іИисі. ьеип*4шЛ
ШЫНДЫҚҚА ДА ӘРКІМНІҢ БАР ТАЛАСЫ
АЛҒЫ СӨЗ
Қаһарман партизан-жазушы Қаскеңнің мына жаңа кіта- бының қолжазбасын оқып шыққан соң, “ауызша Қайсенов” пен “жазбаша Қайсенов” хақында ой өрбіттім. Өзім көптен білетін бұл тұлға - бір отбасының, бір өңірдің, бір Қазақстанның еншісі емес, ол кешегі Кеңес Одағының аясына шығып кеткен қаһарман. 1969 жылы Қаскеңмен Киевке бірге барға-нымда оның партизандық даңқы Чехословакия мен Польшаға да мэлім екенін білдім (қалайша екені ағамыздың бертінгі майдан жазбаларында айтылды, өздеріңізге анықты қайталамай-ақ қояйын). Тарихи іс қалыбындағы партизан ерлігі ел есінен кітап-қалыпқа көшкеннен кейін, “ауызша Қайсенов” пен “жазбаша Қайсенов” бір өзеннің біріне-бірі тым ұксай бермес екі жағасындай бейне алған. Гитлершіл басқыншы жауыздардың ажал тұзағынан Қаскеңнің жанқиярлық жэрдемімен тірі қалып, адами бақытқа бөленген ер-эйел украиндардың: “Помнишь, Вася?” деп бастап (“Вася” украиндық қарулас достары қойып алған екінші есімі ғой), бір жылап, бір күліп отырып айтқан, ертекке бергісіз естелік- терін тыңдағанымда, Қаскеңнің кітаптарында жоқ оқиғаның аз емесін аңғардым. Кейінде соларды есіне бір салғанымда, Қаскең: “Мен басымнан кешкен шындықтың жадымда қалған негізгілерін жаздым, ештеңені алып-қоспадым, патриот болған, сатқын болғандардың да аты-жөндерін өзгерткен жоқпын, ал бүгінде баскалар артық-кем айта берсе, оларға төреші болып нем бар? Тек өтірік айтпасын!” деді. Түсіндім. Қандай жэйтті болсын оған куэ эркім өзіндік сезім еркімен айтады жэне егер байыптап аңдап отырсаң, сол бір жэйттің өзі әрқилы болып шығады, шындық қазығы біреу болса да, өңделіп, үстемеленіп тарап жатады. “Ауызша Қайсенов” те солайша. Бүгіннің өзінде, қазағының арасында да ол жайында аңыз эңгіме жетерлік.
Ал “жазбаша Қайсенов” одан бірер мыскал “жүтаңдау”, себебі ол партизандық өмірін де, тэуелсіз елінің тірлік-тір- шілігін де жүрек сүзгісінен сан өткізіп, шындық деп түйгенін жазған. Оқырмандарын алас-күлеске түсіру үшін арсын- күрсін жасанды оқиғаны ойлап таппаған, алабажақ сурет-бояу іздемеген. “Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап тыңдар едің, бір сөзін мыңға балап” деген Абайға жүгінгені.
Шындыққа да әркімнің таласы барын бағамдап, арзанға қалам тартпағаны.
Шындық бояуды, боямалауды керек етпейді. Боялғаны, боямаланғаны шындық болудан қалады. Қаскеңнің ¥лы Отан соғысындағы партизандық күрес қырынан жазған кітапта- рының құндылығы - авторының шыншылдықтан жаңыл- мағанында. Киевке сапарымыз күндерінде сонда, басқа жерлерде тұрып жатқан партизан дос-жолдастарынан: “Васяның жазғандарының бэрі рас!” дегенді ғана естігеніме іштей маркайып жүрдім.
Сол жолдан іштей өкініп қайтканымды да сөз ретіне қарай айта отырайын. - Киевке бару максатым даңқты партизан Қасым Кайсенов жайында элде хикаят, әлде роман жазу еді. Қаскеңнің есен-сау каруластарымен сұхбаттасып, олардыц өзара эңгімелерін тыңдап, кешегі партизан өмірін көз алдыма келтіргендей болсам да, сол бір қиямет кезеңді киялыммен камти алмайтынымды, ең мықтағанда Қаскеңнің ізімен жүріп өтетінімді түсіндім, “Есінде ме, Вася?!” деген жолжазбамен шектелдім, ол “Қазақ эдебиеті” газетінде жарияланды. Қаскең менен өзі туралы кесек шығарма күтті ме, күтпеді ме... білмеймін. Өз басынан кешкенді ғана жазатын адам соғыс жылдарында колхоздың сегіз жастагы “жұмыс қолы болған менің соғыс, оның ішінде партизан соғысы туралы ойтөтемен ештеңе жазбауымды жөн көрген де шығар. Тек бірде, Кеңес Одағының Батыры болған, небары 22 жасында қаза тапкан жерлесіміз Айтықов Ізғұтты Құрманбайұлы хақында эңгіме айтып отырғанында, біраз үнсіз қалып, ауыр күрсініп: “Ізкен туралы кітап жазу қажет еді... Қыршын жасында ”Даңқ” орденінің үшінші, екінші дәрежелісін алған, Батыр атанған майдангер сирек...” деді. “Ізғұтты сенің аталас ағаң емес пе еді, неге жазып байқамайсың?” демеді. Көрмегеніме, білмегеніме қол ұрмауым жөн екенін, жалпы шындық шырайын қымбат бағалау керектігін үнсіз аңғартқаны да. Осы орайда жэне айта кетейін: Қаскең майдангер жазушылардыңэдеби эсірелеу тэсілін қолдай бермейді. Тағы бірде: “Әзілхан Нұршайықов болмаған нәрсені ”болды” етіп жазыпты, онысы дұрыс емес!” деп ренжіп отыр. Өйткені Әзекең Бауыржан аға Момышұлы туралы сұхбат-романында ауруханада жаткан Баукеңе көңілін сұрай барған інісі Қасым Қайсенов аурухана карантин жағдайында болғандықтан, кіруіне рұксат берілмеген кезде, қашасынан бір-
ак қарғып кіріпті деген екен (оқырмандардың есінде болар). “Олай болган жоқ, бекер!” дейді. “Әдеби эсірелеу ғой, одан ешкімге нұқсан келген жок кой” дегенімді қабылдамады. “Шындык емес!” дейді - бітті!
Мына жаңа кітабындағы макалаларының тіні - соңгы он жылдың бел-белесінде көргендері, көңілге түйгендері. Үйреншікті жалпы ұгымға үйлескендері де, үйлеспегендері да бар болар, артык-кем тұжырымдары кездесер, алайда онын бәрі де - автор сенімінің үкімі, көңілінің қалауы, көзі жеткен, көкейіне қонғанды шын айтуы. Мен қай мақаласы не туралы, калай жазылған, несі жаңалық, несі жетіспепті дегендей сыни баға ұсынбадым. Төрешісі - оқырманы. Маған қажеті Қаскеңнің ауызекі эңгімеде не айтқаны, сол айтқандарының кітап бетіне калай көшкені еді. “Ауызша Қайсенов” пен “жазбаша Қайсенов” деуіме жэне бір себеп болғаны сол.
Шындықты айтсам деу бар да, айта білу бар. Біреу айта алады, біреу айта алмайды. Айта алатынға ары кымбат, айта алмайтынга айтуына жібермеген есебі қымбат. Бір кызыгы - екінің бірі шыншыл, шындықты айтуға құмар. Көп алдында емес, оңашада. Жазбашада емес, ауызшада.
Қаһарман Қаскең жасы сексеннің бесіне іліксе де, оқырманы күткен көмбеге шалдықпай жетті! Оған осы кітапты оқып шыккан эркім куэ бола алады деп білем. Әлі де жазары бар. Жігер-куаты кемімегей!
Достарыңызбен бөлісу: |