Тақтаның батыс шекарасында тақтаның астеносфераға бату үдерісі жүреді.
Солтүстік-Америкалық тақта Солтүстік Америка материгін, Атлант мұхитының солтүстік-батыс бөлігін, Солтүстік Мұзды мұхиттың жартысын қамтиды.
Тақтаның шығыс шекарасы Орта-Атлант жоталары арқылы өтеді.
Тақтаның батыс шекарасында рифтинг үдерісі жүреді.
Білгенің жөн!
Солтүстік-Америкалық тақтаға өзіне тән ерекшеліктері бар жердің ірі литосфералық тақталары жатады.
Түсіндіру
Тақта орналасқан орнымен, тектоникалық үдерістерімен сипатталады.
Тапсырма 8 Коллизия туралы тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықта.
1. Коллизия қозғалыс түрі ретінде дивергенцияға жатады.
Жалған
2. Коллизияға вулканизм және жер сілкінісі үдерістері тән.
Ақиқат
3. Коллизияның нәтижесінде таулар мен терең су науалары пайда болады.
Жалған
4. Коллизия мұхиттық қыртыстың материктік қыртыстың үстіне қарай жылжуымен сипатталады.
Жалған
5. Коллизияның нәтижесінде мұхит қабығының кеңею үдерісі жүреді.
Жалған
6. Коллизия екі материктік литосфералық плита арасында жүреді.
Ақиқат
Білгенің жөн!
Коллизия өз ерекшеліктері бар литосфералық плиталардың қозғалыс түрлерінің біріне жатады.
Түсіндіру
Коллизия конвергенцияға жатады. Коллизияның нәтижесі – материктік қыртыстың ұлғаюы мен таулардың пайда болуы.
Тапсырма 9 Сейсмикалық белдеу жер сілкінісі үдерістерімен және жанартау атқылауымен сипатталады. Литосфералық плиталардың қозғалысы картасын пайдалана отырып, Қазақстан аумағының шығыс және оңтүстік бөліктерінде неліктен жер сілкінісі үдерістерінің жүретінін, бірақ жанартау атқылауы болмайтынын түсіндір.
Қазақстанның шығыс және оңтүстік бөліктерінде жер сілкіністері коллизия процесімен байланысты, ал жанартау атқылауымен байланысты болатын субдукция мен спрединг ел территориясында байқалмайды.
Қазақстанның шығыс және оңтүстік бөліктерінде жер сілкіністері коллизия процесімен байланысты, ал жанартаудың атқылауымен байланысты болатын субдукция ел территориясында байқалмайды.
Қазақстанның шығыс және оңтүстік бөліктерінде жер сілкіністері субдукция процесімен байланысты, ал жанартаудың атқылауымен байланысты болатын коллизия мен спрединг ел территориясында байқалмайды.
Білгенің жөн!
Литосфералық плиталардың қозғалысы және жер сілкінісімен вулканизм үдерістері байланысты.
Түсіндіру
Қазақстанның шығыс және оңтүстік бөлігінде коллизияның, яғни литосфералық плиталардың соқтығысуы салдарынан жер сілкіністері орын алады, ал вулкандардың атқылауы субдукциямен не спредингпен байланысты, бұл Қазақстан аумағына тән емес.