Басқа сүтқоректілердегі сияқты адамда құлақ үш бӛлімнен тұрады: сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ және ішкі құлақ. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, сыртқы есту жолы және дабыл жарғағы кіреді. Ортаңғы құлақ қуысында ӛзара байланысқан үш есту сүйекшелері: балғашық, тӛстік және үзеңгі орналасқан. Ішкі құлақтағы қуыстар мен иірім ӛзекшелерден түзілген күрделі жүйені – шытырман деп атайды. Шытырманда ұлудене және вестибула аппараты болады.
Сыртқы құлақтан келген дыбыс тербелісін бірінші қабылдайтын құлақ бӛлімі
балғашық
тӛстік
үзеңгі
ұлудене
шытырман
Жүйке жасушасының құрылысы
Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Әрбір нейрон дене және ӛсінділерден тұрады. Қысқа тармақталған ӛсінділері – дендриттер. Ұзын ӛсінді – аксон. Аксон басқа жасушалармен синапстар арқылы байланысады. Байланыс жүзеге асатын жасуша түрлері бойынша синапстың үш түрі болады. Егер синапс бір нейронның басқа нейронмен түйісу орнында түзілсе, бұл – нейрон-нейрон синапсы. Егер нейрон бұлшық ет жасушасымен байланысса, бұл – нейрон-бұлшық ет синапсы. Егер нейрон безді эпителий жасушасымен байланысса, бұл – нейрон-безді синапс. Бұл синапстар жүзеге асу үшін әртүрлі нейромедиаторлар қажет.
Cуретте дендриттер кӛрсетілген сан
A) 1
B) 4
C) 3
D) 5
E) 2
Электр оқшаулайтын қабықшасы бар нейрон бӛлімі
дендрит