Қасым аға, сіз - көпті көрген адамсыз. Халқымыздын басынан өткен ашаршылықтан бастап, талай қиын-
щылықтарды елмен бірге бөлісіп келесіз. Қазір де оңай уакыт емес. Өмірден, алдағы күннен түңіліп жүрген жандар бар. Көпті кортен қария ретінде “Алматы ақшамы” окырманы мен жүрініылыққа айтар ақыл-кенесіңіз?
Рас, қазір шынында да қиындау уақыт. Қоғамның бір кезеңнен екінші кезеңге (формация) өтуі қайдан оңай болсын. Алайда қазір канша киын болса да, сонау ашаршылық, соғыс жыддарымен салыстыруға болмайды. Сондықтан болашақтан түңілмеу керек. “Жері байдың елі бай” деген ғой бабаларымыз. Әлі-ақ Қазақстан да бай, күшті мемлекет болады. Мен соған сенемін. Сол сенім халықтың бойына да үйысын.
Ал “Алматы ақшамы” зиялы қауым қолдауымен ашылған газет қой. Одан әрқашан зиялылық сезіліп тұрады. Ендеше оның окырманы да сол зиялылықтан үлгі алуы тиіс!
Мектептен оқыған бала болады, өмірден оқыған дана болады. эр адам солай өмірден оқып, еңбекқор болсын. Сонда эркім асыл мұратына жетеді.
Айтқаныңыз келсін, өзініз де сол халқыныздың бақытты күнге жеткенін көріп, еліңіздің ортасында өзгеге айбар болып жүре беріңіз!