ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорыта келгенде, Фараби еңбектерінің, оның өз дәуірі үшін жасаған шығармашылық, тарихи, ғылыми мұраларын зерттеп, кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу-ағарту, білім беру ілімінің мәні мен мазмұнының гумандылық маңызы ерекше.
Әл-Фараби шығармашылығын зерттеудің жаңа көк- жиектерін атауға ең бастысы Батыс пен Шығыстың диалогына, әртүрлі елдер мен халықтардың дүниетанымдарының өзара жақындай түсуіне, адамзат баласы енді аяқ басқан жаңа мыңжылдықта бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруына септігін тигізетіні де ақиқат.
Әл-Фараби ілімі тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі (феодализм, капитализм, социализм) әлеуметтік мәнін ашты. Оның ілімі тәрбие, еңбек, адамгершілік, гумандылық, ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негізін қалыптастырды.
Еңбек әр қоғамда қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек-еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
Ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу, жіктеу арқылы болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Яғни ғылымдарды жүйелеу жөніндегі ілімінің теориялық тарихи мәні -материалдық заттарды адамдардың санасынан тыс, өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке ие болып тұрған құбылыс деді.
Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылымға негізделген теориясын жасай отырып, оны тәжірибеде, өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.
Әл-Фараби ілімі Шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуына, дамуына жэне қалыптасуына революциялық төңкеріс болып есептеледі. Педагогикалық тәлім-тәрбиенің дамуында сапа жағынан жаңа кезең ашқан-халықтық педагогиканың негізін қалады.
Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан Әл-Фараби дүниетанымы екі әлемнің — көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманистік (философия, логика, этика, эстететика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. /3,14/.
Қазіргі таңда Әл-Фарабидің педагогикалық мұрасын, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ мамандардың педагогикалық шеберлігіне негіздеу, оны жүзеге асыру барысында үлкен маңызға ие болды. Оқырман қауым Әл -Фарабидің еңбектері арқылы жан-жақты білім алуға, рухани дүние байлықтары мен дүниетанымын дамытуға өте үлкен ықпал етеді.
Әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастарымен», «Философияның дінді қажетсінбеуі» т.б. философиялық трактаттарында шеңбер-қала болмысы жер шарындағы он сегіз мыңда бір Ғаламдағы тіршіліктің шағын моделі түрінде алынып, адамзат баласын несібелі бақытқа кенелтетін ізгілік пен әділет етіп көрсетеді. Игілік, байлық атаулы -өткінші дүниенің, пәнидің ғана өлшемі, ал ізгілік бақыт ұғымдары - мәңгіліктің бақилықтың жолы. Ізгілік-имандылықтың сәулесі. Жүрегінен иманы тайған, нәпсісін ынсабын тыймаған жан адамзат баласына жазмыш ілім-білімді, тағлым тәжірибиені ізгілік жолына емес, кесірлі кесапатқа, теріс пиғылға пайдалануы мүмкін, жүрегін таза ұстап, иманына кіршік түсірмей, рухани кемелдікке талпынған тұлғалар ұлы жаратушы деңгейіне жақын сатыға көтеріліп, жер бетіндегі тіршілік сырын бағамдай алады. /59/.
Әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөнінде тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Әл-Фараби жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық - үшеуінің бірлігінде. /61/.
Әл-Фарабидің гуманистік идеялары әлемге тез тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Әл-Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол - өмір шандығының өзіне тән қасиетті, болмыстың, нақты құбылыстардың әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. /62/.
Әл - Фараби тәрбиеге гумандылық бағыт берді,ол барша адам баласын достыққа, адамгершілікке шақыра отырып, адамзат баласын мұрат - мақсатына жеткізуді көздеді.Фараби ағартушылық пен парасаттылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол халықтарды бейбіт өмір сүруге шақыра отырып, адам баласын білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер.
Асқар таулар қоршаған қазақ жері, жусан исі аңқыған ежелгі Қыпшақ даласы бұдан оң мың жылдар бұрын жүріп өткен мұз көшкінінен (тарихшыларымыздың айтуы бойынша, мұз дәуірінен) аман қалғаны рас болса, онда адам -заттың өркениеттің туған бесігі — біздің байтақ өлкеміз деуге толық негіз бар. /63/.
Шынында да туған даламыздың құнарлы топырағы рухани суат көзі болып ашылып, әлемде сирек ұшырасатын кемеңгер тұлғаларды жарық дүниеге әкелгені ақиқат.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Көбесов А.
«Әл – Фараби» Алматы «Қазақстан », 1971
2) Көбесов Ауданбек
«Әбу Насыр Әл – Фараби» Алматы – 2004
3) Көбесов А.
«Әл – Фарабидің ашылмаған әлемі» Алматы – 2002
4) Бейсенов А.
«Әл – Фарабидің тұжырымдары» // Ақиқат. – 2006. - № 6. -70 -73б
5) Әуелбеков Ә.
« Әл – Фараби - ұлы ұстаз ғұлама.»
// Оңтүстік Қазақстан. 2006. – 18 наурыз.
6) «Ұлттың ұлы ұстазы: (Әл – Фараби туралы)»
Егемен Қазақстан. 2003- 12 желтоқсан
7) « Әбу Насыр Әл – фараби» // Алдаспан. – 2003. - № 1-2.- 7 бет.
8) Медетбаев Т.С.
« Әл – Фарабидің әдеби - ғылыми мұрасы».
Автореферат». – Алматы, 1998 ж.
9) Қазақстан ұлттық энциклопедия
10) «Әл – Фараби», 1 том . Алматы, 1998 ж.
11) Қари Қ.
«Әл – Фараби еңбектері елге қайта ма?» // Жас қазақ. – 2006. -27 қазан. 9б.
12) Мұсаева Н.
«Шығыстың Аристотелі (Әл – Фараби туралы)»
// Оңтүстік Қазақстан. -2006. – 16 наурыз
13) Ещанова К.
«Әл – Фараби ұстаз психологиясы хақында»
// Оңтүстік Қазақстан. 1977, 10 желтоқсан
14) Жарықбаев Қ., Алытов Н.
«Әл – Фарабидің психологиялық көзқарастары хақында.»
// Оңтүстік Қазақстан., 1971, 9 июль.
15) Кенжебаев Т.
«Әбу Насыр Әл Фараби дидактика туралы»
// Ұлт тағлымы. -2002 ж. -№ 1 28 бет
16) «Адамзаттың бақытқа жетелейтін - ғылым».
(Әл – Фараби туылғанына 1130 жыл)
// Оңтүстік Қазақстан. – 2001. – 13 қазан 1 бет
17) « Әбу Насыр Әл – Фарабидің тәрбие және еңбек тәрбиесінің
теориясын жасауы.» // Ұлағат. – 1997. - №1
18) Көбесов А.
« Әл – Фараби мен Абай арасындағы тарихи- педагогикалық
сабақтастықтар.» // Ұлағат. -1996. -№1
19) Көбесов А.
« Әл- Фарабидің педагогика – психологилық пайымдаулары.»
// Ұлағат. -1995. -№1
20) Асанбай Асқаров
«Ұлы Тұранның Ұлдары.» Нұрлы әлем» Алматы-1998
21) Қ. Жарықбаев., С Қалиев
«Қазақ тәлім – тәрбиесі» Алматы, «Санат», 1995
22) Ә. Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев
« Көне мәдениет жазбалары» Алматы «Қазақстан »
23) Қ. Жарықбаев
« Қазақ психологиясының тарихы» Алматы «Қазақстан»
24) Бурабаев М.
«О логическом учении Аль - Фараби» Алматы -1982
25) Адамбав Б.
« Халық даналығы». – Алматы : «Рауан», 1996
26) Қоңыратбаев Ә.
« Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулық.» – Алматы : Санат, 1994
27) Жұмашев А.
« Бабалар мұрасының үлкені.» // Оңтүстік Қазақстан. – 2001ж. – 11
28) Мырзахметұлы Ш.
«Отырардан шыққан ұлы ойшыл»// Оңтүстік Қазақстан . – 2001ж.
29) Елшібай Ғ.
« Ұлылық ұлықталған күн.» // Шымкент келбеті – 2001 19 қазан
30) «Ұлы ұстаздың топырағын Отырарға әкеле жатыр.»
// Оңтүстік Қазақстан.- 2006. - №38. 14 наурыз. -1б
31) С. Бурабаев, Н.Х. Жалмухамедова, А.М. Кенисадин,
Г.Р. Коянбаева, Г.К. Курмангалиева
«Духовная наследие Аль- Фараби: история и
современность» Алматы – 2001.
32) Қ. Жарықбаев., С. Қалиев
« Қазақтың тәлімдік ой – пікірлер Антологиясы.» 1 том Алматы, 1994.
33) 88.4 /5к/ К.А. Оразбекова
О-65 «Ұлттық психология мен халық тәрбиесі болашықтың
бастауы хақында» Алматы «Дәуір» 2000ж.
34) Машанов А.
« Әл – Фараби 870-1970.» – кітапта: тарихи деректер. 1971. -75-95б
35) Машанов А.
«Әл- Фараби 870-1970.» - кітапта: тарихи деректер. 1971. -75- 95б
36) Күмісбаев Ө «Отырар ойшылы және поэтика.» // Оңтүстік қазақстан.-
1987. -13 желтоқсан.3б
37 ) Көбесов А. «Әл – Фарабидің педогогикалық мұрасы. // Бастауыш мектеп. –
1995.-№1-2-36-44б
38) Әл –Фараби Әбу Насыр Мұхаммет. «Әлеуметтік – этикалық трактаттар.» Алматы: Ғылым, 1975
39) Әбдімәлік н. «Әл – Фараби заманы жаңа басталады.» // Алдаспан.-2003.- №1-2
40) Барлыбайұлы А. «Даналардың данасы.» // Егемен Қазақстан. -2001. -19 қазан. -3б
41) Тасымова З. «Тәрбие адам етеді.» // Қазақстан мектебі.- 1996.-№8-18б.
42) Болат К. «Әл – Фараби» // Ақиқат.- 1996.- №7.-89б
43) Құл-Мұхаммет М. «Ұлттың ұлы ұстазы» // Егемен Қазақстан.-2003.-12 желтоқсан.-3б
44) Медетбаев Т.С. «Әл – Фарабидің әдеби – ғылыми мұрасы.» // Ғылым кандидаты академиялық дәрежесіне ізденудегі автореферат- Алматы, 10.01.1998-28б
45) Қалиев С.К. «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.» – Алматы: «Рауан», 1998 - 128б
46) Көбесов А. «Музыканың ұлы кітабының тағылымдары.» // Жұлдыз.- 1990.-№4. 176-182б
47) Жолдыбаев С. «Әбу Насыр Әл – Фараби шығармашылындағы дін мәселесі.» // Әбу Насыр Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- Хабаршысы. Шығыстану серисы.- 2005.-№1.-85б
48) Қасымжанов А. «Әл – Фараби.» - Алматы: Білім, 1994.-108-130б
49) Сарыбаев К. «Әл – Фараби және музыка» // Оңтүстік Қазақстан.-1980.-30 қыркүйек.-3б
50) Боранбаев Ж. «Екінші ұстаз.»Поэмадан үзінді // Қазақстан мұғалімі.- 1991.-29 наурыз.-12б
51) Бекарысбекова З.»Шығыстың сөнбес шырағы.»// Оңтүстік Қазақстан 1975.- 11 желтоқсан.-3б
52) Гуманистік білімнің негізгі концептальдық жағдайында әлеуметтік сананың қалыптасуы. // Қазақстан жоғарғы мектебі.-2000.-№11.- 83б
53) Дердісәлиев Ә. «Әбу Насыр Әл – Фараби.»// Жалын.- 1987.№1.-66-68б
54)Жусанбаева Г. «Әбу Насыр Әл – Фарабидің халыққа білім беру жүйесін құруға қосқан үлесі.»// Қазақстан тарихы.- 2004.-№11.-49б
55) Сақи Қ. «Бабамыздың биік бейнесі» // Егемен Қазақстан.- 2002.-9 тамыз.-3б
56) Мұстафин Т., Ұлықпанов А. «Әл - Фарабидің саясат туралы көзқарастары.» // Ақиқат.- 1992.-№8.-40.-43б.
57) Басыбекова З. «Әл Фараби арманы» // қазақ тілі.-1993.-№2.-42-44б.
58) Босбенбетова А. Ш., Керимбаева Г. «Изучаем творческое наследие Аль Фараби» -1996.-20-32с
59) «Философиялық трактаттар» Орысшадан ауд. Қ. Сағындықов, М. Жанғали және М. Ишмухаммедов.- Алматы: Ғылым, 1973.-448б.
60) «Фараби ойлары. Әлеуметтік этикалық трактаттар» // Парасат.-1994.№4.-2-3б.
61)Адамбаев Б., Жарықбаев Қ. «Әл – Фараби туралы аңыз - әңгімелер» - Алматы: Жазушы. 1989-368б.
62) Қазақ ССР ғылым академиясының хабаршысы. «Әл – Фараби туралы.» -1961.- №5.
63) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.// Егемен Қазақстан.-2004.- 16 қазан.-2б
64) Серікбайұлы Б. «Адамзаттың алыбы: (Әл – Фараби туралы).»// Қазақ елі. 1996.- 19 қаңтар.- 12б
65) «Әбу Насыр Әл – Фараби әлемге әйгілі ойшыл» // Егемен қазақстан.-2002.-11 қаңтар.-4б.
66) Дәдебаев Ж.
«Әбу Насыр Әл – Фараби: ғұмырнама ғибраттары». Алматы – 2006
67) «Әлемдік философиялық мұра» (жиырма жылдық)
68) Ғаббасов С.
«Халық педогогикасының негіздері» Алматы -1995.
69) Машанов А.
«Әл – Фараби және Абай» Алматы -1994
70) Қабылова А.С.
«Әл – Фараби философиясындағы мәдениеттер синтезінің орны.» (Автореферат Алматы .- 1999)
71) «Әл – Фараби философиялық трактаттар»
Алматы: «Ғылым», 1973
72) Нұрланова Г.
«Ортағасыр ғұламаларының тәрбиелік тағлымдары».
// Қазақстан мектебі. -2002- №5, 75-77б.
73) Нұрланова Г.
«Фарабидің еңбек теориясы туралы».
// Қазақстан мектебі.- 2003.-№7,35-38б.
74) Ғабитов
«Қазақ этикасы мен эстетикасы»
// Ұлт тағлымы.-2001.-№1, 186-191б
75) Қасқатаева Б.
«Әл – Фараби өнегесімен тәрбиелеу»
// Ұлт тағлымы.- 2001.-№1, 96-97б.
76) Ембергенова Ж.
«Ойшылдар шығармаларындағы салауаттылық және парасаттылық қағидалары» // Ұлт тағлымы.-2001.-№3.,126 -132б
77) Жабай Қалиев
«Халық педогогикалық және ағартушы ғалымдардың шығармаларындағы ұлттық тәлім – тәрбие үлгілері.»
// Ұлт тағлымы.-2005.-№2, 31-34б.
78) Көбесов А.
Араб философиясы және Әл- Фараби
// Қазақ тарихы. – 1995.- №1. -20б.
79) Мұсаев Н.
«Шығыстың Аристотелі»
// Оңтүстік Қазақстан.- 2006. – 16 наурыз
Болат К. Әл – Фараби // Ақиқат. -1996.-№7.-89б.
Қосымша
Сабақтың тақырыбы: «Ұрпақтар сабақтастығы». (Әл-Фараби мен Абай арасындағы педагогикалық сабақтастықтар).
Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпақты бүкіл әлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын екінші Аристотель атанған әмбебап ғұлама, ұлағатты ұстаз Әл-Фараби бабамыздың үлгісінде тәрбиелеу, Әл-Фараби мен Абай ұқсастықтарын талдау, олардың педагогикалық мәнді идеяларын оқушылар санасына ендіру, сол арқылы тәрбие беру. Әл-Фараби мен Абай ой-пікірлерінің сабақтастығын айқындау. Әл-Фараби педагогикалық мұраларының тәрбиелік мүмкінділіктерін айқындау және оның идеяларын бүгінгі мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.
Білімділік мәні: Жаңа тақырыпты меңгерту, оқушылардың Әл-Фараби мен Абай туралы білімдерін анықтау және белгілі бір қорытынды шығару.
Тәрбиелік мәні: Гуманизмге тәрбиелеу.
Дамытушылық мәні: Оқушы ой-өрісін шыңдай отырып, оның ақыл-ойын, интеллектісін, сөйлеу тілін дамыту, іскерлік пен белсенді іске, адамгершілікке шақыру. Ғылымға, көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Әл-Фарабидің қанатты сөздері жазылған плакаттар, сызба, буклеттер.
Сынып сағатын өткізудің әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірталас, диспут.
Сабақтың барысы: Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназия мектебінің 9А сынып оқушылары 2 топқа бөлінді.
І кезең.
Сабақ тақтадағы Әл-Фарабидің қанатты сөзін оқып, танысумен басталады. Осыдан кейін осы сөздің мәнін ашатын кіріспе сөз айтылады. Екі топ жетекшілері келіп, өз топтарының қай нөмірлі екенін анықтайды. Дайындықты пысықтайды.
ІІ кезең.
1-топ: Әл-Фараби туралы мағлұматтар іздестірді. Сұрақ-жауап даярлады.
2-топ: А.Құнанбаев туралы мағлұматтар іздестірді. Оның өмірбаяны, еңбектері туралы сұрақ-жауап даярлады.
ІІІ кезең.
Әрбір топ оқушылары бір-біріне сұрақ қойып, жауаптармен алмасты.
Әл-Фараби еңбектерін 9А сыныпта оқытуға 4 сағат бөлінді. Мен осы сабақтарды әр аптада өтілетін тәрбиелік жұмыстарды төмендегідей бөлдім:
Сабақтар
|
Сабақ түрлері
|
Сабақ тақырыбы
|
Сабақ типтері
|
Сабақстағы тәрбие түрлері
|
1-сабақ
|
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
|
Әл-Фарабидің өмірбаянымен танысу
|
Таныстыру
|
Ақыл-ой тәрбиесі
|
2-сабақ
|
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
|
Әл-Фараби еңбектерін оқыту, оның ерекшеліктерін талдау
|
Дәріс түріндегі әңгіме
|
Еңбек тәрбиесі
|
3-сабақ
|
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
|
Әл-Фарабидің тәлімдік ойлары туралы әңгімелесу
|
Әңгімелесу, пікірталас
|
Адамгершілік- имандылық тәрбиесі
|
4-сабақ
|
а) Жалпы сыныптық
б) Топтық
|
«Ұрпақтар сабақстастығы» атты сыныптан тыс тәрбие сағатын ұйымдастыру
|
Пікірталас
|
Адамгершілік-имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі
|
Достарыңызбен бөлісу: |