тапсырма. Бос орынды кітапқА Қарап толтырыңыз §10. Африка дәстүрлі өркениеті 10 сынып бөлім



бет2/5
Дата16.04.2024
өлшемі40,67 Kb.
#200860
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 ай 2 апта 1 сабақ

Тұжырым

А

Ж

1. Нубиядағы ең ірі патшалық Макурияның билеушісі будда дінін қабылдайды.







2. Бушмендерде ешқашан да патша, көсем, сот пен абыз болған емес.







3. Гана – демократиялық басқарудағы мемлекет болды.







4. Нубия атауы көне египеттік сөзден бұтақ деген мағына береді.







5. Бушмендер тайпасы ертеректе Африканың Оңтүстік-Батысындағы Намибия шөлінің басым бөлігін мекен еткен.







Тұжырымның ақиқат, жалғанын анықтаңыз №2

Тұжырым

А

Ж

1. XIII ғасырдың басында тәуелсіз сосо тайпасы Гананың астанасын жаулап алады.







2. Батыс Африка аймағындағы ең ежелгі мемлекеттік құрылым Сонгай мемлекеті болды.







3. Нигерде сонгай флоты құрылды.







4. Сонгай мемлекеті XV ғасырдың басында құрылды.







5. XIV ғасырдағы географиялық карталардың деректерінде «Гана королінің» меншігі туралы жиі қайталанады.







3 тапсырма.Кестеде берілген мәліметтерді сәйкестендіріңіз №1

1. Сонгай мемлекеті

А. Гана үшін үлкен қатерді төндіріп тұрған еді.

2. Гана
мемлекеті

В. XVI ғасырда дамып, өз шегарасын батысқа қарай – Сахара-Анра шегарасына дейін, ал солтүстік-шығыста – Борнудың батыс қиырына дейін соза бастады.

3.Альморавид мемлекеті

С. Атлантикалық жағалаудан Оңтүстік Мавританияға қарасты Сахараға дейінгі жерді қамтыған болатын.

4. Мали князьдігі

D. XI ғасырда Нигер және Бакой өзендерінің аралығында құрылды.

А.1-D, 2-B, 3-C, 4-A
В.1-В, 2-С, 3-А, 4-D
С.1-С, 2-D, 3-В, 4-А
D.1-А, 2-С, 3-D, 4-В
Кестеде берілген мәліметтерді сәйкестендіріңіз №2

1. I Мұхаммед

А. Даңқты Гананы жаулап алып, өзінің империясына бағынышты еткен Мали билеушісі.

2. Әли Сонни

В. 1307–1332 жылдар аралығында патшалық құрған манса (патша).

3. Сундиат Кейт

С. 1468 жылы Томбуктуды басып алып, туарег пен моси тайпаларының шабуылын тойтарады.

4. Мұса

D. 1493–1528 жылдар аралығында билік құрған, мемлекеттің нығаюын арттырған Сонгай билеушісі.

А.1-D, 2-С, 3-А, 4-В
В.1-А, 2-С, 3-D, 4-В
С.1-В, 2-D, 3-C, 4-A
D.1-С, 2-D, 3-В, 4-А

§11-12. Америка, Аустралия және Мұхит аралдарындағы дәстүрлі өркениет

  1. Америка материгіне ең алғашқы адамдар келді: ...................... жыл бұрын

  2. 30 мың жыл бұрын адамдар Америка материгіне қос құрлықты жалғап жатқан шағын мүйіс арқылы өтіп келді: ..............................................................................................................

  3. Америкаға келген тайпалар кейіннен атала бастады: ........................................................

  4. Америка халықтарының ішінде ерекше өркениет қалыптастырғандар: ........................., инктер, ацтектер

  5. Үндістер көптеген жетістіктерден бейхабар болды: ..........................қорытуды білмеді, дөңгелек жасамады және жүк артатын жануарларды асырамады, атқа міну білмеді

  6. Америкада жазба ескерткіштерін қалдырған жалғыз халық: ...........................................

  7. Майялықтар мекендеген жер: ...................................түбегі

  8. Майя елінің негізгі өндірістері:.............................................................................................

  9. Маяйлықтар айырбас саудасын жүргізген елдер: Мексика, ......................., Колумбия және Перу

  10. Майялықтарға теңіз жағалауынан әкелінді: Тұз бен ........................................................

  11. Майялықтарға түбек орталығынан әкелінді: ....................................., бал, жемістер

  12. Майялықтарда жалпы ақшаның орнына қолданылды: ...................................бұршағы

  13. Майялықтар мата дайындады: ................................талшықтарынан немесе агавадан (қояншөп тұқымына жататын өсімдік)

  14. Х.Колумб өз сапарында мата, какао, металл бұйымдарын артқан жағалау: ....................

  15. Х.Колумб ойып жасалған кемені кездестірген жер: ...........................................................

  16. Майялықтарда жер тиесілі болды: .......................................................................................

  17. Майя қоғамы бөлінді: Азат адамдар мен ...........................................................................

  18. Майя қоғамында жоғарғы тап өкіліне жатты: Ақсүйектер, .......................мен абыздар

  19. Майя өркениеті қамтыған мемлекеттер саны:....................................................................

  20. Майялықтарда қала мемлекеттің жоғарғы билеушісі аталды:..........................................

  21. «Халач-виник» сөзінің мағынасы:.........................................................................................

  22. Майялықтарда құдайлар құдіретінің шыңы саналды: Аспан бейнесіндегі .....................

  23. Майялықтарда Ицамна құдайымен қатар қойылды: ............................................құдайы

  24. Майя өркениетінің жарылқаушысы саналды: ....................................................................

  25. Майялықтардың өз есептеу жүйесіндегі есепшоты тұрды: .............................................

  26. Майялықтардың есептеу жүйесінің негізі болды: Адамның қол аяғындағы ..................................................... саусақ

  27. Майялықтардың астрономиядағы жетістігі:...................................................................дәл минутына дейін есептеп шығарды

  28. Майялықтарда абыздар таныс болған ғылымдар: ......................................., астрономия, ботаника

  29. Маяйлықтарда жыл санау бойынша құрылды: «...............................................................»

  30. Б.з. І ғасырында пайда болған майя мәдениетінің жоғары жетістігі: .......................жазу

  31. Майялықтардың құрылыстарының ішіндегі ең ғаламаты: Баспалдақты, жалпақ төбесі бар .........................................................................................

  32. Египет пирамидаларымен шамалас: .....................................................................................

  33. Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай мыңдаған шақырым аралықта созылып жатқан империя: ............................................................................................................

  34. Аңыз бойынша Инктер империясының негізін салған: Күннің балалары

  35. Мачу-Пикчу қаласын салған: ................................................................................................

  36. Инк терминінің мағыналары: ................................мемлекетінде билік құрған топ, билеушінің титулы және халықтың жалпы атауы

  37. Инк атауы мемлекет құрылғанға дейін тиесілі болды: ...................................алқабын мекендеген белгілі бір тайпаға

  38. Инктердің аңыз бойынша соңғы жоғарғы билеушісі: ......................................................

  39. Инктер туралы нақты тарих басталды: Тоғызыншы билеуші ...........................бастап

  40. Инктердің дәуірлеуі: .....................................................(1438-1463) бастап

  41. Инктердің соңғы жүзжылдықта жаулап алған аумағы: Анд аймағындағы Оңтүстік Колумбиядан орталық ................................................ дейінгі барлық тайпаларды

  42. Инктер мемлекетіндегі халық саны:.....................................................................................

  43. Инктер мемлекеті аталды: ................................................................(Төрт біріккен өлке)

  44. Инктерде мемлекет басында отырған билеушінің мәртебесі: «......................................»

  45. Инктер мемлекетінің тілі: .....................................................................................................

  46. Инктердің жоғарғы билеушісі отырған қала: ......................................................................

  47. 1248 жылы ацтектердің қоныстанған аймағы: ...................................................................

  48. 1325 жылы ацтектер Тескоко өзені маңында негізін қалаған елді мекен: .......................

  49. Ацтектердің әскери қуаты артты: ....................ғасырдың басында

  50. 1428 жылы жорық бастап, үш тайпаның бірлестігін құрған ацтектер көсемі: ................

  51. Ацтектер қоғамының дәуірлеуі мен мәдениетінің көркеюі басталды: ..........ғасырдың екінші жартысында

  52. Ацтектер тіршілігіндегі негізгі өндіріс саласы: Жерді ....................................................

  53. Ацтектер үйде асыраған құстар: .................................................., қаз, үйрек

  54. Ацтектер асыраған үй жануары: .........................................................................................

  55. Ацтектерде дамыған қолөнер түрлері: Тоқыма мен ........................................................

  56. Теночтитландағы басты базар туралы жазып кеткен испан жауынгері:...........................

  57. Ацтектердің астанасы:...........................................................................................................

  58. Ацтектер қоғамы бөлінген таптар: Азат адамдар мен ...................................................

  59. Басыбайлы шаруа:.................................................................................................................

  60. Теночтықтардың жебеуші құдайы әрі күн құдайы және соғыс құдайы саналды: ...........................................................................................................................................................

  61. Ацтектерде жазудың қалыптасуына әсер етті: ....................................................................

  62. Юто-ацтек семьясынан шыққан үндіс халқы:......................................................................

  63. Ацтектерде жазу пиктографиядан ауысты:.......................................................................

  64. Ацтектерге төлтектер арқылы жетті: Жылнамалық санау мен ..................................

  65. Ацтектердің маңызды сәулет туындысы: Баспалдақты ......................................және барельефпен безендірілген ғибадатханалар

  66. Аустралия континенті географтардың қате пікірінің салдарынан атауын иеленді: .................... ғасырдың екінші жартысында

  67. Географтар ауқымды бір материктің солтүстіктегі төбесі деп санады: Жаңа Гвинея мен .........................................ашқан Отты Жер (Аустралия-.................. оңтүстіктегі жер)

  68. Аустралияның тұрғылықты халқы материкке 40-50 мың жыл бұрын келген: .........................................................................................................................................................

  69. Тынық мұхитының орталық және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдар құрамы бөлінген үш географиялық аймақ: Меланезия, Микронезия және ......................................................

  70. Полинезиялықтардың шығу тегі туралы екі негізгі теория: Олардың тегі Азиядан немесе ........................................................... шықты

  71. Полинезиялықтарды Оңтүстік Қытай мен Үнді-Қытайдан кетуге мәжбүрледі: .................................. дәуірінде қытайлар

  72. Полинезиялықтардың кемесінде болжаушы болды: .........................................................

  73. Мұхит аралдары мен Аустралиядағы барлық халықтардың ішінде өздерінің өткені туралы естеліктерді сақтап қалды: .............................................................................................

  74. Полинезиялықтардың тарихын зерттеген жаңазеландиялық ғалым:................................ (Питер Бак)

  75. Полинезиялықтардың ұғымы бойынша барлық қоршаған әлем екі категорияға бөлінеді: Моа (қасиетті) және ................(қарапайым)

  76. Полинезиялықтардың ұғымы бойынша моа тиесілі болды: ......................................мен патшаларға, ақсүйектер мен абыздарға

  77. Полинезиялық «тыйым» сөзінің мағынасы: Айрықша...................................................

  78. Жазулар таңбасы бейнеленген тақтайша табылған Полинезияның бөлігі: ..........аралы

  79. Полинезиялықтардың тілдері байланысы бар тіл: ..................................халықтарының тілдері

  80. Полинезиялық халықтар тобына жатады: ............................................................................

  81. Танти мен оған жақын аралдардың жергілікті халқының өз аты: .....................................

  82. Мұхит аралдарында этникалық топтасу аяқталды: .................................ғасыр

  83. Таитиліктердің басты музыкалық құралдары: Барабан мен ............................................

  84. Гавай аралдарына еуропалықтар келгенге дейін ХІV ғасыр бойы өмір сүрді: .............................................................. мен полинезиялықтар

  85. Гавай аралдарына полинезиялықтар 300 жылдары келген: ......................аралдарынан

  86. Гавай аралдарына Таитиден қоныстанушылар келді: ..........................жылдары

  87. Гавай аңыздарында 1125 жылы келіп жаңа діннің негізін қалаған абыз: .......................

  88. Паао жергілікті билеушіге қарсы күресу үшін көмекке шақырған көсем: .....................

  89. Гавайлықтар жері тартыс салдарынан бөлініп кетті: .......................мемлекетке

  90. Гавай жерінде барлық аралдардың басын қайта біріктірді:.............................................

  91. Гавай аралдарындағы тыйымдар туралы жүйе: ................................(діни құқық)

  92. Гавайлықтардың ас мәзіріне кірді: Балық, ..........................(картоп сияқты)

  93. Гавай аралдарында өсті:......................................., нан ағашы, ямс, кокос пальмасы, қант қызылшасы мен теңіз балдырлары


2 тапсырма.Тұжырымның ақиқат, жалғанын анықтаңыз №1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет