MRS xy =-MUx/Muy; мұнда MUx - Х бойынша шекті пайдалылық
MUy – У бойынша шекті пайдалылық
7. Талғамсыздық қисығы (бұл қисықтың авторы, ағылшын экономисі Ф. Эджуорт, 1881
ж.) – бұл тұтынушыға бірдей пайдалылық алып келетін екі экономикалық игіліктің
әртүрлі комбинациялар жиынтығын көрсететін қисық.
8. Бюджет шектеулілігі дегеніміз – тұтынушының дәл қазіргі уақытта берілген табыс деңгейінде және белгілі бір бағамен сатып ала алатын игіліктерінің барлық нұсқаларының жиынтығы. Бюджет шектеулілігі қолда бар нақты ақшаға қанша тұтыну тауарларын сатып алуға болатындығын және жалпы жұмсалатын шығынның табысқа тең болу керектігін кӛрсетеді. Тұтынушының табысы азайса бюджет сызығы параллельді түрде солға, ал табыс кӛбейсе сызық параллельді түрде оңға жылжиды.