Тандамалы


мектепте полицаймен алысканда иығынан түсіп қалған Болатовтың күртешесі де бар екен



бет13/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
мектепте полицаймен алысканда иығынан түсіп қалған Болатовтың күртешесі де бар екен.
Барлық мүлікті арбаға тиеп, олар лагерьге тартты.
Илько өз қолымен Отанға опасыздык жасаған старостаны атып тастады.
- Біз кек алдық,- деп Илько Болатовқа кыскаша баяндады. Осы бір-екі ауыз сөздің өзінен-ақ фашистермен күресте өсіп, шыныққан баланың қатал, ерлік мінезін байқауға болатын еді.
1943 жылдың шілдесінде біздің даңқты Қызыл Ар- мияның шабуылы бүкіл майданда зор жеңістермен өрістеді.
Майдан линиясы күн сайын батысқа қарай сұғына берді.
Партизандар Днепр жағалауындағы жау тылында қимыл жасады, олар гитлершілерге ажал төніп келе жатқанын жау қимылынан жақсы сезді. Олар қатты қобалжып, тонаған мүлікті дереу жөнелтіп жатты, эскери тұтқындардың лагерьлері де ішкері тылға орын ауыстырды.
Жаудың бұл қимылдардың бәрінен қансырай бастаған, сілесі қатқан, бірақ элі айбар көрсетерлік шамасы бар жыртқыштың үрейленуін айқын аңғаруға болатын еді.
Илько мен Михайло бастаған «кішкентайлар тобы» Днепр жағалауындағы селолардан жау әскерлерінің қимылын барлады.
Бір барлауға барып келіп, Илько мен Михайло Золотонош тас жолымен жүзге жуық неміс конвойы көптеген совет әскери тұткындарын айдап бара жатыр жэне олармен бірге аузы- мұрнынан келтіріліп баса тиелген жиырма машина кетіп бара жатыр деген хабар әкелді.
Жас барлаушылардың хабарын тындап, командир Примак пен комиссар Ломако Болатовка колоннаның қоналкаға тоқтайтын жерін дереу барлап келуге бұйрық берді.
Барлауға тағы да Илько мен Михайло жіберілді.
Кешкі сағат жеті шамасында олар колонна қоналқаға Хоцкий селосына тоқтады, ал әскери тұтқындар колхоздың ат қорасына қамалды деп хабарлады.
Ат қораға қарсы есікте автоматпен қаруланған үш неміс тұрды. Машиналар ат қораның алдында екі қатар боп қо- йылған. Қалған немістер колхоз клубына орналасқан. Автоматтардан басқа немістерде тағы төрт пулемет бар. Ат кора мен клубқа келер жер шабуыл жасауға өте қолайлы. Ал




койылған күзетке карағанда, немістер жайбарақат, алаңсыз секілді, партизандар шабуыл жасайды деген олардың каперінде де жоқ.

  • Өте жаксы, балалардеді командир Примак, Болатовтың тыңғылықты жэне тиянақты барлауларына риза болып. - Аттанамыз.

  • Мен эзірмін, командир жолдас!- деді Илько, шаршаған көздерімен командирге тесіле қарап.

Болатов жас барлаушының шаршағанын аңғарып қалды. Ол оған үңіле қарап:

  • Демалу керек болар саған, Илько, э? Сен осы үш күннің ішінде қатты шаршаған секілдісің?- деді.

  • О не дегеніңіз! Бұлай етуге бола ма?- деп ол қарсылык білдірді.- Біз Михайло екеуміз ат кора мен клубқа барар жолды әбден карап шыктық. Біз бүл операцияға отрядты өзіміз бастап баруымыз керек.

Илько өкпелегендей Болатовқа карады.

  • Жарайды, сенің дегенің болсын. Егер сен мұны қаласаң, бірге барасың!- деді Болатов, балаға сүйсініп эрі оның табандылығы мен қайсарлығына таңырқап.

Бұл операцияны орындау үшін командование жүз жиырма солдат, екі пулемет бөлді. Осы жауынгер отряд Хоцкий селосына бет алды.
Түн көзге түрткісіз қараңғы. Сәл жел тұрды, ағаш жапырағының сыбдыры партизандардың аңдап басқан адымын естіртпейді...
Селоға жақындағанда Болатов отрядты екі топқа бөлді: отрядтың бір бөлегін Михайломен ат кораға жіберді, екінші бөлегін өзі бастап клубқа кетті.
Ат кораға жіберген топтың командиріне ол:

  • Ат кора маңына барып жат та, менің бұйрығымды күт,- деп бұйрық берді.

Селода ешқандай жарық көрінбейді, қап-караңғы. Тек клубтың есігінен шыккан жарық түн қараңғысында да сығырайып кана көрінеді.
Шынында да, клуб есігінде ешкандай күзет жок боп шықты. Бұл немістердің бейқамдығын аңғартты, Илько дұрыс айтқан екен.
Партизандар клубты айнала қоршалап алып, қараңғыны бүркеніп жата калысты. Болатов пулеметпен клуб есігіне карсы




бір жерден окіайлы орын тауып алды. Аяғын мысық секілді еппен басып, Илько байқаусыз есіктің саңылауынан немістер клубта не істеп жатыр екен, соны байқап тұр. Саңылаудан ол немістердің екі үлкен үстелді айнала қоршай отырып, тамақ жеп, арақ ішіп отырғанын көрді.Болатов немістердің сілесі қатқанша ішіп, әбден мас болғанын күтіп отыруға бел байлай алмады. Ол клубтың үш қабырғасынан өрт қоюға үйғарды. Немістер оттан қорқып, есікке үмтылған кезде, оларды пулемет оғымен қарсы алатын болады. Міне, жаудың күзетші тобын осылайша жойып жіберген жөн деп үйғарды да, партизандар іске кірісті.
Ильконы ол ат қораға жіберді, ондағы жауынгерлерге пулемет даусы шығысымен, бірден сырттағы жау күзетінің көзін жоюға кірісу керек дегі бүйрық берді.
Үш жауынгерге клубтың үш жақ қабырғасынан бір мезетте өрт қой деп бүйрық берді.
Партизандар шапшаң қимылдап, от қойды. От баяу маздап жанды. Қауіп төнер-ау деп ойламаған немістер клубта даурығып, қарқылдап күліп, қаннен-қаперсіз отыр.
Болатов пен Илько пулемет құлағына жабысып клубтың есігінен көз алмай жаудың сыртқа лап қоюын күтіп жатыр.
Қою түтін клубтың қабырғасын орай бастады, бірақ жалын элі көрінбеді. Тығыз буылған сабан лапылдап жанбай, бықсып жанды.
Оттың лаулап жануына тосыннан шыққан жел көмектесті, жалынның отты тілі жалаңдап клуб ішіне карай кимелей бастады.
Сарай ішінен айқай-шу шықты, сонсын бажылдаған үрейлі үндер, сынған ыдыстардың салдыры естілді, солдаттар топырлаған қойдай есікке қарай үмтылды.
Клубтың кең есігінен сыртқа шығуға жан үшыра ұмтылған солдаттар сыймай да қалды, бір секундтей олар шырмалып, есік алдына топырлай түсті.
Міне, нақ осы кезде оларға пулемет оғы жауып кетті. Пулемет оғы оларды қиылған баудай түсірді. Құлағандарының үстін бастырмалата тірілері сыртқа қарай ентеледі.
Клуб есігінің алдында көзді ашып-жүмғанша солдаттардың көбі өлді жэне ауыр жарақаттанды, ал қалғандары тұтқынға алынды.
Солдаттардың кейбіреулері клубтың терезелеріне қарай
151




ұмтылды, бірак автоматшылар оларды да камап, жауды жойып жіберді.
Ат қораны қоршаған жауынгерлердін жағдайы мүлде өзгеше болды. Пулемет тіл қатысымен-ақ, ат кораны күзеткен солдаттар тырым-тыракай боп кашып, түн қараңғысына сүңгіп кетті.
Бағалы уакытты бос жібермей, партизандар ат қораға ұмтылды, екі есіктің де тас-талқанын шығарып, оның ішінен екі жарым мындай арыған, жүдеп-жадаған, үсті-бастары алба-жүлба болған өз адамдарымызды тұткыннан босатты. Олардың бэрі партизандарды нак бір туыскандарындай кұшақтап, алғыс сөздерін айтты.
Қүткарылғандарына сенбей, тұткындағылардың біреулері жылап, екінші біреулері күліп жатты. Бұл азап шеккен адамдардың көздерінде бакыттың, куаныштың, зор алғыстың белгісі тұрды.
Ал Михайло бұл кезде автомашиналарды, жүктерді байқап шығып, Болатовқа баяндағалы келді.

  • Командир жолдас! Автомашиналардың бэрі бұзылмаған, қазір жүруге эзір. Олардағы жүк әр түрлі - фашистердің елден тонап алған ұсақ-түйектері мен ол-пұлдары, астық, түрлі тағам бар.

  • Рақмет, Михайло. Не істеу керек, оны казір айтармыз,- деді Болатов, Михайло командирден ұзап та үлгермеген еді, Илько келді.

  • Командир жолдас! Клубтағы солдаттардың бүкіл мүлкі өртеніп кетіпті. Екі қол пулеметін солдаттардың өліктерінің астынан алдык, калған қүралдары түкке жарамсыз боп капты,- деп жас партизан рапорт берді.

  • Рақмет, Илько! Жігітсің,- деді Болатов.

Бірак Илько командирдің мақтауын шала-шарпы естіді. Ол жаудан босатылған тұтқындардың арасына еніп кетіпті, Илько оларға қарап:

  • Қызылэскер жолдастар, кімде-кім машина жүргізе алса, бері шықсын!- деп команда берді.

Қаптаған топтың ішінен қырык-елу адам шыкты.

  • Әр машинаға екі адамнан!- деп командир тіпті қатты қуанып қалды.

Жасаған жауынгерлік қимылдары үшін өзінің жас дос- тарына қатты риза болды, өйткені осындай аласапыранда,




тұткыннан босатылғандар оған алуан сұрактар беріп, есін шығарып жатқанда, оның көп нәрселерді есінен шығарып жіберуі мүмкін еді.
Ал Илько мен Михайло өздері бас болып, бұл жерден тез кетуді әзірлеуге көп жұмыстар істеп тастады.
1943 жылдың тамыз айы. Майдан шебі Днепрге жа- кындады. Днепр жағалауында жаудың абыржу-саскалақтаулары көбейді. Темір жол мен тас жолдар, жалғызаяк жолдар жау тылына, батысқа қарай айдаған адам, мал, астық, тонаған мүліктер тиелген транспорттарға лык толды.
Жау жеңе алмайтынын сезіп, енді бұрынғыдан да бетер аш жыртқыш секілді аранын аша долданды.
Майдандағы артиллерия канонадасы элі естілмейді, фашист әскерлерінің шегінгені де көрінбейді, бірак жау барынша жанталасып, жинала бастады.
Совет штурмировиктері мен бомбардировщиктері мезгіл- мезгіл аспанда қалықтап шүйіледі. Осының өзі көктем құсы сияқты жақсы хабардың ең анық нышаны еді.
Жергілікті халық та бой серпи бастады. Олар малын, астығын, көр-жерлерін жаудан жасырып, олардың қолына еш нәрсе түсірмеуге тырысты.
Партизан кұрамасының басшысы Днепрдің оң жағалауына барлаушылар тобын жасақтады, оларға Мироновка - Кагарлик станциялары маңдарына барлау жасап, жаудың жаңа орындарға ауысуының жағдайы жайында мәліметтер әкел деп тапсырды.
Барлаушылардың бұл тобында жиырма адам бар, оны бастаған командир Григорий Спижевой болды.
Бұл сияқты ауыр, қауіпті барлауды «кішкентайлар тобына» тапсыру - жасөспірімдердің өміріне катер туғызу болар еді. Бірақ бұл жердің жер жағдайымен жаксы таныс, ой-шұкырын түгел білетін Илько бұл топтың құрамына енді.
Бұл барлаудың нәтижесінде темір жолмен әскери тұтқын, мүлік, жаралы неміс офицерлері тиелген эшелондар тынымсыз ағылып жатқаны аныкталды. Енді қайткенде де мұндай бетімен кетушілікті тексеру керек болды.
Эшелондарда күшті күзет бар екен, станция мен разъездерді эскерлердің ірі бөлімдері бақылайды.
Тапсырманы тындырып, кажетті мэліметтер алып, барлаушылар лагерьге кайтып оралды.
Жолда, Малый Букрин мен Македон селоларының




араларынан, төңіректі үңіле шолып келе жатқан Илько шағын орман ішімен келе жатқан көліктерді байқап қалды.

  • Командир жолдас, қараңыздар, Малый Букрин жақтан көліктер келе жатыр,- деді ол Спижевойға- Кімдер екен. байқап қайтуға рұқсат етсеңіз?

  • Дереу барлау кажет, Илько!- деді Спижевой.

Илько ағаш бұталарының ара-арасымен лезде ғайып боп кетті.
Илько жарты сағагган кейін қайтып оралды, бұл отбасыларымен көшіп бара жатқан полицайлар екен. Олар небары бес-ақ адам, бірак жүк баса тиелген он көлігі бар.
Партизандар көліктерді тоқтатып, полицайларды карусыз- дандыруға ұйғарды.
Екіге жарылған барлаушылар тобы көліктерден озу үшін жол бойымен алға кетті. Олар көліктерден жиырма метрдей озып барып, бұта арасына жата-жата қалды.
Көліктер баяу жылжиды. Шаруалардың арық-тұрык аттары аяқтарын эрең-эрең алып жүреді. Қабағы қатып. түнерген арбакеш көліктердің соңынан құлықсыз салпаңдап келеді.
Көліктердің алдында еңсесі түскен полицайлар келеді. Бэрі де қаруланған.
Жер астынан шыққандай, жиырма ержүрек барлаушы бұталардың арасынан атып шықгы. Автоматтардың аузын үрейленіп, абыржып қалған полицайларға кезеніп, тұтқиылдан жасалған шабуыл.
-Орындарыңнантапжылмаңдар! Қолдарыңды көтеріндер!- деп команда берді Илько.
Полицайлар мелшиіп қатып қалды да, бойсұнып кол көтерді. Оларды Илько әп-сәтте-ақ қарусыздандырды.
Осы кезде көліктердің біреуінен жылаған баланың даусы естілді.
Илько көліктерге бұрылып қарап еді, оның қаны бетіне шауып, өн бойын ашу буды. Өйткені ол екінші көліктен өз әкесін, селосының он бір адамын өлтірген Малый Букриндегі неміс старостасы бүкшиген Роман Гердюкті көзі шалып калған еді.
Иә, бұл нак сол Роман Гердюк еді, немістер Малый Букрин селосына келген күні фашист жендеттеріне оның экесін ұстап берген болатын. Сол азғын, опасыз, жалдамалы ит еді. Ол




сүйікті, қымбатты анасының өліміне де себепкер болды, сол тэрізді ол тағы да баска көптеген эйелдер мен қарттар жэне балалардың өліміне себепкер болған.
Илько сұп-сұр боп кетті, старостаға жетіп келіп, автоматтың аузын соған кезеді.

  • Оңбаған кара жүрек, танимысың мені! Кісі өлтіргіш, жендет, опасыз!- деді ол тістеніп тұрып.

Староста балаға тесіле қарады да, үнсіз қалды. Көліктен балалардың бакырып жылағаны, әйелінің зары естілді.

  • Өшір үніңді, иттің күшіктері, әйтпесе, жексұрындар, бэріңді кұртамын,- деді ашулы Илько.

Сол сәтте-ак үндері өшті олардың.

  • Командир жолдас, мынау сіздің алдыңызда тұрған - халықтың қас жауы, менің әкем мен анамды, Малый Букрин селосының он бір таңдаулы адамын өлтірген қанішер жауыз. Бұл неміс старостасы, сатылған опасыз - Роман Гердюк,- деді ол.

Бойын ыза кернегеннен болу керек, оның даусы әдеттегідей емес, дірілдеп шықты.

  • Ашуланба, Ильюша, енді сенің уысыңнан шыға алмайды,- деді сабырмен Спижевой.

Полицайларды тінтіп еді, біреуінің қалтасынан неміс командирінің ішкері, Днепрден жүз елу километрдей эрі өтіп барып тоқтар мекендері, мүліктерді, лагерьлерді көшіру жөніндегі бұйрығын тауып алды. Бұл - партизандар үшін бағалы олжа еді.
Бұл кезде Илько старостаны жэне калған төрт полицайларды бір қатарға тұрғызып, ұзын арқанмен байлап, оларды орман ішіне карай алып кетті. Командирдің «мұның не» дегендей үнсіз сұрағына Илько:

  • Бұл канішерлер, менің экемді жэне біздің селоның он бір адамын осылай арқанмен байлап дарға сүйретіп экеліп еді,- деді. Осы жерде, табан астында партизандық далалық сот жүргізілді де, алты опасызға өлім жазасы кесілді. Үкім шығарылғаннан кейін Илько командирге қарап:

  • Командир жолдас, мынау жексұрын жауызды өз қолыммен құртайын, рұқсат етіңіз,- деп, ол Роман Гердюкті көрсетті.

  • Қуанышпен рұқсат етемін, Илько. Ата-анаңның қаны үшін кек алу, бұл сенің хақың,- деп жауап берді Спижевой.




- Әкем үшін, анам үшін, Отаным үшін!- деп Илько дауыстады, Отанға опасыздық жасаған Роман Гердюкке автоматтан ок атуға ыңғайлана беріп.
Қызыл Армияның шабуылы бүкіл майданда күн сайын өрістеді, оның соқкысы үсті-үстіне үдей түсті, ол екпіндей алға ұмтылды, жолындағы жау күштерін, техникасын жаныштап, жапырып отырды.
Кейін шегінген жау уақытша бекінген жер-жерге машиналарын, кұрал-жабдықтарын тастап кетіп отырды, бұларды олар күні кеше совет әскерлерінің шабуылын жан сала бөгеу үшін алыстағы тылдарынан әкелген болатын.
1943 жылдың қыркүйегінің екінші жартысында Днепр жағалауының селолары жандармериялар мен полицайлардан тазарды.
Днепрдің арғы жағынан ішкері, батысқа қарай темір жолдармен, үлкен қара жолдармен неміс эшелондары, көліктері бірінің соңынан бірі тэртіпсіз, асыға-үсіге лек-легімен ағылып жатты. Майданның Днепрге жақын екендігіне енді көз әбден жетті.
Барлық партизандар, командирлерден бастап жауынгерлерге дейін, Қызыл Армияны тағатсыздана күтті, оның қатарына қосылып, жексұрын жауға лап қойып, оны жер бетінен өшіруге асықты.
Партизандарға күн баяу жүретін секілді көрінді. Олар анасын күткен баладай шыдамсызданды. Жау тылында жүріп онымен үш жыл күрескеннен кейін қазір енді Қызыл Армия бөлімдері таянғанын сезген кезде, оның жауынгерлерінің жарқын жүздерін тезірек көргісі келді.
Қару-жарақты, киім-кешектерді тазалап, жер үйлерін тэртіпке келтірді. Жауынгерлер қырынып, таза киініп, үлкен мереке қарсаңындағыдай лагерь алдында ерсілі-қарсылы көңілді жүрді. Қызыл Армия жауынгерлерімен кездесу ең қуанышты, ең көңілді мереке болды.
Партизандардың көңілін қуаныш кернеді. Осы бір тойдың ішінде жас жауынгер, батыр партизан Илько да әкесі мен шешесін көретін адамдай қуанышты еді.
Бала мүлде өзгеріп кеткен, балалық мінезі кетіп, ержетіп марқайған секілді. Бұл оның өңінен де, бойынан да аңғарылатын еді.






Осы күндері Болатов Ильконың оған жиі-жиі қарап, элденені сұрағысы келіп, бата алмай жүргенін аңғарған еді.
Илько езі де айтар деп, Болатов оның не екенін сұраған жоқ.
Акырында, бір күні таңертең Болатовқа келіп:

  • Командир жолдас! Жағдайды барлап келу үшін майдан жакка баруға рұқсат етіңіз. Шыдап отыра алар емеспін,- деді Илько.

  • Жарайды, мен өзім де соны ойлаған едім,- деп жауап берді Болатов,- Бірақ бұл жайында маған құрама командирімен ақылдасу қажет.

Құрама командирі шағын бір топ жасақтап, оны барлау жүргізу үшін майдан линиясына жіберуге ризалық берді.
Сол күні Василий Бутенко бастаған төрт адам майдан линиясына қарай бет алды.
Бұл ержүрек барлаушылар тобы зор қиыншылықпен шығысқа қарай ілгеріледі.
Жолда майданнан масқара боп жылысып қашып бара жатқан неміс әскерін, жалғыз-жарым солдаттарды кездестірді. Бірак оларға үлкен максаттары үшін-ақ тиіскен жоқ.
Екінші күні шағын орманның шетінде тұрып, қарсы келе жаткан танкті барлаушылардың көздері шалып қалды.

  • Біздікі! Біздің танк!- деп қуана айқайласты барлаушылар, таянып келе жатқан танкіні нұсқап.

Көп кешікпей-ақ тағы да үш танк көрінді.

  • Ура! Ура!- деп шаттана айқайлады да, партизандар танкілерге жүгірді.

Илько алдыңғы танкіге келді.
Қаһарлы, үнсіз танкілер тұра қалды, бірақ адамдар көрінбеді.

  • Танкист жолдастар! Партизан құрамасынан сәлем қабыл алыңдар. Біз - совет партизандарымыз!- деді көтеріңкі дауыспен. Танктің люгі ақырын ғана көтеріліп, онан қылтиып танкистің басы көрінді. Оның жас, жайдары өңі күлім қағып тұр

  • Ура! Ура! Ура! Жасасын біздің даңқты Қызыл Ар- миямыз!- деп барлаушылар танкистерді құттықтады. Өңге танкистер де жүздері жайраңдап, көңілдене танкілерінен шықты.




Бауырлар бір-бірімен кұшақтасып көрісті. Жауынгерлер бір-бірінің колын катты кысып, қуанысты.
Барлаушылар өздерінің үлкен партизан қүрамасынан екенін, бұл кұрама осы жерден жиырма-отыз шакырымдай жерде екенін эңгімеледі. Танкистер тура партизан лагеріне баруға ұйғарды.
1943 жылдың 17 қыркүйегі күні таңертең партизан лагері қадірлі, сағынған достарын қарсы алды.
БастанкідеИлькоотыр. Жас партизанөзініңдосы Михайлоға жэне басқа партизандарға мақтана жымиды. Михайло оған үнсіз таңырқай қарады.
- Жасасын біздің даңқты жеңімпаз Қызыл Армиямыз!- деді Илько танк үстінде түрып бар даусымен.
Мыңдаған салтанатты «Уралар» бүкіл орманды жаңғырықтырды.
Танкистер, команда бергендей, өздерінің қуатты маши- наларын тоқтатты да, сапта түрған партизандарға қарай жүрді.
Қайтадан құдіретті «Уралар» аспанда көпке дейін қалықтады да түрды.
Ертеңінде-ақ партизандар лагері үлкен жерде қалды.
Майдан линиясы Днепрге кеп тірелді. Партизан құрамасы Қызыл Армия бөлімдеріне косылды да, Днепрден өтуге ілгері ұмтылды.
Кешегі жауынгер партизандар Илько Витряк пен Михайло Яковленко даңқты Қызыл Армияның ұрыстарда шыныққан солдаттары болды.
Жас болса да, өмірдің талай-талай киын-кыстау кешу- лерінен өткен Илько Витярк үлкен өмірге осылайша араласып, жарық дүниедегі алғашкы қадамын осылайша бастап еді.






АТАМЕКЕН
Ата-бабаларымыз қоныс тепкен Асубұлақ пен Үңгірлі бойы - жан-жағынан заңғар биік орманды таулармен қор- шалған, ұзындығы жиырма, көлденеңі төрт-бес шакырымнан аспайтын шағын ғана бір ойпат. Былай қараған көзге ортасынан көлденең кесіп тастаған үлкен сопақ астау сияқты. «Көлденеңінен кесіп тастаған» деп отырғаным: осы Асу- бұлақ пен Үңгірлі қойнауларын Тайынты атты терең сай көлденеңінен кесіп өтеді. Бұл сайдың табанында тентек толқынымен жағасына ақ көбік шашып буырқанып Тайынты өзені ағып жатыр. Бұл өзен сіңлісі мен кішкентай бауырын жетектеген бойжеткен кыздай оң жағына Асубұлак, сол жағына Үңгірлі өзендерін ертіп алып, Тарғын өзенімен тоғысады. Сосын бұл екі үлкен өзен кара тасты кақ жарып ағып, Ертістің алып арнасына кұяды. Тайынтыдан Асубұ- лакка қарай бұрылғанда бірінші ауылда - он шақты үй Ай- дабол, төрт-бес үй Төртқара деген екі атаның балалары қыстайтын. Оңан жоғарыракта Ортадағы ауыл деп аталатын ауылда он-бес үй Байғон атаның тұқымдары тұрады. Ал Жоғарғы ауыл деп аталатын ауылда он-он бес үй Жарылғап атаның балалары мен он шақгы үй Айдабол атаның ба- лалары отыратын. Осы Асубұлақ бойын мекендеген төрт-бес атаның балалары ауыр еңбек, табан ет, маңдай терлерімен күнелткен жандар еді. Бұларға жер-ана аямай жемісін берсе, олар да сол жерге аямай ащы терін төккен-ді. Азын-аулақ мал ұстап, күн көріс үшін эр үй шағын ғана егін егетін. Бұл - жаз айларындағы кәсіптері. Ал қыс айларында ауылдан алпыс- жетпіс шақырым жердегі Өскемен қаласына ағаш, көмір, тақтай апарып сатып, киім-кешек тағы басқа керек-жарақ- тарына жарататын. Демек, жеріміздің сол кездегі байлығы ағаш еді. Осы ағаштан киып үй салатын, осы ағашты отка жағатын, осы ағаштан көмір алатын, осы ағаштан тақтай тілетін. Қысқасы, жұрттың ішетіні де, жейтіні де, киетіні де осы ағаш болатын.


ҚЫРАУЛЫ ҚЫС


Қай жылы екені есімде жоқ, бір жылы Асубұлак бойында қыс қатты болды. Біздің үй Жоғарғы ауылдан төменіректі екі- үш зәулім биік теректің түбінде окшау түратын. Дағарадай үш бөлмелі ағаш үйде тәтем екеуміз ғанамыз. Тәтем деп отырғаным - өзімнің туған анам - Бижамал. Ол күрк-күрк жөтеліп, пешке от жағып жүр. Мен болсам, бір дорба асьщты төрдің алдына шашып койып, ойнап отырмын. Талдыкуыстан соқкан қатты жел үйді орай ұрып, терезенің қакпақтарын жүлқылап тұр. Терезеге ауьщ-ауық қараймын, калың қырау басқан эйнектен неше алуан сурет көремін. Бірі бойлап өскен бұтақты ағашқа үқсаса, енді бірі жалама жартастай, тіпті кейбірі айыр үстап тұрған адам сияқты. Ойнап отырған асығымды тастай салып, терезеге барамын. Саусағыммен бетін айғыздап сызамын. Әлгі әсем өрнектерді аяусыз бүзамын. Енді терезеден есік алдын көргім келеді. Өрмелеп, терезенің алдына шығамын. Қалың қыраудан дала көрінбейді. Демімді ішіме мол жинап, кырауды үрлеймін. Менің ыссы деміме қырау дөңгеленіп, терезенің шынысы көріне бастайды. Енді үсті-үстіне үрлей беремін. Әлгі дөңгеленіп кырауы еріп, жылтыр мүзға айналған жерінен сығалап далаға караймын. Дала анык көрінбейді. Енді элгі мұзды тіліммен жалаймын. Тұз жалаған козыдай терезенің сол жерін жалап-жалап, аршып аламын. Енді дала көрініп тұр. Күресінде екі сауысқан бірдемені шоқып жеп жатыр. Оларды садакпен атсам деп ойлаймын. Бірақ етігімнің жок екені, сыртка шыға алмайтыным есіме түсіп, мүңая қаламын. Жаз кашан ғана шығар екен деп армандаймын.

  • Тәте, тәте, жаз қашан шығады?-деп сұраймын шешемнен. Ол кісі пештің отын көсеп жатып:

  • Ертең шығады,- дейді. Ертеңнің алыс емес екенін білемін, қуанып қаламын. Терезе алдында элі тұрмын, суык. Тоңып кеттім. Майлыаяқ деген күшігім бар еді. Тоңған соң. сол есіме түседі. Ол да тоңған шығар. Ол далада ғой, оны неге үйге енгізбейді екен деймін. Сөйткенше болмай, ол кора жақтан шыға келеді де, күресінде емін-еркін жүрген сауысқанды қуып тастайды.

  • Майлыаяқ, Майлыаяқ!- деп айқайлап, оны шақырамын. Сыртта жел қатты, ол естісін бе, өз жайына кетіп қалды. Енді ол кеткен жаққа қараймын. Оның құйрығы ғана көрініп тұр. Ол неге тұр деп ойлаймын. Оны көрейін деп элгі терезенің қырауын




тағы үрлей бастадым. Үрлей-үрлей, болмаған соң, тағы жалауға кірістім. Сол сәтті арқама тәтемнің шапалағы шарт ете түсті. Терезеден қарғып түстім де, төрге қарай қаша жөнелдім.

  • Терезені сындырасың!- деп тэтем, маған зәрлене қарады.

  • Сындырғам жоқ қой,- деп аузымды бұртитып, шашылып жатқан асықтың үстіне отыра кеттім.

  • Мен келгенше, осы арада қимылдамай отыр. Бірдемені бүлдірсең, жаныңды шығарамын! - деп, маған жүдырығын түйді тәтем.

  • Сен қайда барасың? - дедім.

  • Жоғарғы ауылдан қалбыр әкелемін, қазір келемін,- деп, киінді де, үйден шығып кетті. Үйде жалғыз қалдым. Тәтем кеткен соң отырармын ба?! Орнымнан түрып, терезеге бардым. Әлгі үрлеп далаға қараған жеріме қайта мұз катып қалыпты. Далаға карай алмаған соң, не істерімді білмей, үрейлене бастадым. Үлкен балалар кейде мен тентектік жасасам, «эне, Қызыл көз келеді» деп қорқытатын. Әсіресе Иіс, Қабды- рөсел деген ағайларым үстіңгі кірпіктерін теріс айналдырып, көздерін қызартып алып, «Қызыл көзбіз» деп шошытатын. Алдыңғы үйде «Қызыл көз» жүрген сияқты. Енді қорғаныс жасауға кірістім. Үйде аласа дөңгелек үстел еді. Соны сүйретіп, төргі бөлменің бүрышына алып келдім. Үстелдің аяқтарын сырт қаратып, бүрышқа сүйеп қойдым да, асықтарымды жинап алып, элгінің артына кіріп отырдым. «Қызыл көз» ауыз үйден мен отырған төргі бөлмеге кірген сияқты. «Қызыл көзді» де, ешкімді де көрмеймін деп, көзімді тас жүмып, бетімді алақаныммен басып, үзақ отырдым. Біраздан соң сыртқа шыққым келді. Үстелдің артынан ақырын шығып, есікке бардым. Есікті сыртка қарай итеріп аштым да, қайта жауып, дэлізге шықтым. Үйге жалғаса салған қораның іші қараңғы. Қораның эр бүрышында «Қызыл көз» тұрған сияқты. Үйге қайта кірейін десем, есікті аша алмадым. Есіктің тұтқасына қолым эзер жеткенімен, күш алу қайда! Бір жағынан суық, бір жағынан жылу қысып, ісініп тұрған есік ашылсын ба! Есік, сөйтіп, ашылмады да, суық дэлізде жалаңаяқ, жалаңбас қалып қойдым. Артыма жалт қарасам, бір «Қызыл көз» қораның бұрышында бұғып тұр екен. Қорқып кеттім де, сыртқа ытқып жөнелдім. Сол шыққаннан шаңытып тұрған аязда Жоғарғы ауылға қарай безіп бердім. Біздің үй мен Жоғарғы ауылдың арасы бес-алты жүз метрдей еді. Әр жерге бір сүрініп, дызылдатып жүгіріп келемін. Мені кіші ағаның үйінің




терезесінен көрген болуы керек, алдымнан тәтем де жүгіріп шықты.
Сүріне-кабына алдымнан шыққан тэтем: «Өлдің-ау, өлдің- ау!» - деп, мені құшақтай алды. Мені көтергеннен көтеріп, жүгіре басып, үйге келді. Әкемнің түйе жүні күпісіне орады да, пештің үстіне шығарды. Тісім тісіме тимейді. Тәтем де шошып кеткен болуы керек, маған үрыспайды. «Неге ғана үйден шықтың?»-дей береді. Менің жауап қатуға шамам жоқ. Пештің үсті ыстық екен, денем тез жылынды. Бірак есесіне көресіні көрдім! Аяқ-қолым удай ашып барады. Әсіресе аяғымның ашығанын айтып жеткізу қиын. Пештің үстінде безек қағып жылап отырмын. Тәтем байғұс не істерін білмейді. Мені енді жерге түсіріп, алдына алып, уата бастады. Шақпақ қант берді. Басымнан сипап, бетімнен сүйді. Әлден уақытта төсекке апарып жатқызды да, көрпеге орап тастады. Жылап-жылап, ұйыктап кетіппін. Қанша уақыт ұйықтағанымды біл-меймін. «Қызыл көз» корада мені шап беріп ұстап алған екен деймін, «тәте, тэте» деп айқайлап, шошып оянып кеттім. Тәтем жүгіріп келіп: «Қара құлыным, кара құлыным»,- деп кұшактай алды. Өксігімді бастым.
Аяқ-қолым онша ашымайды. Бірақ ақыры екі аяғымның бір қабат терісі тіземе дейін түсіп калды.
АСУБАЙ АТА
Асубай атам пішініне аты сай адам еді. Асқар асудай биік болатын. Оның ұзын мойнынан жұтқыншағы бұлтиып шығып, жұтынғанында, біресе жоғары, біресе төмен жылжып тұратын. Ажары қайтқан аумақты көзінен үздіксіз жас ағып, селдір сақалын шайып жүретін. Салалы саусақта- рымен ұстап тұрған ұзын таяғының өзі бір балаға жүк. Орта- дағы ауылда тұратын осы алып адамның жүрегі, сезімі өте нәзік еді. Атамның баспанасы, Мұқаш, Жәкежан, Бақаш, Батыр деген төрт ұлы бар еді. Онан баска оның мал-мүлкі болғаны есімде жоқ. Кемпірі ертеректе дүние салып, жалқы қалған осы адамның өле-өлгенше ермегі де, куанышы да өзі аталас екі ауылдың балалары болды. Екі ауылдың балалары болып таласатынымыз - осы кісі. Әркайсымыз ұзын шапанының етегіне жармасып «Менің атам», «Жоқ, менің атам» деп шуласамыз да жүреміз. Бұл кісі бізді өз аттарымызбен




атамайтын, өзі әрқайсымызға эр түрлі кейіп-кескінімізге, мінез-құлкымызға карай өзінше ат койып алатын.
Ол кісі түске дейін өзі тұрған ауылдың балаларымен болатын да, түс кезінде біздің Жоғарғы ауыл балаларына келетін. Оны екі ауылдың аралығында аңдып жүріп, қарсы алатын Рақымбек екеуміз едік. Ракымбек менен екі-ак жас үлкен ағайым. Екеуміз Талдықуыс бұлағының маңында саршұнақка дұзак кұрып жүреміз.

  • Қасым, көлеңкеміз кысқарды, түс болды, казір атам келеді,- дейді маған Рақымбек. Сөйткенше болмай, анадайдан ұп-ұзын болып атам шыға келеді. Біз куанғанымыздан:

  • Ата, ата!- деп айкайлап жібереміз. Ол кісі де:

  • Қоқшан! (Рақымбекті солай атайтын)- деп дауыстайды. - Тентек қара! (Мені Тентек қара деуші еді)- деп дауыстайды. Оның жүгіріп жанына барамыз. Ол таяғын тастай беріп, ең алдымен Рақымбекті екі қолымен жоғары көтеріп, бетінен сүйеді. Мен кезек күтіп тұрамын. Оған қалтасынан бір шақпақ кір-кір қант береді, дорбасынан алып, кішкентай шабақ балық ұстатады. Мен шыдамсыздана бастаймын. Бірақ Рақымбекпен таласуға болмайды. Ол үлкен. Ол - үлкен апамның (оны үлкен шешеміз Бибіш бауырына салып алған) баласы. Ол маған экім, мені сабайды. Сонан кейін атам «кел, Қара» деп, мені де жоғары көтеріп, екі бетімнен алма-кезек сүйеді. Жерге түсіріп, бір қолыма бір шақпақ қант, екінші қолыма бір шабақ ұстатады. Қантты дереу аузыма салып жіберемін де, күтірлетіп жей бастаймын. Бұл атамның Ортадағы ауылдың балаларымен бірге балық аулап, олармен келесі таң атқанша қоштасып келе жаткан беті. Осылай біз мауқымызды басқанша, Жоғарғы ауылдың балалары да келіп жетеді. Атамның барлығымызға беретіні бірдей. Оларға да бір-бір шакпақ кір қант пен бір-бір шабак тиеді.

  • Бұл - Ортадағы ауыл суының тәбәрігі. Енді осы ауылдың суынан көп балық ұстап беремін,- дейді атамыз.

Ол енді бізді ертіп Асубұлақ өзеніне беттейді. Біз оның біресе алдына, біресе оң жағына, бірде сол жағына шығып келе жатамыз. Атамның қолынан балықты бұрын алуға тырыспасақ, басқадай таласымыз жоқ. Ол кісі өте эділ. Бір баланы екінші баладан алалауды білмейді. Балыкты беру кезегі баланың әкесінің үлкен-кішілігіне байланысты. Жасы үлкеннің баласы бұрын алады. Қайсымыз кімнің баласы екенімізді ол жақсы




біледі. Ал балық бөлгенде біркелкі балык болмай калса, онда экелеріміздің емес, өзіміздің үлкен-кішілігімізге карай береді. Жасы үлкен балаға үлкен балык тиеді де, кішкентайларға кішкентай балык тиеді. Бұған барлығымыз үйреніп алғанбыз, ешкімнің реніші болмайды.
Судың жағасына келген соң, үлкен пышағын кынынан суырып алады да, барлығымызға ат қылып мініп жүруге бір-бір тал шабық кесіп береді. Талдың кабығын сыдырып, әрқайсымыздың «атымызға» шылбыр байлап, оны мойнымызға іледі де:

  • Ал, сендер атпен жүресіңдер. Баяғы жаяу - Асубай. Қамшыны өздерің талдың бұтағынан сындырып алыңдар, деп жайланып отырып, шақшасынан насыбай атады. Ол кезде атамыздың жасы жетпістен асып кеткен еді. Өзі айтқандай, ол кісінің атқа мініп жүргенін де ешқайсымыз көрген жок шығармыз.

Асекең - асқан балықшы кісі. Балық қармағына бірінен соң бірі ілініп жатады. Судағы томар түбінде кайраңдап тұрған балықты қолымен де ұстап жатқаны. Ол кісінің дорбасы мен шелегі тез толып-ак калады.
Бізге бөліп беретін балығын атам дорбасына іріктеп салады. Ал шелектегі, оған сыймаған балыкты талдың кабығын есіп желбезегінен тізіп береді. Онан артылғанын бізге пісіріп беретін. Шелек тола бастаса-ак, үйреніп калған ересек балалар ку шөпшек теріп, бір жерге үйіп тастайды. Ал ұсактарымыз атамның маңайынан ұзап кетпейміз. Атамның екі-үш кармағына ілінген балықтарды жинап жүреміз. Ол кейде суда тұрған томардың түбіне оң қолының жеңін түріп, ұзын қолын жайлап сұғады да, әп-сәтте үлкен балықты жағаға бауырын жарқ еткізіп лактырып жібереді.
Асубай атам суға бетін жуса, ол «балык аулау аякталды» деген белгі сияқты. Бетін жуып, шапанының етегімен беті- колын сүртіп, шөпшек жинаған жерге келеді. От жағады. Біз отты айнала жүремізден отырамыз.
Балалардың кейбіреуі қалың шөптің арасына сүрініп жығылып, қолындағы балығын жоғалтып, жылап тұрады. Қарт оны:

  • Жылама, осы ұстағанымыз да бүкіл ауылға жетеді,- деп уатады.

Атам балык ұстағанда табанда ішін жарып, ішек-карнын суға лактырып жіберетін.




  • Ата, ішек-қарнын суға неге тастайсыз?- дейді ересек балалардың бірі.

  • Судағы балыкка да тамак керек емес пе?- дейтін.

От әбден қызып жанған соң, атамыз балықтарға тұз себеді де, қағазға, жапыраққа орап, отқа тастай береді. Пісті ме, піспеді ме, біз біліп жатқанымыз жок. О кісінің пісіріп берген балығын пышақ үстінде бөліп, аузымыз күйе-күйе болып жеп аламыз. Өзі де жейді. Пісірген балығы біткен соң, атам қалтасынан мүйіз шақшасын алып, жүлым-жүлым етігінің өкшесіне үрып-ұрып қалып, тығынын алады да, оң қолымен сол алақанына салмақ болып шақшасын қағады. Ішінен ештеңе түспейді.

  • Балалар, насыбай бітіпті. Қай жүйрігің Нүғманнан насыбай сұрап экеліңдер,-дейді.

«Мен барам», «Жоқ, мен барам, мен жүйрікпін!»- деп барлығымыз орнымыздан өре тұра келеміз. Атам қолын көтеріп:

  • Таласпаңдар, ол Тентек Қараның атасы ғой, Тентек Қара барсын,- деп билік айтады. Мен зырлап жөнелемін.

Мен келгенде Нұғман атам үлкен балтасымен ағаш шауып отырады. Нұғман атам да Асубай атам сияқты аса зор адам еді. Өңі суық. Өз еңбегімен күнін көріп келе жатқан адал жан. Ол кісі - менің әкемнің үлкен ағасы.

  • Ата, ата! Асубай атам насыбай сұрайды,- деймін жанына барып.

Нүғман атам табиғатында қатал адам болғанмен, маған жылы ұшырай қарайды. Балтасын жерге қойып, қалтасынан мүйіздеп жасаған, шашақ таққан үлкен қара шақшасын алады да:

  • Тентек Қара, ұста алақаныңды,-дейді. Алақанымды тоса қоямын. Атам шақшасын қаққанда, шақшасы ма, қолы ма, әйтеуір, сырт-сырт етеді.

  • Ата, шақшаң сыртылдайды ғой?- деймін.

  • Ия, менің шақшам сөйлейді де,- дейді жымиып. Сөйтіп тұрғанда Рысалды апам шығады үйден.

  • Мына, Тентек Қара не қылып жүр?- дейді. Бұл кезде Нұғман атам алақаныма насыбайды салып болып, добалдай қолымен капсыра үстап, жұдырығымды жүмып береді.

  • Тоқташы, Тентек Қара, түтігіп кетіпсің ғой. Бір тостаған көже іш,- деп, Рысалды апам мені ағаштың үстіне отырғызып, өзі тез-тез басып үйге еніп кетеді. Мен күтіп отырамын.

  • Балықты көп ұстадыңдар ма?- деп сүрайды Нұғман атам.




  • Көп,- деймін. Онан кейін Асубай атамның «Нұғманнан насыбай сұрап алып кел» дегені есіме түсіп:

  • Ата, сенің атыңды Асубай атам неге атайды? Неге Нұғман ата демейді,- деп сұраймын. Ол қарк болып күледі. Рысалды апам келеді. Ағаш аякпен әкелген көжесін басыма бір-ак көтеремін. Менің сұрағымды атам кемпіріне айтады, Рысалды апам да күледі.

  • Ол мені ата демесе, онда әдепсіз екен. Айта бар, мені бұдан былай ата десін,- дейді Нұғман атам. Апам күліп басымнан сипайды да:

  • Ол кісі бұл атаңнан көп үлкен, Ата деп неге айтсын, өзінен кіші адамды,- дейді. Мен су басына карай жүгіре жөнелемін. Нұгман атам орнынан тұрып, тісін ақсита күліп:

  • Айта бар, мені бұдан былай ата десін, Асубай атаң,- деп, соңымнан айқайлап калады.

Мен келсем, эркімнің қолында - тал қабығына тізген балық. Балықтардың бауырлары жарк-жұрқ етеді. Асекең маған да бір тізбек балык береді. Күн еңкейіп барады. Атам мен әкелген насыбайдан екі-үш шымшып атады да, орнынан тұрады. Барлығымыз соңынан еріп келеміз. Әдетте кай жерде қарсы алсақ, сол жерге дейін шыгарып салатынбыз. Бұл жолы да Талдықуыс бұлағына дейін шығарып салдық. Ол барлығымыздың мандайымыздан иіскеп, ауылына қарай кете барады. Біз кішкентай колдарымызды бұлғап қала береміз.
МӘТІШ ШЕШЕЙ
Мэтіш шешей сидиған арық кісі еді: «Р» дыбысына тілі келмейтін. Қыста да, жазда да кызыл асығынан келетін шолак қара пима киіп жүретін. Садык, Самарқан, Құсман, Оқан деген төрт ұлы болды. Садық деген үлкен ұлы аса шебер, он саусағынан өнер тамған адам еді. Самаркан, Құсман деген балалары кара шаруа, еңбек сүйгіш адал адамдар да, Оканы «Оқан мұғалім» аталып, бала оқытты. Садықтың алғашқы эйелінен Қабдырөсел, Бүркітбай деген екі бала калды.
Бүркітбай шешесінен жас калып, үлкен шешесі Мәтіш апамның камқорлығында болды. Бүркітбай менімен түйдей жасты болатын, тілін шайнап сөйлейтін. Аса кайсар еді. Асык бояғанда қазандағы бояу суында кайнап жат-кан асықтың бірнешеуін алақанына салып берсең, сол ыстық асықты




алақанына қысып ұстап тұратын да, алақаны қолдырап күйіп қалатын. Қаншама әділетсіздік жасасам да, жақсы көруші еді. Мэтіш апам ортаншы ұлдарының бірі Құсманның қолында. Құсман ағайды өзінен жасы кішілер «нәнем» деп атайтын. Бұл алып денелі, аса қарулы, көмірдей қара кісі болатын. Нәнем не жұмыс істесе де, орнына келтіріп істейтін. Бірігіп шөп шапқанда, алты қарыс ақ шалғысын құлаштап кең сермеп, алда үздік кетіп бара жататын.
Бір күні Бүркітбаймен ойнауға Нәнемнің үйіне бара қалдым. Бүркітбайасықұстапотырекен. Бірдорбаасық. Бірнеше түрлі бояумен боялған. Көзім тұнып кетті. Бүркітбайдың қасына барып отыра қалдым да, әдемі асықтарын іріктеп ала бастадым. Ол өте сабырлы еді, алғашында үндемей асықтарын беріп, менімен ойнап отырмақшы болды. Анадай жерде Мәтіш апам ұршық иіріп отыр. Анда-санда бізге:

  • Қаяқтайым, төбелеспей ойнаңцай,- деп қояды. Бүркітбай екеуміз барлық асықты алып сыртқа шығып кеттік. Біраз ойнаған соң, жақсы асықтарының біразын іріктеп алып кетпек болдым. Ол бермеді. Етегіме таңдап салып алған асығыма жармасты. Екеуміздің асыққа таласқан даусымызды естіп қалған апам үйден де шығып қалған екен. Енді кідіруге уақыт жоқ. Бүркітбайды бастан бір салдым да, етегімдегі асықты алып, қаша жөнелдім.

  • Апа, асығымды алып кетті Қатын (Қасым деуге тілі келмей, мені Қатын дейтін),- деп Бүркітбай жылап отыра кетті.

Үйге қарай зытып келемін. Мэтіш апам өкшелеп қуып келеді. Анда-санда «адиа қайғи өйтиейін, Қаяқұйт» деген даусын естимін. Үстаса, өлтірмесе де, өлімші қылатынын білемін, қашып келемін. Екі қолым бос емес. Асығым шашылып қалады екен деп екі қолыммен көйлегімнің етегін қапсыра ұстап келемін. Апам жете алмаған соң, ыза болды-ау деймін, аяғындағы қысқа пимасын сілтеп қалса керек, ол дэл желкеме тиіп, етпетімнен үшып түстім. Етегімдегі асығым шашылып қалды. Орнымнан атып түрып, артыма қарасам, Мәтіш апам кимешегін қолына алып, бір аяғында пима, бір аяғы жалаң- аяқ ақсаңдай басып жүгіріп келеді екен. Асықты жинап алуға мұршам болмады. Қайран әдемі қызыл асықтар қалып барады. Ыза болып кеттім. Дереу апамның элгі басыма тиген пимасын ала каштым.

  • Қаяқұйт, пимамды таста,- деп айқай салды. Біздің үй мен Жоғарғы ауыл арасында тоған бар еді. Соны кешіп, үй жаққа




өтіп шығып, бір-ак тоқтадым. Мәтіш апам ақсаңдай басып соңымнан келе жатыр.
- Міне, пимаң,- деп пимасын тоғанның суына бір-ақ қойдым. Апам өмірінде ешкімді дэл бұлай ұрсып көрмеген шығар. Аузы- басымнан сау жер қалдырмай сыбап, суға ағып бара жатқан пимасын ұстамақ болып, тоғанның оң жақ жағасымен төмен қарай кете барды. Бұл кезде Бүркітбай да менің етегімнен шашылып қалған асығын теріп алып жатты.
ҚОЯНСИРАҚ
Біздің үйде аздаған ұсақ мал болды да, соның ішінде бір аппақ ешкі бар еді. Ол ешкіден бір жылы өзі сияқты сүттей ақ ұрғашы лак туды. Лак ақ коянға ұқсас: екі кұлағы тіп-тік, алдыңғы аяқтарынан артқы аяқтары көп ұзын. Сондықтан оны Қоянсирақ дейтін үйдің іші.
Бұл кезде әкем үлкен үйден бөлініп отау шыққан. Үлкен шешем Бибіштің қолында экемнің інісі Иіс қалды... Бұл кісіні ауыл адамдары болып Үлкен апа дейтін. Үлкен апам бауырына салып алған Ракымбек деген ағайым, Сақыпзада деген менен екі жасы кіші қарындасым да үлкен үйде, солардың колында қалды. Әкем еті тірі кісі еді, үш бөлмелі даңғыраған үйді інісіне тастады да, ағайындардың көмегімен үлкен үйдің төменгі жағынан екі бөлмелі ағаш үй салып алды. Енді бұл үйде балалардың ең үлкені - мен. Менен басқа Шамшия, Күлзапыран деген екі кішкентай қарындастарым бар. Әкем сырттай мал тапканымен, үйдің отын-су, ұсақ-түйек жұмысына кыры жок болатын. Демек, үйдегі аздаған малды бағып-қағу, отын-су менің мойнымда. Біздегі мал: бір қара ат, қара бүзауымен бір қара сиыр және төрт-бес ұсақ мал. Бүған әкемнің аңға ғана мінетін жирен қасқа атын қоспаймын. Өйткені оны көбіне әкем мініп жүреді. Үлкен үйден енші алғанда, менің еншіме атап берілген мал элгі Қоянсирак болатын. Қоянсирақты мен өте жақсы көремін. Мұндай сүйкімді әдемі лақ бүкіл ауылда жоқ. Ол да мені жақсы көреді. Мен қайда барсам, соңымнан еріп жүреді. Кейде көтеріп алып, аузынан, көгілдір көзінен сүйемін. Марқа қозыға мініп, оны алдыма өңгеріп аламын. Оған әсіресе осы соңғысы кызық сияқты. Мен бір марқа қозыға мінсем-ақ, Қоянсирақ екі күлағы тіп-тік болып қасыма секіріп-секіріп жетіп келеді, алдыңғы екі нэзік аяғын көтеріп, менің тіземе қояды да, артқы екі аяғымен тұра қалады.






  • Сен де мінгің келе ме?— деп онан сұраймын. Ол сол тұрған бойы басын шайқап-шайқап қояды.

  • Онда неге келдің?- деймін. Сол кезде оның көзі жасаурап жылағалы тұрған сияқты болады. Жаным ашып кетеді де, алдыңғы екі аяғынан ұстап, алдыма өңгеріп аламын. Ол енді қозының үстінде көлденең түсіп жатқысы келмейді. Тыпырлай береді.

  • Ә, мен құсап отырғың келе ме? Ендеше отыра ғой,- деп, алдыңғы екі аяғын екі қолыммен ұстап, артқы екі аяғын қозының екі жағынан жіберіп, ұстап отырамын. Ол біраз жүрген соң, тағы тыпырлай бастайды. Енді ыза боламын да:

  • Түс, сен еріккен қоянсың,- деп, қозының үстінен түсіріп жіберемін. Ол басқа лақтарша жай жүрмейтін. Секіріп-секіріп барып тоқтай қалатын. Сол әдетімен секіріп-секіріп кете барады. Ол әсіресе жетім қоңыр козыға әуес болатын. Қоңыр қозы - қазақы қойдың түқымы, жүні қалың, қүйрығы үлкен тостағандай төңкеріліп тұратын. Қоянсирақ сол қоңыр қозының қасындажүреді. Ол сусап жата қалсаболғаны, Қоянсираққарғып үстіне шығып алып, жан-жағына мақтана қарап тұратын.

Бір күні қара бүзауды жетектеп келе жатсам, Қоян-сирақ жаныма жетіп келді.

  • Немене, қара бұзауға мінейік пе?- деп сүрадым. Ол әдеттегісіндей басын шайқап қойды.

  • Ә, мұнан қорқасың ба? Қорқақ қоян,- дедім. Ол тағы, алдыңғы аяғын менің тіземе қойып, түра қалды.

  • Ә, қорықпайым деймісің? Онда, мін,- деп, өзім қара бұзауға қарғып міндім де, Қоянсирақты алдыма алғаным мұң екен, қара бұзау ала келіп жөнелді. Қозыға мінгендей емес, аяғым жерге тимейді. Бүзаудың мойын жібінен айрылып қалдым да, бұзаудың үстінен Қоянсирақ екеуміз жерге топ ете түстік. Басым мең-зең болып ауырып, сол жерде отырып қалдым. Қоянсирақ та түрегеліп, сілкініп маған қарап, басын шайқап-шайқап қойды.

  • Сенің де басың ауырып қалды ма?- деп сұрадым онан. Ол басын шайқады тағы да.

  • Ия, ауырмағаны, сен түгіл, менің басым сынып қала жаздады,-дедім. Ол мені аяғандай, келіп, құлағымнан иіскеледі. Мен оны да аяп кеттім, кұшактадым. Сонан былай екеуміз кара бүзауға мінбейтін болдық.

Келесі күні тэтем Талдықуысқа қозы жайып, қайтарыңда




тезек тере кел деп қолыма кап беріп, екі үйдің қозылары мен лақтарын алдыма салып берді.
Талдықуыс деген екі жағы таумен қоршалған шағын ғана түбек - шабындық. Бұл шабындық жерді суару үшін түбекті айнала тау етегімен Асубұлак өзенінен тоған тартылған. Екі таудың жоғары барып түйіскен жеріне қалың қара мойыл өседі. Бұл түбектің жазда берері үлкендерге қалың шөбі болса, балаларға берері - ат тұяғы боялатын кып-қызыл жидегі мен калың кара мойылы. Осы түбектің дэл аңғар аузында біз отырамыз. Қозылар сол түбекте емін-еркін жайылып жүр. Мен болсам, қозыларды Қоянсираққа тапсырып, өз бетіммен ойнап жүрмін. Анда-санда «Қоянсирақ» деп айқайлап коямын. Ол елең қағып, қозыларды айнала, секеңдеп жүгіреді.
Не заматта тәтем тапсырған тезек есіме түсті. Енді тезек терейін деп колыма қабымды алған кезде, Талдықуыстың төр жағында жайылып жүрген сиырлар өкіріп, азан-қазан болды да қалды. Зэрем үшып кетті. Не істерімді білмей сасып қалдым. Енді элгі көп сиырлар бір нэрсені ортаға алып камағандай, бір жерге үйіріліп, мүйіздерін шайкап, бір нэрсеге айбар шек- кендей. Мүнан бұрын сиырлардың коршауынан бір тік құлак ит сытылып шықты да, тура маған қарай тартты. Аузын арандай ашып алған. Енді қасқыр есіме түсті. Бірақ тірі қасқырды кім көрген. «Қасқыр да — ит. Ит болғанда, үлкен көк ит сияқты болады. Қарақойында Асубай атамды түнде келе жатқанда қуыпты. Кісіге шабады»,- дегенді еститінмін. Сиырлар өкіріп-өкіріп сол жерде қалып қойды да, ит тура маған қарай келе жатыр. Қаскыр деп жорыдым да, қорқып, қаша жөнелдім. Артыма жалтақтап, қозыларға қарай қашып келе жатып, бір кішкентай шұңқырға құлап түстім. Енді түрып қашуға мүршам келмеді де, кабымды жамылып, қимылдамай жата қалдым. Ақырын қапшықты қалқалап, сығалап қарасам, элгі көк ит қозыларға қарай тура тартты. Қозыларды дүркіретіп ары қуып, бері қуып, ішінен Қоянсирақты ұстап қалды. Қоянсирақ бір рет сытылып шыққандай болып еді, қайтадан ұстап алды. Қоянсираққа жаным ашып кетті. Жылап жібердім. Енді «батырлығым» үстап, орнымнан атып түрып:
- Айт, айт!-деп айқайладым. Даусым шықпайды. Көзіме жас толып, Қоянсиракты арқасына салып алып кетіп бара жатқан қасқырды кейде көрем, кейде көрмеймін. Көзімді көйлегімнің жеңімен сүртіп жіберіп, қасқырдың соңынан жүгіре жөнелдім.




Қасқыр Қоянсирақты арқалап алып, тартып барады. Ол тұсына жеткенде, сиырлар тағы өкіріп-бақырып, қасқырды қоршап алды. Қасқырды жан-жағынан мүйіздеп, Қоянсирақты бірнеше айырып алып еді, болмады. Бір кезде қасқыр лақты іліп алып, сиырдың ара-арасымен сытылып шығып кете барды. Сиырлар өкіріп, мен бақырып жылап, калып қойдық. Қалған қозыларды қуып үйге келсем, аға бір жақтан келіп атынан түсіп жатыр екен.

  • Аға, Қоянсирақты қасқыр алып кетті,- дедім жылап.

  • Қалай кетті қасқыр?-деп сүрады.

  • Былай кетті, сиырлардың арғы жағына,- деп қолыммен келген жағымды нүсқадым. Аға аттың тізгінін менің қолыма үстата берді де, тез басып үйге кіріп кетті. Мылтығын асынып, үйден, Сүңқар деген тазы иті бар еді, соны ерте шыкты. Атына мінді де, Талдықуысқа қарай шаба жөнелді. Сүңқар ағаның соңынан кетті.

Көп ұзамай аға Қоянсиракты өңгеріп кайтып келді.

  • Қасқырдың жағы қарысып алып кете алмады ма? Жоқ болмаса, бізден құтыла алмайтынын біліп тастап кетті ме, әйтеуір, жемей, шөп-шалаңмен бетін жасырып, лақты тастап кетіпті,-деп аға лақты жерге тастай берді. Барып қарасам, көзін жұмып тып-тыныш жатыр екен, өліп қалыпты.

АТ ЖАРЫС
Кім той жасағаны есімде жоқ. Әйтеуір, үлкен бір той болды. Біздің есіктің алдындағы Қүройнақ деп аталатын төбеге бүкіл төңіректегі ел жиналды. «Той десе, ку бас домалайды» емес пе, жиналған адамда сан жок!

  • Тойға Мылтықбай келіпті, көрейік, жүр,- деді балалардың бірі. Мен ол кісіні көрген емеспін. Бірақ сол маңда ол кісіні білмейтін, оның атын естімеген пенде жоқ шығар. Бүл кісі асқан семіз адам, семіз болған соң, мешкей де болады ғой. Талай аттың белін сындырған, талай арбаның білігін майыстырып, күпшегін жарған адам. Ол кісі кедейлеу адамның кездейсок үйіне қонса, барын ішіп-жеп, шала жүтатып кетеді екен. Бүкіл ауылдың баласы шұбырып арғы жакка өтіп, жиынға кірдік. Барлығымыз Мылтықбайды іздеп жүрміз. Кісі-кісілердің арасымен дөңнің басына шыксам, дөңнің басына тағы бір дөң орнатып қойғандай бір төбе болып біреу отыр. Жүгіріп, алдына




жетіп бардым. Әлгі адамда аяк жок сиякты, шалкайып отыр, оң жағына шыксам, қолын жерге тіреп, сол жағына жантайып жаткандай. Сол жағына шығып едім, оң жағына шынтақтап жатқан сиякты. Айналып артына шығып едім, о ғажап-ай, еңкейіп жерге карап отырған сиякты. Басы бас емес, төңкеріп қойған қазан сияқты бірдеме. Жакындап, өкшемді көтеріп төбесін көрейін деп едім, бойым жетпеді. Басының терісі катпар-катпар болып тұр.

  • Мұның аяғы кайда?- деп сұрадым Бүркітбайдан. Ол элгі адамның жан-жағына қисайып қарап, аузын толтыра, тілін шайнай сөйлеп:

  • Аяғы тынып қалған болу керек,- деді. Оның «тынып» деген сөзі «сынып» дегені.

-Тек, былай тұрыңдар. ¥ят болады. Аяғы астында, малдасын құрып отырған жоқ па! - деді ересек біреу біздің сөзімізді естіп қойып. Сонда да, оның қасынан кетпедік. Малдасын құрып отырғанда, қарны аяғын кең көйлектің етегіндей жауып көрсетер емес. Бүркітбай әлгі адамға таңдана қарап тұрды да:

  • Мұны етекке карай домалатса да, аяғы көрінбес,- деді, аузын томпайтып сөйлеп. Шынында солай еді. Жұрттың «Семіз Мылтықбай» деп атап кеткен кісісі осындай болатын. Бұл тойға қалай, немен келгенін біз білмедік.

«Аттардың қарасы көрініп калды» десіп, ел шулап, орындарынан тұрып, дүрлігіп кетті.' Біздің елде ат жарыс қара жолмен түзу шабады. Үлкен аттарды төмен Тарғын мен Тайынтының кұйғанынан жіберіп, осы Құройнақтан тосып алады. Бұл екі ара - он-он бес шақырымдай жер. Ал кұнандарды Тайынты мен Асубұлактың кұйғанынан, Қызыл Кордоннан не төменгі Төртқара ауылынан жібереді. Қайсысы болмасын, көмбе - осы Құройнақ. Ат кеткені шай кайнатым уақыт болды. Сонан бері кызу күрес болып жатыр екен. Талай адам жығып, талайы топырак кауып жығылыпты. Біз Мылтыекеңді қызықтап жүріп, күресті көре алмай қалыппыз. «Аттар келе жатыр» деген дүрмекпен біз де көмбеге, кара жолға қарай жүгірдік. «Тұрлыбайдың көк аты келе жатыр» деп айқайласты жұрт. Ол көк атқа Рақымбек мініп кеткен болатын. «Ол қалай шауып келеді екен? Көрейін»,- дедім де, жүгіріп, жиынның алдына шыктым. Көк ат Қарамойылдан шығып, жалғыз келеді екен.

  • Үздік келеді!

  • Жануардың аяк тастасын-ай!


  • Тіпті тың келе жатыр!

  • Ой, ағуыңа болайын! Төрт аяғын бауырына жинап алыпты! Ия, аруақ, қолдай көр!- деген сан алуан дауыстар естіледі.

Ат жақындаған сайын, жұрттың айқайынан кұлақ тұнады. Көк ат көмбеден ағындап өтіп барып, тоқтады. Бірнеше атты кісілер оны қаумалап әкетті. Онан кейін де жұрт ауық-ауык айқайлап, дүрліге берді.

  • Байырқаның қара аты келді!

  • Дэндібайдың торы аты...

  • Қайрақбайдың көк қасқасы...

  • Ақтастының құла аты...

  • Шынтайдың кер аты келді,- десіп жатты. Ия, бұл аттар біздің елдің саңлақтары. Алдына ат салмас жүйріктері. Еліміздің жанкүйерлері бұл аттардың атын атағанда, ішкен асын жерге қоятын.

Бір кезде жаныма Рақымбек келді. Қолында бәйгеден тиген ақшасы бар.

  • Сені аға шакырып жатыр. Жүр, құнанға мінесің,- деді ол бірден. Мен бұрын бэйге атқа мініп көргенім жоқ, аздап жүрексінемін. Бірак Рақымбек жүр деп тұрған соң, оның үстіне әкем шақыртып жатса, қалай бармайын. Барсам, қаншырдай қатқан, құйрығын, кекілін қызыл лентамен шарта түйген эдемі торы құнанды аға тізгінінен ұстап тұр екен. Ішімнен жүрексініп тұрсам да, мінбеймін дегенге ұялып, құнанға жақындадым. Аға мені көтеріп оған мінгізді де, қолыма өзінің қамшысын берді.

  • Қорықпа, барлығынан озып келесің,- деді аға. Құнанның арқасы жұп-жұмыр оқтаудай.

  • Әй, Қайса, Өгізбайдың қара байталына мінетін бала жоқ. Рақымбегіңці бер,- деп дауыстады біреу, Рақымбек жанып кетті.

  • Мінейін,- деп жүгіре жөнелді Мұндай атқа құмар болар ма! Әлгінде ғана шауып келді. Міне, тағы кетті!

Рас, Рақымбек мен сияқты емес, атқа мықты болатын. Мұнан басқа аттың құлағында ойнайтын бір бала бар. Ол Қосан ақсақалдың Сағидолласы. Оның «аттан жығылды» дегенін ешкім естімеген де болар.

  • Сағидолла, сен неге аттан жығылмайсың?- деп сұраса:

  • Атқа мінудің де дағдысы бар,- дейтін. Ол бүгін жоқ. Жұмыстан бас көтеріп көрмеген бала, жұмыста болар.

Топтан ұзап шықтық. Рақымбек - Өгізбайдың қара




байталында, мен әкемнің құрбысы Ноғасбайдың атақты жүйрік торы құнанын мініп келемін. Екеуміз катар келеміз.
-Қаштай (мені көңілі түскенде осылай атайтын), астыңдағы торы кұнан мал емес, кұс. Жығылып калып, обал жасама! Қорыксаң маған бер,-деді Ракымбек. Бергім келмейді. Менің де өз есебім бар. «Жығылатын болсам, кара байталдан жығылдым не, торы кұнаннан жығылдым не, бэрібір емес пе? Жығылсам, осы жүйріктің өзінен жығылайын». Мен «аттан жығыламын» дегенде, «бостан-бос жығыла салады екен» деп ойламаңдар. Мен алаңғасарлығымнан жығыламын. Ересек ку балалар жығады. Кейде өзімше атқа мініп шауып келе жатқанда, ересек балалар катарласа беріп, аяғын аяғымның астына салып, аудара салған кезі болған. Бірак дәл мұндай үлкен бэйгеде шапқан емеспін. Бұл жолы қалай болатынын кім білсін?!
Байқаймын, балалардың ішінде мендейлері де, Рақым- бектейлері де, онан да үлкендері бар. Айдаушымыз - Кенембай аулынан Уэлтай деген кісі. Ол мені жаксы біледі. Құйрык- жалы ұзын бір торы айғырға мініп алыпты. Маған күліп қарап қояды.
- Сен, Тентек Қара, байқа, үлкен балаларға жақындаушы болма!- деп кояды ол, маған жақындап келіп. Кім білсін, ол ку менің осал жағымды біледі-ау деймін.
Қызыл Кордонның жанына алып келді де, барлығымызды кең кара жолға қатар тізіп қойды. Жүрегім дүрс-дүрс етеді. Торы құнанның көзін орамалыммен сүртіп, сол қолыммен жалынан мықтап ұстап алдым. Рақымбектің қасына барып тұрғамын. Ол үлкен. Оны ес көрем. Бір кезде Уэлтай қамшысын жоғары көтеріп, «Ал!» деп айкайлап қалды. Шаба жөнелдік. Ал дегенде, кұнанның басын тежеп, топ сейілген кезде, басын қоя бердім. Бір-бірлеп құнандарды қуып жетіп, озып келемін. Озайын деген құнанға онша жақындамай озамын. Байкаймын, торы құнан ешқайсысын қояр емес. Міне, алдымда екі-ак құнан қалды. Ең алдында Өгізбайдың қара байталы, онан кейін бір көк кұнан. Көк құнанның үстіндегі бала ересек екен. Менің такымдап келе жатқанымды көріп, маған бұрылып, жұдырығын түйіп: «озып көр, көретініңді көресің» дегендей белгі берді. Онан қорқып, жолдың бір қолайлы жерін күтіп торы кұнанның басын тежей бердім. Сөйткенше, элге көк кұнан қара байталды куып жетті. Енді «бұлар кайтер екен» деп келемін. Өзінен озып бара жаткан көк кұнан жанаса бергенде, Рақымбек




ціылбырына оң аяғын салып жіберді. Көк кұнан мойнын алға қарай кисайтып, шаба алмай калды. Көк кұнанның үстіндегі бала Рақымбекті камшымен салып жіберді. Рақымбек те оған қамшы басты. Енді Ракымбек көк құнанның шылбырынан аяғын шығарып алды. Көк кұнан әжептәуір ілгерілеп кетті. Қалып бара жаткан Ракымбек енді көк кұнанның құйрығынан ұстай алды да, тақымының астына басты. Бұл жолы екеуі біраз жерге дейін біріне-бірі қамшы серместі. Қысқасы, екеуінікі жарыс емес, қып-қызыл төбелес болды. Көк құнан қалжырап, шабысы бэсеңдей берді, бәсендей берді. Қара байтал онан қайта озып шықты. Осы кезде қара жол кеңіп, көк құнанның сол жағынан сып етіп өте шықтым. Енді алдымда Рақымбек қана қалды. Қанша туыс болғанмен, элгі көк дөненге жасаған қиянатынан кейін онан мен де қорқайын дедім. Жакындап қалып едім, ол маған қамшысын кезеді. Енді көмбеге өзі бірінші болып барғысы келгенін сездім. Жақындасам, әлгі артта келе жатып көргенімнің барлығын өзім көрермін деген кауіпте болдым. Ортадағы ауылдың тұсына келгенде, жолдан шығып, Рақымбекті жанамалай шаптым. Бірақ еркін келе жатқан торы құнанға жетпесін білді де, мені аузымнан бір сыбап қала берді. Көмбеге үздік келдім. Жығылмай келгеніме ағада қуанып қалды. Бұл - бәйге атына алғаш мініп, жығылмай, тұңғыш рет озып келгенім болды.


ТӘТТІ ІЗДЕП...
Ак кезеңнің арғы жағына ертеде келіп орыстар коныс- танған. Онда Толчеевка, Карповка деген селолар бар. Осы екі село да бірінші қоныстанған адамның атымен аталған. Толчеевті көргенім жоқ. Ана екінші селоның аты аталған адамды көрдім. Оны қазақтар Кәрпей деп атайды. Ол кісінің балалары көп еді. Сол бүкіл село Кәрпейдің тұкымы болатын. Өзі жүздің ар жақ-бер жағында, бертін, ¥лы Отан соғысынан кейін кайтыс болды. Бұл орыстар казактармен катты араласатын. Ол селоларда эркімнің өз дос-жараны бар. Сөйтсе де, менің үлкен шешемнің дос-жараны кай селода болса да, көп-ак еді. Бұл кісінің аты - Бибіш. Жұрттың барлығы «үлкен апа» деп атайды. Үлкен десе, үлкен-ак болатын. Семіздігі Мылтықбайдай болмағанмен, бүкіл Асубұлак бойында ондай семіз адам болған жоқ. Үлкен әкеміз Мажыра деген кісі өте айбынды, елге қадірлі






адам болған екен. Сондықтан ба, ағайындардың барлығы ол кісінің осы кемпірін құрмет тұтып, тіпті баска ауылдың үлкендері де санасатын. Үлкен апамның тамырларымен алыс- берісі мол. Тамырларына тері илеп, қой терісінен колғап тігігі береді. Тоғайдан қап-қап шырмауык (хмель) жинап апарады. Кейде қозы, лақ та сыйлайды. Тамырлары да карыздар болыгі қалмайтын. Үлкен апам оларға конакка барады. Әрине, өзі бір ауыз орыстың тілін де білмейді. Бірақ олардан көп олжамен, ауыр жүкпен қайтады.
Апамның алдынан бүкіл ауылдың балалары болып жамырай шығамыз. «Үлкен апа, үлкен апа» деп ол кісіні қоршап аламыз. Әрқайсымыздың қолымызға бір-бір нәрсе ұстатады. Бізге үнайтыны іші кызыл, сырты көк ала доп сияқты домалак жемісі болатын. Онан да бізге бір-бір тілім тіліп беретін. Біз ішінің тәтті қызыл жерін жеген соң, көк ала сыртқы қабығын да қылғытатынбыз. Сонда да күмарымыз қанбай қалатын.

  • Үлкен апа, мұны кайдан алдыңыз?- деп сүраймыз.

  • Кәрпейден алдым. Никонор берді,- дейді.

  • Мұны не дейді?

  • Дарбыз емес пе!- дейді. Енді біз «дарбыз» деген сөзді үмытармыз ба!

Бір күнітөрт-бес балаақылдасып, селоғадарбызғабармакшы болдық. Үйді-үйімізден ұрланып, ауылдан шығып кеттік. Ак кезеңнің үстінен бір-ақ шықтық. Қай село қайда екенін, кай жерге бақша егетінін білеміз. Өйткені осы Сасыккарағайда егін салғанда, барлығымыз да кішкентай болсак та, соқаның атына мінетінбіз. Біз егін салғанда, олар да егінге шығатын. Көршілес жұмыс істейтінбіз. Кәрпей селосы алыс болғандықтан, жакындау Толчеевка селосына қарай тарттық. Бакшалары селодан алыс болушы еді.
Бэріміз жалаңаякпыз. Қаткан тықыр тері шалбарымыз бар. Кенеп көйлегімізді шалбарланып алғанбыз. Бақшаға кіргенде, көзіміз түнып кетті. Теңкиіп-теңкиіп үлкен дарбыздар жерде жатыр. Апам әкеліп жүретін дәмсіз жұдырықтай жұмсак қызылдар, сопақ көктер шөпке ілініп, тұтасып тұр. Анадай жерде пияз өсіп тұр. Оны танимыз, ол біздің жақтың тауында өседі. Біздің көздеп барғанымыз - дарбыз. Дарбызға қырғидай тидік. Бірінен-бірі үлкен. Қанша қызыққанымызбен, кішкентай кұшағымызға бір дарбыздан артык сыймайды. Иесі көріп коя ма деп, жалтақтап, коркып та жүрміз. Асығып-үсігіп, бір-бір дарбыз алдык та, бакшадан шыға каштық. Бір жерге


келіп жиналдық. «Менің дарбызым үлкен, менің дарбызым жақсы»,- деп бірімізге-біріміз мақтанысып жатырмыз. Енді кесіп жейік десек, пышағымыз жок. Дарбызымыз қатты-ақ. Бүркітбай қолындағы дарбызын таска қойып қалып еді, екіге бөлініп жарылып қалды. Іші қызыл емес, тарамыс-тарамыс, сап-сары. Кеміріп жеп көрсек, дэм жоқ, тату жоқ бірдеме. Дарбызымыздың барлығын тасқа ұрып, жарып көрдік. Бірінен- бірінің айырмасы болмай шықты. Енді дарбыз элі піскен жок екен деп жорамалдадық. Дэмі тэтті болмаса да, дарбыздан баска піскендерін алайық деп ойладық.

  • Олардың піскенін қалай білеміз?- деді балалардың бірі. Оған ешкім жауап бере алмай тұр еді:

  • Қызарғаны піскені болады,- деді Бүркітбай.

  • Е, онда қызарғандары көп болатын, деп балалар шулап кетті. Бақшаға қайта кеттік. Бір тұтам, екі тұтам сырты көктеріне тиіскен жокпыз. Жұдырыктай-жұдырықтай жұмсақ қызылдарын отап жатырмыз. Асып-сасып, жеп те жүрміз, көйлегіміздің ішіне салып та жатырмыз. Кейбіреуіміз жартысын тістеп жеп, жартысын көйлек ішіне койып қаламыз. Бір кезде қарасак, Никонор шал келе жатыр екен. Зэреміз ұшып кетті. Бакшадан шыға қаштык. Никонор ұзын сирақ жүйрік шал болатын, бізді қойсын ба, барлығымызды қойша қайырып, ұстап алды. Барлығымыз жылап тұрмыз. «Никонор ата, Никонор ата, бұдан былай ұрламаймыз» дейміз. Барлығымыз бір ауыз да орыстың тілін білмейміз. Ешқайсымызды ұрған жоқ. Сол қалпымызда селоға бізді айдап келді. Никонор атайдың үйі ең бергі шетте болатын. Үйінің алдына келдік. Қойнымыз толған қызанақ. Қашамыз деп қанша жүгіргенбіз, оның үстіне, міне, екі шақырымдай жол жүріп келдік, қызанақ езіліп кетіпті. Қарнымызда езіліп тұрған қызанақгың суы шалбарымыздың балағынан ағып тұр. Үйінен кемпірін шақырып алды да, қазақша:

  • Мына ұрылардың сиқын көрдің бе?- деді. Кемпір бізді танып, барлығымыздың әкеміздің атын атап, басын шайқады. Біз төмен қарап тұрмыз. Бірімізге-біріміз ақырын ұрлана қараймыз.

Қорасының алдына ертіп барды да, қойнымыздағы қызанақты бір науаға төккізді. Қораның есігін ашып:

  • Мына қораға сендерді камаймын. Өздерің бақшадан әкелген осы қызанақтан басқа тамақ бермеймін. Үнемдеп жеңдер. Жарты айда бақшаны жинап аламын. Сонда сендерді




бір-ақ босатамын. Әйтпесе, сендер тағы ұрлайсыңдар!- деді бізге шал. Біз жарты ай дегеннің қанша уақыт екенін білмейміз. Әйтеуір, ұзақ уақыт екенін ғана білеміз. Барлығымыз шу етіп, жылап жібердік. Қораға қараймыз, іші тастай қараңғы. Көзіміз жаска толып, түк көрмей кетті. Кемпір бізді аяп кетті ғой деймін:

  • Енді ұрламайды. Үйлеріне қоя бер балаларды,- деді, шалына қолын сермеп. Бұл сәтте бізге осы кішкене кемпірден жақсы адам дүниеде жоқтай болып көрінді. Біраздан соң шал:

  • Жарайды. Ендеше «Бұдан былай ұрлық қылмаймыз. Осы істегендерімізді әкелерімізге айтып барамыз»,- деңдер. Сонда ғана босатамын,- деді.

Біз оның сөзін кайталап, шу ете түстік.


КӨК АТ КӨПІРДЕН ҚҮЛАДЫ
Үлкен үй мен біздің үйдің арасында, тасығанда су орып кеткен, терең жыра бар. Оған сол жыраны айналып жүрмес үшін аға екі салманы катар салып, көпір жасап қойған. Онан жаяу кісінің өзі әзер өтетін. Үлкен апамды бұл көпір көтере алмайтын еді де, біздің үйге ол кісі жыраның ең жоғарғы, не төменгі жағынан айналып келетін. Бұл көпір қыста да тұратын. Бір кыста біздің үйге Рақым нағашымның көк атын мініп, Рақымбай нағашым келді.
Бұл кісі көзі күлімдеген шағын денелі, қара адам еді. Өмір бойы маңдайының тері кұрғамаған еңбекқор болатын. Мені «қу қара» деп еркелететін. Мен де оны жақсы көретін едім. Содырлығым ұстап кетті де, осы кісіні атымен осы көпірден бір кұлатайын деп ойладым. Ол келгеннен кейін, біраздан соң, атын үлкен үйдің қорасына апаратынын білемін. Біздің үйдің малы да сол үйдің қорасында тұратын. Әлгі ойымды іске асыру үшін эзірлік жасай бастадым. Қар қалың болатын. Көпірдің үстін қурай төсеп кеңіттім де, үстіне қар күреп салдым. Өзім ары-бері жүріп көрдім. Әрине, ол мені көтереді. Ал нағашымды бүл көпірден мал жүретініне, ат өтетініне калай сендіремін деп ойладым. Оған да амал таптым. Үлкен үй соғым сойған. Сол соғымға сойған жылқының тұяғы үлкен үйдің күресінінде жататын. Соның екі тұяғын алып келдім де, екі тұяқты екі қолымаұстап, көпірге аттың ізін түсірдім. Әр жеріне жылқының қиын шашып тастадым. Енді талай жылқы өткен көпір болды




да қалды. Шайын ішіп болған соң, нағашым сыртқа шықты. Көк аттың қасына барып:

  • Қу қара, мына атты ана үйге апарып шөпке қой,- деді.

-Нағашы, атыңыз асау. Мені жығып кетеді. Өзіңізапарыңыз,
шөп салып қойдым,- дедім, көпірдің үлкен үй жағында тұрып.

  • Өй, қорқақ,- деді де, көк атқа қарғып мінді- Қай жактан жүрем?

  • Мына көпірден өтесіз,- дедім шімірікпестен. Көк ат батыл жүретін жалақтап тұрған ат еді. Нағашым көпірге жақындап келіп:

  • Өзінен ат өте ме?- деп қалды, көпірге үңіліп қарап.

  • Өтпесе, ана аттың ізі қайдан келеді,- дедім тағы.

Рақымбай нағашым қулықты білмейтін адал, аңқау адам
болатын, маған сене қалды. Тақымын қысып қалып еді, көк ат іркілместен көпірге қойып кетті. Мен көк аттың бұлаң еткен ұзын құйрығын ғана көріп қалдым. Нағашым ат-матымен көпірдің астындағы қалың қарға көміліп кетті. Мұны үйден жаңа ғана шыққан аға да көріп қалды. Ол кісі жүгіріп көпірге келгенде, мен үлкен үйді айналып, Жоғарғы ауылға қарай зытып отырдым. Кешке үйге келсем, Рақымбай нағашым төсекте жатыр. Аға төсектің алдында ішек-сілесі катып, күліп отыр екен. Бауырын құлатқан бұл сотқарлығым үшін мені тәтем бір сабап алды.


ҮЙДІ САҒЫНДЫМ
Бір жылы мені ағайым нағашыларыма апарып тастады. Нағашым - Қаршыға, оның ішінде - Итбақбасы. Туған наға- шым - Ешкі ақсақалдың менің шешемнен басқа Рақымбай, Рақым деген екі ұлы бар. Рақым нағашым - сол кездегі оқыған адамдардың бірі, бала оқытады. Кейіннен ол кісіден мен де оқыдым. Рақымбайы кара жұмыс істейді. Қазақтың ескі эдеті бойынша өз нағашымның үйінде емес, олардың «Үлкен үй» деп атайтын Иса деген інісінің үйінде жүрмін. Иса элді шаруа еді. Үлкен бір қора қойы, бір үйір жылқысы бар. Бірак ішім-жемге қуаң үй еді. Қарным ашып жүреді. Анда-санда Ажар апам (өзімнің туған нағашы апам) мені көріп, ана үйдің ішінен жасырып үйіне ертіп келеді де, бетімнен сүйіп, «тентек қарғам-ай» деп тамаққа тойғызып жібереді. Мен өзімнің туған нағашыларымды біліп қалған кезім, олардың бірін көрсем, жайнап кетемін. Ал мына үйдің іші маған бөтен сияқты. Өзімнің
ЕЕЕЕЕИ 179




Ешкі нағашым қандай жақсы. Ол кісі орта бойлы, сақал-мұрты аппақ. Көзі бүркіттің көзіндей от шашып түратын, бетінен нұры тамған ажарлы адам болатын. Өте күйгелек кісі еді. Оның кемпірі Ажар апам да өңді кісі. Екеуі де мені көргенде айналып- толғанып, аймалап сүйетін.
ЕІағашыларым киім-кешегімді бүтіндеп берген. Ол кезде қанша уақыт ол үйде жүргенімді білмеймін. Жер қарада барып едім, міне, қыс түсті. Қар қалың. Малтығып, екі арасында ойнап жүремін. Екі үйде де мен ойнайтын бала жоқ, барлығы ересек. Сәл менен үлкен Кэмал деген Иса нағышымның қызы бар. Бірақ онымен ойнаудың сәні жоқ. Оны түмсықтан бір-ақ сүйкеп, жылатып қоямын.
Енді үйімді сағындым. Ауылдың балаларын сағындым. Ү йге қайтқым келеді. Кім мені үйге апарады? «Үйге қайтамын»,-деп бір-екі рет қыңқылдап едім, ешкім тыңдамады. Енді ел жақтан біреулердің келгенін күттім. Ауық-ауық ел жақтан келетін жолға көзім талғанша қараймын. Бір күні Кенже аға (Мұса - әкемнің інілерінің бірі) келе қалды. Қуанып кеттім. Жүгіріп барып, қүшақтай алып жылап жібердім. Ол басымнан сипап:

  • ЕІеге жылайсың? Үйіңді сағындың ба?- деп сүрады.

  • Иә, мені жібермейді. Қайтсең де, мені ала кет,- деп, оның алдынан нағашылар шыққанша, Кенже ағаға айтып үлгердім.

Құдаларына «Мені алып кетемін» деп ашық айтуға бата алмады ғой деймін, ол кезде Кенже аға жас жігіт еді.

  • Ендеше мен шай ішіп бола берген кезде, киіміңді ки де, ел жаққа шығатын жолмен көрінбей, біраз жерге жаяу кетіп қал,- деп ақыл үйретті. Онымен бірге өз нағашымның үйіне кірдім. Онан енді айрылғым келмейд. Ол үй ішімен амандасып, төрге шығып отырды. Мен де оны тізерлей отырдым.

  • Ана Қу қараны қарашы, туысынан айрылар емес,- деді Ажар апам күліп.

  • Енді туысын, ағасын танымайтын бүған не болыпты. Қу қара біледі кімнің жақын екенін,- деп қойды Кенже аға, басымнан сипап. Біраздан соң шай келді. Жүрт шай іше бастаған кезде сытылып сыртқа шығып кеттім. Ел жаққа баратын жолмен ауылдан алыстап кетіп барамын, кетіп барамын. Қуанышым қойныма сыймайды. Қуанғаннан алға қарай жүгіріп келемін. Не заматта ол кісі де мені қуып жетті-ау!

  • Кел, Қу қара, отыр,- деп, шанасының алдына бетімді өзіне қаратып отырғызды да, жүріп кетті. Көк ала ат алып үшып келеді. Мұса сол кезде жаңа үйленген, орта бойлы, талдырмаш




қана сары жігіт еді. Әнші болатын. Аттың божысын қағып қойып, кең далада асқақтата эн салып келеді. Шанада теріс қарап отырмын. Жол жиегіндегі бұта-карағандар бірін-бірі куып артта қалып жатыр. Кейде шана ауып қала жаздайды. Кейде жолдың оқабына кездесіп, ыршып-ыршып түседі. Бірақ Кенже ағаның әдемі әні бір тынбайды.
ЖАЯУ ЖАРЫС
Ортадағы ауылда бізбен аталас Құнапия деген кісінің екі ұлы болды. Үлкені - Нұрсүлтан да, кішісі - Байсұлтан. Байсұлтаны оқыған, сауатты, зерек жігіт еді. «Алыста, бір жерде оқиды, орысша оқиды» деседі ауыл адамдары. Жасы жиырмаларға келген, орта бойлы, дембелше, қызыл шырайлы жігіт. Ол да Асубай атам сияқты балаларға үйір еді. Балаларға Байсұлтанның көрсетер қызығы да көп болатын. Оның үйінде әр түрлі қағаз, қарындаш көп-ақ. Біз - балалар эліпті таяқ деп білмесек те, қағаз, қарындашқа құмар-ақпыз. Онда шеті қызыл, көк сызықтармен сызылған әдемі кағаздар да болады. Таңертең көзімізді тырнап ашқан соң, Байсұлтаннан қағаз алсақ деп ойлаймыз. Бірақ онан қағаз, қарындаш алу оңай емес. Күн көтеріле бергенде, Құнапия атамның есігінің алдына үш ауылдың баласы жиналады.

  • Әй, Байсұлтан, мына жүгірмектеріңді топырлатпай әкет маңайдан,- дейді Құнапия атам есік алдына шығып. Сол кезде:

  • О, келіп қалған екенсіңдер ғой,- деп күліп, үйден Байсұлтан шығады.

  • Аға, бүгін бізге қағаз бересің бе?- деп ұсақ балалар шу ете түседі. Ересектері үндемей тұрады. Өйткені қағазды жай бере салмайтынын олар әбден біледі.

  • Беремін,- деп Байсұлтан үйге қайта кіріп, эр түрлі әдемі қағаз, ортасынан екіге бөлген төрт-бес қарындаш алып шығады. Сонан кейін барлығымызды ертіп, қара жолға алып келеді де:

  • Міне, осы арада көмбе. Қазір ат жарысы, онан құнан, сонан соң тай жарысы болады,- деп, балалардың үлкен- кішілігіне қарай үшке бөледі. Ол қай баланың қашан туғанына дейін біледі. Оның бөлгеніне ешкім таласа алмайды. Бөлген балаларын біріне-бірін араластырмай, бір тобын жолдың оң жағына, екінші тобын жолдың сол жағына отырғызып қояды. Ал үшінші топ жарысқа кетеді. Байсүлтанның эрбір топты






басқаратын көмекшісі болады. Жарысатындарға ертіп жіберетін айдаушы да бар. Мені екінші - құнандар тобына шығарады. Бірак мен барлығынан жүйрікпін. Алда келемін. Маған бірінші бәйге - шеті кызыл сызыкты калың кағаз, жарты карындаш береді. Екінші келгенге көк сызығы, үшінші келгенге жай кағаз береді. Менің қағазым, эрине, барлығынан жаксы, шеті қызыл сызыкты әдемі болады. Оның үстіне Байсұлтан менің жүгіргенімді басқаларына үлгі етіп мадақтап, «ең жүйрік бала» деген белгі деп, оң аяғыма қызыл жіп байлап береді. Бұл кезде мен, тіпті жосып кетемін. Енді бэйге ала алмай қалған балалар қыңқылдай бастайды. Кейбіреуі аузын бүртитып өкпелеп, кетпек болып, топтан оқшаулана бастайды. Оны Байсұлтан байқап тұрады да:

  • Сен тұра тұр, бәйге аласың, элі күрес басталады,- дейді. Өкпелеген балалар қайта топқа кіреді. Күрескенде де жасына қарай күрестіреді.

Ең алдымен ересектерін күрестіреді. Олардың бірінші шыккан екеуін «түйе балуандар» дейді. Мені екініпі топта әрқашан да Омарбайдың Рамазан деген баласымен күрестіреді. Ол менімен түйдей жасты. Бірақ ол менен денелі. Әкесі Омарбай еңгезердей адам болатын. Бұл екеуміз күрескенде, Байсұлтанның көңіл күйі ерекше болады.
Оның менен күші артық, бірақ өзі ыңғайсыз, әдісі жоқ. Ол мені тымақша үйіреді. Мен жығыла қоймаймын. Ол үйіріп жүргенде, мен аяғынан қағып қаламын. Ол құлап түседі. Үстіне міне түсемін. Ол мені оп-оңай аударып тастайды. Кейде екеуміз жерге қатар кұлаймыз. Онда «Ит жыгыс түсті, ит жығыс түсті» деп, Байсұлтан айқай салады. Екеуміз бір-бірімізден ұстай- мүстай түра келеміз. Қайта күресеміз. Ол менің мойнымнан құшактап алады да, бойымен басып алып соғады, бірақ мен сынапша сыпсып астынан шығып кетемін. Енді Рамазан ыза болып, менің кез келген жерімнен ұстап, қолын батырып жібереді. Мен де ыза болып, оның үлкен кұлағынан үстай аламын. Ол да менің құлағыма жармасады. Енді екеуміз сүзіскен қошқарша басымыз бен басымызды тіреп, табандап түрып аламыз.Төреші - Байсұлтанның өзі. Ол қашан «бәлен жықты» дегенше, күресе береміз. Бұл кезде әбден шаршап саудамыз бітеді. Әбден терлеп кызарып кетеміз. Сонда барып:

  • Балуандар жығыса алмады. Тең түсті. Бүгінгі бас бәйгені екеуіне тең бөліп береміз,- деп, Байсұлтан екеумізді айырып


жібереді- Рамазан екеуміз екінші топтың бас балуандары болғандықтан, бірінші бэйге - қызыл сызығы бар қағазды екеумізге ортасынан бөліп береді. Жарыста, күресте жүлдеге ілінбей калған балаларға шетінің сызығы жоқ кағаздан бір-бір парақ қағаз беріп, Байсұлтан сол күні бізбен келер күнге дейін қоштасады. Біз де үйді-үйімізге тараймыз.
көш
Тұр, қарақұрт! Ел көшіп кетті, сен жұртта жалғыз қалдың!- деген Нәсиха тэтемнің даусынан оянып кеттім. Сыртқа шыксам, букіл ауыл азан-қазан. Жылқы кісінеп, сиыр мөңіреп, қой маңырап, ауылды калың мал басып кеткен сияқты. Біздің үй жүгін арбаға тиеп қойыпты. Жоғарғы ауылдың көші тізіліп, қара жолмен төмен карай келе жатыр. «Шынында, Нәсиха тәтем болмаса жұртта қалып қояды екенмін» деп ойлаймын. Ішімнен сол кезде «маған жаны ашитын осы Нәсиха тәтем» деп түйемін. Нәсиха - экемнің Иіс деген інісінің әйелі. Бетінің секпілі бар, нэзік қана сары келіншек. Менің ең кіші жеңгем. Ол мені «кішкене ұл» деп атайды. Ол кісінің атымды атағанын естіген емеспін. Ол үйден бір аяқ айран алып шықты да:

  • Мынаны ішіп ал. Жолда қарның ашады,- деді. Мен «көштен қалып қоямын» деп асығып тұрмын. Тәтемнің қолындағы айранын алып, басыма бір-ақ көтердім де, арбаға қарай жүгіре жөнелдім. Арбада Шамшия, Күлзапыран деген кішкентай қарындастарым отыр. Мен де солардың қастарына барып, орналасып отырып алдым. Үлкен үй жақтан әкем келіп, аттың басын ұстады.

  • Аға, аттың басынан мен ұстайын,- деймін.

  • Жоқ, сен арбаны аударып аласың. Бері, менімен қатар отыр. Мен божыны ұстаймын. Сен мына бишікпен атты айдап отырасың,- деп, қолыма бишік ұстатты. Ол маған - үлкен дәреже. Енді арбаның жүру-жүрмеуі менің қолымда сияқты. Көштің алдына шыққым келеді. Бірақ аға асығар емес. Бір кезде аға жирен аттың божысын қағып қалды. Жүріп кеттік. Енді көңілдене бастадым. Қара жолға келіп тағы тоқтадық. Біздің тұсымызға келіп, Жоғарғы ауылдың көші де токтады. Сол кезде:

  • Ал, Қайса, жүр алға,- деген дауыстар шықты. Мен енді, тіпті жосып кеттім. Жирен атты бишікпен салып қалдым.






Көштің алдына түстік. Біздің соңымыздан бүкіл ауылдың көші ерді. Сандық-сақбыт, киіз-текемет, көрпе-жастық тиелген ар- балар. Арбаның канатына салбыратып ағаш шелек, торсык байлап койыпты. Жүк артқан түйелер. Түйенің екі өркешіне ай- нала артқан жүктің үстіне төңкеріп шаңырақ байлап қойыпты. Біздің ауылдың көшінде басы артық салт атқа мінгендер аз. Жылқы атаулының барлығын арбаға жегіпті. Міне, көшті жанамалап салт аттылар келеді. Мен оларға қызыға қараймын. Әне, Иіс ағам, Нәсиха тэтем бір-бір атқа мініп алыпты. Әсіресе Иіс ағаның көмірдей қара аты жал-құйрығы төгіліп теңселіп жорғалап келеді. Жалқүйрығын сүзіп тастапты. Қолында қурайдан істеп алған сыбызғысы бар. Иіс - әкемнің кенже інісі. Орта бойлы, қызыл шырайлы әдемі жігіт. Үйленгеніне бір жылға да толған жоқ. Ол өте қатал адам. Бүкіл ауылдың балалары «Иіс келе жатыр» десе, жылағанын коя қоятын. Онан жылқы екеш жылқы да қорқатын. Оның даусын естісе, қорада жайына шөп жеп тұрған аттар біріне-бірі тығылатын. Өз әкем балаға жайлы адам еді. Бүкіл ауылға «тентек» атанған мен екеш мені де маңдайдан шертіп көрген емес. Мен сотқарлык жасасам:
- Әй, Қара, әне Иіс келе жатыр,-дейтін. Өзінің қаталдығымен бүкіл ауылдың өзінен кіші жастарын тэртіпке салып, ауыр жүмысқа, таза еңбекке үйретті ол кісі.
Міне, сол қатал аға бүгін жайдары. Сыбызғысын тартып, жайына келе жатыр. Аяғында қисық табан хром ірбіт етік, үстіндегі бүрмелі қара тон, басындағы түлкі тымақ өзіне жарасып түр. Осылай киіндіріп, оны алақанына салып әлпештеп өсірген әкем қазір оған сүйсіне қарап отыр. Өз еңбегінің, өз жақсылығының жемісі көз алдында келе жатыр.
Үзақ жүрдік, бірнеше судан өттік. Әсіресе Тайынты өзенінен әзер өттік. Сол күні Ү ңгірлі өзенінің бойына ат шалдырып алдық та, Қарақойынды асып, Қоскұлақтың түбіне жетіп тоқтадық.
Жүрт арбаларын қатар-қатар қойып, аттарын доғара бастады. Біреуді біреу іздеп, айқай салады. Балалар жерге түсіп, арбаларды айналып жүгіріп жүр. Әйелдер от жағып, кешкі тамақтың қамына кірісті. Бұл жерге арбадан жүк түсірмеді. Арбадан жеңіл-желпі төсеніш алып, кешкі тамақ ішкен соң, жұрт жатып қалды. Шамшия, Күлзапыран үшеумізді арбаның үстіне көрпеге орап тастады. Шамшия деген қарындасым - домалақ қара қыз. Тез сөйлейді, бірақ бір сөзді анық


сөйлемейді. Күлзапыран онан үш-төрт жас кіші. Көзі көк, сары қыз. Бұл кішкентай болса да, эр сөзді анык сөйлейді. Мен аспандағы жапырлаған жұлдыздарға карап, шалкамнан жатырмын. Шамшияның аузына дамыл жок, сөйлей береді. Әр нэрсені сұрай береді. Оны мен-ак түсінемін. Сөйлеуге ерініп жатырмын. Ұйыктап та кеттім.
Ертеңінде елең-алаңнан тұрып, артынып-тартынып, ауыл тағы көшті. Екі таудың арасымен келе жатырмыз. Салт аттылар тұс-тұсқа карай шауып кетті. Біз ілгері карай жолмен кетіп барамыз. Біз ұзап кеткен кезде, элгі кеткен салт аттылар сонымыздан қуып жетті. Олар құшақ-кұшақ рауғаш, жуа алып келіп, эр арбаның үстіндегі балаларға бөліп беріп жүр. Бізге де жарты кұшағын әкеліп тастады. Рауғашын аға сындырып, қабығын аршып, бізге береді, біз жеп жатырмыз. Дэмі қышқыл, ашырканып-ашырканып жейміз. Жуасын жеп көреміз. Ол пияз сияқты аузымызды ашытып кетеді. Сонау Шыбынды жайлауына жеткенше, ермегіміз даланың жабайы жемісі болды...
ЖАЙЛАУДА
Асубұлақ бойын мекендеген үш ауыл бұл жайлауда да үш ауыл болып шаңырақ көтерді. Қыстақта бізбен бірге отыратын бес-алты үй Айдабол балалары өз тұқымдарына кетіп калды. Біздің атаның балалары он шакты үй болып жеке конды. Осы біздің шағын ауылда бір кора қой бар. Оны эр үй кезектесіп бағады. Біздің екі үйдің кезегі менің мойнымда. Өйткені Иіс аға қой жаймайды, ал Рақымбек болса, үлкендермен бірге қыстауға барып, шөп шабады, егін орады, жұмыс істейді. Бірак бұл ауылда койдың кезегіне баратын ешкім жок десе де болады. Сондықтан, анда-санда болмаса, бұл ауылдың байырғы қойшысы - мен. Біздің сол жағымыздағы үй - Иса атаның үйі. Ол кісінің Зәпен деген біздің Шамшиядай қызы бар. Мұхамметтұрар деген жалғыз кішкентай ұлы бар. Иса атамның өзі жарымжан адам. Одан арғы үй Ахмер ағайдың үйі, оның бір сиырдан басқа айыр тұяк малы болып көрген емес. Сонан кейінгі - Оқан мұғалімнің үйі, онда ер бала жоқ. Құсман ағаның үлкен ұлы - Мұхамметсапар әлі кішкене. Самарқан атамның үйіне бір ешкіден баска мал бітіп көрген жоқ, онда бала да болмады. Нұғман атамның ұсақ малы болғанымен, ер баласы






жоқ болатын. Ағайынның үлкендерінің бірі деген - Садық ақсақалдың үйінде ғана қойдың кезегіне баратын бала болды. Қалғандары жаңа ғана отау шыққандар.
Бір күні Иса атаның кезегі екен. Қой жаятын адамы жок. Қания шешеміз мені сұрай келіпті.

  • Қара, тұр! Мына кіші ағаның үйінің қой кезегіне барып кел,- деп, тәтем мені оятады. Мен тұрғым келмейді. Басымды көтеріп, отырғызып қояды. Көзімді уқалап отырамын да:

  • Күнде-күнде қой бағамын...- деймін.

  • Енді бүгін барып кел. Әлі Тоян (Мұхамметтұрарды әке- шешесі, бүкіл ауыл еркелетіп солай атайтын) үлкен болған соң, сенің де қой кезегіңе барады,- деп, Қания шешем жалына бастайды. Орнымнан тұрып, Қания шешемнің үйіне барамын. Бұл уақытта қой далаға өріп бара жатады. Есіктерінің алдында өмірі шыр бітпеген арық, көк аттарын маған мінгізбек болып байлап қояды. Үйге кіргізіп, маған каймақ пен қатырма береді. «Қарның ашқанда жейсің» деп, қойныма қатырма салып береді. Бұл кезде Иса атам Тоянын кеудесіне отырғызып:

  • Тояны, тоймасы, - деп баласын қызықтап жатады. Менің көңілімді қайтсем табамын деп, Қания шешем жүреді.

  • Сендердің Тояндарың неге қой жаймайды?- деймін, тамақ жеп отырып.

  • Ой, әкем, Тоян, міне, көрмейсің бе, элі кішкене, өскен соң, сенің орныңа қой кезегіне жіберемін,- дейді Иса атам.

Әйтпесе, менімен бірге Тоян жүрсін,- деймін.

  • Ой, жығып аласың. Бұл жаман кішкентай немені қайтесің,- дейді шешесі. Сонымен қой жаюға жарамайтын Тоянды ішімнен жек көріп, қой соңынан кете барамын.

Қойды куғаннан куып, кезең асырып кетемін. Қой енді ауылдан алыстап, жайылып кетіп бара жатады. Күн көтеріліп қыза бастаған кезде, осы тұстан жолмен біреу өтетін. Астындағы ауыздығымен алыскан кер атын сипай камшылап, осы арадан күнде өтетін адамды бүгін көргім келіп, жол үстінде жүрдім. Көп кешікпей әлгі адам атын жайдак қақтырып, дөңнен шыға келді. Жакындап карасам, біздің ауылға келіп жүретін Алдаберген деген кісі. Ол біздін ауылға неге келетінін, бізге кандай жакындығы бар екенін білмейтінмін.

  • Ассалаумағалайкүм,- дедім, ол кісі түсыма келе бергенде. Атының басын маған карай бүрды да, сәлеміме жауап қатпастан:


  • Мынау кай ауылдың койы?-деді, аяғын үзеңгісіне шіреніп, сары ала камшысының сабын аяғының басына тіреп тұрып.

  • Біздің ауылдың,- деп күңк ете түстім. Бүл кісіні бүрын алыстан көріп байкамайды екенмін. Қап-кара мұрты бар, көзі уытты, түсі суык, еңгезердей кісі екен. Басына түлкі тымак, беліне күмістеген белбеу буынып, аяғына саптама етік киіп алыпты. Қоркып кеттім.

  • Кімнің баласысың?- деді ақырып.

Мажыраның Қайсасының баласымын,- дедім сасқалақтап. Сол екен, сарала камшы жауырынымды осып-осып өтті. Шар ете түстім.

  • Ағатай, ағатай, ұрмаңыз!- деуге тілім әзер келді. Тағы да салып-салып жіберді. Мен көк аттың жалын қүшып, кала бердім. Ол өз жайына кете барды. Өне бойым удай ашып барады. Өксіп-өксіп коямын. Оның мені неге ұрғанын да білмеймін. Бар жазығым - жолын тосып тұрып сәлем бергенім. Кешке үйге келген соң, Алдабергеннің ісін үйге айта келдім. Білеуленіп тұрған арқамды көріп, экемнің де, шешемнің де жаны ашып аяп кетті. Сөйтсем, Алдаберген бізге күйеу екен де, мені балдызсынып «ойнаганы» екен.

Бір күн өткеннен кейін кезек Нәнемнің (Құсыман ағаның) үйіне келді. Қойдың кезегіне барып келуге тағы мені жұмсады.

  • Нәнемнің көк атын берсендер, барамын,- деп бұлдандым. Көк ат коян сияқты артқы аяғынан алдыңғы аяғы кысқа, әсіресе өрге карай шапқанда, алдына жан салмайтын жүйрік ат еді. Ондағы ойым - Алдабергеннен өш алмақпын.

  • Жарайды, міне ғой. Бірақ қойды жамыратып жібермей, жақсылып жайып кел,- деді Қайша жеңгем.

Қуанып кеттім де, дереу көк атқа мініп, қойды өрістетіп шықтым. Күндегі жерге қойды иіріп тастадым. Көк аттың ауыздығын салып, жолға келдім. Нәнемнің тобылғы сабы бар жуан қамшысын Қайша тәтемнен сүрап алып шыккамын. Ойым - оны беттен бір салып, каша жөнелмекпін. Басқа жерінен ұрғанмен, ондай үлкен адамға қамшым өтпес деп түйдім. Көк аттың жеткізбейтінін білемін. Сөйткенше болған жоқ, Алдаберген тағы жалғыз өзі келе жатыр екен. Жол бойында еш нәрсе ойламағандай болып, моп-момақан тұрмын. Ол тағы жаныма жетіп келді де:

  • Сен тағы жолымда жүрмісің,- деп, маған қарай бергенде, беттен жуан қамшымен салып жібердім де, қаша жөнелдім.




Қамшының ұшы көзіне тиді-ау деймін, «ек» деп көзін колымен басып тұра калды. Сәл кідіріп барып, мені куа жөнелді. Қашып келемін, ол куып келеді. Аты ұшқыр екен, э дегенде, жакындап қалды. Қуып жете ме деп сасып келем. Көк атқа камшы үстіне қамшы баса түсемін. Әбден ыза болған болуы керек, соңымнан калар емес. Енді жетуге айналса, көктің басын өрге бұрамын, ол зымырап кетеді де, Алдаберген алыстап калып қояды. Қойшы, эйтеуір, шай қайнатым куды, жете алмады. Семіз кер ат көк атка ұқсап үстін ак көбік жауып кетті. Ал коянкөктің кұлағының түбі ғана терледі. Алдабергеннің аты шоқырақтап шабудан калды. Ол мені тілімен аяп жүрген жоқ. Қуып жетіп, ұстаса, маған не істейтініне дейін айтады. Мұндай бейпіл ауыз адамды көрсемші! Мен оған енді қайта оралдым. Ауылдың балалары жездесі болған соң, айта ма, жоқ, шыны солай ма, ол ауылға келгенде «таз келді» деп, шу ете түсетін. Енді бұл жуан жұдырык Алдабергенді мен де тілдей бастадым. Оның таздығына да жеттім. Ол қуайын десе, жете алмайтынын біледі. Оның мысы әбден кұрыды. Қоянкөк шаршар емес, лыпып тұр. Тұсап қойған атты айдап келе жатқан сияқтымын, оның алдына да, артына да шығамын. Осылай біраз жерге дейін шығардым да, қойыма қайтып кеттім.
ҚОЙ КҮЗЕТ
Ауылдың жұмысқа жарайтындарының барлығы пішен шабуға қыстауға түсіп кетті. Жайлауда кемпір-шал, бала- шаға ғана калды. Иса атам қолы ауырып, бізбен бірге қалып қойды. Иса - әкемнің үш-төрт жас үлкен ағасы еді. Бұл кісі шағын денелі, ашаң жүзді, кызыл шырайлы адам. Алды-артын аңламай сөйлей салатын ақ көңіл, адал жан болатын. Бір ат, бір сиыр, екі-үш ұсақ малы бар. Жас кезінде оң қолының шынтағынан сүйек туберкулезі болып, қолы жазылмайтын. Ол сол қолымен ағаш шабатын. Екі кісі артына қатар отыратын жеңіл шана жасайтын. Оны біздің елде кашевка дейді. Ол шананы қара сырмен бояйды. Ол кісінің бояуы - пеш мойнының ысы. Сол ысқа бірдемелер косып бояғанда, қазіргі қара бояулардан кем соқпайтын. Қысқа карай ол кісіге басқа ауылдардан жеңіл шана жасатуға кісілер көп келетін. Жұрт шанасын мактаса, Иса атам «мен жасаған шаналар атсыз-ақ жүреді» деп, бөсіп кететін. Айқай-киқушыл даңғой еді. Бір




жылы жұрпың біразы қазынадан шөп таситын үлкен арба сатып алды. Солардың бірі болып Иса атам да бір арба алды. Оны бричке дейтін. Сол бричкесінің астына үлкен қоңырау тагып қойыпты.

  • Аға, мүны неге тақтың?- деп сұрағандарға:

  • Жүргенде жүрттың арбасындай емес, өзгеше дауысы шығып жүрсін,- дейтін. Бұл кісінің сылдыраған дауысы әдемі болатын. Иса атам ұйықтап жатып, түнде эн салатын. Егер бір нәрседен оянып кетіп, қайта ұйықтап кетсе, алғашқы салған энінен жаңылмай, ары карай жалғай беретін.

Міне, бүкіл ауылда қалған бас көтерер - осы Иса атам. Қасқыр да қу ғой, ауылдан ересек адамдар кеткен соң, ауылды торып алды. Күнде қораға шабады. Бірнеше қойдың қүйрығын тартып кетті. Иса атамның түнде даусы сенбей шығады. Бір күні қыстаудан Садык атам келді. Бұл кісі орта бойлы, ақ кұба, қыр мұрынды, кең маңдайлы эдемі адам еді. Айыбы аздап мұрнынан сөйлейтін. Он саусағынан өнер тамған шебер адам болатын.

  • Бүйтіп аз малды кырып аласыңдар ғой,- деп, інісіне ұрысты да, ауылдың бар аркан-жібін жинатты. Бір үйдің белдеуінен екінші үйдің белдеуіне арқан керіп, бүкіл ауылды арканмен белдеулеп тастады.

  • Қасқыр арқаннан аттамайды. Енді қотанға қасқыр кірмейді,- деді Садық атам. Сонан кейін ауылдың бар бақанын жинатып, ауылға қасқыр келеді-ау деген жағына балаларға алтыбақан қүрып берді. Енді балалар алтыбақан теуіп, түн ортасына дейін үйықтамайтын болды. Түн ортасынан кейін Иса атамның ащы даусы мен керілген аркан касқырды қотанға жібермейтін болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет