Ұқсастықтары
|
Айырмашылықтары
|
Атлас тауларының солтүстік бөлігінің пайда болуы альпілік қатпарлықпен байланысты.
Таулар ендік бағытта созылып жатыр
Альпі таулары Альпілік дәуірдің тектогенезінде қалыптасты
Таулар толығымен солтүстік жарты шарда орналасқан
|
Биік нүктелері – Монблан биіктігі 4807 м және Тубкаль биіктігі 4165 м
Альпі Батыс және Шығыс Альпі, ал Атлас таулары Биік Атлас, Тель Атлас, Сахаралық Атлас деп бөлінеді.
|
Атлас тауларының солтүстік бөлігінің пайда болуы альпілік қатпарлықпен байланысты.
Таулар ендік бағытта созылып жатыр
Альпі таулары Альпілік дәуірдің тектогенезінде қалыптасты
Таулар толығымен солтүстік жарты шарда орналасқан
Биік нүктелері – Монблан биіктігі 4807 м және Тубкаль биіктігі 4165 м
Альпі Батыс және Шығыс Альпі, ал Атлас таулары Биік Атлас, Тель Атлас, Сахаралық Атлас деп бөлінеді.
Білгенің жөн!
Тектогенез – тау түзілу үдерістерінің жиынтығы. Альпі қатпарлығы – жердің геологиялық тарихындағы соңғы 50 млн жылды қамтитын тектогенездің соңғы ірі дәуірі.
Түсіндіру
Таулардың ұқсастықтарына олардың ендік бағытта созылыуын, жоталар жүйесінен тұратынын, толығымен солтүстік жарты шарда орналасқанын, пайда болуы альпілік қатпарлықпен байланысты болғанын айтуға болады. Ал айырмашылықтарына олардың биік шыңдарының атаулары мен жоталарының атауларын жатқызуға болады. Мысалы, Альпі Батыс және Шығыс Альпі, ал Атлас таулары Биік Атлас, Тель Атлас, Сахаралық Атлас деп бөлінеді.
Тапсырма 8
Шөгінді пайдалы қазбалардың таралуын және қалыптасуын түсіндір. Тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.
1. Шөгінді пайдалы қазбалар тақталарға тән.
|
Ақиқат
|
2. Шөгінді жыныстар теңіз жағалауларында және құрлықтағы көлдердің маңында өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған.
|
Ақиқат
|
3. Тақталарда газ, мұнай, көмір, жаңғыш тақтатас кеңінен таралған.
|
Ақиқат
|
Білгенің жөн!
Тақта – платформаның шөгінді жыныспен көмкерілген бөлігі.
Түсіндіру
Шөгінді пайдалы қазбалар тақталарға тән. Шөгінді жыныстар теңіз жағалауларында және құрлықтағы көлдердің маңында өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан пайда болған. Тақталарда газ, мұнай, көмір, жаңғыш тақтатас кеңінен таралған.
Тапсырма 9
Кайназой эрасындағы биологиялық оқиғалардың ерекшеліктерін анықта. Тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.
1. Сүтқоректілердің суыққа бейімделуі.
|
Ақиқат
|
2. Суықтың келуіне байланысты түкті жануарлардың пайда болуы: мамонттар, мүйізтұмсықтар.
|
Ақиқат
|
3. Мұхиттар мен теңіздерде трилобиттер мен археоциаттардың өркендеуі.
|
Жалған
|
Білгенің жөн!
Мамонттар – төрттік дәуірде өмір сүрген және жойылып кеткен сүтқоректілер. Олардың бойларының биіктіктері 5,5 метр, салмағы 14-15 тоннаға жеткен. Қазіргі пілдерден екі есе үлкен болған.
Түсіндіру
Кайназой эрасында сүтқоректілердің суыққа бейімделуі жүрді. Суықтың келуіне байланысты түкті жануарлар пайда болды: мамонттар, мүйізтұмсықтар. Суыққа бейімделе алмаған жануарлар жойылды.
Достарыңызбен бөлісу: |