БАҚЫТ ТІЛЕП ЕДІ...
Естен кетпес есімдер
Бір күні Жұмағалиды іздеп, Жазушылар одағына бардым. Ол кезде Жазушылар одағы Пролетар көшесіндегі үйде болатын. Барсам: Жұмағали ұзын бойлы бір адаммен сөйлесіп тұр екен. Жұмакең мені көріп:
Е, Қасым, амансың ба? Келін аман ба, - деп амандасты. Ұзын бойлы адам бүкіл аумақты денесімен бұрылып маған карап тұр.
Шахмет, танысып қой, бұл партизан.
Е, анада айтып едің ғой, - деп, кол алысып менімен амандасты. Маған ерекше көңіл аудара қарағанына ыңғай- сызданып, сәл шегініп төмен қарадым. Екеуі менің бұл жағдайымды сезіп, өзара бұрынғы әңгімелеріне көшті. Біраздан соң эңгіме барысын Көкшетау жағына ойыстырды. Олардың лебіздерінен “екеуі осы Көкшетаудан шыққан адамдар болуы керек" деп ойлап тұрмын. Шахаң эңгіме барысында маған жиі қарап, өзіне тарта жылы ұшырай тіл қатып тұрды. Ол Жұмағалиға қараған кезде, оған мен ұрлана қараймын.
Оның алып денесі, кере карыс мандайы, үлкен бойына жарасқан бұйра шашы, ер адамға бітетін ауыр қабағы, ойлы сөзі, көлемді көзі маған ұнайды. Әттең жасы үлкен, өзім қатарлы болса, танысар едім” деп те ойлаймын. Сол күні Шахаңмен жай жүз көрісіп, таныс болдым.
Енді бір кездескенімде Жұмакең:
Қасым, анадағы танысқан Шахмет ағаңның бүгін үйіне барайық, тойына шақырды, - деді Жұмағали.
Иә, не той?
Дүниеге бір солдат келіпті, жеңгең босанып, ұл тауыпты, - деді.
Өзіңіз барыңыз. Маған ұят болар, - дедім.
Сонымен кешке Жұмакеңе ердім. Ол кезде такси, троллейбус дегендер жоқ. Трамвай болса, қала ішін эр жерден ғана сирек жалғастыратын шабан көлік еді. Екеуміз жаяулап казіргі Виноградов көшесі мен Мир көшесі бұрышындағы үйге келдік. Бұл ол кездегі ең биік, ең сәулетті деген үйлердің бірі болатын. Сол үйдің аула жағынан, бұрыштағы кіретін есіктен жоғары көтерілдік. Қай қабатта екені қазір есімде жоқ, бэлкім үйдің ең үстіңгі қабатына шықтық қой деймін. Өйткені онан жоғары өрмелеп шығатын қабат болмады. Үйге кірсек, біраз адам бар екен. Ағамызға, жеңгемізге “құтты болсын, бауы берік болсын” айттық. Той үстінде балаға ат Кою басталды. Әркім өз ұсыныстарын айтып жатты. Кім екені есімде жоқ, қонақтардың көбін ол кезде танымаймын, біреу: "баланың аты Көбей болсын” деді. Бұл ұсынысты - “Шахмет пен Бикеннің балалары көп болсын” деген ниетті Жұмағали Да қолдады. Сонымен нәресте аты Көбей болды. Бұл Шахаң
мен жеңгеміз екеуінің көптен күткен бірінші перзенті болу керек, қуаныштарында шек болмады. Біз де куанып кайттық. Осыдан бастап Шахаңа үйір бола бастадым. Ол кісі де кейде “партизан”, кейде “Қасым” деп, асау атты біртіндеп үйрет- кендей, ағалык алаканымен сипап, бауырына тарта бастады. Әр кездескен сайын маған ерекше көңіл бөліп, шүйіркелесе сөйлесіп жүрді. Алғашкы көргенімде алып денелі бұл ағаның келісті келбетіне батып жақындай алам деп ойлаған да жоқ едім. Сөйтсем аңқылдаған ак көңіл, батыр мінезді адам екен. Енді Жұмакең наукастанып, ауруханаға түсіп калған кездерде Шаханды іздейтін болдым. Үйіне баруға ұялып, көшеде, көбінесе театр маңынан тауып аламын. Кездескен сайын:
Қасым, Жұмағалидың денсаулығы калай? - деп сұрайды.
Жұмакең ауырады ғой, - деймін жүдеп. Оған калың кабағын шытып, ол да уайымдап қалады. Сөйтіп Жұмакеңнің атын айта барып, ұзақ сонар әңгімеге көшеміз. Ол кісі менен әр кездескен сайын әңгіме айтуымды өтінеді. Мен оған эдеттеніп кеткенмін, бастан кешкен оқиғаны шетінен ұстап алып айта беремін, айта беремін. Шахаң эңгіме тындауға күмар адам ба, элде партизан өмірінен пьеса жазбақ ойы бар ма, ол жағын айта алмаймын, әйтеуір маған бүкіл алып денесімен төне отырып, ұйып тыңдайды. Әңгіме үстіне сұрақ та қойып отырады. Сұрағы айтып отырған оқиғаның ұзын-ырға желісін түзет- кендей, мені даңғыл жолға түсіріп жібергендей болады. Әңгіменің өлім мен өмір айқасқан киын-кыстау жерінде кірпігін жиі қағып, қиналып тыңцайды. Әсіресе партизан- дардың қапыда қалып, каза тапқан жерін естігенде қатты өкініп, басын шайқап, аянышты күйге түседі. Оған қарап отырып өзім ағаны аяп кетемін де, төмен карап үнсіз каламын.
Апырай, Қасым-ай, тындауға өте ауыр екен! Не деген қайғылы жағдай десеңші! Трагедия, трагедия!.. - деп, соңында орыстың осы бір сөзін аузына алады. Қанша уакыт бірге жүріп, ол аяулы жанның аузынан қаншама сөз естіп жүріп, осы “трагедиядан” басқа орыс сөзін естіген емеспін. Таза ана тілінде сөйлеп, тіл шұбарламайтын. Әр сөзін терең ойлап сөйлейтін. Сөзі бүкіл жан дүниесінің елегінен өтіп, естіліп тұрғандай сезінесің. Оның сөзін ұшкалақ жеңіл сезіммен тындау мүмкін емес еді. Оның сөзі қорғасын құйғандай, ой- болмысыңды тежеп, ауырлатып жіберетін. Тыңдаған адамды бір сәт ұйытып тастайтын. Әңгімеден жауды ойсырата жеңген
партизандардың ерлігін естігенде, көңілденіп, костюмінщ жағасын кейін қайыра желпініп, сол ерлікті өзі жасағандай күйге түсетін.
Тағы бір эңгіме үстінде:
Сен жас та болсаң, ғажайып оқиғаларды басыңнан кешкен екенсің. Не керек, бізге жазуға қиынға соғады ғой, - деді. Ол кезде әдеби еңбектен хабарсыз мен: “Оның несі қиын!” деп тұрмын. Ол қабағын түйіп, ой үстінде отыр. Бір уақытта басын кенет көтеріп:
Қасым, басыңнан кешкен осы оқиғаларды естелік ретінде өзіңжазсаңшы,-деді. Мен“жазаалмаймын”дегендей, басымды шайқап, күлімсіреген болдым. Ол мені түсінді ғой деймін.
Сен қорықпа. Несі бар, осы бізге әңгімені қалай айтып жүрсің, солай жаз. Керек болса, Жұмағали, Тайыр бар, мен бар, көмектесерміз. Әңгімені жақсы айтасың, тек сөздеріңе орыс, украин тілдері араласып кетеді екен. Ал ол сөздердің қазақша баламасы бар ғой, - деп тағы үнсіз отырды да:
Әсіресе дәрігер патриоттың түрмеде фашистер қолында ауыр азап шегіп, өзін-өзі өлтіруі, анау радист қыздың сәтсіздікке ұшырап, зэулім биік ағашқа парашютымен асылып қалған қайғылы қазасы, тіпті өзіңнің комендатураға барып, фашистерден азап шегуің, анау комендатқа тапа-тал түсте барып, өзің айтқандай, ол қандыбалақ жендетті “орнынан алуың” жаны бар адам істейді деудің өзі қиын! - деп сөзін жалғап, басын шайқады.
Ол кезде Алматыда үй-жай мәселесі қиын болатын. Үй салу деген жоқ. Азық-түлік те тапшы. Біз Асыл екеуміз бір жасқа тола қоймаған Лэззат деген қызымызбен бір шағын бөлмеде тұрамыз. Ол Калинин көшесі мен қазіргі Панфилов көшесі бұрышындағы қонақүйінің бір шеткі бөлмесі. Ойда жоқта бөлмеге Шахаң кіріп келді. Мен әрине қуанып қалдым. Асыл болса ол кісіден ұялып, кысылып қалды.
Қасым, келін, үйлерің кішкентай болғанмен жақсы екен! Көңілді екен, — деп амандық орнына ашық-жаркын көңілін ақтара кірді. Асыл “не істейміз енді” дегендей, маған карады. Бұл кісіні күте қоятын үйде еш нәрсе жоқ еді. “Оны өзің біл” дегендей Асылға белгі беріп, Шахаңды әңгімемен айналдырдым. Көп кешікпей, Асыл көршілерден алған болуы керек, бір килодай ұн, май алып келіп, ол кезде газ деген атымен жоқ, электр плитаға бауырсак пісіріп, көрші плиткасына шай қойып.
дастарқан жасап үлгірді. Шағын үстелге жарты шиша ағы бар тағамды Шахаң екеуміз ортаға алып, мәре-сәре болып отырмыз. Асыл отыратын орындығы болмай ескі шамаданын кабырғаға сүйеп, шай кұйып беріп отыр. Тапшы уақытта тамактың бэрі дэмді бола ма. Асыл пісірген, көптен жемеген сары бауырсакка аранымыз ашылып, соғып отырмыз. Шахаң көңілді, әсіресе келініне ризашылық білдіріп:
Осы келінім ақылды, элі көрерсің, бұл келін бай болады. Әлі үлкен үйлерің де болады, - деп есіп отыр.
Осы күнге дейін Асыл: “маған бакыт, байлык тілеп еді Шахмет аға” деп, елжірей есіне алып отырады.
Кейін кызмет бабымен облыстарға кеттім де, Шахаңнан біраз жылдар алыстап калдым. Аудандарда болғанда Жұмағали, Тайыр, Шахмет ағаларды сағынып жүрдім. Төрт-бес жылдан кейін Алматыға кайта оралудың сәті түсті. Тағы басымыз косылды. Көп уақыттан кейін менің де естеліктерім шыға бастады. Шахаң менің жазғандарымды оқыған болуы керек.
Қасым, саған баяғыда айтып едім ғой, сен дұрыс жасап- сың. Басыңнан кешкен оқиғаларды бізге айткандай каз- калпында жазып жүр екенсің, жаза бер. Естелік, әсіресе соғыс туралы естелік жазуға өз тілің де жетеді. Бірак... - деп тағы ойланып қалды. “Бірактың” артында не бар екен деп, үндемей күтіп тұрдым.
Мен бір көлемді жұмысқа кірісіп кеттім, әйтпесе, - деп тағы кідірді де, - сенің оқиғаңнан пьесалар жазса, тіпті оқиғасы қою кино да шығаруға болар еді. Тек мемуар, естелік күйінде қалуы өкінішті. Ал анау жау тылында калған қазақ баласының өмірі кызықты. Оны біздің Бикен тамаша дүние қылып шығарар еді, - деп маған қарады. Оның не айтып тұрғанын түсінбеген соң үнсіз кала бердім. Бұл Шахаңмен соңғы кездескенім болды.
ШЫНДЫҚ НЕ ДЕП ШЫРЫЛДАЙДЫ
Байларды кәмпескелеу, колхоздастыру кезінде ес кіріп қалған бала едік. Шығыс Қазақстан облысы ¥лан ауданы бойынша кәмпескеге жататын бай дегендердің өзі санаулы болатын. Әсіресе ол ауданның орманды-таулы жағы Асубұлак бойында халықтың көбі бұрынырақта аң аулап, кейін ағаш төңіректеп, ағаш дайындап, тақтай тіліп, қарағайдан көмір жағып, карамай ағызып, оны жетпіс-сексен шакырым жердегі
Өскемен қаласына апарып, өздерінің керек-жарақтарына айырбастап күнелтетін ел еді. Кейбіреулердің мінерге аты, сауарға сиыры да болмайтын. Асубүлак, Үңгірлі бойын мекендейтін бес-алты ауылдың ішінде Күзембай деген кісі мал басы болғанмен, халыкка қиянаты жоқ, қайта ауылдастарына болысатын. Кәмпеске осы кісіден басталды да, соңынан сол елде кәмпескелейтін, абақтыға жабатын “байлар” көбейіп кетті. Осы зобалаң кезінде: “қаратаяқтар”, “атқамінерлер”, “шолақ белсенділер” қаптады. Олар “байлардың” мал-мүлкін алғанды былай қойып, өздерін қамап, сабап, мұзға отырғызып, бала- шағаларына бүйідей тиіп, зар жылатты. Бүкіл ел үрейлі өмір кешті. Байлардың сыбайласы, табақтасы болдың деп те қамап, сабап жатты. “Шолақ белсенділер” осылай шаш ал десе, бас алды. Көп адамдар жер аударылды. “Итжеккенге” айдалды, абақтыға түсті. Көп адамдар бас сауғалап басқа республи- каларға, тіпті шетелдерге қашуға мэжбүр болды. “Сол кезде жүрт аузына ”заң қатты, жан тәтті” деген үрейлі сөз түсті. Ал “шолақ белсенділер” болса: “Ойдөйдет, төбесіне шай қайнат” деп есірді. Осы заңсыз зобалаңның екпінімен колхоздастыру да басталып кетті. Бар мал ортаға өтті. Жан сауғалаған үрейлі жұрт барын беріп, құралақан қалды. Азды-көпті малдан, үй маңайына егіп алатын бірер қап дәнінен айрылды. Күн көріс малдан, ұсақ жаннан айрылған ел ашықты. Еті тірі көлік тапқандар “ішкі жаққа” (Жоғары Ертіс, Бұқтырма өзендерінің бойы, орыстар мекендеген жер) барып, картоп алып келіп, жүрек жалғады. Оған қолы жетпегендер тері, сүйек қайнатып, балық көзі шыққан суынан нэр алды. Кейбір жаяу жүруге жарайтындары тауға шығып, сарымсақ (пияз), жуа теріп, оны да кайнатып, талған өзекке талғажау жасады. Бір күні Ахметқали деген ағамыз біздің үйге келді. Ол өте қалжыңбас, ақкөңіл, аңқылдаған жан еді. Оны көріп, шешей шошып кетіп:
Қарғам-ау, саған не болған, - деді.
Е, Бижіке, аштықтан адам семіріп кетеді екен! - деді. Жаны жайсаң адам қайғылы жайын айтып тұрса да күлімсіреген болуы керек, бірақ күп болып ісіп кеткен жүзінен оны аңғара алмадық. Ол шешей қолынан дэм татып жүрек жалғап, таяққа сүйеніп, үйден шығып кетті. Шешем: “қайран қайным” деп, өксіп-өксіп жылап жата кетті.
Біздің елде: Асубұлақ, Тайынты, Үңгірлі, Тарғын атты суы мол, балыққа да бай өзендер, шағын көлдер де бар болатын.
Тіпті алпыс шакырымдай жерде Ертіс деген алып өзен де балығы таусылмас су еді. Бірак не керек, бұл жердің казагы ата-бабасынан кәсіп кылмаган соң, кұдайдың мол балығын да корек кылуға талпынбапты. Аштыктан бұралып, ісіп-кеуіп өле берді, өле берді.
Кейін жолым түсіп Арал ауданына бардым. Сол ашаршылык жылдар сөз болғанда, онда ата-бабалары балықты кәсіп еткен елде аштықтан адам өлімі болмапты. Қайта: “Біз көсемнің үндеуі бойынша, осы балыкпен ашыккан Россия тұрғында- рына көмек колын создық” дейді. Сол кезде жергілікті халықтардың мэн-жайын білмеген басшыларга жаның жаралана отырып ренжисің.
¥лы шешем Бибіштің Оспан, Қилымбек деген бауырла- рынан хабар болмай кетті. Осы елу шақырым жерге жаяулап барсам, төрт-бес үйден үш жасар бала ғана қалыпты, баскасы эр үйді сағалап өліп калыпты. Баланы бір ағайындары паналатып отыр екен:
- Шырағым, бір күні сүйретіліп есік алдына шықсам, Оспан нағашыңның жер ошағының басында бір бала отырған сияқты. Аштықтан көзім бұлдырлап көрмейді. Жанына барсам, шешесі анда-санда қатырма катырған жер ошақ кой, соған мына бала аяғын салып, сол нанды жоктап жылап отыр. Басқалары үйдін эр жағында жан тапсырыпты. Шешесі байғүс жалғыз қызына өзі көзін жүмғанша қолға түскенін талғау қылған ғой! - деп, қарт әйел кемсендеп жылайды. Балаға да, ол шешейге де жаным ашыды. Жолға апам берген жарты қатырмамды екеуіне бердім. Екеуі отыра кетіп, қатырманы үзіп жей бастады. Сол баланың қатырмаға кішкентай қолын созғаны көз алдымнан әлі күнге кетпей қойды.
Ауылда Темірбаев Қалиқа деген кісі бар еді. Өзі менің кіндік экем болатын. Аласа бойлы, сары, сол кезде қырықгарға келген, көзі нашар көруші еді. Ақын. Төкпе ақын болатын. Кіндік шешеміз бала көтермей, ақыры зарығып жүріп бір нэресте көрген. Өздері сіңірі шыққан кедей еді. Міне осы отбасының ашаршылық кезіндегі жағдайларын көзіңе жас алмай айта алмайсың. Ең алдымен барын екі жасар, өлгенде көрген баласының аузына тосып жүріп өзі өлді. Әке мен бала аштыктың ауыр құрсауында қалды. Әбден өлу халіне келген соң, Қалиқа ақын баласының атынан колхоздың бастығына өлеңмен өтініш жазады. Колхоз бір сиыр уақытша берсе, соның сүтімен баласы екеуі жүрек жалғамақ. Колхозымыз жер атына
- ~~ 230 И^ЕЕЕЕ1—
орай койылған “Сасыккарагай” деп аталатын. Онан бері алпыс жылдай уақыт өтті. Есімде қалған өлең жолдары мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: |