Тарау Қаржылық бақылаудың мәні,пәні және формалары Қаржылық бақылаудың мәні,мазмұны мен пәні


Аудиторлық нәтиженің құрылымы және оның түрлері



бет43/49
Дата26.01.2022
өлшемі348,5 Kb.
#114818
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49
Байланысты:
Тобылов . Т., Даулетбаев Б. Т. Аржылы ба ылау ж не аудит

14.2 Аудиторлық нәтиженің құрылымы және оның түрлері

Аудиторлық нәтиженің, оның мазмұнынының мен формасының талаптары 6 стандартта белгіленген. Стандартқа сай аудиторлық нәтиже аудирленетін тұлғалардың есеп беруін қолданатын тұлғаларға арналған ресми құжат болып табылады, аудиторлық фирма немесе жеке аудитор бұл құжатты ҚР заңнамасы сәйкес есеп жүргізуі тиіс.

Сапалық қателер бұл – бухгалтерлік есеп жүргізудегі қателер

Сандық қателер бұл – сандық көрсеткіштердегі қателер.

Аудиторлық нәтиженің негізгі элементтеріне келесіні жатқызуға болады:


  • Аудитор туралы мәліметтер: атауы, құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны, орналасу жері, нөмірі мен куәліктің, мемлекеттік тіркеудің күні, нөмірі мен лицензияны беру күні;

  • Аудирленген тұлға туралы мағлұмат;

  • Кіріспе бөлімі

  • Аудит көлемін сипаттайтын бөлігі

  • Аудиторлық нәтиженің күні мен аудитордың қолы.

Ереже бойынша аудиторлық нәтиже аудирленген тұлғаның иесіне, директорлар кеңесіне арналған және т.б.

Аудиторлық нәтижеде белгілі бір есептік кезеңінде тексерілген есеп беру тізімі болу керек. Аудиторлық нәтижеде бухгалтерлік есепті жүргізу мен есеп беруді дайындау ,ұсыну жауапкершілігі аудирленетін тұлғаға түсетіні туралы өтініші және аудитордың жауапкершілігі пікірді білдіруде ғана екендігі көрсетілуі тиіс.

Аудиторлық нәтиже ҚР заңнамасын, стандартқа,ішкі стандарқа сай жүргізілуі тиіс, нәтижеде аудиттің алдын ала жоспарлаған мақсатымен емес, аудиттің нақты бұрмалаушылықтары жоқ екендігі туралы сеніммен жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге нәтижеде аудиттің пікірді білдіру үшін жеткілікті негіз құрайтынын көрсету керек.

Нәтижеде аудирленетін тұлғада бухгалтерлік есепті жүргізудің принциптері мен тәсілдері нақты түрде көрсетілуі тиіс.Нәтижеде аудиттің жүргізілген күні көрсетілуі керек. Бұл қолданушыға аудитордың нәтижеде бұл күнге дейін жүргізілген операцияларды кіргізгенін көрсетеді. Аудиторлық нәтижеде аудиторлық ұйым басшының қолы мен аудитті жүргізген тұлғаның қолы болу тиіс.

Аудиторлық нәтижеге ҚР заңнамасына сәйкес күні көрсетілген, аудирленетін тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген есеп беру қосылуы керек.

Нәтиже мен есеп беру біртұтас пакетке жиналуы тиіс, беттері нөмірленген, пакеттегі жалпы беттер саны көрсетілген аудитордың мөрімен басылған болуы тиіс.

Қарастырылады:

А) мінсіз оң нәтиже және модифицирленген нәтиже

Егер аудитордың пікіріне ықпал етпецтін, бірақ белгілі бір жағдайда сатып алушының көңілін аудару мақсатымен аудиторлық нәтижеде көрсетілетін факторлар пайда болса нәтижені модифицирленген деп санайды.

Б) Кемшілігі бар пікірге, пікірден бас тартуға немесе теріс пікірге әкелетін аудитордың пікіріне ықпал ететін факторлар.

Аудиторлық пікірге ықпал етпейтін бөлім әдетте пікір көрсетілетін бөлімнен кейін қойылады. Аудитор келесі жағдайларда мінсіз оң пікір көрсетпеуі қажет:

а) аудит көлеміне шектеулер бар болса;

б) таңдалған есеп саясаты немесе оны қолданудың әдістемесі бойынша басшылықпен келіспеушіліктер бар болса, сонымен бірге есеп берудегі ақпараттың адекватты бөлінуі.

Көрсетілген жағдайлар

а) пікірмен келіспеушілікке немесе пікірді білдіруден бас тартушылыққа;

б) теріс көзқарасқа әкелуі мүмкін. Пікірден бас тартушылық келесі жағдайда орын алады: егер аудитор аудит көлемінің шектеуі тым айқын болғандықтан, есеп берудің растылығын айқындайтын пікірді білдіру үшін жеткілікті дәлелдемелерді ала алмаса.

Егер аудитор мінсіз оң пікірден өзгеше пікір білдірсе, онда ол нақты түрде осының барлық себептерін сипаттап, мүмкіндігінше есеп беруге табылған қателердің мүмкін ықпалының сандық бағасын беруі тиіс. Әдетте, бұл ақпарат пікір білдіру бөлімінің алдында тұратын бөлек бөлімде көрсетілуі тиіс.

ҚР Президенті қарамағындағы аудиторлық қызмет бойынша комиссиямен мақұлданған «Аудитті жүргізудің нәтижелері бойынша экономикалық субъекттің басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты» ереже-стандартына сәйкес міндетті аудитті жүргізудің барлық жағдайларында аудиторлық ұйым осындай есеп беруді дайындауы тиіс.

Осы есеп берудің мақсаты – аудирленетін тұлға басшылығына бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктері және аудиторлардың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылауды жетілдіру бойынша кеңестері туралы ақпараттар жеткізу. Бұл есеп беруде міндетті түрде есеп берудің растылығына айқын ықпал ететін немесе ықпал ете алатын қателер мен бұрмалаушылықтар көрсетілуі тиіс.

Жазбаша ақпарат барлық нақты кемшіліктер туралы толық есеп беру ретінде қарастырыла алмайды. Ол тек қана тексеру барысында табылғандарына ғана арналады. Сонымен қатар жалпы тәртіпте табылған қателердің қайсысы нақты, ал қайсысы жоқ екені көрсетілуі тиіс.

Мінсіз оң пікірден, нәтижелеуде аудитордың осындай пікірге әкелген себептерінің толық ашылған дәлелдемелері болуы тиіс.

Жазбаша ақпарат келесі тұлғаларға ғана берілуі мүмкін:



  • келісім шартқа қол қойған тұлғаға;

  • келісім шартта осы ақпараттың тікелей алушысы ретінде көрсетілген тұлғаға;

  • егер аудиторлық ұйым келісім шартқа қол қойған тұлғамен қолы қойылған сәйкес жазбаша нұсқауды ұсынса, онда кез-келген басқа тұлғаға.

Жазбаша ақпарат кем дегенде 2 данада құрылады – аудирленетін тұлғаға және аудиторлфық ұйымға. Оны ол жұмыс құжаттамаларына қосады. Аудиторлық ұйымды өзгерту жағдайында, аудирленетін тұлға басшылығы жаңа аудиторлық ұйымға кем дегенде алдыңғы 3 қаржылық жылдың жазбаша ақпаратының көшірмесін ұсынуы міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет