Тандамалы


Сіздің егемен елімізге, Қарулы Күштеріміздің жауын- герлеріне, барлық отандастарымызға ардагерлік ақ батаңыз?



бет30/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы

Сіздің егемен елімізге, Қарулы Күштеріміздің жауын- герлеріне, барлық отандастарымызға ардагерлік ақ батаңыз?

  • Егемен еліміз, барша отандастарымыз, Қарулы Күш- теріміздің жауынгерлері жаңа мыңжылдықта баянды бейбіт




    өмір сүріп, бакытты болсын. Отан корғаушыларымыз ата бабаларының жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыра білсін. Туған елін, жерін, Отанын шын сүйген нағыз патриот, каһарман жауынгер болсын!
    Сұхбаттасқан капитан Қ. МЕДИМАНОВ.
    БАТЫР БАТАСЫ
    26 желтоксанда Алматы қаласының әкімі Виктор Храпу- нов мырза қалалық экімшілікте оңтүстік астанада тұратын Совет Одағының Батырларын, Еңбек Ерлерін, Қазақстаннын Халық каһармандарын кабылдап, оларды келе жатқан Жаңа жыл, жаңа ғасыр, үшінші мыңжылдықпен кұттықтады.
    Салтанатты қабылдауда еліміздің ардагер азаматтары: Бэйкен Әшімов, Николай Кузнецов, Ермек Серкебаев жэне Сағадат Нұрмағамбетов сөз сөйледі. Сосын Казақстанның Халық каһарманы, атақты партизан, жазушы Қасым Қайсенов ақсақал өткен ғасырға қысқаша шолу жасап, алдағы ғасырға тілегін айтып, жаңа жылға батасын берді.
    - Осы жиналып отырған барлығымыз - жиырмасыншы ғасырда өмір сүрген адамдарымыз. Жиырмасыншы ғасырдың басынан орта шеніне дейін өте ауыр жылдар болды. Қан төгіс соғысты бастан кешірдік. Біз сол қиыншылыктардын бәрін жеңіп, соған төзіп, сол қиыншылықтардан да шықтык. Жиырмасыншы ғасырға осы отырғандарымыздың өкпеміз жоқ шығар. Біз жиырмасыншы ғасырға рахмет айтуымыз керек. Ризашылық білдіруіміз керек. Өйткені жиырмасыншы ғасырда халқымыз армандаған Тэуелсіздік алдық, Тәуелсіз мемлекетімізді кұрдық. Бір формациядан екінші формацияға. бір қоғамнан екінші қоғамға көштік. Осы қиын сапарда Республикамызды баскарған Нұрсұлтан Назарбаев еді. Ол осынау аласапыран уақытта ел тізгінін қолына алып, жаңа қоғам кұру ісіне басшылык жасады. Халкымыздың бағына осынау аумалы-төкпелі уақыттан аман-есен өттік. Қазір осы тәуелсіздігімізді алғалы он жылға тақаған уақытта Қазақстан деген кең байтақ жері, даркан елі бар мемлекетті дүние жүзі танып, жүзден астам ел мойындады.
    Әлемге алдымен елін, сосын өзін де танытқан Елбасымыз


    н. Назарбаевтың еңбегін ешкім де жокка шығара алмайды. Сондықтан тыңнан жол салған тұнғыш Елбасымызға рахмет айтуымыз керек. Сондай-ақ халқымыздың тэуелсіздігі жолында жандарын пида еткен есіл ерлерімізді еске ала отырып, олардың аруактарына басымызды иеміз. Қырғыны мол болғанымен, кызығын да көрсеткен, халкымызды жаңа ғасырға аман-есен жеткізген жиырмасыншы ғасырға рахметімізді айтамыз!


    Осы отырған отыз шакты Батырлар мен Еңбек Ерлері - осы жиырмасыншы ғасырдың перзенттеріміз. Біз жаңа ғасырға аяқ басқанда, сол өткен ғасырдың жақсылығын, жасампаздығын, кайсарлығын, ерлігін ғана апарып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола алатындай дәрежеде жетуіміз кажет. Біз жаңа ғасырға адалдық пен эділдікті, адамгершілік пен достықты, имандылық пен бауырмалдықты апаруымыз керек. Сондай ұлы касиеттерге сай болуымыз керек.
    Үрпақ тәрбиесіне біздердің жақсы да жарқын өмір жолдарымыз үлгі-өнеге болуга тиіс!
    Барлыгыңызга оң сапар тілеймін! Жаңа жыл, жиырма бірінші гасыр қүтты болсын!
    Елімізаман, жерімізбүтін, жасүрпагымыздың болашагы жарқын болсын!
    Әзірлеген Е. НҰРАЗХАН.


    ҚАЙДАСЫҢДАР, АЗУЫ АЛТЫ ҚАРЫС
    АКАДЕМИКТЕР, ҚАРАСӨЗГЕ ДЕС БЕРМЕС
    ҚАЛАМГЕРЛЕР?!

    Ана тіліміздің қамын жеп, ұлт мүддесін көздеген Мәдениет, ақпарат жэне қоғамдық келісім министрі Алтынбек Сэрсенбаевтың “Бұкаралык акпараг құралдары туралы” Заңға өзгерістер енгізу жайлы ұсыныстарын теледидар мен баспасөзден оқып, біліп отырмын. Біздің эрбір министріміз осьщдай біліктілікпен ұлт мүддесін көздейтін болса, канеки!..
    Арзанға сатып алынған орыс тіліндегі дайын телерадио өнімдерін экран мен эфирге жалаулатып, өз калталарын толтырып жатқан қазақстандык теледидар мен радио басшыларының біздің ұлтымыздың мүддесіне сай келмейтін






    кадамдарына тұсау болатын осы оң өзгерістерді (казақ үшін) қуана қүптаймын. Орыс тіліндегі ақпаратты 20%-ке қысқарту Қазақ елінің ішкі элемінде болып жатқан өзгерістерді көрсетіп отыруға жол ашады. Мен тіпті осы көрсеткішті 50%-ке арттыруға екі колымды көтеріп дауыс беруге дайынмын.
    Ақпарат министрі жақсы бастама көтерді. Алайда осы жақсылыкты іліп әкетіп, коғамдық пікірдің өз бағытымызға ойысуына үйтқы болар зиялылар үнсіз отыр. Қайда элгі “казағым” деп көтерілер жазушы қауым? Қайда элгі “тілім, ділім” деп тегеурін көрсетер ғалым-академиктеріміз? Осыған қарным ашады. Зиялы деген С. Әбділдин ақсақалымыздың өзі осы бастамаға теріс пиғыл танытқандай. Депутат Ғ. Қасымов та телеэкранда “бүл демократияға шектеу” дегендей сыңайлы.
    Қазакстанның “жаңа казактары”, атап айтканда, Б. Әбілов те қазак үлты үшін оң өзгеріс болатын дүниеге дүдэмал көзкарас танытып, “орысшыл” олигархтардың сөзін сөйлеуде.
    Телерадио басшыларының “байкот” жариялап, “эфирге шыкпаймыз” деулерін таза қаржылык мүддені көздеулерінен деп түсінем.
    “Өз телерадиомыз болсын. Өз өмірімізді көрсетейік. Өзгеге акпараттық тәуелділіктен арылайық”. Ақпарат министрінің осы сөзін колдап, қоғамдык пікір туғызу үшін атсалысайық, зиялы кауым!


    ӨСКЕМЕНГЕ ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ
    ӨГЕЙ ЕМЕС

    Биыл, Тэуелсіздігіміздің 10 жылдығына орай, қазак мемлекеттігін құрысып, елімізді жоңғар-калмақ баскын- шыларынан тазартуда өлшеусіз үлес қоскан ұлы колбасшы. дарабоз батырымыз Қаракерей Қабанбайдың туғанына 310 жылдығы сэйкес келіп отыр. Батыр бабаның 300 жылдығы елімізде ұлы әруакгарды еске түсіру мерекелерінін алғашкысының бірі болып, 1991 жылы аталып өткен-ді. Үкімет тарапынан батыр есімін мәңгі есте калдырудың бірқатар шаралары іске асырыдды. Алматы, Астана, Талдыкорған. Семей калаларындағы көрнекті көшелерге, бір ауданға, бірнеше елді мекенге батыр есімі берілді. Өткен жылы Астанаға таяу


    жерде ұлы батырға үлкен кесене орнатылды. Бүл істе кұрлыс жұмысын баскарыскан Астана қаласы экімінің орынбасары Қайрат Сатыбалдыұлына ризашылығымыз шексіз. Кесенені ашу салтанатында батыр қолбасшының ел тарихындағы алар орны жөнінде Мемлекеттік хатшымыз Әбіш Кекілбаев терең де, мазмұнды сөз сөйлеген еді.
    Міне, осы Астанада бастау алған батырды ұрпағына жакындату мақсатында тағы қандай іс-шаралар жүзеге асып жатыр дегенде, Үшаралда орнатылған биік ескерткіш, Семей каласында қолға алынып жатқан шаруаларды айтуға болады. Дегенмен батырдың тікелей ұрпағы өмір сүріп жатқан Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында мұндай қозғалыс, ұлы батыр есімін есте қаддыру мақсатындағы іс- шаралар сезілмейді. Осыдан 10 жыл бұрын Талдықорғанда басталған той Тарбағатай ауданына (Шығыс Қазақстан облысы) барып тірелгенде де, батыр есіміне байланысты жер- жерлерде қызу қолдау, ұсыныстар айтылып жатқанда, Өскемен үнсіз қалған еді. Одан бері он жыл өтсе де, сол үнсіздік облыс пен Өскемен қаласы басшыларында элі берік орын алып тұр. Неге?!
    Әлде қазақ халқының тэуелсіздігі үшін жерін сырт жаудан тазартуда алпыс жыл ат үстінен түспей арпалысқан, Абылай ханның оң қолы, бас қолбасшысы болған аты аңыз бен ұранға айналған батырдың өскемендіктерге өгей болғандығы ма? Жоқ, Қаракерей Қабанбай Өскеменге өгей емес. Оның тұлпарының тұяғы Түркістаннан бастап бүкіл оңтүстік- шығыс өлкелеріміз бен Тарбағатай - Алтай тауларына дейінгі аралықты, Орталық, Солтүстік Қазақстанды да сырттан кірген жаудан тазарту шайқастарында армансыз шиырлаған. Серіктес батырларымен бірге Ертістің ар жақ - бер жағын, Алтай тауының аңғарларын жаудан тазартқаны белгілі.
    Өскемен қаласы өзінің кеңестің кезеңіндегі келбетін элі бұзбай тұрған бірден-бір қала. Осы тәуелсіздік алған жылдары Абайдың 150 жылдығы мен М. Әуезовтің 100 жылдығына орай қала мәслихаты жоғары жақтан ұялғанынан екі көшеге есімдерін беруді ұйғарған көрінеді. Оның есесіне кеше өмірден озған Мәжіліс депутаты Головков есімі еш дау-дамайсыз-ақ үлкен бір көшеге берілген. Ал осы жылдар ішінде Қаракерей Қабанбай атында көрнекті бір көшені атауға, батырға облыс орталығынан




    еңселі ескерткіш орнатуды қала, облыс басшылығынан халык атынан канша сұралғанымен, эзірге оң кабак танытылмай отырғанға ұқсайды.
    Еліміздің солтүстігіндегі облыс орталығы Петропавлда Қарасай мен Ағынтай батырларға, Алматыда Абылай ханға, Атырауда Бейбарыс сұлтанға, Ақтөбеде Әбілхайыр ханға, Арқалықта Жәнібек тарханға қойылған көрнекті ескерткіштері секілді шығысымыздағы үлкен елді мекен - Өскемен каласында Қаракерей Қабанбайға еңселі ескерткіш орнатылып, орталык даңғылға батыр есімі берілсе, халкымыздың рухын көтеріп, тэуелсіздігіміздін туын биіктете түсері даусыз. Бұл шара батыр бабаның 310 жылдығы ғана емес, Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналған айтулы игілікті іс болар еді.
    (Еркін Нұразханмен бірігіп жазылды).


    ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ, ПАРТИЗАН -
    ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет