12.3 Шығындардың операциондық бақылауы мен аудиті
Аудиторлық бақылау кезінде аудитор келесілерді анықтайды және зерттейді:
- кезең шығындары аналитикалық есебінің баптар мазмұны мен номенклатурасын, экономика салаларының спецификасы мен кәсіпорынның қызметі арқылы бұл номенклатураның өзгеруін және толықтырылуын;
- шығындардың әрбір баптарының мақсатқа сайлығын, сонымен бірге олардың есептік саясатының белгілі бір шотына жатқызылатындығын және құжаттық рәсімдеуге негізділігін;
- тауарлы-материалдық қорлары бойынша шығындардың кезең шығындарына, әкімшілік шығындардың өндірістік шығындарға, капиталдық салымдарды кезең шығындарына жатқызылуын;
- шығындарды сәйкес жатқызылуын, белгілі бір шектеулер негізінде салық салу мақсатында
барлық сома бойынша шығындар бухгалтерлік есептен шығырылады.
Бұларға тұрақты және уақытша өзгешеліктерін жатқызамыз:
негізгі қаражаттарының амортизациясы бойынша амортизациялық төлемдер «Бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер» ҚР-ң Кодексінің 107 бабына сәйкес жоғарытылған сомма салық салу кірісіне қайтарылуы тиіс.
Негізгі құралдарды өңдеуге кеткен шығындары баланс құнының 15 пайызынан асатын болса, онда ол баланс құнының өсуіне аударылады.
Үкіметпен бекітілген нормалар шегіндегі іссапар шығындары.
төленген салықтар.
Бюджеттік түсімдерді санамағанда есептелген сомалар шегінде төленген айыппұл төлемдері.
Жұмыс берушінің өзәінң жұмыскері үшін толықтырған шығындары.
Өндірістік емес меншік бойынша салықтар.
- бухгалтерлік есепте есептелген корпоративтік табыс салығы көлемінің нақтылығы. Бухгалтерлік есептегі табыс салығы салықтық заңнамаға сәйкес анықталатын корпоративтік табыс салығы көлемімен сәйкес келмейді;
- бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы «Шығындар» бөлімінің шоттарында шығындардың нақты көрініс табуын;
- бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Шығындар» бөлімінің шоттары қорытынды кірістердің ұлғаюына есептелген соммаларды есептен шығару жолымен есеп беру кезеңінің аяғында жабылады ма, осының нәтижесінде кезең аяғына осы шоттар бойынша қалдықтар боллмауы тиіс;
Өндірістік шығындар ҚР-сы қаржылық – шаруашылық қызмет субъектілерінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы «Өндірістік есеп шоттары» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |