Тәрбиенің педагогикалық заңдылығын объективтік, жеке адамның еркіне бағыныссыз, тәрбие үдерісінде өзіндік тұрақты қасиеті бар көрініс.
Тәрбие ұстанымдары – (лат. - негіз), бастапқы белгілі бір теорияның негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары, негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері меңзеледі. Т.ұ. – тәрбие мазмұны мен ұйымдастырылуының негізгі бағыттарын анықтайтын, басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы. Тәрбие ұстанымдары – ғылыми ойдың, түсініктер мен категориялардың, заңдылықтардың жиынтығы.
Тәрбие формасы – тәрбиешінің тәрбиеленушілерді қатыстыруымен ұйымдастыратын тәрбиелік істері. Осы тәрбиелік істер оқушының айналадағы объектілермен қарым-қатынасын тәрбиелейтін (сыныптық-сабақ, үйірме, әңгіме, жорық, т.б.) тәрбиелік үдерістің үздіксіз тізбегін құрайды.
Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.
Ұлттық тұлға - тілі, діні, мәдениеті, салт санасы қалыптасқан ортада жеке адамға тән қасиеттермен өз ұлтының, халқының тұрмыс тіршілігін бойына сіңіріп, ұлттық намыс, талғам және ұлттық сана белгілерін өз бойында тұтастай көрсетіп, ең жоғары рухани деңгейде дамыған адам (К.Оразбекова).
Достарыңызбен бөлісу: |