Тапсырма 1 Физикалық географияның зерттеу нысанын көрсет. Ауылшаруашылығы Өнеркәсіп Жер қабықтары
1 тоқсан 2021-2022
Нигерия Чад Судан Уганда Білгенің жөн! Кестедегі мәліметтер шолуға ыңғайлы болғандықтан, географтар нысандар, құбылыстар, үдерістер туралы сапалы мәліметтерді сақтайды. Барлық жинақталған, өңделген мәлімет географиялық деректер қоры деп аталады. Түсіндіру Географиялық нысандар, құбылыстар мен үдерістерді топтастыруды кестеге ұсыну дағдысын үйрену қажет. Дерекқорды толтыру кезінде берілген мәліметтерді қолдана отырып, мемлекет атауын анықтау қиындық тудырмайды. Мәліметтерді иерархиялық жолмен «континент – мемлекет – астана» ретінде толтыруға болады.
Тапсырма 5 Берілген геоақпараттық және сандық модельдерді ерекшеліктерімен сәйкестендір. Сәйкестендіру саны: 3
Білгенің жөн! Геоақпараттық карта – сандық мәліметтер базасына геожүйелерді ақпараттық-картографиялық модельдеу. Сандық карта – мазмұны белгілі бір тип пен масштабтағы карта мазмұнына сәйкес келетін сандық картографиялық модель. Түсіндіру Географиялық ақпаратты карта жасауға геоинформатиканың дамуы, басқарушылық сипаттағы шешім қабылдауды жедел картаға түсірудің қажеттілігі т.б. факторлар ықпал етті. Сандық карта – мазмұны белгілі бір тип пен масштабтағы карта мазмұнына сәйкес келетін сандық картографиялық модель. Сандық картаның жасалу жолдары: дәстүрлік аналогтік картографиялық жұмыстарды цифрландыру; фотометриялық қашықтықтан зондылау деректерін өңдеу; далалық түсірілім; далалық зерттеулер және басқа әдістерді, деректерді камералық өңдеу. Тапсырма 6 ЖІӨ кестесін және шартты белгілерді қолданып, картасызбаны толықтыр.
Қытай Франция Үндістан АҚШ Жапония Білгенің жөн! Жалпы ішкі өнім – мемлекеттің аумағында бір жыл ішінде осы елдің резиденттері өндірген, түпкілікті сатып алушының бағасында көрсетілген барлық тауар мен қызметтің жиынтық құндылығы. Түсіндіру ЖІӨ – белгілі бір уақыт кезеңіндегі (әдетте бір жылдағы) елдің экономикалық қызметі нәтижелерінің, жалпы экономикалық даму қарқыны мен деңгейінің сипаттамалары үшін бүкіл әлемде қолданылатын экономикалық дамудың негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі. Тапсырма 7 Берілген тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.
Білгенің жөн! Кез келген елдің экосаясатында жаңа технологияны пайдаланып өндірісті жүргізу дұрыс деп есептеледі. Түсіндіру Өнеркәсіп басшылары «ластаушы» ретінде айыппұлдар төлегеннен гөрі ең озық қолжетімді технологияларды (ПҚТ) енгізген, шығарындыларды мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін құрған және өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдірген өте тиімді. Тапсырма 8 «Қалдықсыз технологиялар мен мысалдарды жұптастыр. Биосфераға зиянды шығарындыларды азайту жөніндегі негізгі іс-шаралар-бұл жаңа аппаратура мен аз қалдықты және қалдықсыз жаңа технологиялар құру, аса зиянды өндірістерді аз зиянды және зиянсыз өндірістерге ауыстыру. Қалдықсыз технология-өндірісте табиғи ресурстар мен энергияны неғұрлым ұтымды пайдалануды білдіретін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін технология». Сәйкестендіру саны: 3
Білгенің жөн! Қалдықсыз технология-тұйық циклде шикізат пен энергияны пайдалануды білдіретін өндірісті ұйымдастыру принципі. Тұйық цикл бастапқы шикізат — өндіріс — тұтыну — қайталама шикізат тізбегін білдіреді. Түсіндіру Ауыл шаруашылығындағы қалдықсыз технология бойынша қалдықтар биогаз немесе биоэтанол өндірісінде пайдаланылуы мүмкін. Энергетикадағы қалдықсыз технологиясы бойынша қалдықтарды құрылыс материалдарын өндіруде қолдануға болады. Металлургиядағы қалдықсыз технология нәтижесінде алынған құрамында күкірт бар газдар күкірт қышқылы мен қарапайым күкірт өндірісінде қолданылады. Тапсырма 9 Мәтінді мұқият оқып, тамшылатып суару кемшілігін көрсет. Қазіргі уақытта тамшылатып суару әдісі жабық топырақта кеңінен қолданылады. Сумен бірге тыңайтқыш багындағы араластырғыштың болуына байланысты топыраққа ерітілген қоректік заттар да түседі, алайда тамшылатып суарудың белгіленген артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. арамшөптерді суаруды азайту әдеттегі әдістермен салыстырғанда суару суын айтарлықтай үнемдеу бастапқы құны жоғары сүзуге және булануға су шығынын күрт төмендету жерүсті ағысы мен су эрозиясының болмауы Білгенің жөн! Судың баяу ағуынан (0,9...9,1 л/сағ), тамшыдан тамшы тамырдың таралу аймағын ғана ылғалдатып, құрғақ қатарлар аралығын қалдырып, топыраққа түседі. Түсіндіру Тамшылатып суарудың белгіленген артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар: бастапқы құны жоғары; темір тотығы мен ерімейтін карбонаттардың шөгінділерімен құбырлар мен тамшылардың ластану және бітеу қаупі бар, демек, суды тазарту үшін арнайы сүзгілерді орнату қажет; алқапта дақылдарды ауыстыру кезінде жүйені қайта құру керек. 11 ААААААААААААААААААААААААААА Тапсырма 1 Табиғатты пайдалануды басқарудың экономикалық әдістерін көрсет. Дұрыс жауап саны: 3 экологиялық стандарттар мен табиғат пайдалану лимиттерін бұзғаны үшін айыппұлдар экономикалық төлемдер экологиялық мониторинг экологиялық сараптама және аудит ренталық төлемдер халықаралық экономикалық ынтымақтастық табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметін есепке алу және бақылау табиғи ресурстарды пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер Білгенің жөн! Табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық әдістеріне: ренталық төлемдер, табиғи ресурстарды пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер, экологиялық стандарттар мен табиғат пайдалану лимиттерін бұзғаны үшін айыппұлдар, салық жеңілдіктері жүйесі, өтемақы төлемдері жатады. Түсіндіру Табиғат пайдалануды басқарудың экономикалық әдістеріне: ренталық төлемдер, табиғи ресурстарды пайдаланғаны және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер, экологиялық стандарттар мен табиғат пайдалану лимиттерін бұзғаны үшін айыппұлдар, салық жеңілдіктері жүйесі, өтемақы төлемдері жатады. Тапсырма 2 Атмосфералық ұшақтарға орнатылатын әуе камерасы арқылы жер бетіндегі белгілі бір биіктіктен аумақты суретке түсіру қалай аталады? Жерді қашықтықтан зерделеу Ғарыштық түсірілім Геоақпараттық жүйе Аэрофототүсірілім әдісі Білгенің жөн! Ғарыштық түсірілім – жерді немесе басқа планеталарды спутниктер арқылы суретке түсіру. Ғарыштық түсірілімнің ажыратылымдылығы өте төмен, ол ғарыш аппаратының түріне және түсірілім түріне байланысты 30-дан 1 м-ге дейін болады. Алайда осының негізінде ол үлкен кеңістіктерді қамтиды. Түсірілімде қарапайым ақ-қара түсті және спектрлік-зоналық түсірілімдер қолданылады. Түсіндіру Аэрофототүсірілім – зерттелінген аумақтарда объективті кеңістіктік деректерді алу, зерттеу мен ұсыну мақсатында атмосфералық ұшақтарға орнатылатын әуе камерасы арқылы жер бетіндегі белгілі бір биіктіктен аумақты суретке түсіру. Тапсырма 3 Модельдің қасиеттері мен сипаттамаларын сәйкестендір. Сәйкестендіру саны: 3
Білгенің жөн! Модельдердің жалпы қасиеттері: сәйкестік; түпкілік; оңайлату; толықтығы; жақындығы; ақпараттылық; потенциалдылық. Түсіндіру Модельдердің жалпы қасиеттері: ақпараттылығы – модельде жүйе туралы жеткілікті ақпарат болуы; толықтығы – барлық қажет қасиет ескерілген; жақындығы – модельдің шынайылығы дөрекі түрде немесе шамалап көрсетіледі. Тапсырма 4 География сабағында оқушылар ГАЖ жұмысындағы дайын өнімді шығарды. Оқушының жасаған жұмысы картаның қай түрі екенін анықта. Дұрыс жауап саны: 3 векторлық карта картодиаграмма растрлық карта нүктелік карта тақырыптық карта изосызықты карта топографиялық карта картограмма Білгенің жөн! Картада бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изосызықтар деп атайды. Түсіндіру Бұл карта тақырыптық картаны ұсынады: жауын-шашын мөлшері бірдей аймақтың белгіленуі – изобайланыстар арқылы, жауын-шашын мөлшері – түстер арқылы, тақырыпқа байланысты – тақырыптық карта. Тапсырма 5 Классификация бойынша деректер базасының түрлерін сәйкестендір. Сәйкестендіру саны: 3
Білгенің жөн! Әртүрлі өлшем бойынша ерекшеленетін деректер базасының көптеген түрі бар. Түсіндіру Сақталатын ақпараттың сипаты бойынша: фактографиялық және құжаттық. Сақтау әдісі бойынша: орталықтандырылған және таратылған. Деректерді ұйымдастыру құрылымы бойынша: реляциялық, желілік және иерархиялық. Тапсырма 6 Визуализация сипаттамаларын және олардың анықтамаларын сәйкестендір. Сәйкестендіру саны: 4
Білгенің жөн! Визуализация құралдары – бұрын белгісіз ақпаратты зерттеу және өңдеу үшін ұсынылған сапалы жүйенің маңызды құрамдас бөліктері. Деректерді визуализациялау келесі сипаттамаларға ие: қысқалық, салыстырмалы және жақындылық, масштабталу, шоғырлану және контекст. Түсіндіру Қысқалық – бір уақытта ақпараттың үлкен көлемін көрсету мүмкіндігі. Салыстырмалы және жақындылық – өлшемдері бірдей және әртүрлі кластерді көрсету. Шоғырлану және контекст – мәтін мен нысандардың өзара әрекеттестігі кезінде деректерді қарау мүмкіндігі. Масштабталу – микро кескіндерден макро кескіндерге жылдам және оңай ауысуы. Тапсырма 7 Тұжырымның ақиқат не жалған екенін анықта. Құрамында озонды бұзатын заттар мен өнімдері Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге рұқсат етілмейді. Ақиқат Жалған Білгенің жөн! Құрамында озонды бұзатын заттар мен өнімдері,транзитті қоспағанда, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. Түсіндіру Тасымалдаушы тарап өнімге «озон қабатын бұзады» деген жазба жазуға және озонды бұзатын заттар немесе озонды бұзатын заттары бар өнімдер сақталатын не тасымалданатын ораманы осындай жазбамен анық көрінетіндей етіп таңбалауға, тасымалдау және сақтау кезінде қауіпсіздікті қамтамассыз етуге міндетті. (Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 45-тарау, 313-бап) Тапсырма 8 Мемлекеттік экологиялық бақылау ұйымы өткізетін бірқатар шараны анықта. Дұрыс жауап саны: 3 жер ресурстарын қорғау жөніндегі шаралар кешені, радиоактивті қоқыстарды трансшекаралық тасымалдау шығарындылары мен төгінділерін сақтау ережелерін тексеру жөніндегі іс-шаралар жер ресурстарын қорғау бойынша шаралар кешені қоқыс жәшіктерінен қоқыс шығару су ресурстарын қорғау бойынша қоғамдық митингтер ұйымдастыру қоршаған ортаны қорғау бойынша форумдар өткізу қоршаған ортаны қорғау бойынша бақылау сенбіліктер өткізу елді мекендерді көгалдандыру Білгенің жөн! Өткізілген шаралар барысында ҚР заңнамасымен белгіленген орындау ережелерінің сақталуы бойынша жинау, талдау, тексеру жүргізіледі. Түсіндіру Мемлекеттік экологиялық бақылау ұйымдары қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірқатар іс-шара өткізеді. Олар – қоршаған ортаны қорғау бойынша бақылау, жер ресурстарын қорғау жөніндегі шаралар кешені, радиоактивті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау шығарындылары мен төгінділерінің ережелерін тексеру жөніндегі іс-шаралар және т.б. Тапсырма 9 Фермер жүгері өсіреді. Деректерді пайдаланып, фермердің жалпы экологиялық ізін есепте. Есептеуге арналған формула: ЭІ T – әрбір өнім тоннасының жылдық көлемі; Y – әр өнім бойынша орташа жылдық өнім; YF – өнімділік коэффициенті; EQF – әрбір өнім үшін эквиваленттік коэффициенті. Ағымдағы кезеңде ол 2 т жүгері жинайды Ферманың орташа өнімділігі жүгері үшін 8 т/га құрайды Жүгері өнімділігінің коэффициенттері 1,28 га/га құрайды Жүгерінің эквиваленттік коэффициенті 2,52 га/га 1,87 га 2,1 га 1,68 га 0,8 га Білгенің жөн! ES = T : Y ⋅ YF ⋅ EQF есептеу формуласы, T – елде тұтынылатын әр өнімнің жылдық тонна көлемі, Y – әр өнім бойынша орташа жылдық кірістілік, YF – кірістілік коэффициенті, EQF – әрбір өнім үшін эквиваленттік коэффициент Түсіндіру Экологиялық ізді есептеу кезінде көптеген фактордың әсері, яғни жылдық өнім, орташа өнім мөлшері, өнімділік коэффициенті және эквиваленттік коэффициенті ескеріледі. Әр өнім жеке есептеледі, әрқайсысын есептегеннен кейін мәліметтер жалпы экологиялық із үшін жинақталады. ЭСжүгері = тоннатоннагагагагагага жүктеу/скачать 1,21 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |