Тапсырма 1 Физикалық географияның зерттеу нысанын көрсет. Ауылшаруашылығы Өнеркәсіп Жер қабықтары



бет2/21
Дата24.02.2022
өлшемі1,21 Mb.
#133107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1 тоқсан 2021-2022

Географиялық орны

Білгенің жөн!
Географиялық деректер төрт компоненттен тұрады, олар: орналасқан жері, қасиеттері мен сипаттамалары, кеңістіктік қарым-қатынастары, уақыт сипаттамалары.
Түсіндіру
Географиялық координаттармен берілген деректер нысанның кеңістіктегі географиялық орны туралы ақпарат береді.

Тапсырма 4
Климаттық картада қандай құбылыстар көрсетіледі?
Дұрыс жауап саны: 3

Білгенің жөн!
Климаттық карта белгілі бір аумақтың географиялық жағдайларымен анықталатын ауа райының көпжылдық режимін сипаттайды.
Түсіндіру
Климаттық карта күн радиациясының, температураның, қысымның, ылғалдылықтың, жел режимінің, атмосфералық құбылыстардың және т.б. климаттық көрсеткіштердің белгілі бір кезеңдегі ай, маусым, жыл ішіндегі таралуын көрсетеді. Климаттық карталарда ұзақ жылдық бақылаулар бойынша орташа, экстремалды, басым және олардың жиынтық көрсеткіштерін, амплитудаларын, қайталануын, болатын уақытын, болу ұзақтығын көрсетеді. Ал климаттық аудандастыру картасында климаттық белдеулерді көрсетеді.

Тапсырма 5
География сабағында оқушыға «Дүниежүзі ірі көлдері» деген тақырыпта деректер базасын құрастыру тапсырмасы берілді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыға қандай бағдарламаны қолдану тиімді?
MS Power Point
MS Excel
MS Outlook
MS Publisher
Білгенің жөн!
MS Excel – MS Office-тің кестелік редакторы. Ең алғашқыда бұл бағдарлама математикалық есептеулер жүргізу үшін құрастырылған. Уақыт өте келе бұл бағдарламаның мүмкіндіктері кеңейді. Қазір аталған бағдарлама көмегімен графиктер, диаграммалар, гистограммалар, тіпті үшөлшемді нұсқада да жасауға болады.
Түсіндіру
Ірі көлдер туралы деректер базасын құрастыру үшін MS Excel кестелік редакторды қолданған тиімді. Себебі көлдер туралы деректер базасын құру барысында көлдердің аудандарын, орташа тереңдіктерін, ең терең жерлерін, теңіз деңгейінен биіктігін, құятын және ағып шығатын өзендер туралы деректерді енгізу қажет.

Тапсырма 6
Тауларды биіктігіне қарай сәйкестендір. Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасын қолдан.
Сәйкестендіру саны: 3

Аласа таулар




Гималай таулары

Биіктігі орташа таулар

Орал таулары

Биік таулар

Сарыарқа

Білгенің жөн!


Таулар биіктігі бойынша аласа, орташа және биік таулар болып үшке бөлінеді. Аласа таулар деп биіктігі 1000 м-ге дейінгі тауларды, биіктігі орташа таулар деп биіктігі 1000 – 2000 м аралығында болатын тауларды, биік таулар деп биіктігі 2000 м-ден асатын тауларды атайды.
Түсіндіру
Биік тауларға Еуразияда орналасқан Гималай таулары, орташа тауларға Еуразияда орналасқан Орал, ал аласа тауларға Қазақстандағы Сарыарқа жатады.

Тапсырма 7
Альпі және Атлас тауларының қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет