Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Дүние қалай қайтсең табылады»



Дата27.01.2020
өлшемі28,52 Kb.
#56538
Байланысты:
5 сынып қазақ тілі мен әдебиеті
5 сынып қазақ тілі мен әдебиеті, 5 сынып қазақ тілі мен әдебиеті, ашық сабақ тақырыптар тізімі
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

1.«Дүние қалай қайтсең табылады» әңгімесіндегі адами қасиетті анықтаңыз.

А. еңбекті сүю

В. елді қорғау

С. байлықты табу

D. туған жерді аялау [1] 2. «Қажыма,Ақтан,қажыма, Жетерсің,әлі жетерсің!». Берілген үзіндідегі ақынның Ақтан жасқа үміт арту себебін анықтаңыз. А арманына жету В. ержету С. бала сүю D. Отанын қорғау [1] 3. «Жапанға біткен жапырақ ,Жамылсаң тоңар ма екенсің? Жазғы шыққан бүлдірген » деген жолдардағы көркемдегіш құралды анықтаңыз. А. ассонанс В. аллитерация С. теңеу D. Эпитет [1]

4. «...Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып , егінге су жіберді». Үзіндінің қай шығармадан алынғанын анықтаңыз. А. «Атымтай Жомарт» В. «Дүние қайтсең табылады?» С. «Қыпшақ Сейітқұл» D. «О, Ақтан жас, Ақтан жас» [1] 5. «...Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді, - деді.» Үзінді әңгіменің қай бөлігіне жататынын анықтаңыз. А. басталуы В. дамуы С. шешімі D. шиеленісі [1]

6. «О, Ақтан, жас, Ақтан жас» өлеңінде ақын Ақтанның бойынан қандай қасиеттерді көргісі келді?» Автор пікіріне қолдау білдіре отырып, өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2] 7. Неліктен Антон еңбек етуге шешім қабылдағанын тұжырымдап, өз пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]



8. Ақтан жас ақын сенімін ақтады деп ойлайсыңдар ма? Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2] 9. «Қыпшақ Сейітқұл»шығармасындағы кейіпкердің өзіндік 3 құндылығын анықтап, сыни тұрғыдан пікіріңізді білдіріңіз. Өз ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2] 10. «...бар бола тұрып,мен жұмыс қылсам,мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын » деген Атымтай Жомарттың айтқан ойына 3-4 сөйлеммен өз пікіріңізді білдіріңіз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2] 11.«Болашақта кім болам деп армандайсың?» деген тақырыпта өз көзқарасыңызды тұжырымдап, эссе жазыңыз. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[5]

Балл қою кестесі



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

А

1




2

А

1

3

В

1

4

С

1

5

А

1

6

Ақтанның бойындағы қасиеттерді жазады.

1




Өз ойын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

7

Антонның шешімін тұжырымдайды.

1

Өз тұжырымын 3-4 сөйлеммен түйіндейді.

1

8

Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

2

9

3 құндылығын анықтайды.

1

Өз көзқарасын 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

10

Атымтай Жомарттың пікірін сараптайды.

1

Өз пікірін 3-4 сөйлеммен білдіреді.

1

11

Өз ойын тұжырымдайды.

1




Тақырыпты ашады.

1

Өз көзқарасын білдіреді.

1

Жазба жұмысын жазады.

1

Өз ойын қорытындылайды.

1


Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тапсырма • Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. • Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

«Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың 1 түрі берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000- дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен Россия, Орта Азия, Кавказ елдерімен салыстырғанда ,бұл онша көп емес. Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрлері «Қызыл кітапқа» енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды. Қазақстандағы қазіргі өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман -тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, сексеуіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, суптропиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді. Қазақстанның жануарлар дүниесі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогеографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылқұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпақдала, Сарысу, Сырдария жағалауы жатады.



Балл қою кестесі

Тыңдалым және айтылым



Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.


4

Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.


Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді

3

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.


Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.


Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.

1

Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.


Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылау кезінде өте аз қатысады.



Оқылым Тапсырма Берілген тапсырмаларды орындаңыз. (10) А мәтіні

Ұлтының қамын ойлаған әрбір азаматтың елі үшін жасаған өзіндік бір үлесі болады. Олардың ішінде әйелдердің де қосар үлесі мол. Соның бір айғағына айналған «Aіqul Lіne» компаниясы ежелгі қазақы салтымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды қайта көркейтіп келеді.

Біз компания басшысы Айгүл Жексенбайқызына жолығып, сұхбаттасқан едік. – Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді? – Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі – атам ауыл-аймақта беделді адам болған деседі. Аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып, әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда. – Бала күнгі арманыңыз қандай керемет еді… Әр бастау жолдың өзіндік ауыртпалығы болады емес пе? Бизнес жолыңызда қандай қиындықтардан өттіңіз? «Aіqul Lіne» тарихына тоқталсаңыз. – Әрине. Қиындықсыз ешбір адам бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігінің қадірін түсінбейді. Бірде табысты болсаң, бірде күрмеліп қаласың, келесі бір мәселе шешілмей жатады. Әйел заты болғандықтан, осы кәсіпке табандылықпен кірісуіме себепкер болған анам еді. Қыз баласы үшін ананың ақылы, дұрыс жол нұсқап, қолдауы ауадай қажет.

1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]






Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Компания қазақы салтымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды қайта көркейткен.







2

Аңшылық өнермен қатар, қазақы дүниелер жасамаған.







3

Кәсіпке табандылықпен кірісуіме себепкер болған анам еді.







2. Мәтін кейіпкері сияқты сенде де нақты хобби бар ма? Ол қандай іс екенін түсіндіріп, 3 сөйлем көлемінде жазыңыз. [3]

Ә мәтіні Хобби (әңгімеден үзінді)

Сөйтіп жүргенде, мүйізі қарағайдай бір газеттен ауылға тілші келіпті. Жеке шаруашылықтың жұмысын көріп, іс-тәжірибесін басқаларға үлгі етіп жарияламақ. Кезінде Шамшархан бұл қожалықты Машрап теледидар көріп отырғанда, «бас иеміз ғой» деп отағасының атына жаздырған еді. Тілші келіп, Машраптың денсаулығын, хал-жағдайын сұрады. – Жұмыс барысында жараландыңыз ба? – деген сұраққа Машрап быдыңдап, сасып, не айтарын білмей: – А, жо-о-ғә, не ғып... әлгі... ы-ы-һі, – деп жөткірініп алып, – Төлек, бері келші, жұмыстың жағдайын түсіндірші, – деді терге түсіп. Төлек байыппен барлық сұрақтарға жауап беріп отыр. Сол кезде сырттағы шаруаны жайғап, Шамшархан келе қалды.Тілші: – Апай, жұмыстарыңыздың жемісті болып жатқанын естіп, сіздер туралы жазғалы келіп жатырмыз. Хоббиларыңыз не? – деді. Шамшархан тосылып қалды. – Ешқандай қобдиымыз жоқ, – деді абдырап. Тілші күліп жіберді. – Апай! – деді күлкісін тоқтатып, езуін әрең дегенде жиып. – «Хобби» деген адамның сүйікті ісі, көңілі қалаған жұмысы дегендей, – деді жайғап.

1.Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. [2]




Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1

Жұмыс барысында жараланды.







2

Хобби сөзін түсінді.







3

«Хобби» деген адамның сүйікті ісі.







2. Хобби туралы не білесіз? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. (3)

Балл қою кестесі

Оқылым


Сұрақ

Жауап

балл

1

дұрыс

2


2

бұрыс

3

дұрыс

4

Оқушы жауабы ескеріледі.

3

5

дұрыс

2


6

бұрыс

7

дұрыс

8

Оқушы жауабы ескеріледі.

3

Барлығы

10

Жазылым Оқушылар екі (тақырыптың) біреуін таңдайды. Құрамы 80 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек.

1. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда!» - деген екен. «Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», - деген екен немістің ұлы ақыны Гете. Бұл жөнінде еңбекқор қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деген нақыл сөз бар. Рас, біле білгенге уақыт – мүмкіндік. Ал сол мүмкіндікті кім қалай пайдаланып жүр?!

2. Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, бір дәрілік өсімдіктің шипалық қасиетін насихаттаңыз.

Емдік қасиет, мәдени өсімдіктер, дәрілік қасиет, дәруменге бай, ыстықты қайтарады.



(10)

Балл қою кестесі Жазылым

Балл саны

Сипаттамасы

9-10

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған. Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады. Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын еркін, әрі әсерлі етіп толық жеткізеді,қателерді жібермейді.

7-8

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымын сақтаған. Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады. Көркем тіл құралдары орынды қолданылған. Ойын анық, әрі әсерлі етіп жеткізеді, жіберілген кейбір қателер түсінуді қиындатпайды.

5-6

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы негізінен тапсырмаға сәйкес келеді, бірақ толықтай үйлесімді емес Шығармашылық танытуға талпынады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған .Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, жіберілген қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жалпы әсерді бұзады.

3-4

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы жүйесіз. Шығармашылық танытуда қателеседі. Кейбір тіл құралдарын қолдану талпынысы жасалды. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жалпы қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) жібереді.

1-2

Жазба жұмысының (мәтіннің/эссенің) құрылымы сақталмаған. Шығармашылық танытпайды. Мазмұнға қатысты кейбір мәселелерге және мағынасына тоқталуға талпынды, бірақ мақсатқа толық сәйкес келеді деп айту қиын. Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сөздер кейде анық емес, құрылымдық қателер (мәтіндегі сөздердің жұрнақ арқылы жасалған сөздерді дұрыс қолданылмауы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет