Узакбекова Айдана Джанболаткызы Халық биі Айгөлек- ашық сабақ



Дата05.06.2017
өлшемі50,34 Kb.
#18218
түріСабақ
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы
Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балалар жасөспірімдер орталығының» коммуналдық мемлекеттік мекемесі би үйірмесінің жетекшісі
Узакбекова Айдана Джанболаткызы
Халы
қ биі Айгөлек- ашық сабақ

Қазақтың ұлттық би өнері- ашық сабақ

Тақырыбы: Халық биі «Айгөлек»


Мақсаты:
Білімділік:
«Айгөлек» халық биінің сипатымен мазмұнын түсіндіру. Би қимылының таза орындалуының «Айгөлек» әнінің сөзін дұрыс тыңдап музыкаға еріп отыру би қимылын қалыптастыру
Тәрбиелік:
Оқушы бойына музыкалық тәрбие мен қатар би ерекшеліктерін өнер тілімен жеткізу
Дамытушылық:
Жаңа би қимылдарын есте сақтай отырып, жүріс тактілері арқылы би қимылдарын үйрету
Тип: Аралас сабақ
Көрнекі құралдар: магнитофон, буклеттер, тірек схема, шартты белгілер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Сапқа тұрып би қимылымен амандасу. Саптық жаттығулар жасау. Өткен сабақтағы би қимылдарын қайталау
Негізгі бөлім:
1. Оқушыларға шартты белгілерді, тірек схеманы көрсетіп түсіндіремін. Ең алдымен би қимылын музыкасыз және музыкамен бірнеше рет көрсетемін де бидің негізгі қимылдарын үйрете бастаймын.
2. Халық биі «Айгөлек» (музыкалық мөлшері 2/4)

Халық биі «АЙГӨЛЕК»


Бидің негізгі қимылдары:
І. Ырғақты жүріс.
1-такт. «Бір» дегенде- оң аяқпен алға шағын бір қадам жасалып, «екі» дегенде-қадамдаған оң аяқ серпіліңкіремей, сәл бүгіледі.
2-такт. «Бір» дегенде- сол аяқпен алға қадам жасалады: осы кезде бүгілген оң аяқтың тізесі серпіле жазылады. «Екі» дегенде-қадам жасалған сол аяқтың тізесі серпіліңкіремей, аздап бүгіледі. Келесі тактіде оң аяқпен қадам жасалып, бүгілген соң аяқтың тізесі серпіле жазылады. Сөйтіп, ырғақты жүріс екі аяқпен кезек орындалады; тізені серпіңкіремей бүгіп-жазу арқылы, бос тұрған денені аздап сілкілдіңкіреп, ырғақты қадаммен жүріп отыру керек. ырғақты жүріс қимылын алға, артқа, екі жаққа, айналып жүріп те орындауға болады.
ІІ. Сырғнай, секірмелі жүріс.
1-такт. «Бір» дегенде-тізені аздап бүгіп., алға оң аяқпен қадам жасалады.
2-такт.«Екі» дегенде- қадам жасалған аяқпен сәл алға қарай сырғанай (екпінді) секіреді.
3-такт. Қимыл сол аяқпен орындалады. Секірмелі жүріс бір орында тұрып та, екпіндей алға жүріп те, бір орында оңға немесе солға айналып та орындалады.
ІІІ. Ауыспалы жүріс.
1-такт. «Бір» дегенде- оң аяқпен шағын бір қадам алға басылады, «Және» дегенде сол аяқтың ұшымен басып оң аяқтың жанына қойылады.
«Екі» дегенде -оң аяқпен алға тағы да шағын қадам жасалады, «Және» дегенде –кідіріс жасалады.
Келесі тактіде қимыл сол аяқтан бастап орындалады.
Аяқтардың қимылы мен бірге қолдардың буындарын айналдыра қимыл жасалады.
Әр тактіге бір рет қол шалақтау
Қолдың білегін айналдыру
Алғашқы қалпы: екі қолды екі жаққа жая, иықтың тұсына көтере ұстау
1-такт. «Бір» дегенде –оң қолдың алақанын жоғары қаратып, басынан асыра иығының үстіне көтереді, «және» дегенде-қолдың білегін өзіне қарай бүгіп, шынашақ саусағына қарай айналдырып, «екі» дегенде-алақанды жоғары қаратып, қолдың білегін айналдырумен бітіреді.
Келесі, 2-тактіде «қолдың білегін айналдыру» сол қолмен орындалады. Оң қол иықтың тұсына түсіріледі. Биге 8,10,12 ұл қыздар жұбы қатысады.
Бидің құрылысы:
Балалар қол ұстасып, қыздар ұлдардың оң жағында тұрады.
І-бөлшек.
8-такт. Қатысушылар шеңбер жасап, бірінші қимылмен оңға қарай 8 қадам (серпінді, ырғақты жүріс) жасады ( 1-сурет)
ІІ-бөлшек.
8-такт. Балалар тағы да ырғақты жүріспен шеңбер жасап, солға қарай жүреді ( 2-сурет)
ІІІ-бөлшек.
8-такт. Қыздар ауыспалы жүрісті 8 рет орындап, ұлдарды айналып шығады. Әр ауыспалы жүрісте қолдарымен кезекпен-кезек бесінші қимылды жасайды.
Ұлдар қолдарымен қолынан ұстап, бір орында тұрып, екінші (секірмелі) жүрісті 8 рет орындайды ( 3-сурет)
ІV- бөлшек
4-такт. Балалардың әрқайсысы екі рет қолдарымен шапалақ жасап, екі жағында тұрғандармен екі рет алақан соғыстырады.
5-такт. Жұп болып тұрған жерлерінде 4 рет ауыспалы жүріспен оңға қарай бір шеңбер жасап шығады да, қайтадан қол ұстасып, үлкен шеңбер құрып тұрады. Одан әрі би толығымен, солға қарай жүріп орындалады. Тек ІІІ бөлшекте ұлдар секіртпелі жүріспен қыздарды айналып шығады. Қыздар бір орнында тұрып, 4 ауыспалы жүріспен шеңберді айналып, 4 рет қолдарын жоғары көтеріп, білектерін айналдырады. Жетекшілер балалардың қабылдау мүмкіншіліктеріне қарай биді ары қарай дамытуы мүмкін.

3.Қорытынды :


Сұрақтар:
1. Бүгін қандай би қимылымен таныстық?
2. Қандай жүріс түрлері болады?
3. Би құрылысында неше бөлшек болады?
Соңы: Биді музыкамен қайталатып, мадақтап бағалау және ынталандыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет