Тапсырма: 2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда 5-ші сөйлемді сызбамен байланыстырып көрсет. «Табиғат» сөзіне фонетикалық талдау жаса Атамекен



бет64/105
Дата14.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#162785
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары

Қазақ тілі. 4 сынып.
1 Мазмұндама
Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төселдіру;
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту;
-мейірімділікке тәрбиелеу.
Аналық жүрек
Күздің суық бір күні болатын.Мектептен қайтып келе жатыр едім.Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді.Көмек сұраған тәрізді.Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым.Ол мысықтың баласы екен.Өзі өте кішкентай екен.
Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр.Аяп,үйге алып келдім.Үйде өзімнің мысығым бар болатын.Ол өте сүйкімді болатын.Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан, «Мамық» деп атаушы едім.Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым.Ол жатсынбай,өз баласындай жақсы көріп кетті.Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай,еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек,үлпілдек,мамықтай,жатсынбай,еміренген.


Мазмұндама жоспары:
1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.
2.Үйге алып келуі.
3. «Мамықтың» бауырына салуы.
4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.
Қазақ тілі. 4 сынып.
2 Мазмұндама
Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төселдіру;
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту;
-мейірімділікке тәрбиелеу.


Құмырсқалар
Шәріп атаның бір құмыра балы болатын.Ол сарайда тұратын еді.Бір күні балын құмырсқалар жеп жатқанын көрді.Қараса, сарайда құмырсқаның илеуі бар екен.Құмырсқаның илеуін құрту өте қиын.Илеудегі құмырсқа өте көп.Ата ойланып қалды. Шәріп ата айла ойлап тапты. Ол қыш құмыраны сыртынан шамды байлап, сарайдың төбесіне іліп қойды. Құмыраның ішінде бір құмырсқа қалып қойыпты.Құмырсқа илеуіне жол іздейді.Ол алдымен жіпке, одан төбеге өрмелейді.Төбеден қабырғаға одан еденге түседі.Бір күні атай өрмелеп жүрген құмырсқаларды көреді.Олар құмыраға кіріп-шығып жатыр.Құмыраға қараса, құмырсқалар бәрін жеп қойыпты.Бір құмырсқа барлық құмырсқаға жол көрсетіп берген екен.Шәріп атай құмырсқада да ақыл болатынын білмесе керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет