Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі. Тәрбиелілік



бет155/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

Тәрбие - қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.

Тәрбиелілік – адамзат қоғамында әлеуметтік тұрақты заң болып қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынас нормаларын бойына сіңіріп, оны күнделікті өмірде қолдануды дағдыға айналдыру.

Тәрбие жүйесі – тәрбие ісінің мазмұны, құрылымы мен қолданудың әдіс-тәсілдері және оны білім беру үрдісінде қолдануды ұйымдастыру істерінің жиынтығы. Тәрбие жүйесіне тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына құрылған сабақ үстіндегі және сыныптан тыс жұмыс түрлері сабақ, үйірме жұмыстарды, кештер мен жарыстар, байқаулар, т.б. енеді. Бұл жұмыстардың бәрі алдын-ала жоспарланып, ұйымдасқан түрде тәрбиеші-педагогтардың басшылығымен іске асырылады.

Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.

Тәлімгер – жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысты адамдардың ортақ атауы (әке-шеше, мұғалім).

Тәлімгерлік – аға ұрпақтың алдыңғы қатардағы өкілдерінің жас ұрпақ тәрбиесіне, оны өмірге, еңбекке дайындауға қатынасуының бір түрі.

Теория  - идеялардың, ойдың, тұжырымның жиынтығы.

Теория  (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.

Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесі

Тәрбие теориясы– ғылыми ойдың, түсініктер мен категориялардың, заңдылықтардың жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет