3 ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
ӨЛШЕУДІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ. ТАРАТУДЫҢ ЗАҢДАРЫ
3.1 Сабақтың мақсаты:
Студенттерді қателіктің негізгі мағлұматтарымен таныстыру, өлшеудің қателігін есептеуге, өлшеудің туралылығын бағалауға үйрету
3.2 Өлшеудің қателіктері
Өлшеуді жүргізген кезде белгілі бір себептер қателіктер пайда болуы мүмкін. Сондықтан өлшеу нәтижелері анықталған шаманың жуықтап алынған мәні пайдаланылады. Соның салдарынан өлшенетін шама бірқатар қателіктерге ие болады.Бұл өлшенетін шаманың М абсолютті қателігі деп- өлшеніп алынған нәтиже Х пен анықталатын шаманың нағыз мәнінің айырмасын айтады:
(6)
Абсолютті қателік абсолютті бірлікте өлшенеді,оның өлшем бірлігі өлшенетін шаманың өлшем бірлігіне сай болады.
Салыстырмалы қателік деп - абсолютті қателіктің анықталған шаманың нағыз мәніне қатынасын айтады:
(7)
Абсолютті қателіктің шамасы анықталатын шаманың нағыз мәні мен өлшеніп алынған нәтиже мәндеріне әлде қайда аз болғандықтан, өлшеніп алынған нәтижемен анықталатын шаманың нағыз мәні Х-жуық мәнге тең деп алады да, салыстырмалы қателік мына формуламен анықталады:
, (8)
Салыстырмалы қателік-өлшеусіз, сондықтан оны бөлшек күйінде, нақты сан күйінде және пайыз мөлшерінде өрнектеуге болады:
(9)
(8) формулаға сәйкес, абсолютті қателік келесі формуламен өрнектеоуі мүмкін:
(10)
Барлық қателіктер өзінің шығу тегіне байланысты жүйелік, кездейсоқ және өрескел (мүлт кетулер) деп бөлінеді.
Жүйелік қателіктер өлшегіш аспаптардың сипатына байланысты болады. Өлшер алдында жою керек.Сондықтан жұмыс істер алдында барлық аспаптарды тексеріп, калибрлеп, содан кейін олардың көрсеткіштері бойынша түзетулер еңгізілуі мүмкін.
Кездейсоқ қателіктер әртүрлі себептерден туындайды. Оларды өлшеу кезінде жою мүмкін емес. Сондықтан қателіктер теориясын пайдалана отырып, олардың өлшеу нәтижелерінің әсерін азайтуға және жүргізген өлшеулердегі қателіктерді нақты анықтауға болады.
Өрескел қателіктер негізінен эксперимент жасаушының жазбаларды дұрыс жазбауынан, аспаптың көрсеткіштерінің дұрыс саналмаудан болуы мүмкін нәтижелерді өңдеу барысында мұндай өрескел қателіктер назар алынбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |