Ары карай не болушы еді, жаудың эуе күштері біз самолетпен өткенде байқап қалып, атқылаған болатын. Солар хабар берді ме, көп өтпей-ақ бізді жау қоршап алды. Айнала бекініп алып соғыстық. Жолдастарымның бэрі оққа ұшты. Ары қарайғы әңгімені соза берсем, газетке сыймас, балам, оның
бэрі “Жау тылындағы” кітабымда айтылған. Бабаларымьп “кырык жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейді” деген ғой, мен де сол болдым. Әрине талай азапты, киындықты көрдім. Бірақ Үлкен жердің тапсырмасын орындап, партизан отрядын кұрдым, жауға аяусыз соккы бердік. Талай маңызды тапсырмаларды орындадық. Оның біразы К.Токаевтың “Ерекше тапсырма” кітабында жазылған.