Тапсырыс үлгісі ШӘкірбек қаламқас Асанбайқызы



бет2/4
Дата21.03.2017
өлшемі2,61 Mb.
#12050
1   2   3   4
«Қызығушылық» дегеніміз кең мағыналы ұғым. Ол адамның саналы әрекеті. Қызығушылық оқу-тәрбие жұмысында өте қажетті шарттар. Баланың жақсы оқуына ,оқығанын жақсылап түсініп алуына ,баланы әдепті етіп тәрбиелеуде олардың адамгершілік қасиеттерін енгізуде ықпалы зор. Баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру кез -келген жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дамыту, дайындау болып табылады. Шәкірттеріміз әр сабағымыздан өзін қызықтыратын жаңа ақпарат күтеді. Мұғалім әр баланың көкейіндегі сауалға жауап беруі үшін, оның шешімін табатын ақпаратпен жабдықталып келуі қажет. Егер оқушы ойындағы ақпаратты мұғалімнен ала алса, оның көңілі марқайып, қызығып, сабақты түсініп және сыныптастары айтқан ақпаратты толығымен игеріп, өз бетінше ізденуге көшеді. Сол себепті , әр оқушының қабілетіне қарай жұмыс топтарына бөліп оқытып, бірін-бірі тыңдап, жұппен, топпен түсіндіруіне мүмкіндік беру керек. Топтық жұмыс барысында постер арқылы ой түйінделеді.Оқушылардың күнделікті сабақ кезінде ерекше өзгерісті күтетінін өздері жазған рефлексиядан біліп отырдым.Баланың танымдық қабілетін ерте жастан дамыту жолдарын да осы бағдарламадан үйрендім.

Сабақтарымда баланың жас ерекшелігіне қарай АКТ-ні тиімді пайдаланамын. Тақырыпқа сай бейнефильмдер, картиналар көрсетуге болады. Сабақ алдында балаларды түрлі қызығушылығын тудыратын әңгімеге тартып, назарын сабаққа аударып аламын. Яғни, сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолданамын.Мұндағы менің байқағаным, оқушыларға еркіндік беру арқылы сабақты өздері өтуге, сабақ өткен тақырып төңірегінде пікірсайыстар ұйымдастыруға келгенде, балалар қызығып, жалындап шыға келеді.

Қазақ тілі сабағында жеті модулді тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттырудың

Негізгі мақсаты: Баланың бойындағы құмарлығын , қызығушылығын жойып алмай, білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау.

Нәтижесінде:

Мұғалімнің:


  • Сабақ беруі өзгереді.

  • Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру жолға қойылады.

  • Көп іздену , білім көтеру қажеттілігі байқалады.

  • Қызығушылығын ояту мақсатында сабаққа үлкен мән беріледі.

  • Сабақ кезеңдеріне сәйкес стратегияларды дұрыс таңдауға үйренеді.

  • Оқушылардың даму деңгейін үнемі зерттеп отыру, диогностикалық қажеттілікке айналады.

Оқушы:

  • Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартады.

  • Ойларын жүйелеуге , ашық айтуға болады.

  • Шығарма жаза алады.

  • Рефлексия жасай алады.

  • Аз уақытта көп жұмыс жасайды.

  • Ойлау үдерісін меңгереді.Талдай алады.

Қызығушылықтың тағы бір мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені үйрену – енжерлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады.Көршісімен бөліседі. Яғни , айту, бөлісу, ортаға салу арқылы ой ашылады. Осылайша шыңдалған оқушы ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.

Күтілетін нәтижеге қалай жетеміз?

Қазақ тілі сабағы қызықты, әрі тартымды, әрі сапалы болуы мұғалімнің өзіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім әр сабағын дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша жақсы нәтижеге жете алмасы анық. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Сабақты жоспарлауда мынадай негізгі талаптарды ескерсек:

1.Оқушылардың ынта –жігерін аударатындай ұйымдастыру .

2.Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.

3.Мұғалім тақырыпты терең және жан-жақты білуі.

4.Мұғалімнің сабақты жеткізудегі тиімді әдіс-тәсілдерді білуі.

5.Ресурстардың нақтылығы, әсерлілігі.



6.Баланы ойлантуға жетелейтін мысалдар алуы , олардың өмірмен байланысы, сөйлетуге ықпалы болуын ескеруі қажет.

7.Топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізудегі шеберлігі.

8.Оқушының теория жағынан меңгерген тақырыбын күнделікті өмірде,сабақта қолдана алуы.

9.Бағалаудың түрлерін қолдана алып,тәрбиелік мәні болуы.

10.Сабақтың жүйелі болуы.

Сонымен бірге сабағымызға қызығушылықты арттырудың бір жолы баланың жеке басына , мінез –құлқына, көңіл-күйіне мән беру,көңіл бөлу, көзқарасымен санасу өте қажет. «Оқушының үніне» үңілу, құлақ түру, қандай да болса оның пікірін бағалау, тыңдай білу керек. Бір сөзбен айтқанда «оқытуды ізгілендіру » қажет.



Сабақ - ізденуден, еңбектенуден туатын педагогикалық шығарма. Осы «шығарманы» оқушыларға игерту оңай емес.Сабақта небір қиындықтар, кездейсоқ әрекеттер кездесіп жатады.Мықты, шебер ұстаз осының бәріне төтеп беріп, сабақты түрлендіріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет