Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/1-2-007



Дата01.04.2017
өлшемі132,91 Kb.
#13362



Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Ф 15-38/1-2-007



Шешім

Ғылыми кеңес

беттің беті


СМЖ «Институтты басқару»

ҮК БҮ 01-2011

Баспа 1.Дана №1





Жоба
«Информатика және ЕТ», «Математика және МОӘ» кафедраларында үштілде даярланатын мамандардың білім сапасы және әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету деңгейі» тексеру жұмысы бойынша

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ШЕШІМІ

22 қараша, 2016 жыл Тараз қаласы
Ғылыми кеңесте комиссия төрайымы К.Ж Бұзаубақованың анықтамасын тыңдап талқылай отырып, «Информатика және ЕТ», «Математика және МОӘ» кафедраларында үш тілде даярланатын мамандардың білім сапасы және әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету деңгейін жетілдіру қажеттілігін атап өтті.

5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша үш тілде даярланатын мамандардың білім сапасы және әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету деңгейі кафедра, факультет кеңесінде күн тәртібіне қойылып қарастырылған.

Физика-математика фаультетінде 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша үш тілде даярланатын мамандардың білім сапасы және әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету деңгейін көтеру жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізіледі:


  • 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша үш тілде даярланатын мамандардың білім сапасы және әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету деңгейін кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі;

  • факультет кеңесінде, ғылыми-әдістемелік бюросында, кафедралардың және ғылыми-әдістемелік семинарлардың жұмыс жоспарында үш тілде даярланатын мамандардың білім сапасын арттыру мәселелері қарастырылады;

  • 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша үш тілде даярланатын топтарда элективті кәсіптендіру пәндері жоспарланып, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері ағылшын тілінде жасалған;

  • факультет, кафедра деңгейінде 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша үш тілде даярланатын топтарда инновациялық ашық сабақтар ұйымдастырылған.

Ғылыми кеңес «Информатика және ЕТ», «Математика және МОӘ» кафедраларында үш тілде даярланатын мамандардың білім сапасы және әдістемелік еңбектермен қамтамасыз ету деңгейін тексеру жұмыстары бойынша төмендегідей жетістіктерді анықтады:

1. Үштілді топтарды жасақтау студенттердің өз қалаулары бойынша жүзеге асырылған;

2. Кадр тапшылығына қарамастан 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша кәсіптендіру пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі;

3. Үштілді топтарда ағылшын тілінде оқылатын пәндердің ПОӘК (УМКД) ішінара ағылшын тілінде әзірленген;

4. Үштілді топтарда ағылшын тілінде оқылатын пәндердің оқу құралдары ағылшын тіліне аудару және мамандықтың кәсіптендіру пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды ағылшын тілінде шығару тек биылғы оқу жылынан бастап жоспарланып, қолға алынған.

Төмендегідей кемшіліктер анықталды:

1. 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша кәсіптендіру пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін ағылшын тілін еркін меңгерген мамандардың жоқтығы байқалып отыр;

2. Үштілді топтарда оқитын студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейлері әртүрлі болғандықтан ағылшын тілінде өткізілетін сабақ студенттерге қосымша қазақ және орыс тілдерінде де түсіндіріледі;

3. Үштілді топтарда оқитын ағылшын тілін меңгеру сауаттылығы төмен студенттермен қосымша арнайы сабақтар жүргізілмейді.

4. 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша ағылшын тілінде жүргізелетін кәсіптендіру пәндері бойынша оқу-әдістелік кешендері түгелдей жасақталмаған, кейбір пәндерден ағылшын тіліндегі силлабустарды әзірлеу енді қолға алынған. Мәселен, 5В011100-Информатика мамандығы бойынша қазіргі уақытта оқытылатын 5 кәсіптендіру пәнінің тек 2 пәнінің ОӘК ағылшын тілінде жасалынған.

5. Үштілді топтарда ағылшын тілінде оқылатын пәндердің ағылшын тіліндегі оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу деңгейі төмен.

6. Үштілді топтарда ағылшын тілінде оқылатын пәндердің дәрістері (сабақтың материалдары), дәріс тезистері ағылшын тіліне аударылмаған.

Жоғарыда көрсетіген мәліметтер негізінде Ғылыми кеңес қаулы етеді:


  1. Комиссия төрайымы К.Ж .Бұзаубақованың анықтамасы назарға алынсын.

  2. Физика-математика факультетінің деканы Т.Б.Бижігітовке, кафедра меңгерушілеріне:

    1. Үштілді топтарда оқитын студенттердің ағылшын тілін меңгерту жұмыстары бойынша орын алған кемшіліктерді жою іс-шараларының жоспары жасалынсын – 25.11.2016 ж. дейін;

    2. 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша кәсіптендіру пәндерін ағылшын тілінде жүргізе алатын ағылшын тілін еркін меңгерген мамандарды іздестіру ( дайындау), кадр мәселесін шешу жолдары қарастырылсын – 01.03.2017 ж. дейін;

    3. 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша ағылшын тілінде жүргізелетін кәсіптендіру пәндері бойынша оқу-әдістелік кешендерін (ОӘК) шұғыл ағылшын тілінде әзірлеу және оған көмекке ағылшын тілі мамандарын тарту жолдары қарастырылсын қарастырылсын – 02.02.2017 ж. дейін;

    4. 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша ағылшын тілінде жүргізелетін кәсіптендіру пәндері бойынша лекция тезистерін, лекция жинақтарын ағылшын тіліне аудару және оны институт кітапханасына, оқу залына өткізу жұмыстары қолға алынсын қарастырылсын – 15.01.2017 ж. дейін;

    5. 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша ағылшын тілінде жүргізелетін кәсіптендіру пәндері бойынша негізгі ұғымдар мен терминдер негізінде ағылшын тілінде терминологиялық сөздіктер, оқулық және оқу-әдістемелік құралдарды ағылшын тіліне аудару және баспадан шығару жұмыстары жандандырылсын – 15.04.2017 ж. дейін;

3. Академиялық мәселелер жөніндегі Департамент директоры А.К.Мажибаевқа:

3.1 Болашақта көптілді топтарға студенттерді жасақтау тест алумен қатар, шағын емтихан, әңгімелесу негізінде жүзеге асырылсын – 01.09.2017 ж. дейін;

3.2 Үштілді топтарда оқитын студенттер үшін ағылшын тілінде арнайы курстар мен қосымша сабақтар ұйымдастырылсын – 01.12.2016 ж. дейін;

3.3 Үштілді топтарда ағылшын тілінде оқылатын пәндер үшін ПОӘК (УМКД) ағылшын тілінде әзірлеу міндеттелінсін – 01.12.2016 ж. дейін;

3.4 Үштілді топтарда оқитын студенттердің кәсіптендіру пәндерінен курстық және дипломдық, ғылыми жоба жұмыстарын ағылшын тілінде дайындауды қолға алынсын – тұрақты;

3.5 Үштілді топтарда жұмыс жасайтын оқытушылардың оқу-жүктемесін айтарлықтай азайту (жеңілдету); есесіне оларға үлгерімі нашар студенттермен қосымша сабақтар жүргізуге мүмкіндік беру жақтары қарастырылсын – 01.12.2016 ж. дейін;

3.6 Үштілді топтарда жұмыс жасайтын оқытушыларды материалдық жағынан ынталандыру жақтары қарастырылсын – 01.12.2016 ж. дейін;

4. Институттың ғылыми кітапханасының директоры Г.Ж.Есіркеповаға:

4.1 Институт кітапхана қорын 5В010900-Математика және 5В011100-Информатика мамандықтары бойынша ағылшын тіліндегі оқулық және оқу-әдістемелік құралдармен толықтыру жұмыстары жандандырылсын – тұрақты. 5. Мониторинг және педагогикалық зерттеулер орталығының жетекшісі Г.Б.Нуридинге:

5.1 Үштілді топтарда оқитын студенттердің білім сапасына жыл сайын мониторингтік сараптама жүргізуді қолға алсын – жыл бойы.

6. Қаулының орындалуын қадағалау оқу-әдістемелік жөніндегі проректор С.Алимбаеваға жүктелсін.



Ғылыми кеңес төрайымы Д.Қожамжарова

Ғалым хатшы Н.Асылбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет