенін сұрастырып біле жүрдім. Ал жергілікті карттардан Днепрден өтетін көпір бар ма, ол қай жерде, қандай екенін сүрастырдым.
Күтпеген жерден Илько тұнжырап:
- Сіздер күліп, мені ажуа етесіздер, осы бала не түсінеді деп ойлайтын шығарсыздар! Бұған фашистердің қайда кетіп бара жатқанын, қанша күші бар екенін білудің не қажеті бар дейсіздер ғой,- деді. Ол бұл сөзді қабағын түйіп, ренжіп айтты- Ал мұны менің біле жүргенім партизандармен кездескенде өзім көрген-білген нэрселерді көбірек айтуым керек шығар деген едім. Өйткені мен бэрібір олармен кездесетінімді білдім, менің фашистер жөнінде білгендерімнің бэрі партизандарға керек болар деп ойладым. Мұным дұрыс емес пе?
Мұны ешкім де сөзбен мақұлдаған жоқ, партизан Холопов, Ильконы құшақтап, бетінен сүйіп-сүйіп алды. Нақ осы кезде осында отырғандардың қай-қайсысы болса да, оны өз баласындай, элде өзінің туысқан інісіндей құшақтап сүюге, бауырына басуға әзір еді.
Илько осы ауыр күндердегі өз басынан кешірген уақиға- ларды бір-бірлеп есіне түсіргендей, біраз кідірді. Партизандар оның ойын бөлмеді, тек қайғылы көзіне қарап, бұл панасыз баланың ертең-ақ өздерінің катарына қосылатынын жақсы білді.
Ильконың жүзінде жадыраған күлкі кенеттен ойнақтап шыға келді де, оның әдемі көкшіл көздеріндегі реніш лезде ғайып болды.
,, - Ал ақпан айының аязды бір күнінде Михайломен танысып, айрылмас дос болдым, бұл ата-анам өлгеннен кейінгі жердегі өмірімнің ең бір жарқын күні болып қалды. Онымен танысуым былай болды.
...Мен көшеге шығып, төңіректі бақылап тұр едім, комендатура алдында полицай тұр екен. Ол көп кешікпей ғайып боп кетті. Мен арт жағынан «тіфэ, тіфэ» дедім де, енді үйге енейін деп, бұрыла беріп едім, көшенің қарсы бетінде тұрған бір әйел мен баланы көзім шалып қалды. Олар да мені көре салып, тұп-тура маған карай жүрді.
Анадайдан-ақ олардың біздің Малый Букриндік емес,
бөтен, бейтаныс адамдар екенін аңғардым. Біздің көшеден бөтен адамдардың жүрмегеніне талай күндер болған еді.
Кім де болса, оларды күтіп, аялдауға тура келді. Олар жақындап келген кезде, әйелдің қарт кемпір, ал қасындағы- сының ересек бала екенін көрдім. Олардың үстіндегі жаз киімдері екен, суықтан қалш-қалш етіп дірдек кағады.
Балам, есенсің бе?- деді кемпір.
Иә, есенбіз, әже,- дедім оған, ал өзім көз алмастан балаға қарап тұрмын.
Ол менен гөрі сәл ересектеу екен, бірак өңі тым жүдеулеу, ой азабын, түрмыс зардабын, киындықты менен аз көрмеген сияқты.
Балам, мүнда кімде кол диірмен бар екен, білмедің бе?- деді кемпір менен.
Білемін, әже,- дедім мен,- жүріңіз, мен апарайын сізді онда!
Үшеуміз Екатерина Гордиенконың үйіне қарай жүрдік, оның қол диірмені бар болатын.
Кемпір балаға сүйеніп, ақырын ілбіп отырды, ал бала оны сондай қамкорлықпен сүйемелдеп келеді.
Үш айдын жүзі боп барады, балам, жегеніміз кейде қуырған, кейде бөктірген бидай. Шалым осыдан ауруға шалдыкты, тістен дым жок, мен аяғымды эзер алып жүрмін, мына біздің Михайло да нанды сағынды. Мынау неміс қүзғындар елдің түгін калдырмай тонады, жасырып қалған бірдеңелер болмаса, жылан жайлағандай етіп кетті. Біздің Большой Букринде тіпті бір уыс бидай тартып алар жер жок. Біз Михайло екеуіміз аяғымызды сүйреп сендерге келдік.
Қарт ананың осы бір айтқан сөздері маған айтқан шағымы болмаса да, менің өзіме мұңын айтқан, менен көмек күткен адам сияқты болып көрінді.
Михайло екеуіміз олардың әкелген біраз бидайын э дегенше-ақ кол диірменмен тартып бітірдік. Ол екеуміз көп жайларды әңгімеледік, бірден-ак бүрыннан бірге өсіп, бірге жүрген адамдай дос болып кеттік.
Михайло маған өз жайын түгел айтты. Ол Переяславль балалар үйінде тәрбиеленіпті. Төрт жасында жетім қалыпты. Соғыс басталысымен балалар үйі алыс тылға көшіріліпті. Балалар тәрбиешілерімен бірге Переяславль пристанына келеді. Кемеге отыра бергенде, фашист самолеттері
ок атып, көп адамды өлтіреді, жаралайды. Кеменің парша- паршасын шығарады. Днепр суында қырық бес адам қаза табады. Тек Михайло мен бір тәрбиеші ғана тірі қалыпты.
Михайлоның Большой Букринде шешесінің туыстары, қарт эжесі мен атасы бар екені есіне түседі.
Михайло тэрбиеші әйелді ертіп соларға барады.
Оның атасы мен әжесі тірі екен. Олар Михайло мен оның тәрбиешісін куана, құшак жайып карсы алады, бірак бірнеше күннен кейін немістер келіп, көптеген жас кыздармен коса оның тәрбиешісін Германияға айдап экетіпті.
Сол алғашқы танысқан күннен-ак екеуіміз ағалы-інілі адамдай боп кеттік, сонан бері біз жүбымызды жазбадық. Біздер бір-бірімізге сенетін, жақсы көретін достармыз.
Менің бұдан басқа да досым бар, бірақ ол ересек, үлкен адам. Онымен мені Михайло таныстырды. Бұл - Михайло Тимофеевич Витряк дейтін мұғалім. Ол осы Большой Букринде туса керек, екеуміз фамилияласпыз. Михайло Тимофеевич Киевтің маңында бір жерде істепті. Өзі партия мүшесі, коммунист. Ел түкпіріне қарай кетуге дер кезінде үлгере алмапты да, өзінің туған селосына келіпті, мұнда енді фашист сұмырайларынан жасырынып жүр,- деп, Илько қысқаша ғана мұғалімнің өмірбаянын айтып берді.
Міне, сол кісі бізге фашистермен күресте алғаш рет қолғабыс ете бастады жэне қалай жұмыс істеу керек екеніне жөн-жоба берді. Әзірше, бізге кеңес айтып, ақыл беруші осы кісі ғана.
Біз неміс машиналарының резинка шині мен камераларын тесіп, кескіледік. Михайло Т имофеевич бұл үшін бізге кішкентай өткір пышақ, ұзын біз соғып берді. Өзіміздің самолеттерден тасталған листовкаларды село-селоға тараттық. Қару-жарак жинадық, таяу селолар мен хуторларға барып, онда канша неміс гарнизоны бар, кай жерде жасырын өткел бар екенін біліп келіп жүрдік.
Осының бэрін Михайло екеуміз Михайло Тимофеевичтің басшылығымен, соның тапсыруы бойынша істедік. Біздің бұл қимыл-эрекеттеріміз немістер мен полицайларды қатты абыржытып, үрейлендірді.
Михайло Тимофеевич бізге партизандардың Панитов және Хоцкий ормандарында зор жұмыс істеп жүргендерін жэне кайткенде де тезірек солармен байланысу керек екенін айтты. Бірақ партизандарға көптеген бағалы мәліметтермен бару
керек, ал сондықтан қазір деревняда жақсы жұмыс істеу қажет болады.
Алайда Михайло екеумізге күндіз жүріп-тұру кауіпті болды. Михайло Тимофеевич бізді қолға түсіп, құрып кетеді деп сескенді, сондықтан күндіз кимыл жасауға тыйым салды. Тек түнде ғана әрекет жасаңдар деп ақыл берді. Міне, сонымен маған Малый Букринде, ал Михайлоға өз селосы Большой Букринде бакташы болып істеуге тура келді. Күндіз сиыр бағамыз, түнде қолдан келген эрекеттерді жасаймыз. Бэрінен бұрын жаумен күресте тэжірибелі болып калдық.
Біз екі селоның шекарасындағы жазықта мал бактық, осы күндізгі кездесуде біз түнгі кимылдың жоспарын жасайтынбыз.
Бүгін маған бұдан екі күн бұрын қолға түсірілген каруды бір жерге жасыру тапсырылған еді. Сондықтан мен сиырларды осында, Мартыновкаға айдап келдім.
Қандай сәті түскен іс болды! Жүрегін қуаныш, бақыт сезімі билеген Илько орнынан атып тұрды. Ол партизан- дармен кездестім, ойламаған жерден көптен күткен арманыма жеттім. Ал Михайло мен Михайло Тимофеевич мұндай тосын кездесуге бірден илана коймас деп ойлады ол.
Расымен, расымен-ак мен мүны өңімде көріп түрмын ба, өзім де бұған нанбаймын! Қандай ғажап!- деп ол кайта-кайта айта берді.
Бірақ отряд командирімен сөйлескенде, оның даусынан элдеқандай бір үрей сезілгендей болды.
Сіз бізді отрядыңызға аласыз ба? Мені, Михайло жэне Михайло Тимофеевичті - бәрімізді түгел отрядқа аласыз ба?- деді Илько, отряд командирінің қолын кысып тұрып. - Мен сіздерге бар шындықты айттым. Біз Михайло екеуміз жақсы барлаушы боламыз, ал Михайло Тимофеевич те сондай көп көмек береді. Бізді аласыз ба?
Мұның қалай? Ең алдымен отрядка өзіңді ғана алуды өтініп едің, сонсоң Михайлоны алуды өтіндің, енді қайдағы бір Михайло Тимофеевичті алуды өтінесің. Біз сенің айтқандарыңның шындығын өзіміз тексеріп көрейік. Сол сен жүрген жерлерде біздің сенімді адамдарымыз да болуы ғажап емес кой, ойланайық, солармен кеңесейік, сендерді де сынап көрейік,- деді отряд командирі сабырлы пішінмен, салмақпен Илькоға шұкшия карап.
Бала оның көақарасынан тайсалмады. Оның кіршіксіз, адал көздерінен «неге сенбейсіндер, осындай көп шындыкты айткан адамға сенбеуге бола ма» дегендей ойды аңғару киын емес-ті.
Ол элден уакытта барып:
Демек, сіз маған иланбайсыз ғой? Менің айтканымның бэрі, сірә, сізге күдікті ғой,- деді, ауыр күрсініп, сонан соң, басын төмен салбыратты да, аса қатты ренжіген түрде:
Ал жақсы, командир жолдас,- оның даусы қайта саңғырап шықты.-Сізді сендіру үшін мен сайдан карулар мен патрондарды осында әкелейін. Маған барып келуге рүксат етіңіз?
Илько, біздің партизандардың салты мынадай, жергілікті халықтан бізге тосын үшыраған адамдарды тек түн ішінде ғана жібереміз,- деп жауап берді отряд командирі.
Олай болса, менімен жолдастарыңыздың бірі еріп жүрсін. Бұл жерден қашық емес.
-Жоқ, достым,-деді жымиып отряд командирі,- партизанды сенімен жібермейміз. Біз сенен де гөрі сақпыз,- деді де, ол отряд комиссары Николай Михайлович Поповқа карады, оның пікірімен ол эр уақытта есептесетін еді, оның көздерінен Ильконы қару-жарақты әкелуге жіберуге қарсы емес екенін аңғарып қалды.
Ал, былай болсын, Илько,- деді командир,- сенің сөзіңе толык сенгенімізді анық білдіру үшін біз өзіміздің берік партизандық қағидамызды бүзып отырмыз, саған қару алып келуге рұксат етіп отырмыз. Бұл сенің сөзіңнің шындығының нақты айғағы болуға тиіс.
Ал бірақ сен апаңның «ең алдымен сақтык керек» деген сөзін, сірэ де, есіңнен шығармағайсың. Осы сөзді саған біз де айтқан болар едік.
Баланың жүзі жадырап кетті, колын әскерше бас киіміне апарып, ол дереу өздерінің жасырған жерінен қару-жарақ экелуге жөнелді.
Илько ағаштың калқасынан өтіп кетісімен-ак, партизан Иван Гаман оны бақылау үшін, соның ізімен жүріп отырды. Жарты сағат шамасында Иван Гаман қайтып оралып, Илько карусыз өзі ғана келе жатыр деп хабарлады. Ол салы суға кеткендей басын төмен салбыратып келеді.
Партизандар қаруды біреу-міреу тауып алып, әкетіп қалған екен деп жорамалдады.
Егер Илько алдағандай болса, онда кайтып оралмаған болар
— 119
еді деп ойлады партизандар. Олар ақтық байламға келгенше. анадайдан бұларға күлімсіреп келе жаткан Ильконың жүрісін көздері шалып қалды.
Партизандар бұған таң-тамаша қалды. Бірақ Илько сол сәтте мұндай айланы қолдануының мәнісін түсіндіре бастады.
Командир жолдас, ең алдымен сақтық керек деп өзіңіз айттыңыз ғой. Сондықтан винтовкаларды осылай алып келуге тура келді,- деді ол жымиып- Мен сайға байкаусыз түстім, бірақ сайдың қарсы қабағындағы дөңесте әйелдер жүмыс істеп жүр екен. Қайтарда не асынып, не қолға ұстап келе жатқан винтовканы олар көріп қоймас па екен деп сескендім. Сактық үшін көйлегімді қақ бөліп. винтовкаларды аяғыма байлап алдым. Пенжагімді шалбарым ішіне салдым, патрондарға да орын эзір болды. Шөп қалың, биік еді, винтовкалар елеусіз сүйретіліп отырды. Патрон әкеле жатқанымды аңғартып алмау үшін бос қолымды сермеп, қүр қол екенімді көрсету болды. Кім біледі, ол әйелдердің ішінде де жаудың тыңшысы болуы мүмкін ғой.
Осында отырған партизандардың бэрі де баланың тапқырлығына қайран қалып, оны бетінен шөпілдетіп сүйіп- сүйіп алды.
Жігітсің, Илько!- бұл тосын мақтаудан баланың жүзі күреңденіп кетті.- Біз сені де, Михайло мен Михайло Тимофеевичті де отрядқа қабылдаймыз,- деді отряд командирі,- Жүма күні кешке, яғни үш күннен соң, қас қарая, сендер Луковец хуторынан жоғарырақ Панитов орманына келіндер. Үлкен емен ағаштың маңында, орманның шетінде, біздің адамдар сендерді қарсы алады.
Біз тірі болсақ, қайткенде де жетеміз. Рақмет,- деп Илько партизандарға алғыс айта қарады.
Ал енді сен қазір қайт, сақ бол!- деді отряд командирі,- селоға сиырларды айдап баратын уақыт боп қалды. Қас қарайып бара жатыр...
* * *
Сонымен, партизандар жас патриотпен келесі кездесуге дейін қоштасты.
Партизандармен коштаскан сол бір есте қаларлық кеште Илькоға дүниеде онан бақытты жан жоқ секілді көрінген еді.
Мен енді партизанмын! Әкем мен анам үшін зұлым-
дардан кек аламын, бұл жырткыштарға ешқандай ракым болуға тиіс емес,- деп, Илько өзімен өзі сөйлесіп ыңырана басып келе жатқан сиырларды әйт-шулеп айдай отырып, осындай бір тэтті ойдың кұшағына бөленген.
Илько Болыпой Букринге жеткенше тағатсызданды, ол өзінің бүгінгі қуанышын Михайло мен Михайло Тимофеевичке тезірек жеткізуге асықты.
Ал нақ осындай асығыста сиырлар әдейі касарысқандай аяқтарын керенау басып, баяу жүрді. Илько оларды бишікпен шыкпыртып асықтырып келеді, бірак сиырлар сол баяу жүріспен ыңырана басып, қырсаулануын қоймады.
Ой, сезімсіз макүлыктар, бассаңдаршы, шапшаң,- деп ашуланды Илько.- Сендермен ыңыранып жүрерлік менің уақытым жоқ. Арттарыңа жалтақтамай басыңдар ілгері, бүл кырсаулықпен таң атқанша да селоға жете алмаспыз.
Ол сиырларды асыға айдап келе жатыр. Ол осы келе жатқанында ертең-ақ осындай іш пыстырарлық сиыр аяңнан құтыларына, бұдан гөрі қызулы да, қауіпті де өмірге араласарына куанды.
Сарғая өткен қайгы-қасіреті мол ауыр күндерден кейін ол өзін түңғыш рет бақытты сезініп келеді.
Оның ежелгі арманы орындалды. Жаудан қолға қару ұстап кек алу керек, жау өз қанына өзі түншығатын болсын.
Самғаған кұстай ой артынан ой келді, өткен өмірдің суреттері елестеді, қайғы-қасіретсіз, бақытты өмірі, тэтті күндері көз алдына келді; мектепте оқыған, пионер отрядында, колхозда, клубта істеген кездері бірінен соң бірі тізбектеліп ой елегінен өтіп жатты. Сонан соң ауыр, қапас күндер: фашисттердің айуандық шабуылы, неміс малайы опасыз Роман Гердюк, әкесі мен анасының өлімі бірінен соң бірі алмасып, жас жүрегінің бітпес жарасының аузын тағы да бір рет қатты тырнағандай жүрегін тызылдатып өтіп еді.
Осылайша ой қүшағына шомып, өткенді, алдағы болашакты көзге елестетіп Илько Стратон қарттың үйіне қалай келіп қалғанын да аңғармай қалды. Оның куаныштан жүрегі лүпілдеп, ас ішкісі келмеді. Шығып бара жатып:
Достарыңызбен бөлісу: |