Тараған ауылдар, көрші туысқандары бар, барлығы қырық шамалы ауыл осы



бет4/5
Дата24.02.2022
өлшемі30,12 Kb.
#133071
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өрде
Эссе 23
 
183 
- Күйеу келген той дәл бір астай болды, не қыл дейсің? - десіп, мақтасып 
қайтқан. 
Осы күні кешке Абай ең алғаш рет қалыңдығын көрді. 
Күйеудің үйіне бұл кеште халық сыймай, кернеп кеткен. Қазір мұнда 
Алшынбай, Ұлжан, Ызғұтты бастаған екі жақтың үлкендері, бас құдалары лық 
толы. Абайлардың алдына шымылдық түсіріліп, үлкендерден жастар жағын 
бөліп тұр. 
Үй ішінде сөйлессе де, күлсе де, ашық үн қататын, сол төрдегі үлкендер. 
Шымылдық ішінде тек сыбыр мен ақырын күлкі ғана бар. Онда да өз аулына 
еркін қыздар күледі. 
Осы жаймен біраз отырған соң, есік жақта үлкен қозғалыс басталды. 
Босағаға жақын отырған келіншектер түрегеліп, шымылдықты есікке қарай 
созып тұрған уақытта, тыстан бір топ қыздар кірді. Солардың ортасында 
басына қызыл жібек шапан жамылған, бетін түгел бүркеп алған - қалыңдық бар. 
Абайлар Ділдәнің бойын ғана көрді. Ол кебісін шешіп жатқанда, сырт 
сымбаты талдырмаш, бірақ аса сұңғак бойлы, биік көрінді. 
Абайдың төменгі жағынан орын босатылған-ды. Қалыңдық осы араға келіп, 
шапанын басынан алмай, күйеуге азырақ сырт беріңкіреп, қырындау отырды. 
Абай амандасармыз деп ойлап еді. Қалындық бетін бұрған жоқ. Сондықтан 
екеуі амандаса да алмады. 
Ділдә келісімен ас жасалып, төр де, шымылдық іші де ас жеді. Бірақ күйеу 
мен қалыңдық көп дәм татқан жоқ. Сол астың артынан төрде отырған, түсі 
Абайға көрінбейтін бір молда неке оқыды. Суық су құйған бір кесе төрдегі 
жұртты жағалап кеп, Абайға ұсынылды. Абай ұрттады да, Ділдәға берді. 
Асының артынан екі жеңге ақырын күлісіп кеп, Абай мен Ділдәнің алдына 
қарсы отырып, екеуінің де он қолдарын алып, біріне-бірін ұстаттырды. 
Екі қолдың арасында бір қабат сусылдаған жібек жүр. Сол арқылы 
ұстатады екен. Абай Ділдәнің жіңішке саусақтарын көбірек ұстап қап еді. 
Алдында отырған бір жеңге ақырын мысқылдап, Абайдың қолын тарта беріп: 
- Тоқта, жабысып қапсың ғой! Бері кел! Шаш сипа! - деді. Жақын отырған 
қыздар күліп жіберді. Жеңге Абайдың қолын өзі көтеріп апарып, Ділдәнің 
арқасындағы қос бұрымына тигізді. Әлі де Абай қолының астында жаңағы 
жібек жүр. Сол жібекпен Абай бір-екі рет сипап өтті. 
Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың 
алдында күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады. Жаңағы Абайды 
мысқылдаған ашық жеңге сол шаш сипарды Ұлжаннан бір сыбаға ғып алған 
екен. 
Некеқияр мен той салтының бәрі өткен соң, үлкендер тегіс дауыстап бата 
қылысты да, жалпыға айтқандай боп: 
- Қайырлы болсын! 
- Ұзак қызық берсін! 
- Құтты, құтты болсын! - десті. Шымылдық арқылы Абай мен Ділдәға 
айтқан ата-ананын тілектері еді. Осыдан сон барлық үлкендер қауырт көтеріліп, 
шығып кетті. 
Олардың артына іркіліп қалған жастар да бұл кеште көп отырмай, ерте 
тарасты. Күйеу, қалыңдықты оңаша қалдырудың қамы сияқты. 

 
184 
Абай әлі күнге Ділдә мен тіл қатысқан жоқ. Бір-бірінің жүздерін де 
жақсылап көріскен жоқ. Жалғыз-ақ есіктен келіп, шымылдық ішіне кіріп, Абай 
қасына отыра берерде ғана Ділдә өз бетін ашпай, Абайды сығалап көріп қалған. 
Онда да бір-ақ сәтке көрген. 
Үй іші сейіле бере, жаңағы шаш сипарды алған жеңге Абайға: 
- Жә, енді біз төсек жайлаймыз. Сен біраз тысқа шығып сейіліп кел! - деді. 
Абайға бұл сөз, біртүрлі түрпідей тиген қатты тұрпайылық сияқты көрінді. 
Бірақ, бөгелген жоқ, атып тұрып, тысқа шығып кетті. Үй маңынан барлық жұрт 
арылыпты. Күйеу жолдасы Ерболдар да кетіп қапты. Абай жалғыз. Түн жарық 
емес, бұлты бар ма, тастай қараңғы екен. Күйеу жігіт жапа-жалғыз аяңдап, 
ұзаңқырап бара жатты. 
Ділдә да жолдас қыздарынан арылған. Жаңағы екі жеңгемен бірге қалған 
еді. Оны бір жеңгесі ертіп, бөлек шығып кетті де, екінші жеңге үлкен төсекті 
бұзып, шымылдықты түсіріп, орын сайлай бастады. Ділдәні ертіп шыққан ең 
жақын жеңгесінің бірі болатын. Ол қалындықты құшақтап ап: 
- Ал, еркем, күйеу қалай екен? Ұнаттың ба? - деп сұрады. 
Ділдә қымсынған жоқ: 
- Қайдан білейін? Бір жуан қара ғой! - деп ап-ашық қомсынғандай сөйледі. 
- Қой, байқамағансың ғой. Қара торының әдемісі ғой! - деп, жеңгесі 
жұбаныш айтты. 
Жалғыз кеткен Абайдың көңілі қазірде біртүрлі ен-жар. Жүрегін 
әлдеқандай реніш, өкініш басқандай. Өзінен-өзі суық тартып, сұлқ түсіп, 
жүдеңдеп барады. 
Барлық осы күйеулік жәйін лезде қайта шолып өтті. Мол дүниемен, 
салтанат, нөкермен құда, күйеу боп келісті. Мұнда да қонақ асы, күтім, той-
жиын, сән-салтанат олқы емес. Өңшең ынтымақ. Мол тілек, жағалай бата. Бәрі 
де кім үшін? Екі жастың бағы, қызығы үшін дейді. Бірақ енді бағып қараса, 
олар үшін емес. Сол үлкендердің өз ойларындағы сыпайылық, сыйластық, 
дәстүр үшін. 
Ал, Абай мен Ділдә болса, әлі тіпті пішіндерін де көріскен жоқ. Бірақ 
үлкендер үшін ол тіпті ойландырар да іс емес. Күйеу мен қалыңдық ең алғаш 
біліскен, көріскенде, анау салынып жатқан төсекте ғана білісу керек. 
Абайдын оқыған кітабы көп. Ғашык дос, асыл жар дегендер бұның әлі 
күнге дақсыз келген жүрегіне соншалық бір биік, пак заттай көрінетін. 
Шұғыласына тал бойын ұйытқан, ой-қиялын сондайлық мүшкіл еткен Тоғжан 
өзі қаншалық алыста. Бұлт құшқандай, шарықтап елестемеуші ме еді? 
Ендігі бұның жары осыншалық сөлекет ырымдар, үйреншікті дәстүрлер 
ішінде, бұған соншалық арзанға келгені несі? Екеуін малша табыстырып тұрған 
қолдар не деген сөлекет? Неткен сезімсіз тұрпайы? Абай осы ойларға жеткенде 
көңлі қатты жабығып, іштегі қиял мекені ойран-асыр боп, құлағандай көрінді. 
Жүректе де әлдебір нәзік сұлу шырақтар күрсініп өшкендей болды. Аяғы қайда 
басқанын байқамағандай екен. Сыбдыр есітті. Қараса, бағанағы жеңгенің бірі 
іздеп кепті. 
Күліп, қалжың етіп: 
- Немене, қалыңдығыңа бұлданып жүрмісің? Неге сонша күттірдің? - деді 
де, үйге қарай алып жүрді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет