“Үй-адам-жер сілкіну” ойыны: Қатысушылар үш-үштен топтарға бөлініп, екі адам өзара қол ұстасып үйді құрайды, үшіншісі сол үйде тұратын адам болады. Жүргізуші “Үй” деген кезде, үй боп тұрған екі адам қолдарын жазбастан, келесі адамның үйіне айналуы тиіс. “Адам” деген кезде үйдегі адамдар басқа үйге барып кіруі керек. “Жер сілкіну” деген кезде барлығы тарап кетіп, қайтадан топтарға бөлінуі керек. Осы қимылдардың барысында жүргізуші топтардың біріне қосылып кетеді, ал үйсіз қалған адам жүргізуші болады. - “Үй-адам-жер сілкіну” ойыны: Қатысушылар үш-үштен топтарға бөлініп, екі адам өзара қол ұстасып үйді құрайды, үшіншісі сол үйде тұратын адам болады. Жүргізуші “Үй” деген кезде, үй боп тұрған екі адам қолдарын жазбастан, келесі адамның үйіне айналуы тиіс. “Адам” деген кезде үйдегі адамдар басқа үйге барып кіруі керек. “Жер сілкіну” деген кезде барлығы тарап кетіп, қайтадан топтарға бөлінуі керек. Осы қимылдардың барысында жүргізуші топтардың біріне қосылып кетеді, ал үйсіз қалған адам жүргізуші болады.
- “Атомдар мен молекулалар” ойыны: Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |