Тапсырма 2 Дұрыс жауапты тауып, сөйлемді толықтыр.
Аэрофотосуреттер – белгілі бір территорияны немесе құбылысты зерттеу үшін аппараттардың көмегімен жасалған бейне.
Аэрофотосуреттер, ғарыштық кескіндер, жер бетінің фотосуреттері Білгенің жөн!
Ұшатын (ұшақ) және ғарыштық (жердің жасанды серігі) аппараттардың көмегімен жасалатын кескіндер ғылыми-зерттеу және геологиялық барлау жұмыстарында, ауа райы болжамдарын жасауда, дала және орман өрттерінің алдын алу мақсатында және т.с.с. кеңінен қолданылады.
Түсіндіру
Кескіндемелерге түсіруде айырмашылықтар болады. Аэрокескіндеулер ұшатын аппараттардан тез жасалса, ал ғарыштық кескіндер аса үлкен биіктіктерден және үлкен жылдамдықпен қозғалатын жасанды серіктің белгіленген орбитасының бойымен түсіріледі.