Тақырыбы:Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері.
Орындаған: Тілеубергенова Алтынай
Тексерген: Салыматова Нұргүл
Қарағанды, 2020 Жоспар: 1. Кіріспе 2. Еуразия аумағы
3. Номадалар жайында
4. Негізгі бөлім: Еуразия кеңістігіндегі номадалар мәдениетінің басты ерекшеліктері.
5. Қорытынды 6.Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Кіріспе Мәдениеттану саласында көптеген мәдениеттанулық мұралар қалдырған ұлттар мен ұлыстар мұраларын бүгінгі таңда емін – еркін танып, біліп, көкейімізге тоқып жатырмыз. Мәдениет – қалаландыру дәуірінен ғана емес, сонау арғы ата – бабаларымыз, көшпелі номадалардың кезінде де қалыптасып өткен болатын. Ғасырлар қойнауында жасырынып жатқан тарих пен мәдениет мұраларының бірталайын адамзат біліп, олар жайлы түснік қалыптастырып келе жатыр. Ұлы даланың ұлы көшін бастаған қазақ халқының мұрасы оның ішінде зор дер едім. Қазір сөз болатын көшпелі номадалардың бірі және бірегейі сақ, қазақ секілді тайпа мен ұлттың мәдениет тұрғысынан қандай ерекше әрі ғұмырлы екенін зерделеп көрмекпін.