Савченко Анна, мен де Ивановнамын,- деді күліп Анна Ивановна.
Е, естігемін. Македон селосында болдыңыз ғой...
Иә, иә!
Ендеше таныс болып шыктык, өте манызды хабармен келіп едім, командирге калай жолығар екенмін?- деді Надежда Ивановна асығып.
Ол кісіге жолыға алмайсыз. Ол кісі лагерьде жоқ.
Орнына қалған адамга не орынбасарына болса да жолықсам жарар еді, жұмысым өте тығыз,- деді тағы Надежда Ивановна.
Айта беріңіз жұмысыңызды. Иван Кузьмич келісімен айтайын,- деді Анна Ивановна байланысшыларға жакындай түсіп.
Асығыс деп тұрмын ғой. Ходоров селосына екі жазалаушы отряд келді. Олар ертең осы орманды сүзуге шықпақ. Соны хабарлауға келіп едім. Сак болыңыздар! Ол жендеттер бүгін де бері шығып қалуы мүмкін,- деді Надежда Ивановна келген жағына үрлана карап қойып. Анна Ивановна аз-кем ойланып тұрды.
Рақмет, хабарыңызды тез жеткізейін,- деп байла- нысшылармен коштасты да, Анна Ивановна лагерьге беттеді. Байланысшылар да орман ішіне кіріп, көрінбей кетті.
Анна Ивановна Данил Артемовичпен ақылдасып, Серік пен Бористі соңғы жағдайды хабарлау үшін отряд соңынан жібермек болды. Бористі күзет кезегінен шакырып алды да, Серік екеуіне тапсырма беріп, лагерьден шығарып салды.
Екеуі Анна Ивановна мен Данил Артемовичтің айт- кан жерімен күннің жауынына қарамастан, орман ішімен отыз шакырымдай жер жүрді. Отрядтың жаумен айқасатын елді пункттеріне де таяп калды. Астыртын жұмыста жүрген кездерінде бүл төңіректің эрбір бұтасын біліп алған Серік пен Борис сәл демалып, жол азықтарын жеп жүректерін жалғады. Сөйтіп отырғанда кеш те батып калды. Барлаушылар да ілгері жүріп кетті. Әбден караңғы түскенше жүріп Канев каласының терістік жағындағы калың жас қайың арасына кіріп, сол жерге түнеп шықпақ болды. Жауыннан әбден су болған балалар киім-кешектерін сығып, плащпалаткаға оранып жатып қалды. Көздері енді іліне бергенде мылтық атылып, жақын бір жерден ұрыс басталып кетті. Серік пен Борис бастарын көтеріп, тың тыңдады. Атыс барған сайын үдей түсті. Жеке мылтықтар даусына пулеметтердің дамылсыз тарсылы ұласып, түн тыныштығын бұзып жатты. Отрядта ұзак уақыт болып, сан рет айқастарға катыскан Серік пен Борис атылған мылтық даусынан өз отрядтарының жаудан гөрі соншалыкты басым атқылап
жатканын айырып тыңцап отыр. Жарты сағаттан соң так-так, ток-ток етіп неміс винтовкалары мен пулеметтерінің даусы да естіле бастады. Түн ортасы шамасында бәсеңдеп, екі дүркін гүрс-гүрс мина жарылды. Сонымен бүл айқас аякталғандай болып, кап-қараңғы түн жым-жырт бола калды. Борис пен Серік те плащпалатқа ішіне қайта кірді. Ол екеуі көпке дейін ұйыктамады. Осындай мазасыз кезде, арнаулы тапсырмамен жүргенде, сірэ, ұйқы келер ме?
Енді біз оларды таба алмаймыз,- деді Борис Серікке карай аунап түсіп.
Неге таба алмаймыз?- деп сұрады Серік.
Олар немістермен соғысты ғой.
-Соғысса несі бар? Енді бері карай қайтады. Сондатаңертең осы арадан өтпей ме? Осы арадан баска жермен жүрмейді. «Днепрдің арғы жағына олар өтпейді» дегені кайда мамамның. Олай болса осыдан баска жол жок,- деп дэлелдеді Серік. Борис сенерін де, сенбесін де білмей үнсіз жатыр. Екеуі ұзак уақыт жатып, ақыры ұйықтап та кетті.
Борис, Борис, тұр, тұр!- деді Серік Бористі түртіп оятып. Борис басын көтеріп, көзін оң колымен укалап отырып:
Не болды?- деді ұйқылы-ояу еш нэрсеге түсіне алмай.
Отряд келе жатыр ғой деймін, тындашы, мына жақтан дыбыс шығады,- деп, Серік түстік жакка құлағын тіге қойды. Борис те тыңдай калды. Сөйлеген адамдардың еміс-еміс даусы келеді. Бірақ сөздері анык естілмейді.
Немістер болса кайтеміз?- деді Борис сыбырлап:
Немістер болса ма,- деп, Серік сәл ойланып қалды да,- осы арадан байкап көреміз. Егер немістер болса, былай төмен карай ағаш арасымен кашамыз да, Днепрдің жағасымен лагерьге барып хабарлаймыз,- деді.
Серік осыным дұрыс па дегендей, Бориске сұраулы пішінмен карады. Борис алғашында келіскендей болғанмен, аздан соң:
Отрядты таппай келмеңдер дегені қайда мамам мен комиссардың?- деп дағдарып калды.
Егер бұл келе жатқандар немістер болса, біздің лагерьге шабуыл жасағалы бара жатпағанда, қайда бара жатыр дейсің? Сондықтан мамама тез барып хабарлауымыз керек. Отрядка немістер ештеңе істей алмайды. Отряд ертең болса да лагерьге бәрібір келеді. Спижевой ағайдың тобы төрт күн немістердің коршауында қалып, аман-есен лагерьге келгені қайда? Сол сиякты олар да келеді,- деді Серік Бористің құлагына аузын
төсеп. Борис екі ойлылау болып Серікке бажырая қарады да, онан эрі тіл қатпады.
Сөйтіп отырғанда, манағы дауыстар жақындап келіп қалды. Өз отрядының адамдары екені байқалды. Серік пен Борис өз адамдарын танып, куанып кетті. Олар жүгіріп барып алда шолушы ретінде келе жатқан ағайынды партизандар Сильвестер Горовенко мен Василий Горовенконың мойнына асыла кетті. Партизандар да оларды көріп куанысып қалды.
Мұнда қайдан жүрсіңдер таң атпай?- деп сүрады Сильвестер Горовенко екеуінен. Екеуі бірден не дерін білмей іркіліп қалды.
Жок, Василий ағай, біз командирге пакет әкелдік,- деді Борис вельветінің ішкі калтасына колын салып жатып.
Ендеше тез жүгіріңдер, командир кейінірек келе жатыр, - деп, Сильвестер Горовенко екеуіне жол нүсқап жіберді. Серік пен Борис жүгіре жөнелді. Олардың соңынан екі партизан көз жазғанша карап тұрды да, ілгері аяңдады. «Өте жаксы балалар. Бірақ, не керек, деген асыр салып уайым-кайғысыз өткізетін сэби өмірлері оқ пен оттың ортасында өтіп жатыр. Қыршын жастар жасына жетпей, өмір кызығын көре алмай кетуі де мүмкін ғой. Біз болсақ елуге келіп калдык. Жас шағымыз да жаман өткен жоқ. Жігіттік дэуірдің де қызығын көрдік. Алай-бұлай болып кетсек, өкініші де жок сияқты, бұларға қарағанда. Қаршадай кездерінен айдалада түнеп, боз торғайша таң сәрісінен тұрып бұта паналап жүргендері мынау, бұлар тағдырға не жазды екен! Бористі қойшы, оның мамасы жанында ғой. Ана Сережа бишараны айтсаңшы! Шешесі болса жау қолынан қаза тапты. Әкесінің қайда екені, өлі-тірісі де белгісіз! Өз елінде, туған- туыскандарының арасында жүрсе тағы бір сәрі, басқа елде, баска халықтың арасында жүр! Ол тіпті жас кой, не түсінеді? Елінің қайда екенін де білмейтін шығар. Осынша бүліншілікке қанішер каракшы Гитлер жауапты! Баланы анада, ананы баладан айырған сол қарақшы!- деген эрқилы ой Сильвестерді шырмап алды да, бас көтертпей қойды. Ол Василийге еріп келеді, тек сүлдері келеді - Менің Жорам да осылардай. Оның өмірі не болар екен? Бірак ол эйтеуір эке-шешесінің жанында ғой. Отрядта өзіммен бірге ғой!»—деп тағы ойына келген эрнеге ерік беріп келе жатты да, Жорасының өз жанында қазір жок
екені. оның лагерь күзетінде калғаны есіне түсіп, денесіне суык тамшы тигендей сергіп кетті де: