Карл Теодор Я́сперс 1883-1969 «Тарихтың мән мағынасы және арнауы» Карл Ясперс адам болмысының үш деңгейін ажыратады: 1) Эмпирикалық «Мен» ,бұл тәжірибедегі индивид, табиғаттың бөлігі ретінде, оның денесі. Ол өз қажетті-ліктерін қанағаттандыруға ұмтылады, барлық тірі нәрсе сияқты өзін-өзі сақтау инстинктісін жетекшілік-ке алады, ляззатты іздейді, азаптанудан қашады, өзінің болашақтағы тіршілігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Эмпирикалық «Меннің» болмысын биология зерттейді. Дәрігер науқас адамды қарағанда, оның денесінің хал-ахуалына назар аударады. 2) «жалпы сана» деңгейдегі «Мен» . Бұл адамның ақыл- есі, пайымы (рассудок) Бұл деңгейдегі «Менді» Ясперс «заттық сана» деп атайды.Бұл сана кезкелген басқа индивидтің санасына тең. Оны логика мен трансценденталды философия зерттейді. Ол ғылыми білімнің субъектісі болады. 3) «рух» деңгейдегі “Мен”.Бұл деңгейде индивид халықтың, ұлттың, мемлекеттің бір бөлшегі болады.