12.2 Кірістердің операциондық бақылауы мен аудиті
Кірістердің аудиті барысында аудитор келесілерді анықтауы қажет:
- кірістерді түрлер бойынша толық және дұрыс есептелуін;
- дайын өнімді, тауарларды және қызмет көрсетулерді жүзеге асырудан түскен кірістердің бухгалтерлік есептің «Кіріс» стандартының талаптарына сай келетінін;
- сатушы мен сатып алушының арасында жасалған, мәмілені жасау кезінде кіріс соммасы үлкен дәрежеде нақты бағалануын;
- мәмілемен байланысты экономикалық пайданың субъекттімен алыну мүмкіндігі бар ма;
- тауарды өткізуден кірістерді мойындау болып табыла ма: сатып алушыға меншікті иелену құқығын беру, осыған орай барлық маңызды қатерлер мен мәміле бойынша сыйақылар; мәміле бойынша фактілік және күтілетін шғындардың бағалануы үлкен дәрежедегі сенімділікпен жүргізіледі; бартер негізінде келісім шарт жасасуда, егер тауар бірдей тауарға айырбасталатын болса, онда мұндай айырбас кіріс әкелмейтін мәміле болып саналады, ал бірдей емес тауарларға айырбас кезінде мәміле бойынша кіріс алынған тауарларды өткізу құны бойынша бағаланады және мойындалады;
- кірістер пайыз, роялти және дивиденттер түрінде мойындалады ма, егер келесідей шарттар орындалса: пайыз активтен нақты кірісті есептейтін уақытша қатынастың негізінде мойындалуы тиіс; роялти келісім шарт мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша мойындалуы керек; дивидендтер оларды алуға акционердің құқығы бекітілген жағдайда мойындалуы қажет;
- қаржылық есеп беруге жасалған анықтамалық хатта келесі жағдайлар қарастырыла ма : қызмет түрі бойынша кірістерді мойындау үшін қабылданған есептік саясат; есеп беру кезеңінде айқындалған кірістің әрбір маңызды түрлерінің соммасы, тауарларды өткізу, қызмет көрсету, пайыздар, роялти, дивидендтер нәтижесінде пайда болатын кірістерді қоса алғанда және олардың ішінен әрбір маңызды кіріске енгізілген тауарлар және қызмет көрсетулермен айырбас нәтижесінде пайда болатын кіріс соммасы;
- бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Негізгі қызметтен кірістер» бөлім шоттарында негізгі қызметтен түсетін кірістер санала ма;
- сатылған тауарлардың қайтарылуымен, сату және бағадан жеңілдік ұсынумен байланысты субъект кірістерінің кемуі туралы ақпарат қалыптаса ма, және де бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан жеңілдіктер, сонымен бірге бағадан жеңілдіктер» бөлім шоттарында осы операциялар есептеле ме;
- бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарындағы «Кірістер» бөлімінің шоттары қорытынды кірістердің ұлғаюына есептелген соммаларды есептен шығару жолымен есеп беру кезеңінің аяғында жабылады ма («Сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатудан жеңілдіктер, сонымен бірге бағадан жеңілдіктер»бөлім шоттарынан басқа), осының нәтижесінде кезең аяғына осы шоттар бойынша қалдықтар боллмауы тиіс;
- «Қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп беруде» келтірілген мәліметтердің растылығы, және оларды бухгалтерлік есеп регистрлері және Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестендіру;
- жалпы көлемдегі кірістердің пропорциялары мен үлес салмағы, бұл субъекттің алдағы тіршілігі туралы жабық ақпарат береді және аудитор тоқтамау принцибін бағалай алады;
- бухгалтерлік баланста кірістер баптарының көрсетілуі және салықтық заңнама жағдайларымен сәйкес болуы;
- «заңды тұлғаның жылдық жиынтық кірістері және жыл бойына жасалған есептеулер туралы Декларацияны» құрудың анықтылығын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |