Салыстырмалы географиялық зерттеу әдісі үш түрге топтастырған. Олар – толық және толық емес, сапалы және сандық, сәйкестендіру және ажырата білу.
Түсіндіру
Салыстырмалы географиялық зерттеу әдісін түрлері бойынша үш түрге топтастырған – И.М. Маергойз.
Тапсырма 3 Ресурстарды (материалдық, еңбек, қаржылық) және оларға қажеттілікті салыстыру әдісі баланс әдісі деп аталады.
статистикалық әдіс
картометрия әдісі
балл әдісі
баланс әдісі
сараптама әдісі
Білгенің жөн!
Баланс әдісі кіріс пен шығыстың арақатынасын есептеу арқылы динамикалық жүйелерді талдауға және болжауға мүмкіндік береді.
Түсіндіру
Бұл әдіс экономикалық географияда кеңінен қолданылады, мысалы, елде немесе аймақта өндірілген өнім саны, олар баланстың кіріс бөлігін құрайды, ал берілген өнімге сұранысты жабу үшін қажетті өнім саны – баланстың шығын бөлігі.
Тапсырма 4 Берілген суреттен географиялық деректердің моделін анықта.
реляциялық
схемалық
иерархиялық
жүйелік
Білгенің жөн!
Географиялық деректер модельдері үш түрге бөлінеді: иерархиялық, жүйелік және реляциялық. Модельдердің әрбір түрі белгілі бір өлшемдерге сәйкес деректерді жүйелейді және ұсынады.
Түсіндіру
Ұсынылған суретте географиялық деректердің реляциялық моделі көрсетілген. Реляциялық географиялық деректер моделінде деректер әртүрлі белгі немесе сипаттамалар бойынша топтастырылған кестелер түрінде ұсынылған.