Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.
Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын байта қарауды талап етеді.
Шындығында оқушының іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмеседе оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демеушілер, әдіскерлер, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру органдарының қызметкерлері т.б. енеді.
«Мектеп-гимназиядағы тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық неде?», - дегенге келетін болсақ, жеке тұлғаны қалыптастыруда, сабақ үрдісінде, тәрбие беруде және сыныптан тыс уақытта тәрбие беру мәселелері негізгі орын алады, сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты, бүгінгі қоғамдық ағымға еркін араласатын, өз ойларын еркін айта алатын белсенді, әлемдік прогресс көшіне ілесе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясын іске асару.
Достарыңызбен бөлісу: |