Тарау. Тәрбиенің әлеуметтік философиялық негіздері


Студенттердің өзіндік жұмысына пайдаланылатын әдебиеттер



бет28/165
Дата11.01.2022
өлшемі415,77 Kb.
#111271
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   165
Байланысты:
Тәрбие теориясы, әдістемесі ЭЛЕКТР.ОҚУЛЫҚ 2017 Иманбаевой

Студенттердің өзіндік жұмысына пайдаланылатын әдебиеттер

  1. Бабанский Ю.К. Педагогика. М., 1988.

  2. Кукушкин В.С. Теория и методика воспитательной работы. – Ростов – на-Дону. Изд.центр “МарТ”, 2002.

  3. Лихачев Б.Т. Педагогика. - М., 1992.

  4. Педагогика. /Редакциясын басқарған П.И.Пидкасистый. Аударғандар Г.К.Ахметова, Ш.Таубаева. –Алматы: Қазақ универстиеті. 2006. -336 бет.


3.3 Тәрбие үдерісінің жалпы ұстанымдары

Жоспар:


Тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымдары. Тәрбиенің мақсаттылығы. Тәрбиенің өмірмен байланыс ұстанымы. Тұлғаның жас және дара ерекшелігі ұстанымы. Талап қою арқылы дамыту ұстанымы. Еңбек арқылы тәрбиелеу ұстанымы. Тәрбиенің жүйелілік ұстанымы. Ұжым арқылы тәрбиелеу ұстанымы. Мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.

Негізгі түсініктер: Тәрбие үдерісі, тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбие ұстанымдары.



Тәрбие үдерісінің негізгі ұстанымдары. Оқушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарын және ұстанымдарын нақты айқындау педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыруға негіз болып табылады. Тәрбие ұстанымдары – ғылыми ойдың, түсініктер мен категориялардың, заңдылықтардың жиынтығы.

Тәрбие ұстанымдары – (лат. - негіз), бастапқы белгілі бір теорияның негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идеялары, негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері меңзеледі. Тәрбие үдерісі – тәрбие мазмұнының ұйымдастырылу бағыттарын анықтайтын, басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы (Болдырев Н. Мектепте тәрбие жұмысының методикасы, 54-б.).



Оқушыларға тәрбие беруде жоғарыда берілген тәрбие заңдылықтарына сәйкес негізгі ұстанымдар басшылыққа алынады. Олар, тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.

Тәрбиенің мақсаттылығы - тәрбие жүйесінде негізгі ұстаным болып табылады. Мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда алдымызға мақсат қою арқылы, негізгі міндеттерді белгілей отырып, мазмұны айқындалады. Патриоттық тәрбие тұрғысынан алатын болсақ – егемен еліміздің бейбітшілігі мен тәуелсіздігін, ұлтаралық мәдениетті, ұлттар достығын қалыптастыратын тұлғаны тәрбиелеу көзделеді. Тәрбие ұстанымдары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.

Тәрбиенің өмірмен байланысы тұлғаны жастайынан шынайы өмірмен тікелей байланыста болуы, қоғамдық ағымдағы тарихи болмысты менгеруі оның туған ел мен жер тарихына деген қызығушылығын тудыру арқылы, патриоттық сезімді қалыптастыруға игі ықпал етеді.

Тұлғаның жас және дара ерекшелігі негізгі ұстанымдардың бірі болып табылады. Патриоттық тәрбие мазмұны тұлғаның жас және дара ерекшелігіне лайықты, олардың қабылдауына түсінікті берілген жағдайда ғана біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.

Талап қою арқылы дамыту ұстанымы тұлғаның жас және дара ерекшелігін ескере отырып мектеп оқушысы ережесін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау, өзінің іс-әрекетіне есеп бере отырып, ерік, жігерін қалыптастыру.

Еңбек арқылы тәрбиелеу ұстанымы қазіргі нарықтық заманда және жаңа ақпараттық даму үдерісінде әлемдік білім кеңістігіне шығу үшін және сапалы өмір сүруге дағдыландырады.

Тәрбиенің жүйелілік ұстанымы тәрбие беру үдерісінде, баланы отбасынан бастап, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп, қосымша білім беру мекемелері т.б. жас және дара ерекшеліктеріне негіздей отырып жүргізу арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға болады.

Тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу қазіргі көп ұлтты қазақстан халқы үшін өте қажет деуге болады. Бала жастайынан қоғамдық қатынастарға түсу арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынасы қалыптасады. Ұжымда баланың тұлғалық қасиеті көрініс береді. Ұжымда бір-біріне деген көмек, достық, мейрімді қатынастар арқылы олардың мінез-құлқы қалыптасады.

Мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі ұстанымы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір күш деуге болады. Мектеп, отбасы және әлеуметтік орта жүйелі түрде бір мақсатқа негізделген тәрбие беру үдерісі негізінде жүзеге асырылса біз қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастыруға қол жеткіземіз. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде тәрбиенің негізгі ұстанымдары тәрбие беруді ізгілендіру; даралық ұстанымы; тәрбие берудің үздіксіздігі мен жүйелілігін сақтау ұстанымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіндіктері негізгі орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет