4.3 Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау
Ғаламторда лимон туралы мәлімет жинағанда, мен оның ішінде электр қуаты барын оқыдым. Ол мені таң қалтырды, сондықтаноны тексергім келді.
3 тәжірибе: Лимонда электр қуаты барын тексеру
Қажетті құралдар: лимон, 2 сым, мыс тиыны, шеге, вольтметр
Лимонда қанша электр қуаты бар екенін тексеру. Ол үшін мұғалімнің көмегімен лимонға тиын мен шегені жартылай кіргізіп, сымдармен вольтметрге қостым. Вольтметр 1 лимонда 1-ге жуық вольт бар екенін көрсетті.
Тұжырым: лимондағы электр қуатын пайдалануға болады
4.4 Лимон шай түсін өзгертетуін дәлелдеу
4 тәжірибе: Лимонның шай түсін өзгертетінін тексеру
Қажетті құралдар: 2 шыны ыдыс, аққұман, шай, қайнаған су, лимон
Шайды аққұманға шығарып, екі ыдысқа құйдым. Біреуіне лимон шырынын қостым. Сол ыдыстағы шайдың түсі ағарды.
Тұжырым: лимон шайдың түсін ағартып, біздің тісімізді сарғаюдан қорғай алады.
SWOT талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:
Жағымды жақтары
Лимонның барлық бөліктері пайдалы;
Құрамындағы С дәрумені басқа жемістермен салыстырғанда ұзақ уақыт сақталады.
Тазартқыш, ақтағыш, иіс кетіргіш қасиеттері бар, электр тогын өткізеді.
|
Жағымсыз жақтары:
Тұқымы мен ақ қабығы тамақтың дәмін бұзады (ащы дәм береді);
Қазақстан жерінде аз өсіріледі (басқа мемлекеттерден әкелінеді);
Елімізде лимонның бағасы қымбат (иіс кетіргіш, тазартқыш, ұнтақ пен кәдімгі батарея сатып алу арзанға түседі)
|
Мүмкіндіктері:
|
Қатерлері:
Жылыжай салып, лимон көшеттерін сатып алу үшін мүдделі ұйым немесе адам керек;
Лимон тұқымынан өсірілген ағаш жеміс бермейді, оған жеміс беретін шыбықша ұластыру қажет.
|
Лимонды үйде өсіру әр адамның қолынан келеді деп ойлаймын. Осы жобаны орындау барысында лимонды үйде өсіру тәсілімен таныстым, ендігі жоспарлаған кезеңім – лимон ағашын өсіріп, жеміс алу.
Достарыңызбен бөлісу: |