Тандамалы



бет20/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы

(Қаз-қалпында)
Майданнан аман-есен келген ағайын-туыстарға қуа- нысып, келмегендерін сарғая күтіп, тіпті “қара қағаз” келгендерінен де үміт үзбей, жүріп жатқан кез еді. Сөйтіп жүргенде, ағалы-інілі екі бірдей туысымыз майданнан жаралы болып елге оралды. Үлкені - Ахмет. Қой аузынан шөп алмайтын момын. Бұрын колхозда мал баққан. Әліпті таяқ деп білмейтін, орысшасы да тақыр. Кішісі - Иіс. Оның аздап арабша сауаты бар, орыс тілін біраз білетін. Ахмет ағасындай жайбасар емес, ширақ мінезді, қатал, істейтін ісіне берік, тиянақты, еңбекқор адам.
Ахмет ақсақалдың кеудесінен орденімен медалін көргенмін. Бірақ оларын кейін де тақпады. Ал Иіс ағайда медаль да жоқ болатын. Екеуінің аман келгендеріне қуанып, олардың қайда, қалай соғысқандарын сұраған да емеспін. Осы екеуі біріне-бірі өте жакын болды, колхоз шаруасында да, үй жұмысында да біріне-бірі қолқабыс жасап, көмектесіп жүрді. Әсіресе шалағай Ахмет ақсақалға Иіс ағай қол ұшын жиі беретін.






Бірде Иіс ағайдың үйіне барсам, Ахаң сонда отыр екен. Екеуінің сол күні қолдары бос болуы керек, жэй әңгімелесіп отыр. Олардың аузынан соғыс туралы бір ауыз сөз естімейтінбіз.

  • Осы екеулеріңіз басқа ағайын-туыстардан гөрі біріңе-бірің жең ұшынан жалғасып, жақын жүресіздер ғой, - деп қалдым. Ахмет ақсақал жымиып күлді де інісіне қарады.

  • Ей, шырағым-ай, оның да бір себебі бар ғой. Басқа туыстар менімен бірге өлім алдында болған жоқ. Ал Ахаң болса менімен майданда бірге болды. Бір пулеметтің түтқасын екеулеп ұстадық. Мен - пулеметші, Ахаң менің көмекшім - оқ тасушы. Екеуміз бір күні катар жараланып, қанға боялдық. Бірімізді-біріміз демеп, біріміздің жарамызды біріміз таңдық. Біріміздің аузымызға біріміз су тамыздық. Қиын- қыстау тар кезеңде, туысынды айтпағанда, бөтен адам да туысыңдай болып кетеді емес пе, оны өзіміз басымыздан талай өткіздік қой, - деді Иіс. Сол сәтте Ахаң көзіне жас алып, інісінің сөзін құптағандай басын изеп отырды. Мен екеуін де аяп кеттім. Екеуінің майданда жұп жазбай, бірге болғандарын естіген соң:

  • Қалай бірге жүрдіңіздер? - дедім.

  • Соғыс басталған соң, онда сенің кайда екеніңді де білмейміз, сенен ешбір хабар жоқ болатын. Барлығымызды комиссариатқа шақырды. Жиналғандарды топ-топқа бөліп жатты. Ахаңды басқа бір топқа жібермекші болды. “Мені сенен айырды ғой, хош бол!” дегендей, бұл кісі маған аянышты қарады. Жаным ашып кетті. “Өмірі қолына мылтықұстап көрген жоқ еді, оның үстіне орыс тілін де білмейді, текке бір жерде өліп қалады ғой” деп ойладым. Бөліп тұрған адамға барып: “Мынау менің немере ағам еді, мылтықта ата білмейді, орыс тілін де білмейді, менімен бірге болсын. Өзім үйретемін” дедім. Тілеуіңді бергір көнді. Сонан кейін де екеуміз талай жерде айрылып кете жаздадык, бірак мен жаман тіліммен түсіндіріп, Ахаңды өзіммен бірге алып жүрдім. Соғыска кіргенге дейін мылтық атуды үйреттім. Ал пулемет атуды үйрете алмай-ак койдым, - деп ол Ахаңа қарады. Ахаң жымиып күлді.

  • Соғыс жолы өте ауыр болды ғой, - деп жалғады сөзін Иіс. Екі-үш жылғы ор іші, ок асты қиын тиді. Соғыстың бітуін аңсаған солдаттар: “соғыс кашан бітеді!” деп, алдыңғы шепке келген үлкен командирлерден эрқашан да сұрайтын еді. Бірак соғыстың қашан тоқтайтынын ешкім де айта алмайтын. Бірде отыз шақты солдат бір жерге жинала қалдық. Барлаушылар


бөлімінде Гриша деген әркашан да көңідді жүретін солдат бар еді ,сол:

  • Сендер соғыс кашан бітер екен, оны кім біледі деп сұрап жүрсіңдер ғой, сендер мына әңгімені тындаңдар, сонда соғыстың қашан бітетінін, оны кім білетінін ұғарсындар, - деді. Біз соның аузына карап, ұйып тыңдай қалдық. Ол бір жаңалык айтатындай барлығымызды көзімен шолып шықты да:

  • Майдан штабы маңындағы әскери бөлімдердің солдаттары да, сендер сияқты соғыстың қашан бітетінін білетін адам тауып, сонан сұрап білгілері келіпті. Бірде солдаттар әңгімелесіп отырып, бірі:

  • Шіркін, соғыстың дэл кашан бітетінін Бас колбасшы анык біледі ғой, соның өзінен сұрар ма еді?! - депті.

  • Ой, оның жай қиял ғой, ол кісіге сені кім жібереді? - дейді екіншісі.

  • Ол кісіге кіруге болмаса, онда Бас қолбасшымен жолығып, ауызба-ауыз сөйлесіп жүрген маршал Жуков та біледі ғой. Ол осы майданның қолбасшысы, содан не болса да, барып сұрасақ қайтеді? - депті үшіншісі.

  • Ол кісіге де қатардағы солдат біздерді жібермейді ғой, - депті тағы біреуі. Сөйтіп дағдарысып отырғанда:

  • Егер маршал Жуков соғыстың кашан бітетінін білсе, өзін күнде тасып жүрген машина жүргізушісіне айтпайды деймісіңдер, айтады. Жүргізушісі де біз сияқты, одан бірге жүрген соң сұрамайды деймісіндер, сұрайды, ол оған калай айтпайды, айтады, - депті енді бірі. Сонымен барлығы ақылдасып, маршалдың жүргізушісінен соғыстың кашан бітетінін сұрамақ болып, екі-үш солдат жүргізушіні іздеп барса, ол машинаның астына кіріп, бір жерін жөндеп жатады. Солдаттар оның жұмысын бітіріп, машинаның астынан шығуын күтіп отырғанда, штабтан Жуковтың өзі шығып, бойының құрыс-тырысын жазып керіліп тұрып:

  • Осы соғысы құрғыр қашан бітер екен?! - депті.

Оны естіп отырған солдаттар біріне-бірі қарап: “Соғыстың қашан бітетінін маршалдың өзі де білмейді екен” деп, жөндеріне кете барыпты. Міне, соғыстың қашан бітетінін соғысып жүрген осы өзіміз ғана білеміз! Аянбай соғыссақ, жаудың аузын бұзамыз, соғыс та тезірек бітеді депті. “Дұрыс, Гриша дұрыс айтады” десіп барлығы күліп, орындарынан тұрды. Соның ертеңінде қантөгіс соғыс болып кетті де, Ахаң ауыр жараланды. Оны алдыңғы шептеп алып кетті. Мен пулемет кұлағында
—ЕЕЕЕЕИ 263




көмекшісіз қалдым. Бұл кісіден төрт-бес күндей хабар ала алмаған соң, бір соғыс әредігінде рұқсат алып, батальон штабына барсам, сонда Ахаң отыр. Екеуіміз құшақтасып көрістік. Ахаңның кеудесіне бір орден, бір медаль тағылып қалыпты.

  • Аха, құтты болсын наградаларың! - деп едім, күліп басын шайқап, өзі қып-қызыл болып кетті де:

  • Иіс, ұят болды... - деп арғы жағын айта алмады. Сөйтсем, Ахаң жараланып, ұзақ уақытка катардан шығып калған соң жэне орыс тілін де білмейтін болған соң, командирлер бұл кісіні елге қайтармақ болыпты. Құжаттарын қолына алып, қайтуға айналған соң: “Өзіме мұнша жақсылық жасаған үлкен командирге рахмет айтпағаным дұрыс болмас” деп, шинелін сүйретіп, ол кісіге барады ғой. Барған соң, полковникке өз тілінде рахметін айта бастайды. Ол Ахаңның не айтып тұрғанын түсінбейді. Сөйтіп тұрғанда, анадайда бір қазақтың кіші лейтенанты кетіп бара жатады. Полковник оны шақырып алып:

  • Мына солдат маған не деп тұр? - деп сұрайды.

  • Бұл кісіге не деп едіңіз? - дейді лейтенат.

  • Осы адам маған елге қайтуға рұхсат берді деген соң, істеген жақсылығына рахметімді айтайын, әйтпесе жолым болмас деп ойладым. Өзі үндемейді, мені түсінбеді-ау деймін,- депті Ахаң.

  • Рахметіңізден басқа не айттыңыз?

  • Өзінің мен сияқты еліне аман-сау қайтуына тілектес екенімді айттым.

Сонымен қойшы, кіші лейтенант полковникпен біраз сөйлескеннен кейін полковник Ахаңның кеудесіне бір орден, бір медаль тағуға бұйрык беріпті:

  • Ойбай-ау, сонда жараланғаным үшін де орден аламын ба, - десем, элгі лейтенант жігіт куақылана күледі.

  • Ертең елге барасыз. Туған-туысқандарыңыз жиналады. Амандық-саулық сұрасып болған соң: Аха, қайда болдың? - деп сұрайды. Соғыста болдым дейсіз. Онда олар: калай соғыста болдың, не орденің жоқ, не медапің жоқ десе, не айтасыз, - деп жымиып тұр.

  • Қой, шырағым қалжындайтын жерің бұл емес, - деймін ғой баяғы. Әлгі лейтенант енді үлкен командирдің айтқанын калжыңсыз жеткізді. Сөйтсем командир:

  • Бұл солдат — адал азамат. Өзінің командирлері: орыс тілін




білмегені болмаса, өте батыл да тэртіпті жауынгер деп еді, - депті.
- Бәсе, солай десеші. Бірақ енді бэрібір осы награданы сен әперді деп жүрмін, - дедім мен.
Міне, Ахаң кеудесіндегі орден мен медальді кіші лейтенант сұрап берді деп ұятсынып отыр. Шынында, елге оралған соң да өзімен амандаса келген ағайындар: “Аха, үлкен ерлік жасапсыз ғой, мына орденді қандай ерлік жасап алдыңыз, мына медалді де ерлік көрсетпесе бермейтін шығар” дегендерге, бұл кісі: ешбір ерлік көрсеткен жоқпын. Иіске оқ тасып беріп жүрдім. Ал орден мен медалді қазақтың бір кіші лейтананты сұрап алып берді деп жүрді”.
ҚЫЗЫЛ ГАЛСТУКТІ МАЙДАНДАСЫМ
Жуырда Украинаның Миронов аудандык бір мекемесінен хат алдым. Онда сол ауданға карасты Македон селосында тұратын Карпенко Анна мен оның ұлы Николай екеуінің неміс басқыншылығы кезінде патриоттардың астыртын жұмысына қалай қатысқаны жайлы жазыпты. Екеуін де ұмытпаппын. Николай деп отырғаны - сол кезде не бары он-он бірдегі пионер бала. Міне, осы хатты оқып отырып бұдан 35 жыл бұрын астыртын ұйымдарына өзім басшылық еткен бұрынғы Ржищев, қазіргі Мироновка ауданының Македон селосы есіме оралды. Село ұлкен ойпатқа орналаскан еді. Мұнда басқыншылардың коменданты, село старостасы, жиырма шақты полицай бар еді. Фашизмнің “жаңа тэртібін” орнатушы осы жендеттер халық басына эңгіртаяқ орнатып тұрған кез болатын. Бұл селода астыртын ұйым мүшелері көп еді. Болашақ партизан отрядының басшылары да осы селода нағыз совет отбасылары деген үйлерге паналаған- ды. Түнде бір-бірімізге езіміз катысамыз да, күндіз жен- деттердің көптігінен ол мүмкіндіктен айрыламыз. Осындай қиын жағдайда арамызға дәнекер болып, бастарын өлімге тігіп, көмекке келетін осы Николай сияқты пионерлер еді.
Жау тұтқиылдан басып алған Украина, Белоруссия, Балтика жағалауындағы жерлерде пионерлер де жауға қарсы күресті. Отрядқа келген пионерлердің көбі сол кезде қолданылатын қару-жарақты жақсы білетін еді. Сондықтан да отряд басшылары оларды тек барлауға ғана пайдаланбай,
—ЕЕЕЕЕП 265 —





қолдарына кару беріп, үлкендерге ертіп, операцияларға да жіберіп отырды. Күзетке де, лагерьді корғауға да қойды.
Олардың шамасына карай және алып жүруге колайлы болу үшін, винтовканың стволын кесіп кысқартып беретін едік. Оны олар “пушка” деп атайтын. Өйткені стволы қысқарған соң, оның дауысы әдеттегі винтовкадан катты шығатын да, фашистерге, староста, полицайларға үрей тудыратын. Иә, соғыстың қиын-қыстау кезінде пионерлердің ерлігі, жан- қиярлык істері элі күнге көз алдыңнан кетпейді. Олардың партизан отрядтарына қосыла алмай, өз беттерімен күресіп, ерлікпен каза тапқаны канша десеңізші! Енді, міне Коля Карпенкодан хат алдым. Ал бұл күнде ол полковник екен. Архангельск қаласындағы әскери бөлімнің командирі. Ол мені Қызыл Армияның 59 жылдығымен құттыктапты. Жас достарым, мен бүгінгі ұлы мереке күні пионер есімін аузыма неге бірінші алғанымды түсінген боларсыңдар. Бұл - кешегі күні Отан үшін жан қиған кызыл галстуктілердің бүгінгі ізбасарлары - сендердің де мерекелерің.
ТАҒДЫР БАТЫРДЫ ДА АЯМАЙДЫ
Майданнан келген соң көп уакытқа дейін Жұмағали Саин таныстырған акын-жазушылар төңірегінде жүрдім. Олар да мені жатсынбады. Тіпті кейбіреулері жылы сөйлеп, бауырына тартып, мені өздеріне үйір қылып алды. Өздерінің арасында бұрыннан Қасым атты адам болғаннан ба, элде менің шын мәніндегі партизандык қылығыммен оларға солай көріндім бе, әйтеуір барлығы атымды атамай “Партизан” дейтін болды. Осыған дейін сәлем бергенімде, сэлем орнына “Ей, партизан!” деп, тамағынан кырылдай шыккан Сэбит ағаның дауысы, “Здравие желаю, партизан!” деп шыққан Бауыржанның катаң үні құлағымнан кетпей қойды. Солай осы бір кездегі украин патриоттарының азан шакырып койғандай атымен аталып қалдым. Әрине жазушы-ақын адамдардың арасы маған көңілсіз болған жоқ. Сонда да орман адамы, майдан адамы ретінде орманға, майдан жакка карай бердім. Майданнан азаматын күткен зарыққан-жабыккан қам көңілді жандармен бірге мен де майдангерлердің келуін күтіп жүрдім. Аман-есен елге оралып жаткандармен іздеп барып, танысып та жүрдім.
Бірде “Лениншіл жас” газетінің редакциясы шақырды. Барсам, біраз майданнан келген азаматтардың басын қоскан




екен. Кейбіреуін бұрын көргенмін, танысканмын. Солардың ішінде бір жас жігіт отырды. Ол да анда-санда маған қарап қояды. Ортадан сәл төмендеу боны бар, қараторы, қап-қара шашын артына қарай жатқыза тарап қойған, келбетгі жан. “Майданға мектеп қабырғасынан ясастай барып, “қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі” дегендей тірі қалған соң, елге оралған ғой” деп ойлап отырмын өзімнен кіші көрінген соң. Бір кезде кездесуді басқарып отырған адам:

  • Ал енді арамызда фашистердің ордасы - рейхстагқа шабуыл кезінде алдағылардың қатарында болған батырлардың бірі Ракымжан Қошқарбаевқа сөз берелік, - деді. “Арамызда рейхстагқа ту тіккен батыр да бар екен-ау” деп, сол туды өзім тіккендей бойымды мақтаныш сезімі билеп кетті. “Бұл кайсысы болды екен” дегендей, жан-жағыма қарадым. Сөйткенше болмай, элгі өзіме жап-жас көрініп отырған кара шашты жігіт орнынан көтерілді. Мұндай жиында бұрын сөйлеп көрмеген болуы керек, бірден сөйлеп кетпей, кездесуді басқарып отырған адамға карай берді.

  • Майданға барғаныңызды, әсіресе рейхстаг шабуылы жайлы айтсаңыз, - деп ол Рақымжанға жол ашып бергендей болды.

Рақымжан мектептен әскери училищеге тап болғанын, онан соң майданга барғанын қыскаша айтты да, рейхстагқа тірелді.

  • Шабуыл кезінде баскарған взводпен үлкен бір мекеме үйіне баса көктеп кірдік. Сөйтсек бұл гестаполар ордасы болған Гиммлер үйі деп аталатын үй екен. Осы үйді фашистерден тазартқан соң, енді карсы бетте - каналдың арғы жағындағы рейхстаг үшін айқас басталды. Рейхстагқа фашистер таңдаулы эскери бөлімдерімен мықтап бекінсе керек. Рейхстагты көріп- ақ түрмыз, бірак олай қарай бас көтертпейді, ок борап тұр. Рейхстагқа дейінгі көз көрер ашык жерде жатқан, оққа ұшқан адам денелерінен көз сүрінеді. Біздің жактан топ-тобымен шабуылға шығады, бірақ көбі ортаға жетпейді, жау пулеметтері жайпап тастайды. Сөйтіп тұрғанда үлкен командирлер өз еркімен рейхстагқа шабуылшылар жасақтай бастады. Лей- тейнант деген атағым бар, взвод командирімін. Командир- лерден маған “барасың ба?” деп сұрады. Мен жауап қатқанша: “Ойлан. Бару, бармауың еркінде” деді тағы. “Барамын” дедім. Жаныма Болатов деген солдатты алып, әзірлендім. Командирлерім кызыл жалауды бір метрдей ағашқа орап, қойныма тығып берді. Біз жауған октың бір әредігінде Гиммлер




үйінің бірінші кабатындағы терезесінен қарғып түсіп кеттік. Он-он бес метрдей жүгіріп, өлген солдаттар арасына жата қаламыз. Гриша да менен калмай келеді. Осы Гиммлер үйінен рейхстаг арасы алты жүз метрдей. Бас көтерсең-ак карсыдан ок борап кетеді. Әр көтерілген сайын алты-жеті метрден артық жүгіре алмаймыз. Артыма карап, “Гриша, қалма” деп коямын. Қалың өліктің арасында бір адам болса да ес кой. Гришаны ес көремін. Сөйтіп жан ұшырып, каналдан да өттік. Каналдың жан-жағы цементтелген, суы онша терең емес екен. Канал мен рейхстаг арасында темір үйшік түр. Осы үйшікке де жетігі паналадық-ау әйтеуір. Бораган ок маңайымызды тіміскілеп жүр, эзір аманбыз. Артыма - Гиммлер үйіне караймын. Олар “алға-алға” деп белгі береді, біз еріккендіктен бұғып жаткандай. Енді алға жүрудің өзі қиын, өліктен аяқ басар жер жоқ. Әр өлікті алға, оңға, солга аттап жүргеніміздің өзі оқтан қашып бұлталақтап, бір әскери тэсілмен жүргендей сияқтымыз. Рейхстагқа жақын қалғанда, қанша уакыт өткенін білмеймін, эйтеуір біраз уақыт өтті. Енді қалған аз жерді бірден жүгіріп өтпесек, окка ұшарымыз анық. Гришаға “калма” деп белгі бердім де, тұра жүгірдім. Жүгіргеннен жүгіріп, рейхстагтың бір есігіне келіп жетіп, жүремнен отыра кеттім. Гриша да жетіп, есікке сүйеніп тұр. Атылған пулемет, зеңбірек дүмпуінен еш нәрсе естуге болмайды. Қойнымдағы жалауды алып, жазып Гришаға қарадым. Біз түрған есіктің арғы - ішкі жағынан бір нәрсе сарт ете түсті. “Өлген жеріміз осы екен” деп Гришаны кұшақтай алдым, - деп токтады да, ол маған карады. Мен күлдім. Ол да күліп жіберді де “осы не айтып койдым” дегендей, кездесуді басқарып отырған адамға қарады. Ол кісі де жымиып:
- Иә, айта беріңіз, - деді. Рақымжан көңілі орныккандай:
-Енді жалауды қадайтын жер іздедім, Есіктің оң жағындағы үлкен терезенің карнизіне орнатуға болады екен. Гришаға жалауды беріп :”менің арқама шығып жалауды қада” дедім де, арқамды тостым. Ол дереу қабырғаға аяғын тіреп менің үстіме шығып, жалауды терезенің сынған карнизінің бір жеріне орнатты. “Мықтап орнат, көрінетін болсын” деймін, оны әзер көтеріп тұрып. Бұл кезде рейхстагтың басқа жерлерінде де жалау орнатыла бастапты. Міне осылай соғысы қүрғырды аяктадым-ау! - деді. Жүрт ду қол шапалактап, Рақымжанға құрмет көрсетті.
Сонан біраз уақыт элгі рейхстагка ту тіккен батырдан




көз жазып қалдым. Оның әсіресе Берлинде көрсеткен ерлігі есімнен шыкпай жүрді. Өзі тілге шешен, сөзін шұбарламай, таза сөйлегеніне қарағанда, естелік те жазуға қабілеті бар екенін аңғарғанмын. Енді кездессе осы жайды есіне салайын деп жүргенмін. Бір күні кеңседе отыр едім, есікті кақпай жайлап ашып бір еңгезердей адам кірді. Бұл - бүрынды-сонды көрмеген адамым.

  • Қасым, інім, - деп колын ұсынғанда, орнымнан тұрып, әлгі адаммен таңырқай амандастым. Таңыркайтын себебім: көзіне жас алып тұр.

  • Е, не болды, аға, - деп калдым. Әлгі адам:

  • Қасым, мені білмейтін шығарсың, - деп орындыққа отырды. Мен де отырдым.

  • Жетпісбаев Балтабек деген ағаңмын. Панфилов дивизиясында Баукең, Мәліктермен бірге болғанмын. Саған келгенім - ана Рақымжан деген інің катты наукастанып, ауруханаға түскен екен. Анау қаланың шетіндегі ауруханада жатыр. Орын болмай, дэлізде жатыр. Ал ыстығы жоғары, катты ауру адамға тіпті жаман ғой. “Менің енді ешкімге керегім жок. Осылай енді кор болып өлемін ғой, Балтеке” деген сөзі осы өзіңе кірерде есіме түсіп, көзіме жас толып кетті. Осыған өзің көмектес, әдейі келдім, - деді. Мұндай жүрегі нэзік, бауырмал, қамкоршы адам болар ма?

  • Аға, уайымдамаңыз, міне қазір баратын жерлерге барамын, - деп Балтекеңнен Рақымжан жатқан жердің адресін алып, кеңседен шықтым.

Ол кезде Қазак ССР Министрлер Советі төрағасының орынбасары Әди Шэріпов болатын. Сол кісінің алдынан бір-ақ шыктым. Ол кісіге келген жұмысымды айттым. Ракымжанның кім екенін де айтып жеткізгендей болдым. Сөз аяғында Рақымжанды өкімет ауруханасына жаткызуды талап еттім.

  • Ол ауруханаға тіркелетін категорияға жатпайды ғой. Совет Одағының Батыры болса, онда бір басқа.

  • Немене, ондағы тіркелген бастықтардан басқасының барлығы да Совет Одағының Батырлары ма екен! Мына мен тіркеулімін, мен Совет Одағының Батырымын ба? - деп, бетбақтырмай отырмын. Бұл мәселені шешпесе осы кабинеттен кетпейтінімді жэне ескерттім. Әдекең сәл жұмсарып, күлімсіреп басын шайқады да:

  • Ендеше бір мекемеден “ходатайство” қатынас қағаз алып кел, - деді. Қойшы, сол күні генерал Нұрмағамбетовтен - ол




кезде соғыс ардагерлері советінің бастығы болатын, генерал Байкеновтен - ол кезде Қазақ ССР әскери комиссары еді, солардан қатынас қағаз алып келіп, түстен кейін Рақымжанды өкімет ауруханасына салдық. Батыр аға Балтекеңнің бір тапсырмасы осылай орындалды. Осыдан кейін Рақымжан екеуміз бірімізге-біріміз жақын жүрдік. Бір күні телефон шылдыр ете түсті. Трубканы көтердім.

  • Аға, амансыз ба, жеңешем тың ба? - деді. Даусынан таныдым: Рақымжан.

  • Иә, аманбыз. Аға дегеніңе қарағанда, бүгін көңіл-күйің жақсы болар, - дедім қалжыңдап. Өйткені, көңіл-күйі нашар болса, “Қасеке” деп сөйлесетін. Сөзіме жауап бермей:

  • Екеумізді Дэу шақырып жатыр, - деді. Ол Баукеңді сырттай кейде “Дәу” дейтін.

  • Иә, не болып қалыпты?

  • Ол айта ма не болып қалғанын. Барған соң білеміз. Еститін үйреншікті сөздерімізді естімегелі біраз болды ғой, соны естіп қайтамыз. Сыртқа шығып тұрыңыз, қазір барамын, - деп трубканы ілді. Баукең пәтерінің есігіне келіп тұрмыз. Рақымжан “кіріңіз” дегендей маған қарады.

  • Телефонда сен сөйлестің ғой, сен кір, - дедім.

  • Онда пәлеге қаламыз. Қазақтың жолын білмейсіңдер ме? Жасың кіші сен неге бірінші кірдің деп боқтайды ғой мені, - дейді күліп Рақымжан. Бізді күтіп отырған болу керек, есік жай жабылған екен, кірдік. Түпкі жататын бөлмеге барсақ, төсекте отыр. Сэлем бердік. Сәлем алудың орнынан:

  • Қайда жүрсіңдер? - деп ала көзімен екеумізге алма-кезек қарады. Мұғалім алдында жауап бере алмай тұрған оқушы балалардай екеуміз үнсіз тұрмыз. Бір кезде ол сабасына түсіп, “отырыңдар” дегендей қарады, тұрған орындықтарды еті қашқан салалы саусағымен нұскады. Біз отырдық. Үйде өзінен басқа ешкім көрінбейді. Ол кісіге менен гөрі Рақымжан батыл болатын.

  • Өзіңізден басқа ешкім үйде жок кой, есік ашық тұр, - деп қалды Рақымжан. Оған тағы ашулы қарап:

  • Менің немді ұрлайды олар. Қолжазба, керекті кітаптар осы бөлмеде, - деп жатын бөлмені нұсқады.

Сөйлесе келе, бір дэрі керек екен, оның қағазын Рақым- жанга берді. Азық-түлік, әсіресе ет тапшылығын да жасырған жоқ. Екеуіміз эскери тапсырма алғандай Баукеңнің үйінен шықтық.




Иә, Баукең біртуар аға еді. Рақымжан аяулы іні еді. Екеуі туралы толассыз айтыла беретін аңыз қалды. Жырлана беретін ұзак сонар жыр қалды. Екеуінің өз колдарымен жазған майдан шежірелерін ұрпақтар окып рухтанады. Сол батыр да акжаркын Ракымжаннан көз жазып қалдық. Үлкен қазаға күйзеліп жүргенде, Жазушылар одағында кездесіп қалған сол кездегі “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы Шерхан Мүртаза:
- Қасеке, қысқа болса да, газетімізге ініңізге күйзелісіңізді білдірсеңізші, - деді. Сонда сол жерде қағазға түсірген сөздерім:
“Сен асқан батырлық көрсетіп, фашизм ордасы - Рейхстагқа желбіретіп Отанымыздың Қызыл туын тіктің, Еитлер басқыншыларының тізе бүгіп, аяққа жығылғанын, сол тіккен Қызыл жалауыңмен дүние жүзіне паш еткендердің бірі болдың.
Қан майданнан оралған соң, жауапты да игілікті жүмыстар атқардың. Жарға жолдас, балаға эке болдың. Жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге өлшеусіз еңбек еттің. “Жеңіс жалауы” атты кітабың - ¥лы Отан соғысы тарихын жазуға қосқан үлес. Сен үлкенге ерке де сүйікті іні болдың. Сенің көмегіңе көңілдері толған үлкен де, кіші де көп еді.
Сырқаттанған кезде Бауыржан ағаға көрсеткен көмегіңді, інілік жақсылығынды көріп едік. Баукеңе, саған да тағдыр қаталдығынан танбады...
Бүгін халқымыздың бір туы құлағандай болды. Сен бізді ерте жылатып кеттің.
Аяулы жас батыр інім, сен ұрпақтарыңның есіңде қаласың!” дегенге ғана шамам келіп еді.
Б¥РЫНҒЫ ЖАҢА АЛАҢ
Әу баста-ақ республика астанасындағы атшаптырым орталық алаңға Брежневтің атын қою халық сезіміне қораш, ойланбай жасалған іс еді. Сосын Брежневтің аты алынған соң, “Новая площадь” - “Жаңа алаң” атанды. “Жаңа алаң” деген не? Оған бұл алаң “жаңа емес, ескі” деп таласқан кім бар еді. Бұл да әйтеуір “ат қойдық” деген немқұрайды “шаруа” болатын.
Баспасөз бетінде ұсыныстар аз болған жоқ. Көпшілік ұсыныс халқымыздың аяулы да ардақты перзенті Тұрар Рысқұлов есімі болды. Бұл есім - елім деп еңіреп өткен ердің есімі Қазақстан астанасындағы алаңға ие болуға лайықты еді.




Бірақ онымен есептескен ешкім болмады. Ол алаңға қазақ сөзін, қазақ есімін жақындатуға, шынын айтсақ, баяғы жасканшақтык, корғаншактығымыз бөгет болды. Бір кезде Орталық стадионға бүкіл ел болып халқымыздың, қала берсе бүкіл еліміздің абыройын әлем алдында қорғаған алыбы Қажымұкан атын коюда да осылай жасқаншақтыққа. ынжықтыкка үшырағанбыз (Халқымыздың осы күнгі Қажымұқаны Ә. Айханов сынды теңцесі кем палуанымызды да өз республикамызда атын ататпай, жүлде алатын шет жактарға аттатпай ұстағанымызды есімізге сақтағанбыз).
Енді, міне, бұл жариялылык, демократия заманында алаңға ат коюда демократия есігі сарт етіп жабылды да, жалғыз В. Давиденко деген кісінің айтқаны екі етілмей, алаңға: “Республика” деген ат берілді. В. Давиденко “Вечерняя Алма- Ата” газетінің 18 маусымындағы нөмірінде: “В конце концов здравый смысл восторжествовал, и теперь площадь получила красивое название, созвучное нашему времени. Рад, что в этом есть и моя заслуга, неравнодушного алмаатинца” деп, өзінің “аса зор еңбегі” сіңгендігін жар салып жазды. Сонда, “республика” деген не, дүниеде республика көп. Сонда бұл кай республика? Әлде Қазақстанда бұрын республика жоқ, ондай сөз де жок па еді? Бұл “әдемі” ат деп жұртты тамсандырмакшы болады кейбіреулер. Оның несі әдемі?


МЕМЛЕКЕТ РЕПРЕССИЯСЫЗ БОЛА МА?
Сананы сілкінткен сауал
Әлемде адам баласы ұлт-ұлыстарға бөлініп, әркайсысы өз алдарына мемлекет кұрғалы өкімет басына данышпан дана емес, баққұмар, мансапқорлар келетінін тарихтан білеміз. Тіпті өкімет тізгінін өз қолына алу үшін, әкесі баласын, баласы экесін, ағасы інісін, інісі ағасын құрбан еткені де белгілі.
Өкімет төңкерісінен кейін бізде де солай болды. Жеңіп шыққан мансапқор өз билігін үстем етіп, отырған тағын орнықтыру үшін, бәсекелестерін аяған жоқ. Олардың біразы жойылды, біразы бағынып, бас иді, ал біразы бас сауғалап шетелдерге қашты. Мемлекетті Лениннің өзі баскарған кезде де саяси карсыластарын куғындау, жазалау аяусыз жүргізілді. Тіпті елдің атақты дарын иелері, қайраткер интеллигенттер




щетелдерді паналауға мэжбүр болды. Ол үшін Ленинді айыптауға бола ма? Кімнің кім екенін айыру қиын аласапыран уақытта төңкеріс заңы қатаң болмаса бола ма? Сол үшін Ленин тұсындағы репрессия аз болған жоқ.
Лениннен соң өкімет басына талас басталды.
Бірак Сталин бэрін тықсырып тастады. Ол туралы аз айтылған жоқ. Дегенмен социализм орнату үшін тыңнан жол іздеген тұңғыш жол салушыларды алай кеттің, былай кетпедің деп айыптаудың да жөні жок шығар. Түскен бағыты дұрыс болмаса, қатені қате деп түзету керек. Оны қате деу дұрыс. Ал ондаған жыдцардан соң болған басшы оны түзете алмай, қате жіберсе, ол қате емес - қылмыс екені сөзсіз. Сталин қайтыс болды. Тагы да жемге таласқан құзғындардай өкімет басына талас басталды. Тіпті кабинетте кісі өлімі болатын атыс басталып кете жаздады. Қай кезде болсын айлаға шебер жауыз жеңеді. Хрущев жеңді. Ол да ойына келгенін істеді. Ол отыз жылдай Сталиннің ең жақын жендеті болып жүріп, Сталинмен бірге жасаған кылмыстарын, кателерін түзетудің орнына екеуі бірігіп жасаған кылмыстарын Сталинге жауып, өзі ақ та сау шықпакшы болды. Өзінше социализмді кайта кұрмак болды. Тіпті партияны екіге бөліп тынды. Ауыл шаруашылығын баскарудағы кайта құруынан мемлекет орасан зиян шекті. Халык мүлкін шетке шашты. Партия мен мемлекеттің абыройын түсірді. Он жыл ішінде әйелі екеуі халықты қара нанға қамап үлгірді. “Совет өкіметінің бірінші жауы едім, бірак Совет еліне Хрущевтай зиян келтіре алмадым” дегізді Черчильге. Хрущев та репрессия жүргізді. Әдебиет-мэдениет қайраткерлерін қуғынға салды. Талымдар мен конструкторларға сараяқтан су ішкізді. Маршал Жуковті шетелге әдейі жіберіп, оған маршал Коневке күштеп арыз жаздырып, өзі жоқта опасыздықпен орнынан түсірді. Хрущев кезінде Совет өкіметі тұсында бұрын-соңды болмаған Теміртауда жұмысшылардың ереуілі болып, армия найзасының күшімен басылды. 1954 жылы тамыз айында Семей ядролық полигонындағы жарылыс кезінде 40 қазақтың жас жігітіне тәжірибе жасап, 33-і өліп, соңынан көп ұзамай, қалғаны қайғылы каза болғанына да Хрущев тікелей жауапты.
1956 жылы Сталин еңбектерінен үзінді окып, оны еске түсіріп, көшеге шыккан студенттер ешбір бұзақылык жасамаса да, Хрущевтің бұйрығымен танкілер табанында өлген






жас қыршындарын ойлап, Тбилиси тұрғындары әлі күнге қақпаларына қара байлап қайғыруда.
Хрущев төрт рет Алтын Жұлдыз алды. Не үшін? Соңғы кезде елді басып кеткен протекционизмді де бастап берген осы Хрущевтің өзі. Украинада оның бар туыстары бастык болды. Тіпті бір қызы онда партия Орталык Комитетінің хатшысы болды. Әр жерде көптеген қабатты демалыс, аң аулау орындарын салғызған да Хрущев.
Хрущевқа халықты айтпағанда, өзінің сыбайлас серіктері де шыдай алмады. Орнынан түсірді. Оның оң колы болып жүрген жакын серігі Брежнев орнын зорлықпен басып алды. Бұл Хрущевтің “бірінші лениншіл”, “бірінші тың игеруші” дегенін де өзі иемденді. Бүп шенкұмар ешбір эскери оқу орнын бітірмесе де маршал атағын алды. Майданда полкқа басшылык етпесе де, “Жеңіс” орденін тақты. Соғыс өткеніне отыз-кырық жыл өтсе де, ешбір соғыс болмаса да, төрт рет Совет Одағының Батыры атағын жэне иеленді. Ол соғыс уақытында “Кіші жер” деп аталатын майданның ұйымдастырушы-каһарманы болып шыға келді. Тың игерудің ұйымдастырушысымын деп жар салды. Сөйтіп “Кіші жер”, “Тың” деген брошюраларды біреуге жаздырып, оларға автор болды. Оларды Ленин пар- тиясының партиялық документі ретінде барлық партия конференцияларында мақұлдатып, лауреат атағына ұял- май-қызармай жетті. Енді өз атын Ұлы Отан соғысы қолбасшыларының бірі ретінде көрсетуді армандады. Оған, әрине, өзіне дем беруші серігі Суслов қол ұшын берді. Басқаны былай қойғанда, тіпті ұлы қолбасшы Жуковтың шыққалы тұрған кітабын Суслов тоқтатып қойды. Неге? Онда Брежневтің колбасшылық рөлі көрсетілмеген. Сөйтіп ¥лы Отан соғысы тарихы бұрмалана бастады. Жеңіске арналған салтанатты жиындарда ең алдымен Брежнев бейнесі үлкен экранда көрсетіліп барып басталатын болды. Төрт рет Совет Одағының Батыры атағын алғандар ретінде оның аты-жөні Жуковтің алдында жазылды. Ол қартайды. Жүре алмай, сөйлей алмай жүрді. Жанындағы жандайшаптарының жазып берген баяндамасын адамша оқып та бере алмай, оқуға тілі де келмей жүрді. Бірақ орнынан өлмей кетпеді.
Брежневтің орнына тағы талас басталды. Бұл жолы Андроповқа тиді тізгін. Ол мүмкін өткен қателерді байсалды да байыпты түзетер ме еді, қайтер еді, бірак ғұмыры аз болды. Ойындағы істерді атқара алмай кетті. Өкімет басында жэне


дурбелең. Бұл жолы қаншама халі нашар болса да, “мың жыл атан болғанша, бір жыл бура болайын” дегендей, кэрі қасқыр Черненкоға тиді билік. Ол айналасы екі жылдың ішінде көсем де, шешен де, шекарашы да болып шыға келді. Алтын Жұлдызды үш-ақ рет алғанына өзі де өкініп кеткен шығар. Ол да денсаулығынан жүре де алмай, сөйлей де алмай, тынысы тарылып, сүйретілгендей болып жүрді. Бірақ орнын ешкімге кимады. Шалажансар болса да, тізгіннен айрылғысы келмеді. Тізгін бір саусағына ілініп кете барды. Қай мемлекет басшысы болса да, өз елінде еріксіз репрессия жүргізді.
Тіпті ұлы Лениннің түсында да репрессия қай кезеңнен болса да кем болған жоқ. Сталин, Хрущев, Брежнев, Черненконың тұсында да репрессия болды. Репрессия қазір де жүріп, бұрынғылардан артык болмаса, кем соғып жатқан жоқ. Репрессиясыз мемлекет болмайды.
Сталиннің репрессиясын әшкерелейміз, ал басқалары кезіндегі репрессия туралы жұмған аузымызды ашпаймыз. Сталиннің репрессия серіктерін де жасырмакшы боламыз. Сол Сталиннің репрессиясын эшкерелемек болған Хрущевтің 1933-1938 жыл аралығындағы Москвадағы қанды қырғынын, Украинадағы үштіктің басында отырып кырғанын да жасырғымыз келеді.
Бүл арада Сталинді қорғайын деп отырғаным жоқ. Ол орасан қылмысты Сталиннің жалғыз істемегені анык. Кемшіліксіз жұмыс, кемшіліксіз адам болмайтынын ескерсек, өткенге эділ де парасатты талдау жасап, бүрынғы өкімет басшыларының әркайсысына істеген істерін істеді деп, кемістігін кемістік деп, байсалды баға беріп, біржақты, бейбастақ сыңар езулерге тоқтау айтқан жөн болар еді.
Өткеніміз жақсы болсын не жаман болсын, дұрыс не бұрыс болсын, дұрысымызды үлгі тұтатын, қатеміз болса, алда еске- ретін - өзіміздің тарихымыз. Әр кезенде жамандағандары- мыздың еңбектерін кұртып, мадақтағандарымыздың еңбек- терін орынды-орынсыз қайта-қайта басып шығарып жатамыз. Мұнымыз да дұрыс емес, кұртып жібергенше, тарих үшін сақтағанымыз жөн болар.
Маскүнемдікке қарсы күресу - дұрыс. Бұл күресті де бір жақты жүргіздік. Асыра сілтедік. Соның қанша зиян келтіргені белгілі. Қызулыкка баспай, сабырлы да, жан-жакты ойластырып та жүзеге асыруға болатын еді. Бұл қателіктің салдарынан қант тапшылығына ұшырағанды былай қойғанда, қолдан арақ




жасау қылмысына итердік. Саудагерлікке жол ашып, қылмысты көбейттік. Жұрттың бір бөлігін нашақорлыкка батырдық та, жазылуы екіталай ауруға шалдықтырдық. Бұлар оңай құтыла қоятын зардаптар емес. Сөйтіп кылмыскерлердің кылмысына кылмыс косып алуына мэжбүр етіп, мастықтан сауықтыратын орындар мен абақтыларды, лагерлерді лық толтырдық.
Қайта кұрудың сыңаржак кызметі ұлт пен ұлт арасына жік салды. ¥лт пен ұлт карым-қатынасы жаксарып калған кезде қайта құруды желеу еткендер: сен - орыссың, сен - қазаксың, сен - бэленсің деп көзге түртті. Оның үстіне кейбір тілшілер, әсіресе орталықтан келгендер бұл жөнінде жаксы рөл атқарған жоқ.
Мысалы, шахтерлер ереуілі кезінде тып-тыныш еңбектеніп жаткан “Қарағанды шахтерлері де ереуіл жасады” деп, Орталык телевизиядан бір комментатор хабарлап, қарағандылықтарды да ереуіл жасатканы жұртқа мэлім. Әзірбайжан, Армения, Грузия оқиғалары кезінде кейбір тілшілер арандату әрекетінде болды. 1986 жылғы оқиға туралы Қазақстанның қамын ойлап, жоғын жоқтайды деген “Литературная газетаның” республикадағы тілшісі Самойленко кандай зиянды, бүкіл бір халықтың ар-намысына тиетін одак көлеміне хабар жариялағанына да баршамыз куэміз.
¥лт мәселесі дұрыс шешілмепті деп өткенге жала жабу орынсыз. ¥лт мэселесін Лениннің өзі шешіп кеткен. Онан кейін жетпіс жыл ішінде ұлт алакөздігі болмағаны белгілі.
Қайта кұру дүрбелеңінде ұлт араздығын тудырған да осы бетімен кеткен тәртіпсіздер: “не істесек те еркіміз” деп түсінуде.
Демократия, жариялылықты солай түсінген жұрт аран- датушылар ықпалында кетті. Енді ұлт мәселесі жайлы байбалам салып, “ұлт мәселесін де енді шешеміз” деген желеу жасап жатьірмыз. Орталық Комитеттің ресми қаулысымен бүкіл бір халыкты, оның ішінде ең интернационалист көп ұлт-ұлыстармен бір ғасырға таяу қоян-колтық тату отырған халықты - “ұлтшыл” деп жариялау да ұлт мәселесін дұрыс шешіп, ұлт камын ойлағандык бола коймас. Оның үстіне “перекос” деген ұлт пен ұлтты біріне-бірін айдап салатын ұран тастады.
Бұл арандатушы ұранның зардабы әсіресе 1986 жылғы желтоқсан окиғасынан кейін қазак жастарына катты зиянын тигізіп, көп жастар оқу орындарын, қызмет істеп жүрген




мекемелерінен қуылып, тіпті кейбіреулер баска республикаларға кашып, каңғып кетіп, болашақтарын кыршындай қиып кетті. Бір ұл'г бір ұлтқа ала көзімен қарап, іштей өштесулеріне экеліп сокты.
Қазір сөз бен істің арасы қарама-карсы. Сырт көз, еститін кұлак үшін “Вся власть Советам! ” деп айқайлаймыз. Ал іс жүзін- де керісінше. Облыстарда, аудандарда партия орындарының бірінші хатшылары барлығы бірдей - Совет төрағалары болып, міндетті түрде сайланып жатыр. Бүл бұлжытпас кереғарлык Советтерде билік болмайтынын ашықтан-ашық айтып тұрған жок па?
Немесе “кадрларды тағайындауда ескі әкімшілік бұйрык болмасын, демократиялыққа жол берілсін” дей тұра, тағайындалатын емес, сайланатын лауазымдар басқа жақтан, жергілікті жерді білмегенді былай қойғанда, өмірі көрмеген адамдарды жіберіп, күштеп сайлатуды не дейміз. Мысалы, 1986 жылы республикамыздың Орталык Комитетінің бірінші хатшылығына Қазақстан коммунистерін былай қойғанда, Орталық Комитет мүшелері өмірі білмейтін Колбинді жіберді. Осыны не деуге болады? Ол пленумда 18 минуттың ішінде бірінші хатшы болып сайланып шыға келді. Орталықтан Алматы қалалық партия комитетіне бірінші хатшылықка Романов деген келді. Оны да ешкім білмесе де, өңі түрғай түсінде көрмесе де, дауыс алып беріп сайлады. Ол артынан Жоғарғы Совет депутаттығына сайланбай қалған соң, қайта Москваға тайып отырды. Сонда осыларға пленум мүшелері қалай дауыс берді? Олар партиялык демократияны білмегендері ме? Жоқ, олай деуге ауыз бармайды. Сонда калай? “Тоқпақ мықты болса, киіз казық жерге кіреді” деген осы ма?
Біз бір мемлекет басқа бір мемлекеттің ішкі жүмысына қол сүқпау керек деп ауызша айтамыз. Ал іс жүзінде ше? Мүлде кереғар саясат жүргізетінімізді қазір әлем естіп-біліп отыр. Полына, Чехославакия, Венгрия, Ауғанстан оқиғалары - айғақтың бір шеті ғана. Енді қазір сол елдердің халықтары бізді “басқыншылар, зорлық-зомбылаушылар” деп айқай-сүрен салып, “елімізден кетіңцер” деп шам алып қуып жатыр. Ал ол елдерде Ленин ескерткіштерін, олардың ішкі істеріне қол сүғып орнатқызғандар да біздер. Ал қазір ол ескерткіштерді сол елдің халқы бүзып қүлатып жатыр. Ал сол сұғанақтығымыздан не таптық? ¥лы көсем атына не абырой әпердік? “Елімізден тайыңдар, Ивандар” деп, қойға шапқан қасқырды қуғандай




куып жатыр. Тіпті барлығын айтпағанда сол елдердегі біздің елшіліктерге шабуыл жасап, өмірлеріне кауіп төндіріп жаткандары да сол озбырлық саясатымыздың салдары болар.
Барлығын былай койғанда, сол елдердегі каптап жүрген журналистеріміз де жүрген елдерінің ішкі істеріне қол сұғады. Олар сұхбаттаскансып, өкімет басшылары болсын, жай адамдары болсын, өздерінің “колағаштарын” дөрекі түрде олардың мұрындарына тақап тұрып біздің елдердегі дұрысы бар, бұрысы бар науқандарды мақұлдатуға, мақтауға, сол елдерде соны үлгі етулеріне тырысып бағады.
Шетелдерде болсын, осы өз елімізде болсын еркін, бетімен кеткен журналистердің біздің қоғамға, достығымызға тигізетін пайдасынан зияны көп екені анық. Бірақ оған істер амал жоқ. Радиодан болсын, телевизиядан болсын біреудің тұмсығына “жұдырық жұмсап” тұрған тілшілердің қиянатшыл қатал тергеушілердей жауап алып тұрғанын естиміз, көреміз. Бұл жаппай модаға айналды. Демек айтар сөз, берер нұсқауға іс жүзінде істелер іс қарама-қарсы.
Романовқа пленум мүшелері - коммунистер бірауыздан демократия заңына қарамастан дауыс берді. Ал сол Романовты Жоғарғы Совет депутаттығына қарапайым партияда жоқ қала сайлаушылары сайламай қойды. Сонда қалай? Коммунистерден партияда жоқ азаматтар саналы, принципті болғаны ғой. Осыдан кейін коммунистерге қандай сенім артуға болады? Партияда кандай бедел болмақ?
Колбин, Романов сияқты кадрлар өз республикамызда жок па еді? Он алты миллион халқы бар елде ол екеуіндей кадр жоқ дегенге кім сенеді? Демек ондай кадрлар бар. Сонда қалай болғаны? Неге орталыктан демократияны баса-көктеп жіберіп жатыр? Әлде жергілікті кадрларға - қазақстандықтарға сенбей ме?
Әлі есімде, соғыстан кейін республиканың басты қызмет орындарына Яковлев, Шмельков, Пелевин бастаған бір топ адам келді. Солар көп еңбекақы алып, көмекшілері, хатшылары, көлемді кабинеттері, дербес машиналары, жүргізушілері бар кезде шалқып жүрді де, орындарынан түскен күні қайта Мәскеуге артынып-тартынып тайып отырды. Ал осы адамдар өз республикамыздың тұрғын кадрлары болса, дереу кетер ме еді? Жоқ.


АЛЕКСАНДР ЖОВТИСКЕ АШЫҚ ХАТ




Сіз “Халық кеңесі” газетінде Ирак агрессиясын айыптапсыз. Ол дұрыс, эркашанда агрессияны айыптау керек. Бірак Сіз Ирактан бұрын агрессия жасаған Израиль туралы аузыңызды ашпап едіңіз ғой! Сонда агрессия мен агрессияға ғалым ретінде екі түрлі көзқарасыңыз болғаны ма?
Ирактың Кувейтті басып алғаны сұмдык деп, ал Израиль- дьің Палестина мен Ливанды басып алғаны жаксылық деп есептейміз бе? “Бұл соғыска тек қана Ирак кінэлі” дейсіз. Егер шындыққа жүгінсек, Ирак агрессиясынан бұрынғы Америка, Израиль агрессияларын катаң жазаламай, ауыздыктамай отырғандар кінэлі. Оларды аяусыз айыптағанда, Ирак агрессия жасамайтын еді. Ал “Ирак ООН шешімін орындамады” дегенді желеу етесіз. Ирактан бұрын Израиль ООН шешімін орындап па еді? Күні бүгінге дейін орындаған жоқ. Сол “Израиль ООН шешімін орындамады” деп, оған карсы неге соғыс ашпады? Америка мен Англияның азат етеміз дейтін Кувейтте қандай жанашыр жакындары бар еді.
Онда Сіздің де жакындарыңыз болмау керек. Сонда арғы мақсат - Кувейттің мұнайын тонау. Сіз соған атсалысып отырсыз.
Осы мақалаңыздан: “Өзімен-өзі тыныш жатқан Израильға Ирактың ракета тастауы сұмдық” деп, төбе шашыңыз тік тұрады. Ал Израиль қашаннан бері тыныш жатыр еді? Араб елдерін басып алып, күні бүгінге дейін кырып, тонап, қансыратып жатканын Сіз ғалым басыңызбен калай білмей, бейхабар отырсыз?
Осы қантөгіс соғысты келіссөз жүргізіп тоқтату керек демейсіз, керісінше соғыс жүргізіле беру керек деп ұран тастайсыз. Осымен қоймай, бұл соғыска “Совет армиясын жіберу жөн болар еді” деп, біздің өкіметімізге жөн, ақыл айтасыз. Шетелдерде парықсыз көмек көрсетпек болып, үш миллиондай жастарымызды кұрбан қылып алып едік қой. Ендігі қалған жастарымызды аман сақтап калу ниетімен айтып отырсыз ба? Әлде экономикалық дағдарысқа ұшырап отырған елімізге Иракқа эскер жіберіп, шығыннан шығынға бата берсін деген ойыңыз ба?
Осы соғыс жеңіспен аякталады деп көрегендік көрсетіпсіз. Онда пікірлес адамдарыңызды бастап, осы соғысқа өзіңіз барыңыз. “Жеңіс жакын” деп өзіңіз айтып отырсыз.


ҒАБИТ АҒА БЕРГЕН СУРЕТ




Аз уақыт болса да, Ғабит ағаның көңілсіз жүрген кездерінде де, көңілді шақтарында да соңына еріп, қолына су қүйған күндерім болган. Соның бірі - ол өзінің ағасы мен карындасы дүние салғанда, көңіл күйіне аз да болса демеу болам ба деп. еліне еріп барып едім. Енді бір кезде Ғабаң Арал өңіріне конаққа шақырылғанда атқосшылық жасағанмын. Бірак ол кісінің інілік серігі бола алдым ба, жок па, ол жағын айта алмаймын. Ол кісінің сабырлы да салқын жүзіне карап отырып өзіңе деген жақсы ма, жаман ба бағаңды сезіну киынның киыны еді. Әрине ол кісіден мектептегі оқушылардың оқу үлгеру бағасына шаққанда: “жақсы” дегенді айтпағанда, “орташа” деген баға аларыма үмітім болмайтын. Өйткені ағаның табиғатына өз болмысымның алыс екенін білемін. Қайткенде атқосшылык, інілік борышымды кас-кабағынан. көңіліндегісін аңғара алмағанмен, шамам келгенше аткарып жүретінмін.
Бір күні сәті түсіп үйіне бардым. Жалғыз отыр екен. Сол баяғы өзгермес сабырлы калпында кабылдады. Біраз отырып, келген шаруамды тындырған соң, орнымнан тұрып үстелінін үстінде жатқан республикамыздьщ саяси картасына көзім түсті. Бұл кісіге картаның неге керек болғанын ойлап тұрып. қағазға түсіп, көлбеп жатқан байтақ жерге карап:

  • Ғаба, тегінде біздің бабаларымыз мықты болған ғой деймін. Заңсыз күш қолданатын “ұрда жык” заманда осынша жерді иеленіп, сақтап қалу деген мыктылықтың, батырлықтың айғағы емес пе? - деп, бұрыннан көңілде жүрген ойымды айтып, ой шашуға сараң ол кісіден пікір тартпак болдым. Ғабаң өңін ешбір өзгертпестен, маған қарап үнсіз отыр. Әрине өзімен терезесі тең, не сырлас адамдарына сыр ашатын шығар. ал маған тағы да біраз сынай карағандай, үнсіз. Мүмкін ел тарихынан хабарым шамалы екенін ойлап отырды ма, кім білсін. Әлден уақытта жайлап тұрып, кітаптар сіресіп тұрған шкафтың бірін ашып, үш-төрт кітаптың арғы жағынан қалын сары қағазды алып, кітаптарды қайта орындарына койды. Өзі қайта келіп орнына отырды да, элгі сары кағаздың орауын ашып, бір суретке ең алдымен өзі қарады. Маған: “отыр” дегендей, өзінің қарсы алдында тұрған орындықты нұсқады. Орындыққа отырдым. Маған осы суретті ұсынды да:

  • Мынау - Абылай атаң. Хан Абылай, - деді. Әрине Абылай ханды естуін қай қазақ естімеді, мен де естігемін. Бірақ ол




Атаны “хан” деп, “қанышер” деп атайтын атаулар есімде журетін. Шынымды айтсам, ол кезде Абылай атаның тарих- тагы орнынан хабарсыз едім. Ал мына суретті бірінші рет көріп, оның бүкіл айбынды алып тұлғасына, адамның өңмені- нен өтер көзқарасына сүйсіне қарап отырдым. “Ал Абылай атаң кандай екен?” дегендей маған тағы қарады да:

  • Сен партизансың ғой, басқа жұрттай корқа коймассың, осы суретті ал, саған берейін. Бұл атаңды кейін білесің. Бұл кісінің заманындағы ел, жер қорғап, кан кешкен батырларды да білгенің жөн. Сонда элгі маған қойған сұрағыңа өзің де жауап бере аласың, - деп орнынан тұрды. Бұл суретті қашан, кайдан алғанын сұрауға бата алмадым. Сұрағанмен, жауап ала алмайтынымды түсіндім. Оның үстіне “кабылдауым бітті” дегендей, орнынан тұрып қойған соң, суретті өзі орауын ашкан сары қағазға қайта орап алып, ағамен қоштастым. Үйге келісімен суретті кітап тұрған шкафтың көрнекті жеріне койдым. Үйге келген адамдар көріп, кейбіреулері “қайдан алдың, маған беріңіз” деп сұрап та жүрді. Кімнен алғанымды да айтпадым, сұрағандарына да бермедім. Ағаның аяулы қолынан алғанымды беру де ойыма келген емес.

Бұл сурет қазір жарық көріп жатыр ғой, бірақ суреттің бұл данасын қайдан алса да, бастан кешкен қилы-қилы уақыттарда ұлт тарихына жанашыр эділетті болашақтан үміт үзбеген қайсар Ғабит ағаның сақтағанында үлкен мэн бар. Суреттің осы данасы менің қолыма қалай келгенім айтқым келді.
АТТАС АҒА
Соғыс аяқталған кез. Алматыда жүрмін. Майданнан оралған ақын-жазушыларды Жұмакеңнің (Саин) аузынан естіп көруге асығамын. Бір күні оның үйіне барсам бір адам домбыра шертіп отыр екен. Екеуіне сэлем бердім. Домбыра шертіп отырған кісі домбырасын кабырғаға сүйеп, орнынан тұрды. Мен оларға жақындаған кезде:

  • Міне, енді танысып қойындар. Мына кісі -Қасым Аманжолов деген ақын ағаң, бұл жуырда майданнан келді, - деді Жұмағали маған бұрылып. Ортадан төмен бойы бар, шағын денелі, сары адам маған: “бұл кім болды екен” дегендей карап тұр. Екі-үш күн бойы сақал-мұртына ұстара тимепті.

  • Мынау да - Қасым, аттасың, бұл партизан, партизан




болғанда мықтының өзі! Украинада мұны “Вася” дейді екен, - деп мені Жұмағали ол кісіге көпірте таныстырды.

  • Е, менімен бірге Украинадан бір партизан келді деп едің. Аттас екенсің ғой, - деп, Қасекең менің қолымды қайта қысты. Осылай бірімізді-біріміз бірінші рет көріп танысып, стол басына отырдық. Екеуі ұзақ сонар әңгімеге ойысты. Жұмағали Киев қаласындағы Украинаның орталық партизан- дар қозғалысы штабынан өзінің партизандық документін алғанын, онда кейбір тірі қалған партизан достарымен кездескенін, тіпті менімен қалай кездесіп, танысқанына дейін айтады. Қасекең үнсіз тыңдап отыр. Мен сәл шегініп, Қасекеңнен көз алмай, қарап қалыппын. Есімде ол кісі жайлы бір нәрсе бар сияқты. Бірақ ойыма орала қоймай, ұзақ отыр- дым. Жұмағали үлкен болсын, кіші болсын, сипақтатпай тура атын атайтын. Тағы бір сөздің кезегінде Жұмағали: “Қасым” деп бұл кісінің атын тағы атағанда, ұмытып отырған оқиға есіме түсті. Ол осыдан сегіз-тоғыз жыл бұрын болған эңгіме еді. Ол кезде мен Павлодар қаласында облыстық оқу бөлімінде инспектор едім. Бір күні қызметтес жолдасым маған бір газетті ұсынып:

  • Құттықтаймын, окы, сенің өлеңің шығыпты, - деді шімірікпестен. Оқысам (қазір мазмұны, газеттің аты есімде жоқ), ұзақ өлең, өлеңнің соңына авторы ретінде менің атым түр. Аң-таңмын, ол кезде эр нәрсенің басын құрап өлең жазатыным бар еді, бірақ газетке бермейтінмін, ұялатын, қорынатын едім. Тіпті жанымдағы Асылға (зайыбым) оқытудан да ұялатынмын. Өлеңді, эсіресе мынадай өлеңді өзім жазбағанымды, жазуға шамам да келмейтінін біліп тұрмын.

  • Сөзді қой, өлеңіңді жуасың. Өлеңің тамаша екен! - деп, жолдасым тақымдап болмады. “Мұны мен жазғамын жоқ. Дүниеде менен басқа Қасым жоқ деймісің, солардың бір мықтысы жазған ғой” деймін. Әлгі жігіт сөзіме сенбеген соң:

  • Егер бұл өлеңді мен жазған болсам, авторы мен болсам, осы мекемеде дэл сен сияқгы Мырқымбайлармен бірге жұмыс істеп нем бар! - деп ашуландым. Ол сонда ғана маған сенгендей болды. Міне, сол ақынның алдында Жұмағалидын қара шайын ішіп, қара нанын бірге жеп, дәмдес болып отырғанымды түсіндім. Ол өте көңілді отыр. Маған бауыр тарта жылы қарайды. Қасым аға әңгімесінің біразы майдан, ондағы қанды айқаста өзінің майдандас достарының ерлігі




ясайлы болды. Өзінің Батыс майданында, онан сонау Шығыс сапарында да болған патриотизмге толы ерлік шайқастарды бар жан-дүниесімен жыр қылып шертеді. Әсіресе Абдолла ерлігін қайталап айта берді. Мен де майдангер болғандықтан ба, элде “өзіме үйір қылып үйретіп аламын” дегендіктен бе, көпке дейін соғыс жайлы өзі әңгімелеп, менен эңгіме айтуды етінбеді. Бірак ол эңгімесінде өзі туралы ештеме айтпай, тек басқа жолдастарының небір адам таңқаларлық ерліктерін айтады. Майдандас өзі мадақтап, аспанға көтеріп отырған достары соғысып ерлік көрсетіп жүргендей айтады. Өзі туралы сөз жоқ. Ал басқа ақын-жазушылармен сөйлескенде, Қасым аға поэзия жайлы ашыла-ақтарыла сөйлейді. Онда мақтау, не даттау жоқ. Оның сөзінде ру-жікке бөліну де, біреумен бэсеке- бақ таластыру да сезілмейді. Адас (аттас) ағадан азаматтык пен нағыз ақындықтың үлгісін сезінесің. Ол өзін-өзі білген ақын! Ол тіпті болашақтағы поэзияның ұлы көшінде өзінің орынын да білген соң, басқалармен бәсеке талас туралы сөйлемейтіні де сонан ба, ақынның ақындығына бәсеке-талас емес, халық, болашақ шешер деген ниетпен жүретін адам деп ойлап отырмын. Біраздан соң ақын аға маған қарады да: - Жүмағали, екеуіміз ұзақ сонар эңгімеге кірісіп, адас отырып қалды ғой, домбыра шертіп берейін, - деп домбырасын қолына алды. “Домбыра шертіп берейін” деген соң күй шертетін шығар деп қалдым.
Домбыраны күйіне келтіріп алған кезде ақын аға мүлде өзгеріп кетті. Домбыра ішегін екілене шертіп жіберіп энге басты. Жарьщшақтанып шығатын дауысы небір жүрек тебірентер сөздерге толы өлең шумақтарын төгіп отыр. Біз ұйып тыңдап отырмыз. “Оралым, менің Оралым”, “Дариға сол қызды” бірінен соң бірін айтып аз-кем тынды да, есіне майдандас достарын түсірді. Абдолла сияқты батырлар жаумен арыстандай алысып, туған жерден жырақта сүйегі қалғанын қабырғасы қайыса отырып айтып, “Туған жерге” басқанда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет