ҚАҢЫЛТЫРқұпиясы Самаркан атам мығым денелі, табиғат қырнап, мінемей-ақ, долбарлап жарата салған адам еді. Оның күс-күс жуан саусақ- тары, жырым-жырым болып жарылып кеткен қалың еріндері өмір бойы бейнет көріп келе жатканын аңғартатын. Ол кісі көсе еді. Сирек сары мұрты мен сакалына өмір бойы ұстара тимей кетті. Салиха апам да «Апама жездем сай» дегендей әйелден гөрі еркекке ұксас добалдай кара кемпір болатын. Оның, тіпті, даусы да әйел даусына ұксамайтын.
Осы екеуі бірігіп түтін түтеткелі не заман! Жоғары ауыл ортасындағы төбешіктің дэл үстінде ағаштан қиып салған бір бөлмелі аласа үйі тұратын. Екеуі бір перзентке зар еді. Балалары болмағандықтан ба, эйтеуір, екеуі де өте балажан болатын. Үйлерінің маңайына барған балаларға «айналайын», «карақтарым» деп, маңдайларынан иіскемей, үйлерінен дэм татырмай жібермейтін. Балалар да оларды жақсы көретін. Сол атамыз бір күні өріске мал шығарып бара жатты. Біз де шашыраған малдарын жинасып, өріске бірге шықтық. Ауылдан ұзап кеттік. Өскемен каласының жоғары жағындағы кен шығатын жерлерге біздің ауылдың үстін үлкен күре жол басып өтетін. Сол жолды кесіп өткенімізде Бүркітбай жолға жакын бір топ қарағанның арасында тұрған-ды. Бүркітбай - осы Самарқан атамның ағасы - Садык аксақалдың баласы.
Ой, бері келіңдер,- деп ол қолын бұлғап, айқай салды. Біз «не болып калды» дегендей, барлығымыз соған карай жүгірдік. Бүркітбайдың жанына келсек, карағанның түбінде төрт-бес дөңгелек каңылтыр жатыр екен. Біз таңыркап элгі дөңгелек каңылтырды ағашпен түртіп, аударыстыра бастадык.
Атылып кететін бірдеме болмасын, байқаңдар,- деді балалардың бірі. Сөйтіп, жабырласып тұрғанымызда, жаны- мызға таяғын үстап, Самарқан атам да келді.
Немене, балалар,- деп, атам каңылтырға үңіліп қарады.
Міне, осы жерде жатыр екен,- деді Бүркітбай.
Қолымызбен алып көруге корқып түрмыз,- Үзак қарап тұрды да, Самарқан атам:
Сендер арырак тұрыңдар,- деп бізге элгі жерден кетіндер дегендей қолын сермеді. Біз алысырак барып тұрған соң, ол бір қаңылтырды колына алып, жан-жағына карай бастады. Жуан саусақтарымен қысып та, шертіп те көрді. Сосын шайқап, құлағына апарып, тыңдап көрді де:
Балалар, бері келіңдер. Қорқатын ештеңесі де жоқ. Бірак ішінде су бар ғой деймін,- деп тағы кұлағына жақындатып, қаңылтырды шайқады. Енді біздің де етіміз үйреніп, әркайсымыз қолымызға бір-бірден алып көре бастадық. Қаңылтырдың сыртына жапсырылған қағаздары жыртылып, сарғайып кетіпті. Қағаздағы жазулары да өшіп қалыпты.
Бүл не? Ішінде не бар? Бұл жерге кім әкеліп тастады? Осыған біз түгіл, Самаркан атам да жауап таба алмай түр.
Жазуы өшіп калмағанда Окан мұғалім окып, не екенін айтар еді, жазуының өшіп калғаны-ай,- деп өкінді атам. Оқан мұғалім деп тұрғаны - өзінің туған інісі еді. Бала оқытқан кезінен бастап оның Оқан деген атына мұғалім дегенді жалғап, үлкен-кішінің барлығы Оқан мұғалім дейтін. Бірақ оның арабша ғана сауаты бар.
Қаңылтыр сыртындағы жазу қай тілде жазылғанында шаруамыз жоқ, әйтеуір, жазу атаулының барлығын да Оқан мұғалім оқи алады деп ойлайтынбыз. Сол күні жерден жеті коян тапқандай элгі арадан тауып алған дөңгелек қаңылтырлардың барлығын Окан мұғалімнің үйіне алып келдік. Ол ары карап, бері карап, кей дыбыстарының жыртылған жерлерін кұрастырып көріп: «Бұл қазақша жазу емес, сірэ, орыс жазуы болар»,- деп жорамалдады. Бірак бұл үш-төрт ауылда орысша сауаты бар Құнапия ақсақалдың Байсұлтаны да үйінде жоқ, окуда еді.
Не болса да, ашайык,- деді Оқан мұғалім. Сөйтті де, үлкен пышақты қаңылтырдың тегіс жағына қадап, балғамен пышақ сабына ұрып қалып еді, қаңылтыр ішінен қою сары су шықты. Барлығымыз жапырлап қарап тұрмыз. Енді мұғалім оны мұрнына жақындатып иіскеді де:
Иісі бір түрлі,-деп, Самарқан атама қарады. Еш нәрседен жиіркене білмейтін ол кісі саусағын қаңылтырдан шыққан сары суға батырды да, мұрнына апарып иіскеп:
Осы у ішімді жарып кетер деймісің, у болса да, дәмін татып көрейін,- деді.
Тек, Самайқан, у бойса, қайтесің?- деді Мэтіш апам. Мэтіш апам Самарқан атамның туған шешесі. «Р» мен «Л» дыбыстарына тілі келмейтін шолжың адам еді. Сөйткенше болмай, Самарқан атам дэмін татып:
Ой, дэмі тэтті екен,- деп тамсанып, қаңылтырдың бетіндегі қалғанын сұқ саусағымен сыпырып жей бастады. Мэтіш апам қорыкканынан көзі аларып, екі қолын кеудесіне басып, алласына сыйынып отыр. Оқан мұғалім де дәмін татып көрді. Сонан кейін каңылтырдың бетін кеңірек ашып, ішіндегісін үлкен ағаш аяққа төңкеріп салды. Белінен бір бөліп салған ұсак балық. Балалар жан-жактан жамырап, сұрай бастады. Балалар «мыналар жеді ғой, енді кайтер екен» дегендей Самарқан атам мен Оқан мұғалімге алма-кезек қарайды. Олар қалған құмыраларды бір-бірлеп аша бастады. Осылай әбігер болып жатқанымызда, Нұғман атам келді. Бұл кісі қара сұр,
еңгезердей адам еді. Алып күшінің арқасында элді орыстарға жалға жүріп күнелтетін. Бертін інілері іздеп барып, елге алып келіп, бұл кезде ағайын-туғандарының арасында болатын. Ол кісі пышақпен тілгілеп ашып жатқан каңылтырларға үңіліп карады да:
Мүны қайдан алдындар?- деп сұрады.
Бұл не екенін білмейміз, ана Мұздыбұлактың ауызында қара жолдың астыңғы жағында бұтаның арасынан тауып алдық,- деді Самарқан атам.
Ол консерві ғой, орыстар қаладан әкелетін. Кірешілерден түсіп қалған ғой. Арба ауып, сонан түсіп қалды ма екен, әйтеуір, қаладан қайтқан орыстардан түсіп қалған шығар. Ет, балықтан жасалған тамақ қой. Орыста жүргенімде талай жегемін,- деді Нұғман ақсақал. Енді оны тіліміз келмесе де «кәнсерп» деп, тамақ екенін біліп, дэмін татып тамсанып, аз тауып алғанымызға өкіндік.
ВЕЛОСИПЕД Бір күні есік алдына шықсам, Жоғарғы ауылдың балалары қойға касқыр шапкандай шуласып, біздің үйге қарай жүгіріп келеді. Кейбіреулері Карамойыл жакты нұскап айкайлайды. Қарамойыл жаққа қараймын, еш нэрсе көрінбейді.
- Шайтан арба, шайтан арба,- дейді біреулері. Сөйткенше болмай, Қарамойылдан бір нәрсе караң етіп шыға келді. Енді біз шуласып, қораның төбесіне шығып кеттік. Анықтап қарасақ, астына бір нэрсе мінген адам. Біз қол бұлғап айқайлап тұрмыз. элгі адам үлкен қара жолмен Құройнаққа қарай тарты. Енді көлденеңінен анық көріп тұрмыз, екі дөңгелекті арбаның үстінде отырған адамның аяғы бірде төмен, бірде жоғары көтеріліп, екі дөңгелекті арба зырлап барады. Үстіндегі адамның құлап қалмай кетіп бара жатқанына таң қалып тұрмыз. Тіпті үлкен адамдар да бастарын шайқап, таңдайларын қағып таңыркап тұр. Әлгі екі дөңгелекті арбаға мінген адам кара жолмен барып-барып, Жоғарғы ауылға қарай бұрылды. Енді біз қораның төбесінен түсіп, солай қарай жүгірдік. Барсақ, Нұғман атамның үйінің алдында тұр. Арбасын қашаға сүйеп қойыпты. Мандайының терін сүртіп, Нұғман атаммен сөйлесіп тұр екен. Атам орыс тілін аздап білетін еді,
ол ұзын қолын оның басынан асыра, Шалшы жақты нұсқап, бірдемелерді айтып жатты. Біз олардың сөздерін түсінбегенмен, жолаушының жол сұрап, оған атамның жол көрсетіп тұрғанын түсіндік. Олар сөйлесіп тұрғанда, біз жолаушының көлігін айнала коршап, таңырқап тұрмыз.
Мынау жай темір ғой, жаны жоқ, қалай жүреді?
Жок, төмен қарай өзінен-өзі дөңгелеп кететін болу керек!
Төмен карай емес, әлгінде Құройнакка қарай - өрге қарай
да зырлап кеткенін көріп едік қой!
Жоқ, мына дөңгелегі арбаның дөңгелегі сияқты емес, жұмсақ бір нэрсе ғой, ол элде жоғары қарай да дөңгелей алатын шығар,- деп шуласып тұрмыз. Біраздан соң жолаушы жол жүрмекші болды ма, әйтеуір, арбасының қасына келді. Біз «Бұл қалай жүреді?», «Өрге қарсы қалай жүреді?»- десіп, оған сұрақты жан-жақтан жаудырып жатырмьіз. Ол біздің сұрағымызға түсінбеді-ау деймін, атама қарап бірдемелерді айтып, күлді.
Былай тұрыңдар, ұят болады. Қазір қалай жүретінін көресіңдер,- деді атам. Бірак біз жолаушыны қоршап алып, шулап, эр нэрсені сұрай бердік. Ол, ақыры, арбасын ұстап тұрып, бірдемелерді түсіндіре бастады. Оның эр сөзін ұқпағанмен, аяқпен басып жүргізетінін түсіндік. Ол сөз арасында «белесепед» деген сөзді қайта-қайта айтты. Атам оның сөзін тындап тұрды да:
Бұл арба емес, мұны белесепед дейді екен,- деді бізге. Енді біз арба дегенді қойып «белесепед» деп эрқайсысымыз қайталап айтып, онан бетер шулап кеттік.
Судан өте ала ма?- деп сұрады балалардың бірі, Атам оған біздің сөзімізді жеткізіп еді, ол бірдемелерді айтты да, оң қолын тамағына апарып, көлденең тартып қалды.
Ойбой, кеудеден асатын судан да өтіп кетеді деп тұр,- деп қалды балалардың тағы бірі.
Жок, таяз судан өтеді, ал кеудеден келетін терең судан өте алмайды деп тұр,- деп түсіндірді атам оның сөзін. Күн еңкейіп қалған кез болатын, жолаушы асықты ғой деймін, белесепедін жолға қарай бұрды да, сол аяғын белесепедінің бір жеріне салып, атқа мінгендей, тез арбасының үстіне отырып, күре жолға қарай жүріп кетті. Біз соңынан біраз жерге дейін еріп барып, шуласып қалып қойдық. Сонан кейінгі күндері барлығымыздың ауызымыздан «белесепед» деген сөз түспеді.