О дарига, алтын бесік туган жер,
Қадырыңды білмеіі келсем кеше гөр! -
деп барып:
Сенде туып, сенде өсіп, сенде өлсем,
Арманым жоқ бүл дүниеде дер едім! -
деген жеріне келгенде, ары қарай шыдап отыру қиынға соқты. Егіліп кеттім. Көз жасымды жасыруға төмен қарадым. Көзімнің астымен екі ақынға қарасам, олар да оңып отырған жоқ
екен, көздеріне жас толып кетіпті. Бір-бірімізге қарап, көңіл күйімізді үнсіз отырып түсіністік. Бұл “Туған жер” деген өлеңі патриотизмнің ұлы гимніндей әсер етті маған.
Отанын сүйсе, оны Қасым ағадай сүйсін! Не деген патриот! Бір басына азаматтық, патриоттык, ақындык, композиторлық, домбырашылык өнердің сыйып тұрғанына таң каласың!
Осылай бүгінде алып ақындар санатына қосылған дарынды Ғафу Қайырбековке жұрт жалынып айткызатын Қасым ағаның көп өлең-әндерін өз касында, өз аузынан естігенімді жастарға мақтанышпен айтамын. Осы аяулы ақын соңында біраз жылдар бойы еріп жүрдім. Басқа інілері ақын болған соң, оған еріп үлгі алып, өлендерін оқытып, оның ағалык-акындық кеңесін алып жүрді ғой, ал мені Қасекеңнің бойындағы асыл қасиеттері магниттей тартып соңынан калдырмады.
Осы ағамен 1955 жылы мәйіті басында сақшыдай тік тұрып: “Хош, аса дарынды аяулы аға, топырағың торка болсын!” деп қоштастым. Сол сурет менде сақтаулы. Сол суретке эрқашан да караймын, сағынамын! Ол аға армандаған туған еліне жетті, туған жерінен топырақ та бұйырды, бірак арамыздан ерте кетті. Бергенінен бермегені көп еді. Кезінде онан ерте көз жазып қалдық қой!
Жоғары азаматтығына, ұлы патриоттығына, асқан ақындык дарынына бас иіп, осы ақын Аға атына поэзия сыйлығын тағайындаған жөн бе деймін.
МАЙДАНГЕР ӘҢГІМЕСІ
Біраз жылдан бері жақын жүргеніммен, өмірбаянын жаксы білмейтін едім. Жауапты партия кызметтерінде жүрген соң, соғысқа қатысты деген де ойым жоқ болатын. Ол да соғыс жайында сөз қозғамайтын. Оның айбынды жүзіне, алып тұлғасына карап, “Соғысқа катысса, ерен ерлік көрсетер азамат екен” деп іштей риза болып отырмын.
Бұл адам ол кезде СОКП Орталык Комитетінің мүшесі, ССРО Жоғарғы Советінің депутаты, Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет істеген Хасан Шаяхметұлы Бектұрғанов еді.
Маған түсін жылытып, біраз карап отырды да:
- Қасеке, Баукеңмен қалай, жакын жүресіз бе? - деді сынай қарап.
Баукеңмен жақын жүру қайда, әйтеуір бір қалада түрып, бір одакта мүше болған соң, кездесіп тұрамыз. Оған “Ассалаумағалейкум” деп сэлем беремін. Ол “Здравия желаю” деп кыска кайырады.
Ендеше, ол кісі туралы бір эңгіме айтып берейін. Осы жуырда кабинетімде жалғыз отыр едім. Алдында “мен баяндамаға дайындалып жатырмын” деп, көмекшіме ескерткем. Ондағым кабылдауыма кісілер келмесін дегенім. Біреу тығыз- таяң жұмыспен келсе, ескертерсің деп те едім. Бір кезде:
Встать...! - деген дауыс саңқ ете түсті. Қарасам - Баукең. Орнымнан атып тұрып карсы жүрдім де, “ассалаумағалейкум” - деп сәлем бердім. Сэлеміме жауап берудің орнына созған колымды да алмай:
Садись! - деді. Кейін шегініп, ол кісіге орын ұсындым да, ол отырғаннан кейін қарсысына отырдым.
Саған келген шаруам, - деп бастады да, ең алдымен өзімді жерден алып, жерге салды. Мен үндемей бақтым. Шаруасы өзі туған аудан камы екен, колма-қол ісін тындырып бердім. Бірак келгенде де, кетерінде де орысша боқтап кетті. Мен сондай сөздерді аузыма алып көргенім жок, айтпай-ак кояйын, - деп жымиып күлді.
Ойбай-ау, өзіңіз СОКП Орталык Комитетінің мүшесі, ССРО Жоғарғы Советінің депутатысыз, бір облыстың бірінші басшысысыз, ол болса қазір қабылдауыңызға келген жай адам, былай тэртіпке шақырмайсыз ба? - дедім “орысша боктап кетті” деген соң. Ол добалдай қолын сермеп:
Боқтаса, боқтай берсін, ол бір кезде сабаған да, Баукеңе қарсыласқан обал болады, қазақпыз ғой, жасы үлкен боктай берсін! - деді.
Қалай сабап жүр. Онымен бірге мектепте окып па едіңіз?
Жок. Соғыста Баукеңнің полкінде болғанмын. “Е, бұл кісі соғыста да болған екен ғой” деп, сонда ғана ойладым.
Иә, не үшін сабады?
Өзімізден де болды ғой! - деп бір ауыр жағдай есіне түскендей, жүзіне өкініштің таңбасы түсіп мұңайып кетті де, төмен қарап ауыр курсінді. Мен оны аяп кеттім. Бекер сұрап, сөз қозғап, жарасының аузын аштым-ау деп, өзіме өзім іштей ұрсып отырмын. Ол әлден уақытта:
Оны айтайын. Баукең полкінде барлаушылар взводының саяси жетекшісі едім. Взвод командирі бір көзсіз батыр, аға лейтенант орыс жігіті еді. Бір күні Баукең біздің взводты сапқа
түргызып, сәт сапар тіледі. Тапсырманы взвод командиріңе жеке айтып түсіндірген болуы керек. Біз тапсырма орындауға шыктық. Біз “тіл” алып келуіміз керек екен. Түн қараңғы, бір- біріміздің соңымыздан тізіліп бара жатырмыз. Алда - взвод командирі. Әрдәйім өзі бастап дағдыланған адам болатын. Әлі екі шептің арасындағы бейтарап жерден өткеніміз жоқ қой деп келе жатканбыз. Бір кезде қарасақ, бастап бара жатқан командиріміз жоқ. Ары іздеп, бері іздеп таба алмадық. Енді не істерімізді білмей қалдық. Ақыры кері қайттық. Полк командирінің өзіне де, қол астындағыларға да қатал екенін білеміз. Полк штабына келдік. Ойымыз - барлығымыз бірге тұрып жауап берсек дейміз. Оған болмады, жігіттер “командирден кейінгі басшы сізсіз” деп маған бар десті. Үсті- басымды түзеп, штабқа кірсем, ол кісі өте ашулы, бөлмеде арлы-берлі жүр екен. Тік тұра қалып, болған окиғаны айтып салдым. Оның өңі бұзылып, жаныма жақын келді де, жақтан тартып жіберді. Қолы мұндай қатты болар ма, құлағым шың ете түсті.
Соғыста командирлеріңнен айырылғандарың үшін ату керек сендерді! Вон отсюда! - деп ақырды. Өзім әзер тұрған адам, кетпесем, тағы пэле болар деп, сыртқа атып шықтым. Түрім онша болмаса керек, мені жігіттер қоршап алып сұрады. Мен не болғанын айттым. Барлығы қорқып кетті. Сапқа тізіліп, төмен қарап тұрмыз. Не заматта Баукең өзі келіп, барлығымызды оқты көзімен жағалай атып шықты да:
Командирлерің қайда? - деп ақырды. Бізде үн жоқ. - Сендер тапсырма алып шыққанда жау да сондай тапсырмамен шыққан ғой. Сендер ауыздарыңды ашып, аңкиып бара жатканда жау барлаушылары сендерден бұрын қимылдап, командирлеріңді ұрлап кеткен. Сендердің барлықтарыңды соттау керек. Қазір қайта кетіңдер, командирлеріңді өлі болса - өлідей, тірі болса - тірідей тауып алып келіңдер, онсыз қайтып оралмаңдар, - деп, бұрылып кетіп қалды. Біз тағы түн жамылып майдан шебіне беттедік. Түн қараңғылығында жау шебінен өтіп, қалың орман ішімен біраз жер жүргеннен кейін, бір әйелге кездестік. Ол осы орман шетіндегі үлкен село тұрғыны екен. Селода немістердің үлкен әскери бөлімнің штабы бар екенін, олардың қолына бір советтің офицері түскенін, оны мықты күзет қоршап, басқа жаққа алып кеткенін хабарлады. Енді барлығы түсінікті болды. Командирімізді іздеу, оны табу үмітіміз үзілді. Ақылдасып, тым құрығанда есе қайтарып біз де “тіл” колға түсіруге бел
байладык. Сол күні жол торып жүріп, мотоциклімен келе жаткан екі немісті колға түсірдік. Бірі байланысшы офицер болып щьікты. Екеуін алып түн жамылып қайттық. Тұтқындарды алып жүретіндерді алға жіберіп, өзім бір топ солдаттармен артта, біздерге куғыншылар шықса, тойтарыс беруге эзір келе жатканбыз. Арамызда Елемес деген жігіт бар еді. Өзі ақтөбелік болатын, қазір де бар, туған жерінде тұрады. Сол Елемес артта келе жатқан. Өзі аласа бойлы, кішкентай-ак жігіт болатын. Артыма карасам - жок. Алдағы солдаттарға хабарлап, жаныма бір солдат ертіп, кейін карай жүгіріп келе жатсам, элгі Елеместі бір еңгезердей неміс солдаты аркалап кашып барады. Қуып келеміз. Атайын десем, оқ Елемеске тиеді. Кісі арқалап эзер кетіп бара жаткан адамды куып жетіп, автоматыммен неміс солдатын қос қолдап карақұсынан ұрдым. Етпетінен кұлап түсті. Артымнан жеткен солдат, Елеместе шаруасы болған жок неміс солдатының үстіне түлкіге түскен бүркітше кона түсті. Мен Елеместі артына кайырып байлаган қолын шешіп, басын бүркеп байлаған қапты сыпырып алғанымда мені көріп Елемес жылап, тізерлеп отыра кетіп, менің аяғымнан құшақ- тай алды. Оны аяп кеттім. Аузына тыққан ауыз бастырын да жұлып, лақтырып жіберіп, қолынан жетектеп жүгіре жөнелдім. Осы кезде ана солдатым да кездігін шинелінің етегіне сүртіп соңымыздан жан ұшырып жүгіріп келе жатыр екен. Сол күні түнімен жүріп, екі бірдей “тілді” полк штабына тапсырып, Баукең ашуын әзер кайтарып едік, - деп Хасан маған қарады.
Баукең ашуы элі де қайтпаған сияқты ғой Сізге, - деп, “орысша боқтап кетті” дегеніне орай қалжың айтқан болдым.
Баукең өзіне де, өзгеге де қатал ғой, катал! - деп ол басын шайқады.
Отырғанымыз Хасан Шаяхметұлының үйі еді. Ол әңгімесін аяқтаған соң:
Мен бүгін үйге дәрігерлер шақырған жоқ едім, укол алайын, - деп ыңғайлана бастады. “Сонда укол беретін үйде біреу бар ғой”, деп отырмын. Бір кезде шприцін дайындап қойды да, жейдесін шешіп тастады. Орындыққа ыңғайлы отырды да, қанталап кеткен жерлерді спиртке малынған мактамен сүртіп өзіне-өзі укол салды.
Хасеке-ау, мынауыңыз қиын гой. Тым болмаса өзіңізді- өзіңіз қинамай, уколды дәрігерлерге салдырмайсыз ба? - дедім оны аяп кетіп.
Дәрігерлер емдеуге менің бойымда мұнан басқа да аурулар баршылык. Денемде элі күнге дейін алынбай жүрген оқ жарықшақтары да бар. Оның үстіне біраз аурулардың түрі денемді дендеп алған. Пенсия жасына сүйретіліп жетсем деп жүрмін ғой.
Қазірде пенсияға денсаулыгыңызға карап шығаратын шығар?
Шығуға болады ғой. Өзім ¥лы Отан соғысының екінші дәрежелі мүгедегімін. Бірак өмірімді партия ісіне арнағаннан кейін, 28 жыл аудандық, облыстык партия комитеттерінің бірінші хатшылығында келе жатып, аз уақыт қалғанда, қазакша айтқанда, “кырқына шыдап, біріне шыдамағаным” болмас деген ойдамын. Оның үстіне өмір бойы үзбей жұмыс істеп келемін. Жұмыссыз үйде отыру да азап шығар деп ойлаймын. Кейбіреулер орнынан түсіп қалса, эрі қарай ұзак өмір сүре алмай, дүние салып жатқан себептеріне ой жүгіртемін...
Осы соғыс, еңбек майдандарының каһармандарының бірі көп кешікпей дүние салды.
АСЫЛДЫ АРДАҚТАУ ПАРЫЗ
Біздің қазак халқы - планетадағы ескі халықтардың бірі эрі тарихтың талай қанды дауылына тап болып, тар кезең, тарпаң уақыт сынына төтеп беріп, бүгінгі күнге жеткен халық. Оның ұланғайыр жері талайлардың көзін кызыұтырған, көңілін арбаған. Міне, осындай ел шетіне жасанып жау келген тұста ақ білекті сыбанып, егеулі найза қолға алып, қалың қолды бастаған батыр бабаларымыздың еңбегі ерекше болғандығын, тарих сахнасынан шығып қалмауымызға олар себепші болғандығын көбіміз енді біліп жатырмыз. Дегенмен арада үш ғасыр өтсе де, кезінде көп батырдың арасынан халқымыз Дарабоз деп даралаған баһадүр бабамыз Қабанбайдың есімін элі үмытпапты. Осының өзі-ақ онын қазақ халқына сіңірген орасан үлкен еңбегін әйгілесе, оған деген сүйіспеншілікті аңғартса керек.
Осының алдында ғана Семей, Талдықорған облыстарының жұртшылығы Қабанбай бабамыздың 300 жылдык тойын кең көлемде атап өткен болатын. Мен өзім Семейдегі тойға катыстым. Онда ақшаңқан киіз үйлерден кәдімгідей қала жасаған екен. Әйтеуір батыр бабамызға деген халык кұрметі
ерекше екендігіне көзім жетіп қайтты. Қабанбайдың ұрпақтары мені де құрметтеп, ат мінгізіп қайтарды.
Міне, сол тойдың жалғасындай шығысқазақстандықтар да өз жерін жаудан азат етіскен бабаларын құрметпен еске алуды ұйғарып отыр екен. Осыған орай, мен: “тойларыңыз тойға ұлассын” деген тілегімді айта отырып, Қабанбай батырға қатысты көңіліме түйген кейбір ойларымды айта кеткенді жөн көрдім.
¥лы Отан соғысы тұсында мен жерін азат етісуге қатысқан Украинаның Богдан Хмельницкий деген ертерек уақытта өткен қолбасшы батыры болғаны белгілі. Міне, осы Богдан Хмельницкийді бүкіл совет халқы ардақтап, оның атына үш дәрежелі орден белгілеп, онымен соғыста ерлік көрсеткен командирлерді наградтады. Осындай орденмен партизан отрядының командирі ретінде мен де наградталдым. Сондай- ак орыс халкының батыры Александр Невский атына да үш дәрежелі орден белгіленіп, онымен де соғыста ерлік көрсеткен совет офицерлері, генералдары наградталды.
Ал біздің батыр бабамыз Қабанбайдың өз халқына сіңірген ерлігі мен еңбегі осы батырлардан кем бе? Менің ойымша, артық болмаса, кем емес. Себебі Богдан Хмельницкий қорғаған жер Қабанбай батыр қоргап, жаудан азат еткен жермен салыстырғанда, ұлтарақтай ғана емес пе? Бірақ Қабанбай батырдың атымен аталатын орденді қойып, медаль да жоқ. Тіпті медальды былай қойып, осы уақытка дейін есімін де дұрыстап ауызға алғызбай келген жоқ па?
Мен интернационализм рухына берік адаммын жэне осы жолда өз борышымды өтедім деп ойлаймын. Украинадағы, Ресейдегі өзімнің партизан достарыммен осы күнге дейін хат- хабар алысып, телефон шалысып тұрамын. Бірақ біздің ұлттық батыр бабаларымызға жасалған жоғарыдағы әділетсіздік өкініші өзекті өртейді екен.
Енді, міне, егемендігімізді алдық деп, соның белгісі ретінде халқымызға еңбегі сіңген тарихи тұлғаларды ардақтап жатырмыз. Сондықтан Қабанбай батыр бабамызға арнап алдағы уақытта республикалық награда белгілеудің ешбір артықтығы болмас деген ойдамын. Ал той өткелі отырған облыстың орталығы - Өскемен қаласындағы үлкен көше- лердің бірі Қабанбай батыр есімімен аталуы керек деген пікірдемін.
ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСҚА ҚІМ ЖАУАП БЕРЕДІ?
Бір заманда адам баласының парасаттылық-инабаттылык кодексі сияқты жазылған қасиетті Құран қағидаларын өздерінің бас пайдасы, арам ниетіне қарай бұрмалап, Құдай жолынан тайған қара ниетті шала молдалар Құран, дін қадірін түсірді. Кейіннен ақ-қарасына қарамай, жаппай қуғынға ұшырады. Сол сияқты Компартияның баққұмар асырасілтеуші басшы- лары эр кезенде коммунизм қағидасын эр түрлі бұзды. Сталин болса, халықты коммунизмге қатыгездікпен, мойнына бұғау салып, зорлап колхоздастырып жеткіземіз деп, қызыл террор жүргізді, елді аштан қырды.
Хрущев болса, қоғамды қайта құрып, коммунизм орнатамыз деп даурықты. Брежневтің капитализмде де, социализмде де шаруа-шатағы болған жоқ, өзі де - қарық, жандайшаптары да қарық болып, ол да өтті дүниеден. Черненко да Брежневтің ізімен біраз жерге барып, тынысы тұншықты.
Енді бұл заманда қайта құру "жаңаша ойлау” өндірісімен екпінді жүрді. Қай салада қайта құру науқаны жүрсе де, сыңаржақтық пен асыра сілтеушілік елімізге, халқымызға үлкен орны толмас зардап шектіріп отыр. Мындаған адам репрессияға ұшырады. Бір ғана маскүнемдікке қарсы күрес науқанында мындаған адам айдалып түрмеге түсті. Жүзім өсіру шаруашылығы қирады. Шарап-шырын өндіретін орыңдар талқандалды. Соның салдарынан алаяқ саудагерлердің қылмыс жасауына жол ашылды. Анаша шегушілікке мэжбүр етіп, жазылмас ауруға ұшыратгы. Қылмыскерлер көбейді.
Кооперативтер ашу ұранын тастап, алаяқтарға күні бұрын қоймаларды, дүкендерді тонатты. ¥лт мәселесін жаңаша ойлаумен шешеміз деп, ұлы орысшылдық пен ұлтшылдык лебіне май құйып, от қойды. Енді, міне, 70 жыл тып-тыныш өмір сүріп жатқан ұлттар бірін-бірі қырып, қансыратып жатыр. Енді осыдан ақталу үшін “Осының бэрін Компартия істеді” деп отыр. Компартия жеке өзі 70 жыл басқарғанда еліміз осыншама тұралаған жоқ еді ғой. Сталиннің қаһарынан қорықса да, халык тоқ болатын. ¥лы Отан соғысы кезінде фашист басқыншылары бүлдірген орасан бүліншіліктер Компартияның басшылығымен ұш-ақ жылда қалпына келтіріліп еді ғой...
Е, жарайды, Компартия бүлдірді делік. Бұл Компартияны күні бүгінге дейін кім баскарды? Өліп кеткен компартия басшылары дэл шаруашылықты бүлдірмегенін көзімізбен
кӨргенбіз. Ал осы бүліншілік кезінде ол маркұмдар Компар- тияны баскармағанына да куәміз. Олай болса, бүліншілікке Компартия жауапты десек, ең алдымен сонау Одақ - орталықтан бастап Компартия басшыларын айыпты деп, жауапқа тарту керек. Сонан кейін праволық мемлекет құрамыз десті. Мына тас-талқаны шыққан, етек алған сойқанды елде праволык мемлекет құрудьщ ақылға сыюы қиын еді. Бірақ соңғы кезде ол ойларынан да қайтқан болар, ауыздарына алмайды. Әзірше праволык емес елді көріп отырмыз.
Міне, қайта құрудың 1-басшысынан кейін тұрған, осының барлығын уақытында сезген, Яковлев, Шеварднадзелер үрейлері ұшып, партияны сатып, адды-артына қарамай қашты. Сөз жоқ, катардағы жұмысшы, колхозшы, интеллигент коммунистерде кінэ жок. Олардың ары - таза!
Ал жер-жерде жоғарыдан келген бұйрық бойынша Компартия жойылды. Сөйте тұра экімшілік-команда болмау керек дейміз. Бұл өкімет тарапынан, - орысша айтқанда, - самоуправство! Әйтпесе Компартияны саяси ұйым ретінде таратуға ешкімнің қақысы жок. Компартия жаппай ұйымымен қылмысты болса, сот үкімі ғана тарата алады. Ал таратты делік. Яковлев, Шеварднадзе сияқты өз еркімен партиядан шыққандар бір басқа. Еріксіз шығарылған коммунистердің жазығы жоқ. Олар жылдар бойы мүшелік жарнасын адал еңбегінен алған еңбек ақысына қарай төлеп отырды. Сол төленген жарна партия қаржысы ретінде тәркілеуге жатпайды, оны иелеріне кайтару керек.
Тамыз төңкерісі туралы айтарым: төңкеріс басшылары тұтқындалды, колдаушыларға жаппай репрессия жүріп жатыр. Оған Компартия басшылары айыпты дейміз. Сонда сол кезде Компартия басшысы, басшылары кімдер еді? Олар неге тұтқындалмайды? Әлде жалпы коммунистерге репрессия жүргізудің айласы ма? Ал осы төңкеріске кім кінэлі?
Егер Жоғарғы Советте Лукьянов, президенттің орынба- сарлығында Янаев, Қорғаныс министрі болып Язов, органдарда Пуго, Крючковтар отырмай, басқа адамдар отырса, төңкеріс болар ма еді? Жоқ. Олай болса, осыларды осы кұкығы мол орындарға кім әкелді? Осыларды депутаттардың басым көпшілігі қолдамаған. Осыларды Еорбачев амалдап зорлықпен өткізгенін теледидардан бүкіл халык көрді ғой. Сонда төңке- рістің болуының басты айыпкерін неге басқа жақтан іздейміз? Оның үстіне төңкеріс басшыларының жариялаған
программаларын олар орындасын-орындамасын, халық көңі- лінен шығып тұрса, оны қолдаушылар болары анық. Әбден титығына жеткен жүртты төңкерісшілерді колдадыңдар деп куғындап, жазалау ақылға сыяр ма екен?
Бұл төңкерістің айыпкерлерін іздеу 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының айыпкерлерін іздегенге ұксайды. Онда “мас студенттер” деді, ақыр аяғында бүкіл бір халықты, “ұлтшыл” деп айыптады. Саяси Бюро қаулысымен бүкіл әлем алдында кінэлады. Он миллион қазак халқының бетіне қара күйе жақты.
Ал шындығы калай еді? Он алты миллион халқы бар республикада ел баскаратын бір адам жоқ дегенге кім сенеді? Қазақ халқы сан ғасырлар тарихында ел баскарған адамдардан кемістік көрмегенін тарихымыздан білеміз.
Егер бірден Димаш аға орнына сол кездегі Министрлер Советінің төрағасы, онсыз да келесі алға аттар кезегі заңды келіп тұрған Назарбаевты қойса, сол оқиға болатын ба еді? Жоқ. Сонда кім кінэлі? Кінэлі Колбин де емес, он алты миллион халықпен есептеспей, оларды тобыр деп есептеп, демократияны аякка баскан Саяси Бюро мүшелері, Горбачев айыпты екенін дүлей адам да түсінеді. Соңынан Саяси Бюро өз қаулысын өзгертті дегенді ғана естідік. Ал Горбачев зайыбымен республикамызға қонақка келіп, халқымыздың дэм-тұзын татқанда, қымсынған да жоқ.
Бір кезде дүние жүзі сыйлайтын, жау қаймығатын СССР деген айбынды төрт дыбыс атын бүркенудің енді орны жок сияқты. Ол төрт дыбыстың алдыңғы екі “С” дыбысы мэнін жойғалы қашан! Соңғы калған “С” дыбысы да өшейін деп қалт-қүлт етіп түр. Сондықтан жауды да, досты да, бүкіл сорлы халықты да алдамай, сол пәре-пәресі шыққан мемлекетті басқаша атаған жөн болар.
Шымболат деген жырау ініміз “¥ят болды-ау” деген толғау айтады. Сол айтқандай, дүние жүзіндегі ең алып екі мемлекет- тің бірі болып, енді қайыршылық кебінін киіп, алақанымызды жайып, көмек сұрамаған мемлекеттеріміз қалмағаны үят болды. Әрине, Америка бастаған ірі мемлекеттер көмектерін біздің халықтарға жаны ашығандықтан беріп жатқан жоқ. Елдегі ірі қателіктерді пайдаланып, социалистік қүрылысты құрту мақсатымен беріп жатқаны белгілі. Антантаны бастап, Черчиль қүрта алмаған, миллиондаған адам қанын төгіп, он төрт мемлекет күшімен Гитлер жоя алмаған Совет үкіметін жалғыз
Горбачевтың қолымен тарихтан өшіру оларға арзанға түсерін білгендіктен акылдарын да, лауреаттықтарын да, “көмектерін де” аямай жатыр.
Жарайды, қай қоғам құрсақ та, қарыздың аты - қарыз ғой. Қарызға белшемізден баттық. Оны өтеу үшін қазір қолын жайып, емініп отырған басшылардың жасы жетпейді. Соны кім төлемек? Демек ұрпағымызды қарызға батырып, “сендер пұл болмасаңдар, күл болыңдар” деуіміз обал-ақ. ¥рпағы- мыздың мойнына қарыз қүрығы түскен соң, олар да капи- талист елдерге тэуелді болып, олардың қүлдары ретінде қайғылы өмір кеше ме деген қауіп көңілді күпті етеді. Осылай ұрпағымызды капиталистерге байлап-матап, құлдыққа беріп кеткелі отырмыз. Сол қазір алған қаржының біразы өкімет басшыларының жалақысына (еңбек ақысына деуге ауыз бармайды) кетіп жатқаны рас. Өйткені жер астындағы ауыр жұмыс атқаратын шахтерлер жалақысы 600-800 сом болса, өкіметті қолына алғандардың төменгілері 1000-1500, ал жоғарғылары 3000-нан 4000-ға дейін алатынын баспасөзден оқып жүрміз.
Оның үстіне мыңдаған депутаттар Мәскеуде айлап, жылдап сөз егіп, өндіріп, қаражатты аямай шашып жатқанын көріп отырмыз. Бұл да халық қамын ойлағандық бола қоймас! Бірақ өкімет басшыларының аузынан: “Бізде талай қателер болды, тіпті қысылтаяң кезеңдер де болды, бірақ ”халықты басқара алмадыңдар, орындарыңды босатындар” деп жан дауысын шығарса да, тақтан түскіміз келмейді” дегенді ауыздарына алмайды.
Одақ туралы ойым: 70 жыл бойы аралары ажырайды деп ойламаған Одақтың тас-талқаны шықты. Одақтағы республикалардың жартысына таяуы өз алдына кетті. Найзаның ұшымен ұстай алмады. Енді Одақты элде де болса Одақ ретінде ұстамақшы. Ол мағынасыз мансапқорлық, таққұ- марлық! Одақтан ресми шықпаған республикалардың барлығы өздерінің дербес егемендігін жариялады. Ал Одақ экономикалық байланыс үшін керек деп, тағынан айырылғысы келмей, Одақ үстінен жеке бастарының күнін көргісі келген- дердің әрекеті озбырлық болмақ. Бұрыннан бір-бірімен экономикалық байланысы бар республикалар Одақ бас- шыларымыз деп отырған, делдал рөлін атқармақшы болған чиновниктерсіз-ақ бір-бірімен экономикалық байланыс шарт- тарын жасап, өмір сүре алады. Оларға ешбір арамтамақтар,
айына үш-төрт мың сомнан жалақы алатын делдаддардың қажеті жоқ.
Ал “Одақ ел қорғау үшін керек” десе, бұрыннан тізе қосып қорғануға дағдыланған республикалар қауіп төнсе өздері-ақ бірігіп қорғанады. Социалистік қоғам аз жылда елімізді дүние жүзі елдерінің алдына шығарып, екі аса ұлы мемлекеттің бірі катарына жеткізгенін көзіміз көріп еді. Осы социалистік қоғам фашистік Германия бастаған он бес мемлекетті жеңіп еді. Сол соғыста аса бүліншілікке ұшыраған елімізді үш-ак жылда қалпына келтіргенін де көргенбіз. Мұндай орынсыз жаланы тарих бұрын-соңды естіп білмеген шығар?! Елімізде капиталистік қоғам орнату үшін, өткен тарихи табысымызға жала жаппай-ақ, халық сорлыны алдамай-ак орнатуға болар деп ойлаймын.
Халықты алдамай, қайта құрудың шын мақсатын бірден ашық жариялап, “капитализмге көшеміз” дегенде, мұндай саяси жэне экономикалык апатқа ұшырамауымыз да мүмкін еді. Алдау, асыра сілтеу, катеден-қатеге ұрындыру елді адам айтқысыз апатқа ұшыратты.
Халық алдында жасалған осы ауыр қылмысқа кім жауап бермек?..
БЕЙНЕСІ ҚАЛҒАН ЖАТТАЛЫП
1944 жыл. Желтоксан айының бас кезі. Жау тылынан үшінші рет шығып, Киев қаласында, Украинаның орталык партизандар қозғалысы штабы жанындағы демалыс үйінде жатырмыз. Жау тылынан шыққан құрамалар мен отрядтар- дың командирлері мен комиссарларын орталық штаб бастығы, генерал Андреев жинап алып, эңгіме өткізген болатын. Олардың жасына, денсаулығына қарай біреулерді қайтадан жау тылына, енді біреулерді партия, совет жұмыстарына жіберіп жатқан. Мен де солардың бірі болып, кезекті бұйрық күтіп, резервте жүр едім. Бір күні “генерал шақырады” деген соң, штабка келдім.
- Осында, кадр бөлімінде сенің жерлесің, партизан отрядының комиссары, казақтың ақыны Жұмағали Саин жолдас отыр. Сол кісі сені іздеп жүр екен. Барып жолық, - деді генерал Андреев.
Жұмекеңнің өзін бұрын көрмегенмен, аты-жөніне сырттан канық едім. Мектепте өлеңдерін сүйіп окып, “Лагерь жыры”
сияқты өлеңдерін тіпті жатқа да білетінмін. "Жұмекең осында отыр” деген сөзге көңілім бірден сене қоймай: “Ол кісі мұнда қайдан жүр екен? Шынымен-ақ сол кісіні көрер ме екем?” деп, қуанғаннан жүрегім лүпілдей түсіп, штаб бастығының кабинетіне калай жеткенімді өзім тіпті сезбей де қалдым.
Көз алдыма ұзын бойлы, сымбатты акын бейнесі елестеп кеткен-ді. “Ия, сұлу өлең жазған соң, ол кісінің өзі де сымбатты, сұңғақ бойлы адам болу керек” деп ойлаймын. Осындай ұйқы- тұйкы ой шырмауында полковник Спиранскийдің кабинетіне келіп кірдім. Кабинетте жұпыны ғана киінген, ашаң жүзді, аласа бойлы бір қатқан кара адам отыр екен. Ол маған жалт карады да өткір кара көзімен тұла бойымды бастан-аяқ бір шолып шықты. Сөйткенше болмай полковник:
Саин жолдас, манадан бері айтып отырған жерлесіңіз осы жігіт. Қайсенов Вася деген командиріміз, танысып қойыңыз, - деді. Маған да: “Мына кісімен таныс” дегендей, иек қақты. Бірақ Жұмекең менімен танысудың орнына:
Қайсенов Вася? - деп қайталап айтып, бетіме сәл қараңқырады да: - Неліктен Вася болғансың? Әлде балалар үйінде тәрбиеленіп пе едің? - деп сұрады орыс тілінде. Полковник екеуімізге алма-кезек карап, езу тартып койды да:
Бұл - қазір украиндық жігіт. Өзінің қазақша атын ұмыткан да болу керек. Украина партизандары “Вася” деп атап кеткен. Бэріміз де қазір өзін Вася дейміз, - деп мен үшін жауап берді.
Сол алғашқы танысқан күннен бастап, Жұмекең екеуміз сонау өзіміз қан төккен Украина жерінде бірге жүріп, бірге тұрдық. Көп жайларды шертісіп, көп сырластық. Ол кезде өзі жаралы, денсаулығы нашар еді. Кейбір шаршап отырған кездерінде менің басымнан кешкен оқиғаларымды асыкпай жүйелеп айтып беруімді өтінетін. Бала кезімде істеген әркилы сотқарлығымды айтқанымда шек-сілесі қатқанша басын шайқап қойып, қатты күлетін еді де, жау тылындағы ала- сапыран арпалысты жайларды баяндағанымда қабағын түйіп, екі көзі жайнай отырып, әңгіменің аяғында: “Ия, шіркін, партизандар мықты еді-ау” деп, қорытынды жасағандай болатын. Бір күні бетіме ұзақ қарап отырды да:
-Қасым,осысоғысжылдарындағыкөргенқиыншылықтарың болмаса, балалық шағың жақсы өткен екен. Әке мен шешеңнің бар болғаны қандай жақсы! Сені еркелетіп, жылағанда жұба- татын әкең мен шешең болды. Солардың алдында алшаң
басып, еркін өстің. Сенің тентектік жасап жүргенің де солардың аркасы! Сені олар канаттыға қактырып, тұмсықтыға шоқыттырған жоқ. Ал мен сорлы соның бір де бірін көргем жоқ! Қаршадайымнан жетім қалдым. Өзімнен екі жас кіші Қайыржан деген інім бар еді. Сол екеуіміз жетімдіктің тақсі- ретін көп тарттық. Қозы бақтық, қой бақтық. Талай жалаңаш жүрдік. Талай таяк та жедік. Туған-туысқандарды паналап, солардың үйлерінің төңірегінде түнеп жүрдік. Балалық шағымыздың біразы осылай өткен еді, - деп, ол ауыр күрсініп, кідіріңкіреп барып, өңін дереу өзгерте қойды. - Совет үкіметі болмаса, күніміздің не болатынын кім білсін?! - деп ол сәлден соң сөзін эрі карай жалғап кетті. - Бақытымызға қарай Совет үкіметі орнап, әке орнына әке, шеше орнына шеше болды! Балалар үйіне алды. Сол балалар үйінде қазақгың мен сияқты талай жетім ұлдары мен қыздары тәрбиеленді. Соның бәрі де адал, аяулы жандар еді. Бэріміз де өсіп, ержетіп, өзімізге-өзіміз келдік. Біреулері - дәрігер, біреулері - ғалым, енді біреулері мұғалім болды. Міне, мен өзім жазушы-ақын болдым. Сөйтіп бақытты өмірдің құшағына кірген кезімізде мына қарғыс атқан соғыс басталып кетті де, көңілге де, өмірге де, балғын жас денеге де ақау түсті! - деп түйді Жұмекең сөзін.
Сол күні екеуміз штабқа келдік, Жұмекең одан партизандық құжаттарын алды. Мен штабтан Ровно каласына кызметке баратындығымды білдім. Жұмекең туған жеріне шексіз берілген, үлкен жүректі, жалынды патриот, жауға мейірімсіз, Отанының батыр солдаты еді. Штабтан шығып бара жатып:
Жұмеке, осында, Украинада қызметте қалатын болдым, - деуім-ақ мұң екен, бетіме жалт қарады да:
Неге қаласың? Қолыңа қару алып, жау тылында жүрсен бір сәрі, ал енді жай қызметте қалуыңның орны жоқ. Елің бар, жұртың бар, онда әке-шешең, сүйген жарың бар, елден де қызмет табылады ғой, - деп қалды Жұмекең.
Мен оған не дерімді білмей мүдіріп қалдым. Жұмекен штабқа қайтадан оралды. Штаб бастығы генерал Андреев пен кадр белімінің бастығы полковник Спиранскийге барып, олардан шығып, Украинаның Орталық партия комитетіне кірді. Сөйтіп ол мені еркіме коймай, елге алып қайтты.
Елге келген соң мені ағалык камқорлығына алды. Творчествода ақылшы, эрі қатал сыншы болды. Соғыстың зардабынан бойымда қалған асау мінездерден арылып, өзімді-
өзім қайта тәрбиелеуіме көп көмегін тигізді. Жанашыр, жакын камқоршым болды. Жайшылыкта қатал, кайсар мінезді болғанмен, адамгершіліктің игі сипаттарын бойына мол жинаган, нэзік жанды адам еді ол. Соғыс жылдары бір күні түнде ұйыктап жатып элдебір күбірлеген дауыстан ояна келсем:
Сағындым сені, достарым! Сағындым сені, партизан!.. - деп, Жұмекең күбірлеп блокнотына өлең жазып, көңілі босап отыр екен. Жұмекең өзінің партизандар туралы бірнеше өлеңдерін сол Украинада жүріп жазды.
Жұмекең өзім дегенге жаны таза, адал дос болатын. Соғыстан кейін, Алматыда жүріп екеуіміз бір мәселе жөнінде өкпелесіп қалдық. Содан екі-үш күнге дейін көріспей жүрдік. Бір күні Фурманов көшесімен келе жатсам, көшенің екінші жак бойымен Жұмекең келе жатыр екен. Мен үн-түнсіз, ілгері қарай жүре бердім. Тұсынан өтіңкірей бергенімде:
Қасым, эй Қасым! Бері кел, - деп, мені жанына шакырып алды:
Қасым, сен менен де берік екенсің. Мен сені екі-үш күннің ішінде сағынып қалдым! Ұрыссак та бірге жүрейік! - деді Жұмекең маған елжірей сөйлеп. Содан былай мен сол ардақты, адал жанды адамнан жұбымды жазбаған едім.
БАУЫРЖАН АҒА ҮШІН ЕГЕС
1964 жылы Мәскеу қаласында соғыс ардагерлерінің бүкілодақтық конференциясы болды. Сол кездегі бүкіл- одақтық ардагерлер комитетінің бастығы, Совет Одағының маршалы -Тимошенко болатын. Конференцияға Қазақ- станнан соғыс ардагерлерінің Алматы секциясының бастығы Совет Одағының Батыры, генерал Нұрмағамбетов Сағадат бастаған бір топ адам бардық. Сол конференцияға Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан басқа елдерден қонақтар шақырылған екен. Бұрынғы даңқты Совет қолбасшылары да болды. Конференция екі-үш күнге созылып, алдағы уакытта ардагерлердің қоғамдағы міндеттері, бейбітшілік үшін күрес жайлы, болашақ ұрпақты патриотизм рухында тэрбиелеу жөнінде келелі сөз көтерілді.
Конференция соңында Совет Одағының Батыры атағына екі рет ие болған маршал Тимошенко барлығымызға “Совет Одағы соғыс ардагерлері комитетінің құрметті белгісі” деген медаль тапсырды да, солдат тағамын татуға шақырды. Үлкен
залда әр жерге жеке-жеке үстелдер қойылыпты, эр үстел айналасына төрт-төрттен орындықтар орналастырыпты. Жүрі төр жакқа шығып жатқанда мен “есік жақта орын болса, төрге ұмтылма” дегендей, есік жақтағы бір үстел басына жайғастым. Жалғыз отырып, үстелде тұрған ішімдікке емін- еркін иелік жасап, біраз жерге де барған едім. Сол кезде Совет ардагерлер комитетінің хатшысы, Совет Одағының Батыры Маресьев үш адам ертіп келіп, менің қасыма отыруларын ұсынып тұрып:
Мына кісімен танысып койыңыздар. Қазақстаннан келген қонағымыз. Бұрынғы партизан отрядының командирі Қайсенов, - деп таныстырды да, кетіп қалды. Әлгі үш адам менімен амандаспай-ақ:
Қазақстаннан екенсіз ғой, - десті де, дәмге кірісті.
Үшеуінің де кеуделері толған ордендер мен медальдар.
Екеуінде сегіз-сегізден орден бар екен, ал үшіншісінде онан да көп.
Бір кезде элгі үшеуінің ең ордені көбі:
Сендерде, Қазақстанда Бауыржан Момышұлын неге сонша аспанға көтересіңдер? Ол туралы кітаптар жазасыңдар. Кино шығарасындар. Ол соғұрлы Отан үшін елден ерекше не істепті? - деп қадалды маған.
Ол Момышұлын сендер білесіңдер ме? - деп өздері “сен” деп дөрекілік жасап отырған соң, мен де “сендер” деп сұрадым.
Білеміз, білгенде қандай, бір дивизияда, тіпті кейбіреуіміз бір полкта бірге болдық, - десіп жарыса жауап қатты.
Момышұлынан, бірге болғанда, лауазымдарың, әскери шендерің жоғары ма еді?
Жоқ. Менің шенім жоғары болғанмен, лауазымым бірдей еді де, мына екеуінің шені де, лауазымы да төмен еді, - деді ордені көбі.
Олай болса, сендердің сұрақтарыңа жауап берейін, бірақ соның алдында сендерге бір сұрақ қояйын, - дедім.
Қой, жауап береміз, - десті жамырап.
Егер сендердің Момышұлынан лауазымдарың жоғары болмаса, екеуіңнің онан эскери шендерің төмен болса, бірге жүріп, бір полкта соғыссаңдар, неге сендердің эрқайсысыңда сегізден онға дейін орден бар да, ал Момышұлында бір-ак орден бар? - деп қадалдым. Олар жауап бере алмай, мүдіріп қалып, біріне-бірі қарады да біреуі:
Сонда да қазақтар оны орынсыз дәріптеп, кітаптан кітап жазып жатыр, - деді түтігіп.
Момышұлы туралы кітапты алдымен қазақтар емес, Александр Бек, Александр Кривицкийлер - өздеріңнің осы москвалық жазушыларың, тіпті сол соғыс уақытында жазды ғой. Сендер андағы кеуделеріндегі көп ордендеріңе сай батыр болсандар, олар сендерді неге жазбаған? - деп кадалдым ол үшеуіне. Олардың дымы құрығандай орындарынан тұрып- тұрып кетіп қалды.
Конференция соңында біздің делегаттардың арасында маршал Тимошенко тұр екен. Бұл баяғыдан аты аңызға айналған қолбасшыны суреттен, осы конференцияда президиумда отырғанда алыстан көргенім болмаса, жақыннан көрмеген едім. Ол қанша делегаттардың ортасында алып денесімен ерекшеленіп, эрқайсысына сабырлы жүзімен биіктен қарайды. Жанына жақындап барып, ол бір басқа планетадан түскендей тамашалап қарап тұрмын.
Азамат соғысында бұл кісінің атты әскерлерді басқарғаны есіме түсіп, “бұл алып адамды қандай ат көтеріп, ұзақ жүріске шыдады екен?” деген ой келді. Бұл адамды аты шыдаса, жау қылыш сермеп кұлата алмас, ол кезде оқты жаңбырша жаудыратын осы замандағы автомат та жоқ, мылтықтың жеке тиген бір оғына да құлай қоймас. Ал бұл кісі сермеген қылыш қагыс кетпей тиер болса, жаудың жаны жаһанамға кетер деп, ой кешіп тұрғанымда, суретке түсіретін адам біздерді маршалдың төңірегіне орналастыра бастады. Мен әдейі ол кісінің желке жағына барып тұрдым. Мен де шағын адам емеспін, бірақ ол кісінің қасында баладай көрініп қалдым.
Ал Маресьев болса, ортадан төмен бойы бар орыс ағайындардың ішіндегі өз ұлты өкіліне ұқсай қоймайтын қарасы. Қазақша айтқанда, қараторы. Орыстан гөрі мұсыл- мандар тегіне ұқсас. Жүзі жылы, сабырлы да парасатты жан. Сырт көрінісі, мінез-құлқына қарап, өмір мен өлім белдескенде, қалай өшпес ерен ерлік көрсеткеніне қайран қаласың. Жүріс-тұрысы, аяқ басысынан “бұл адамның тізесінен екі аяғы бірдей жоқ” деп ешкім ойламайды.
Мұны жазғандағы ниетім - жас қазақтардың көзіне өздері ерліктерін ертегідей түсініп, кітаптан окитын өзіміздің Баукең, маршал С. К. Тимошенко мен А. Маресьев сынды батырларды елестетейін дегендік еді.
ҚАТАРЫНАН ҚАЛДЫРМАЙЫҚ
Баяғыдан бері еске алмай, өзге республикалар, автоно- миялар бэрі дәстүр кылып келген “Халық акыны” деген атақты Қазақстан кейін белгіледі ғой. Оның өзінде ол атак- ты айтыс ақындарына беріп қойып, енді нағыз профес- сионалдық үлкен әдебиет қызметкерлеріне нендей атак беруді білмей, дағдарып барып, барлык жанр кайраткер- леріне “Хальщ жазушысы” деген атақ белгілеп, соны оншақты адамга түйдегімен бере салған кез болды.
Кімнің “Халык ақыны”, кімнің “Халық жазушысы” екенін қазір халықтың өзі біледі. Бұрын да біліп келген. Халықтың алдына шығып, сан рет өнерін көрсетіп, дэлелдеген, олардың ризашылығына бөленген таланттар әлгіндей атақ берерде шетте қалып, орта қолдарың сүйеушілері барлары үлес алып жатқаны жалғасын табу үстінде.
Орынсыз обал болып жүргендердің бірі Ғафу Қайыр- беков деп білемін. Бұл ақынның кырық жылдан астам уақыт бойы алдыңгы аға акындармен үзеңгі кағысып келе жатканын да халық біледі. Ол - сегіз кырлы каламгер. Ол - ақын, ол - прозашы. Ол - әдебиет тарихшысы. Музыка, сурет өнерінің бағалау-шысы. Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Короленко, Куприн, Блок, Есенин, Твардовский, тағы баска классиктерді казақша сайратқан пэленбай томдары неге тұрады! Бұлар аздык жасаса, бүкіл казак осы күнге дейін гимн, аят ретінде айтып, анау жақта татар, башқұрт елдері өз қазнасы ретінде тұтынып кеткен “Ана туралы жырдың” өзі бір төбе емес пе?
Ол - ауыздық бермес шешен. Ол - асқак әнші. Кешегі арамыздан жұлдыздай ағып өткен аса дарынды ақынымыз, композиторымыз Қасым Аманжолов ағамыздың халык жүрегінен мэңгі орын алған өлең-әндерін Ғафудай орындау қиын, тіпті сол ұлы Қасым ағамыздың өзі де дэл Ғафудай айта алмайтын.
Ғафу казір жетпіске карай жасы ілгерілесе де, шығар- машылығы толастар емес. Оны ел төгіліп тұрган нағыз ақын деп таныған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҰСЫЛМАН ДІНІ МЕН
МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРІ ҚОҒАМЫНЫҢ
БАСШЫЛАРЫНА АШЫҚ ХАТ
Менің түсінігімде колына кұран ұстап, мұсылман дінін уағыздаушы басшылар адамдардың әдептілігін, парасаттылғын, инабаттылығын, арлылығын, имандылығын сақтап, осы адамзат бойындағы ізгі касиеттерді макоаг тұтқан салада кызмет істесе керек еді. Олай болса, өздері куэсі болып отырған қоғамдағы жоғары айтылған адамдар бойында болатын ізгі қасиеттер көрінісіне діни басшылар бейжай қарамасы белгілі деп ойлаймын.
Көпшілік орындардағы, көшелердегі келеңсіз көріністерді айтпағанда, күнделікті ұзақ сағаттар бойы көк экрандағы көріністерге калай карайтындарыңызды білгім келеді.
Қазір экранда көретіндеріміздің басым көпшілігі - шетелдердің бейнежазбалары. Онда қаншама айқас-атыс, төбелес, зорлык, зомбылық, катыгездік, тасбауырлық. Адамның жаны түршігерлік қан сасыған ойран-асыр. Оның белорта- сында қандықол, қанды балақтардың ішінде әйелдер де, балалар да жүреді. Осы арада қасиетті Құран уағыздайтын адамға адамның достығы қайда? Адамның ізгілік, парасаттылығы кайда? Осы ізгі касиеттер қанды табандарға тапталып жатса, қазіргі жэне болашак мұсылмандыкка қалай әсер етпек?
Ал жариялылықтың шын жарығы әйелдер денесіне мол түскен сияқты. Қай киноны, қай экран бейнелеуін көрмесек те, тіпті әр кұлақтандыру - рекламаларда да жалаңаш әйелдерді көріп бетімізді басамыз. Бұрын әйелдер ерлер үшін қол жетпес арман, өзіне магнитше тартатын кұлия күші бар сияқты еді. Бұл күнде әйелдерден ерлердің көңілі калып суып бара жатқандай. Өйткені өздері ынтызар болып біле алмай жүрген, өзіне тартар әйел магнитінің бет-пердесі ашылып калғандай. Демек әйелдердің сәнді киімдерінің арғы жағындағы ерлердің жүрегіне от салып, өзіне тартар ешбір құпиясы қалмады, өйткені оны көк экран эр сағат сайын көрсетіп, оларды жирендіруге айналды. Ерлер әйелге деген іңкэрлік, құштарынан айрыла бастады. Уақытша лэпсі мендеді. Бұл не сұмдық? Бұл әйелдерді абыройын төгіп, маскаралау ма? Әйелдерді көп алдында, болашак аддында кұбыжық, күлкі ету ме? Осыған әйел азаматтар, әсіресе мұсылман эйелдері басшылары мен республикадағы басқа да әйел ұйымдары басшылары қалай
қарайды? Намыстанбай ма, арланбай ма? Қай қоғам кұрсақ та, сол қоғамда тұратын мұсылмандар қасиетті кұран уағыздайтын ізгілік - парасаттылық, имандылық, инабаттылық, эдептілік, адамгершілік сақтау керек еді ғой!
Әрине Горбачевтің халыққа қарсы саясаты елімізде ұлттар арасына от жағып, арымыз бен намысымызды, бүкіл ел мүддесін сатып, елді шетелдерге бас идіріп кетсе де, көзді жұмып, шетелдердің бейнелеулерін экрандарда бейбастак койылымдарын ар-ұяттан біздер де безіп, телміріп көре береміз бе?
СУДАН ҚУРҒАҚ ШЫҚПАҚ...
Соңғы жылдары қауіпсіз комитеттері, милиция органдары жер-жерде өз архивтерін ақтарып, 1937 жылдарда заңсыз жазаланып атылған не айдауда кұрбан болғандарың тізімдерін куэ ретінде тіпті сол заңсыздықты каралау ретінде газет беттерінде жар салып жүр. Өз мекемелері тіпті сол қанды окиғаларға ешбір катысы болмаған сияқты ақта-сау сыңай танытып жүр. Ал өздері болса, сырттай бақылап қана отырған мекемелер сияқты. Барлығын “канды балақ Сталин” істеді дегенді тұжырымдайды. Ал шындығы солай ма? Рас, Сталин баскарған өкімет баскаша ойлайтындар, ұлтшылдармен күресу керектігін бастады. Бірақ бұл күрес жер-жерде белгілі. Осы сойқан оқиғаны тікелей орындаушы “қылмыстыларды” іздеп табушылар, тергеушілер, “қылмыстарын” мойындатушылар, ұрып-соғушылар, қинаушылар (бұрау салу, токка салу, аспакка асу, тістерін бір-бірлеп қағып түсіру, істікпен мұрттарын жұлу, бізбен кол-тұяқтарының көбесін бізгілеу, кісі өлтіргіштер камераларына кіргізіп ұрып-соктыру, кейде өлтірту, иттерге талату), зорлық-зомбылыкпен жинаған кылмыс құжатын жасау, тіпті “кашты” деп өз қолдарымен ату, сөйтіп “қылмыстылар” санын жоғары эрекеттерімен үстінен арыз түскендерден элдекайда көбейткен (оны сол жылдары кұрбандарынын тірі қалғандары дәлелдейді) айдатқан, соттатқан, аттырған осы мекемелер, олардың “шаш ал десе, бас алатын” белсенді қызметкерлері емес пе еді. Сонда репрессия құрбандарының басым көпшілігінің каны, азабы Орган кызметкерлерінің мойнында екені түсінікті. Солардың жұрт білетін жауыз жұрнақтары Сэкен ағамызға қанды қолын жұмсаған полковник Ивановтар судан кұрғак шығып, алшаңдай “еңбектері сіңген”
зейнеткер атанып жүр ғой. Сол кездегі өкіметтің бұл мекемелер қолшоқпары, ашығырак айтсақ, жендет-жаналғыштары болмаса, оған қатысқан қызметкерлері араларында жүрмесе бір баска. Ол қуғын сүргін совет заманында ылғи жүрігі жатты. 1937 жылдардағылар азайғанмен онан кейінгі жылдардағы белсенділері әлі қызмет істеп жүр, оларды қайда қоймақ? Тіпті осы құрбандар тізімімін бірге оларға киямет жасаған: өтірік арыз жазғандар, теріс тергегендер, қатыгездік жасаған, қинаған, атқан сол кездегі өз қызметкерлерінің тізімін неге жарияламайды?
Осы қаралау хабар тізімдерін жариялап отырған кезде бұл мекемелер іс-әрекеттерін Берия, Ягода, Ежов канды тэсілдерін өзгертсе, қайта құрса да сөз басқа болар еді. Өкінішке орай, іс жүзінде бүгінге дейін сол ескі қатыгездік сақталып отыр ғой. Оған дәлел түрмеде отырғандардың газеттерде жарияланып жүрген хаттары, түрме, айдаудан оралған азаматтардың жантүршігерлік әңгімелері куә бола алады. Тіпті барша халык көзімен көрген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы бұл мекемелер қызметкерлерінің бет-пердесін ашып беріп еді ғой. Олар ұрды- соқты, итке талатты, қыздарды шаштарынан сүйреді.
Ал көп жылдар өткен сон 1986 жыддың қанды да қайғылы оқиғасын осы мекемелер өздері қатыспағандай, тағы куэ, қаралауыш ретінде Горбачев, Соломенцев, Колбиндердің ғана қылмысы ретінде өздері ұстаған, өздері ұрған, өздері теріс тергеген, өздері жала, каралау құжаттарын жасаған, ұрып- соғып, қинау әдісімен қылмыстылар санын әлденеше рет жазыксыздар есебінен көбейткен, соттатқандар, қаза болғандар тізімін жарияламастарына кім кепіл? Ал жариялай калса, тағы да өз қанды қолдарын жасырып, катыгездік жасап орден, медаль, грамота алғандарды атауы анық.
Орталык өкімет қаншама сойкан нұсқау бергенмен, ату- айдатудың сан жоспарын бермеген. Олардың санын сан рет өсірген де - осы мекемелердің белсенділері. Ал осы кылмысты неге бір ғана Сталинмен байланыстырып, “Сталин, Сталин” дегізіп, елді дүрліктіріп койдық? Бұл - шындықты ашпаудың айласы ғана. Қай қайғылы кезенде, қай аймақта болсын қуғын- сүргінді бастап беретіндер шовинистер. Жергілікті жалақор жандайшаптарды пайдаланып, соны өз колдарымен істейтіндер де шовинистер. Оны анықтау тіпті де қиын емес. Архив Кұжаттарын сүзіп қарап отырсаң да, өзіміздің көз алдымызда өткен кейінгі жылдардагы оқиғаларды еске түсірсең де
Орталыктагы, жер-жерлердегі шовинистердің ізі, қолтаңбасы ашык көрініп тұр.
Мысалы, 1938 жылдың 26 ақпанында (бұйрық№ 00260238) 37 адамды ату жазасына каралап кол қойған сол кездегі ішкі істер халык комиссарының орынбасары Воладько, ал жоғары соттың көшпелі сессиясының төрағасы А.А.Горячев үкім шығарып сол күні Жансүгіров, Майлин, Шаниндерді аттырған (“Қ.Ә”, №17, 24 көкек, 1992).
Олар зобалаң дүмпу шыккан соң-ақ дереу тексеру жұмысын өз қолдарына алды да, соны, қайғы-касіретті аяғына дейін жеткізеді. Мысалы, эр республикадағы қылмыс дүмпуі шығысымен оған орталықтан шовинистер қара құзғындай қаптайды. Ол республикаларда заң органдары бар ғой, бірақ олармен есептеспейді, оларға сенбейді, өйткені ол республикалардағы ұлт қаймағы сияқты бетке шығар азаматтарды осы дүрлікпені пайдаланып, бұрынғыдан келе жаткан әдістерімен бір сырып кетуге жандарын салады. Әдетте органдарда ұлт кадрлары азшылық жэне олардың көбіне тексеру, қорытынды шығару жұмысын тапсырмайды. Неге? Сенбейді. Сенбейтін болса оларды саясат үшін ғана ұстамау керек. Бұл бар республикаларда болды. Әсіресе Өзбекстан, Қазақстандарда ерекше жүрді. Мысалы бір ғана Өзбекстанда тергеуші-шовинистердің эрекетгерінен жазыксыз кеткен екі жарым мың адам азаптан босатылғаны газеттерде хабарланды. Ал бізде болса халқымызға көп еңбек сіңірген, білімді де парасатты абзал азаматымыз Асанбай Аскаровтың үстінен арыз түсісімен Орталықтағы шовинистер құзғынша үймеледі ғой. Заң бойынша, эр азамат қылмыс істеген жерінде тергеліп, егер кінэлі болса, сол жерде жазасын алу керек еді. Ол істі тексере алатын, қылмысты болса жауапқа тартатын заң орны республикамызды былай койғанда, сол өзі қызмет істеген Шымкент облысының өзінде жеткілікті болатын. Ал бұл абзал азамат орталықтағы каны шыққан шовинист Калиниченконын қолына берілді. Қара ниетті Калиниченконың эділетсіз канды колы аяулы азаматтарымызды қандай күйге түсіргенін білеміз. Ал сол азаматтың ісін өз елінде қаратуға сенбей, Қырғыз Республикасында сол жауыз Калиниченко өзі алып барып, басы-касында болды. Ол бір жағынан қазак заң орындарына сенбегендіктің айғағы болса, екіншіден, сол азаматтың ісі аркылы туыскан қазак пен кырғыз арасына араздыктың отын жағу екені белгілі.
Бүкіл шығыс халықтарының көсемі атанған, республика- мызға аса зор еңбегімен аты аңызға айналған Дінмүхаммед ағамыздың өз еркімен демалыска шығу кезінде орталықтағы шовинист журналистердің анталап-андыздап, оған кара күйе жакпақшы болғандары да есімізде. Бірақ ағамыздың ак ниеті, адал еңбегі шовинистердің оған тақпак болған күйесін дарытпады. Адал ниетті алып інілері де ағаларын кеудесін төсеп корғады.
Міне, осы шындықты біз ашық жазбай келеміз. Қазақ қаламгерлерінің өзінің ұлтының жақсы көңіл жықпас достык ниетті касиетінің кей жағдайдагы көлеңке жағынан шыға алмай келеді. Бұрыннан бүғып эдеттенген бұғауды үзгенше көп уақыт өтеді ғой деймін. Шовинистердің арыз, озбырлығына тосқауыл койып тоқтату керек.
Репрессия тек Сталин заманында ғана жүрген жоқ. Тек “Сталин репрессиясы құрбандары” деу де басқалар жүргізген қанды репрессиялары көлеңкелеу, жасыру сияқты шовинистік эрекет екені белгілі. Репрессияны бастап берген Ленин мен Троцкий екенін тарихтан білеміз. Ал репрессия Хрущев, Брежнев, Горбачев кездерінде де жүрді. Сталин репрессия кұрбандарына ескерткіш орнату керек дегенге ешкім де карсы емес. Ал Хрущев, Брежнев, репрессияның күрбандары, әсіресе орасан зор көлемде жүрген Горбачев репрессияның қүрбандары атаусыз қалмақ па? Горбачев жасаған қанды-сойкан қылмысты тарихта ешкім де жасаған жоқ. Оның зұлымдық, халықтарға қарсы саясатының зардабын элі күнге тартып отырмыз. Елді бүлдірді. Халықтар достығының күлін көкке ұшырды. Экономиканы тұралатты. Ұлтаралық кырғын отын өшпестей етіп ұлт республикаларында жазыксыз жандар - карттар, әйелдер, балалар қаны судай ағып жатыр Бірақ Горбачев сол судай аққан қаннан да “таза” шығып, “қүрметті” зейнеткер атанып, каншама күтуші-күзетшілермен, мол зейнет ақысымен жылы орынға отырып, жасаған сатқындық, қылмыстары үшін алған “қара қаражатымен” дүние жүзін аралап жүр.
ЖАУЫНГЕР ЖАЗУШЫ
1945 жылдың каңтар айы. Маркұм Жүмакең (Саин) екеуміз майданнан келіп Алматыда жүрміз, Жұмакең бір күні:
- Қасым, бүгін Әдекеңе барып сәлем берелік, - деді.
Жұмакеңнің Киев каласында кездескен күні Әдекеңнің Белоруссия жерінде партизандар қатарында болып аса ерлік көрсеткені жайлы көп әңгімені мақтаныш ете айтканы есіме түсе қалды да:
Баралык. Ол қазір кайда істейді? - деп сұрадым.
Ол қазір де соғыс кезіндегідей мықты, - деп Жүмакең көзін алартып, бетіме ажырая карады. Дүниеде партизандардан мықты ешкім жоқ деген ұғымдағы мен.
Сонда кім болып істейді. Мыкты болатын мұнда партизан отряды, не партизан құрамасы жок шыгар, - дедім оған.
Тыңда да маңызы зор қызметтер болады. Ол қазір Оқу- ағарту наркомының орынбасары, болашақ Нарком, - деді де менің ол не қызмет екенін түсінбей келе жатқанымды біліп, - соғыс уақытында, сонау жау тылында жүздеген партизандарға саяси басшылық етсе, қазір жүз мыңдаған оқытушылар мен оқушыларды басқарады. Болашақ мықтыларды, ақындарды, ғалымдарды дайындауға басшылық етеді. Ал біз болсақ... Менің қолымнан бейбітшілік уақытта келер өлең жазу ғана, онан басқа не келеді? Ал оның қолынан келері де, істер ісі де көп,- дегі Жүмакең сөзін аяқтаған кезде, біз Ленин көшесіндегі екі кабат үйге келіп жеттік. Жүмакең бір кабинеттің есігін ашканы мүн екен, арғы жағынан:
Жүмаке, амансыз ба, денсаулығыңыз жаксы ма? - деген дауыс естілді. Жүмакеңнің соңынан кабинетке мен де кірдім. Әдекең орнынан тұрып, кабинет ортасында бізбен қол алысып амандасты. Жұмакең Әдекеңе мені таныстырған соң, екеуі ұзақ сонар эңгіме бастады. Мен Әдекеңе карап отырмын. “Жаумен айқаса кетсе, қаруы да аз болмас. Ал өзі түн катып орман ішінде жүретін-ак адам екен. Қандай караңғы түн болса да ана алакандай көзі жасырынған жауды көріп қоятын шығар, алыстағыны ести қоятын құлағы да үлкен, сақ болар. Нағыз партизанның өзі екен” деген ойда отырмын. Жүмакең әдеті бойынша, амандықтан соң мені жеріне жеткізе таныстырған. Әдекең сөз арасында маған кайта-қайта назар аударып, партизан атаулыға жылы қарайтынын аңғартқан. Сонан бастап Әдекеңе үйір болып, бауыр басып кеттім. Әдекең бір ғана маған емес, бүкіл соғыска қатысып келгендердің барлығына қамқорлык жасап жүрді.
Сол жылдары Қазақстан Орталық партия комитеті жанындағы бір жарым жылдық “Ленин курсы” деп аталатын курста оқитынмын. Менімен бірге Белоруссияда болған,
Костанайдан келген Жүсіп Наметов деген партизан жігіт те окитын. Ол бір еңгезердей алып денелі, ортадан жоғары бойы бар, аккұба, шегір көзі сабырлы азамат еді. Курста екеуміз тіл табысып, дос болып кеттік. Ол жатақханада жатқанмен, көбінде біздін үйде бірге жүрдік. Белоруссия партизаны болғандықтан, Әди Шәріповпен бұрыннан таныс екен. Бір күні:
Қасым, мына Ұзынағашта ағайым бар еді, соған барып демалып кайтайық, - деді Жүсіп.
Ол осы қала іші де емес, біраз жер ғой, қалай барамыз,
дедім.
Оның барлығын ойластырғанмын. Тек маған еріп, бөтен сөз айтпай жүре берсең, арғы жағын өзім жөндеймін, - деді ол.
Әй, Жүсіп, мен аузыма сөз тұрмайтын адаммын, айт, сені мен шатастырып алмайын.
Сол үшін элі саған айтпаймын. Мен Әдекеңді де, жеңгемді де алдаймын, өзің соның барлығының куәсі боласың, бірақ менің ыңғайыма карай сөйлейсің.
Үлкен кісілерді алдағанымыз ұят болады ғой.
Олар білмей калады, білсе, тағы бір амал табармыз.
Сонымен екеуміз Оку министрлігіне бардык. Әдекең
екеумізді де жылы қабылдады. Амандасып болған соң, кабинет иесі жөн сұрады. Жүсіп қысқа қиып алдырған, тікірейіп тұрған қайратты шашын добалдай колымен сипап алды да:
Әдеке, мына Ұзынағашта уэделесіп, “тұрмыс кұралык” деп келісіп койған адамым бар еді. Осылай бойдак жүре беремін бе, соған мына Қасым екеуміз барып қайтайык деп едік,
дегені. Мен естіп отырған өз құлағыма өзім сенбей қалдым. “Енді не болар екен” деп, төмен карап отырмын. Әдекең болса көңілденіп:
Дұрыс, той болатын болды ғой, барыңдар. Менен не көмек керек, - деп ағынан жарылды да калды. Сонда ғана Жүсіптің әйелі, бір-екі баласы бар екенін Әдекең білмейтінін аңғардым.
Біз онда жаяулап, жүдеп бармай, көлікпен барсак деп едік.
Қашан бармакшы едіңдер?
Осы қазір.
Е, жарайды. Машинамды мініндер, - деп, жүргізушісін шақырып, әбігер болды да қалды. Осылай Әдекеңнің сэт сапарын естіп машинасына отырып, Оқу министрлігінен шықтық.
Енді Әдекең үйіндегі жеңгемізге соға кетейік, - дейді Жүсіп тағы.
Қой, Жүсіп, осы қылығымыз да аз емес. Тура кетелік, - деймін.
Жок. Алдаған соң, екеуін бірдей алдайық, - дейді ол. Енді немен алдар екен деп үндемедім. Үйге кірсек, Зағира жеңгеміз жалғыз отыр екен. Үйге тағы да бұрын кірген Жүсіп амандықтан соң:
Зәке, біз асығыспыз. Әдекеңнің машинасымен кетіп бара жатырмыз, - деп оған айтканын жеңгемізге де айтып, “казақтың ырымын жасап, колыңыздан дэм татып аттанайық” деп келгенімізді де ескертті. Аңқау жеңгеміз шын ниетімен дастарқан жайып, мәре-сәре болып калды.
Бір күннен кейін Әдекеңнің машинасын кайтардык. Сондағы Ұзынағаштағы Жүсіптің ағасы Үлы Отан соғысында мүгедек болып, екі көзінен бірдей басыр болған Бозжанов еді. Ол кезде аудандык әлеуметтік камсыздандыру бөлімінің бастығы-тын. Өте бір бауырмал адам екен, бізді екі-үш күн жібермей, қонак қылды. Ол кісімен соғыс жайлы сөйлеспедік, ескі жарасынын аузын ашып, қайғысын кайта есіне түсіргіміз келмеді. Жаракең де ( ол кісінің аты Жармағамбет пе еді, ұмытып калдым) соғыс жайлы эңгіме қозғамады.
Жарекең үйінен кайтып келген соң, өз үятымыз өзімізде болып, Әдекеңе бара алмай жүрдік. Соңынан курсты бітіріп, Жүсіп екеуміз екі облыска совет кызметіне кеттік...
Тұңғыш кітаптарымның бірін ¥лы Отан соғысы кезіндегі казақ партизандарына арнап шығарған едім. Сол кітабымның бір данасын Жұмакеңе беріп тұрып:
Мына екінші данасын Әдекеңе беремін, - дедім.
Сен Әдекеңді құттыктадың ба? - деді Жұмакең.
Жоқ. Немене?
Мен баяғыда айтып едім ғой, “ол Нарком болады” деп. Ол Наркомның - Министрдің өзі болды, - деді Жұмакең өзі министр болғандай, куанышы койнына сыймай. Сол күні Әдекеңе кітабымды апарып беріп, партия мен өкіметіміз сенім көрсеткен лауазымымен құттыктадым. Әдекең кітабымды мұкият карап отырып:
Кітап шығарыпсың, кұтты болсын! Енді жаза бер. Менін де соғыс кезіндегі жазған күнделіктерім баршылық еді. Не керек, жазуға жұмыс басты болып жүрмін, - деді.
Әдекең көп ұзамай Қазак КСР Министрлер Советі төрағасының орынбасары болып жоғарылады. Осынша жауапты да ауыр жұмысты мүлтіксіз атқара жүріп, ол аз уакыттың ішінде
көптеген кітаптар жазып үлгерді. Сосын Әдекең Қазакстан Жазушылар одағын басқарды. КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы төрағасының орынбасары жэне КСРО Жазушылар одағы төрағасының орынбасары болып жүріп мемлекеттік маңызы бар жұмыстар атқарды. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын ұзақ уақыт басқарды. Мемлекет қайраткері ретінде, жазушы ретінде бірнеше шет мемлекеттерге көптеген делегацияларды басқарып барып, қыруар жүмыстар істеді. Бұл халықаралық маңызы бар сапарлары туралы да Әдекең бірнеше кітап жазып, жарыққа шығарды.
Әдекеңнің қаламынан шыққан “Партизан қызы”, “Бір тонның тарихы” деген еңбектері қазақ эдебиетінен тиісті орын алып, оқырман көңілінен шықты. “Партизан қызы” повесі бойынша түсірілген “Орман аңызы” фильмі көгілдір экран көрермендерінің жалықпай қызықтайтын киносына айналды.
Әдекең - филология ғылымының докторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Әдекеңнің майдандағы, жау тылындағы ерлігін, оқу-ағарту ісіндегі, ғылым саласындағы еңбегін, мемлекет мекемесі аппаратындағы жұмысын, Жазушылар одағындағы, әдебиет майданындағы жемісті еңбектерін шағын естілікке сыйғызу киын.
ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ СӘЛЕМ
Достарыңызбен бөлісу: |