9. Бюджет сызығы дегеніміз – берілген табыс мӛлшерінің игіліктер жиынтығын толық сатып алу кезіндегі сол игіліктер жиынын кӛрсететін нүктелерді қосатын түзу сызық.
10. Тұтынушының теңділік нүктесі – бюджет сызығы мен талғамсыздық қисығының жанасу нүктесі.
Тұтынушының теңділік нүктесінде екі шарт орындалу керек:
1.Тұтынушы І табысы толығымен Х және У тауарларын сатып алуға жүмсалу керек
Px* X+ Py* Y= I
2. Х және У тауарларының ауыстырудың шекті нормасы бюджет сызығының бұрыштық коэффициентіне тең болу керек
MRSxy= - Px / Px
Тапсырма 2. Тақырыптың негізгі түсініктері бойынша глоссарий жасау:
1.Пайдалылық
2.Пайдалылық функциясы
3.Шекті пайдалылық
4.Жалпы пайдалылық
5.Талғамсыздық қисығы
6.Талғамсыздық картасы
7.Бюджет сызығы
8.Тұтынушының таңдау нүктесі
Пайдалылық – белгілі бір игілікті тұтынуда одан оның ерекше бір қасиеттерін сезіну мен ләззат алу мүмкіндігі. Ал аса қатаң мағынада (маржиналистік тұжырымдамада), пайдалылық – бұл тұтынушының игілік туралы қалыптасқан ой-пікірі немесе сол қажет игілікті саралауы және бағалауы.
Достарыңызбен бөлісу: |