Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет21/25
Дата25.12.2016
өлшемі6,98 Mb.
#4446
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Пайдаланған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасы «Білім » туралы Заңы.- Астана, 2007.

2.Қонақова К. және т.б. ҚР мектептерінде бейінді оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.–А:Ы.Алтынсарин ат.ҚБА,2012- 32 б.

3.Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Республике Казахстан, -Алматы: АГУ им.Абая,2010.-123 с.

4.Бидайбеков Е.Ы.,Абдулкаримова Г.А. Информатика и средства информатики в начальной школе: Учебно-методическое пособие для студентов педуниверситета.-Алматы,2010.-80 с.
Аннотация. Образование в РК направлено на формирование творческой, конкурентоспособной личности, обладающей информационной культурой. Одной из основ в обучении и воспитании начальной школе определен личностно-ориентированный, индивидуальный  подход, нацеленный на учет и развитие потенциальных возможностей ребенка, умение использовать инфомационные технологии.

Аnnotation. RK is aimed at forming versatile developed , creative , competitive personality with information culture, prepared and motivated to learn and educate themselves throughout their lives . One of the basics in training and education school defined student-centered , individual approach, aimed at keeping and the development potential of the child, the ability to use the Informational Technology .


Ш 21

378(574)
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шалғынбаева Қ.Қ., Исмуратова Ш.И.

Еуразия Ұлттық университеті, Астана қ.

Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде жаһандану жағдайында білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік білім беру кеністігіне кіру кезеніндегі білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының “басты мақсаты балашақ мамандарды талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни студенттердің оқу және оқудан тыс үдерісі бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оларды ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.

Осыдан барып болашақ мамандарды ғылыми- зерттеу іс-әрекеттеріне баулу, оларға зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі ЖОО-да білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол, бүгінгі тәжірибеде болашақ мамандардың шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуде қажеттілік болса, онда ЖОО-да студенттердің қабілетін болашақ маман ретіндегі түрлі әрекеттерге даяр етіп көрсету үшін оларды біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың нысаны ретінде тандалған арнайы бағытталған шағармашылық қабілеттерін қалыптастырудағы ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне теориялық, әдістемелік, педагогикалық тұрғыда жан-жақты дайындау қажеттігі туындайды.



«Қазақстан - 2030» және «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы» және білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы білім беру жүйесінің алдына нәтижеге бағытталған білім моделін жасауды қамтамасыз ету және оны жаһандану жағдайындағы халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды. Демек, жастарды еңбектің қай саласында болмасын, әсіресе, белгілі бір мамандық бойынша арнайы бағытталған жоспарлы оқу процесі барысында (Мемлекеттік стандарттар мен бадарламаларға, вариативті компоненттер жоспарына сәйкес) білім алуда да тек ғылыми мәлімет жиынтығын меңгертумен шектелмей, оқу процессі барысындағы игерілген білім денгейін бекіту мен толықтыру, жан-жақты жоғарлату мақсатында оқу процессінен тыс ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын шығармашыл тұрғыда таныта алатын құзырлы маман болуға даярлау қажеттігі негізге алынып отыр.

Бүгінгі танда, ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен сапасы көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезіндегі осы мақсат, болашақ мамандардың ғылыми іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты. Осыған орай, болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттірімен дағадыларын қалыптастыруға ықпал етуші, оқу процессі барысындаға берілген білім деңгейін жоғарлату мақсатында студенттердің өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, олардың түрлерін, нысандарын іздестіру мен жүйелеу, мақсат мідеттерін айқындау өзекті ғылыми мәселеге айналып отыр. Сондықтан біздің пікірімізше, болашақ мамандардың өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің педагогикалық жүйесін оқу процессінен тыс оның мақсат міндеттеріне сай арнайы ұйымдастыру мен бағдарлау – студеттердің шығармашылық бағыт ұстануын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдауымызға болады. Себебі, біздің зерттеу жұмысымыздың аясындағы көп жылдық және күнделікті тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орнын бітірген жас маман заман талабына сай теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік даярлығымен қатар, шығармашылық бағыт ұстануына бағытталған өзіндік ғылыми зерттеушілік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс, әрине ол үшін ғалым педагоготардың ғылыми және әдістемелік басшылығы үлкен себепші болады.

Сапалы білім, саналы тәрбие алған жастарымыз егеменді еліміздің ертеңіне баянды етіп, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани-адамгершілік тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан, қазіргі ЖОО толық көшіп игерген кредиттік оқыту жағдайында болашақ мамандарға берілетін білім мен іс-әрекет тәсілдерін, бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, шығармашылыққа бағытталған мақсатты іс-әрекетімен сабақтастыру үшін өздігінен күнделікті оқу процесінде және одан тыс уақыттарда ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке бағыт-бағдар алып отырғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізе алады. Алайда, бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне енуіне бағытталған талпыныстары кредиттік оқыту жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту, оқу процессін жетілдіру. Әсіресе жаңа жүйенің талаптарына сай оқу үрдісінің мақсат міндеттеріне сәйкес, болашақ мамандардың өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерін, онтайлы етіп ұйымдастыруда, олардың болашақ маман ретіндегі шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған, ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің дербестігі мен ізденімпаздығын, дамытатын жұйелі ғылыми зерттеушілік іс-әрекет шараларын жандандыруға, жаңаша формаларымен түрлерін іздестіруге аса мән беруді талап етіп отыр.

Қазақстанның қазіргі уақыттағы білім беру жүйесі дүниежүзілік білім кеңістігіне енудің күрделі мәселесін шеше отырып, қайта құрылып өзгеру үрдісі үстінде. Осыған орай білім берудің «қолдаушы» немесе «ағартушы» парадигмасының орнына «өмір бойы білім алу» немесе үздіксіз білім беру идеясы маңызды орын алатын білім берудің жаңа парадигмасы келді.

Үздіксіз білім беру идеяларын жүзеге асыру бүгінгі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі қарама-қайшылығына – дәл қазіргі уақыттағы дүниежүзілік білімнің қарқынды өсуі мен білімдену кезеңіндегі оларды меңгерудегі шектеулі мүмкіншіліктер арасындағы негізгі қарама-қайшылықты жоюға бағытталған. Мұндай қарама-қайшылық білім беру мекемелеріне өзіндік білім алу, өздігінен ақпараттарды қарастырып, одан болашақ маманға қажетті шығармашық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған өздігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерін онтайлы етіп ұйымдастыруға қажеттісін табу біліктілігін қарастыруды жүктейді. Осы жағдайларға байланысты жоғары оқу орыны түлектерінің әрбіреуінен ақыл-ой еңбегінің, атап айтқанда өздігінен орындайтын зерттеушілік іс-әрекет түрлерінің тиімді әдістерін білу талап етіледі. Оларға: өздігінен қысқа мерзім ішінде қажетті ақпаратты тауып, оны меңгеруді үйрену; теорияларды, тұжырымдамаларды, айғақтарды жүйелеуді және жіктеуді үйрену; талқыға түсетін күрделі мәселелерді талдауды үйрену; өз көзқарасына нақты анықтама беріп, оған негіз болатын айғақтарды көрсету; ғылыми келіспеушіліктегі ақиқатты іздестіру; өндірістегі жағдайды талдай біліп, өздігінен меңгерген білімдерге сүйене отырып, пайда болған мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешу. Осыған орай, бүгінгі танда болашақ мамандардың танымдық белсенділігін дамытудың және жоғары оқу орнында білім алу барысында оларда дербестікті қалыптастырудың неғұрлым тиімді амалдарына, өзгеше қалыптасуы мен даму тарихы бар, болашақ мамандарды оқыту мен даярлау процессі барысында олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға бағдарланған сапасын көтерудегі негізгі резервтердің бірі - өзіндік ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің алуан түрлі формалары мен әдіс-тәсілдері жатады.

Педагогикалық ғылыми әдебиеттерде өзіндік жұмыс мәселесі жайлы көптеген көзқарастар кездеседі. Бұдан осы ұғымның көпқырлығын түсінуге болады, сондықтан бұл ұғымның анықтамасы ғылыми педагогикалық тұрғыдан нақтылауды қажет етеді. Студенттердің өзіндігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі аспектілері зерттелген еңбектерде бүгінгі қоғамның сұранысы мен талабына байланысты белгілі бір уақыт ішіндегі орындалған жұмыстардың жиынтығы ретінде көрініс береді. Алайда оны бірнеше мағанада да талқылауға және түсінуге болады. Содықтан біз, өз зерттеу жұмысымыздың мақсат міндеттіне сай ЖОО студенттердің өзіндігінен орындайтын жұмыстарының алуан түрлі формаларымен әдіс-тәсілдерін олардың оқу процессінің нәтижесіне бағытталған өзіндігінен орындайтын ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттеріне жатқыза отырып, өз тәжірибеміз тұрғысынан қарауды дұрыс деп санаймыз. Мәселен, зерттеулердің мақсаттары мен міндеттеріне тәуелділігі ескерілген авторлардың ұсынған өзіндігінен орындалатын жұмыс жайлы тиянақты талданған әртүрлі анықтамалар: М.Г. Гаруновтың, О.А.Нильсонның және П.И.Пидкасистыйдың еңбектерінен орын алған. Сонымен қатар кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының кейбір мәселелері Қазақстандық ғалымдарының назарынан тыс қалмаған: Ж.А. Қараев, С. К. Касенов, Н.А.Асанов, Г.Х. Мямешева, Г.К. Ахметова.

Біздің пікіріміз бойынша, П.И.Пидкасистый ұсынған анықтамасында өзіндігінен орындайтын жұмыстың мәніне деген ғылыми, әдістемелік көзқарастың көпаспектілігі айқындалған. Себебі, автор өзіндігінен орындайтын жұмыс түрлерін оқытудың және ғылыми зерттеушілік іс-әрекеттерінің негізгі амалдары ретінде қарастырады. Өйткені олар: әрбір нақтылы білімнің меңгерілу кезіндегі белгілі бір дидактикалық мақсат пен мәселеге сәйкес болуы; студенттердің білместіктен білуге дейінгі қозғалысының траекториясының әрбір кезеңінде белгілі бір ғылыми танымдық мәселелерді шешу үшін және ойлау әрекетінің төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге қарай қозғалуы үшін қажетті білімнің көлемі мен деңгейінің қалыптасуы үшін міндетті түрде ғылыми зерттеушілік іс-әрекет жасауы; өз білімін өздігінен жүйелі түрде толықтырып отыруға деген психологиялық мақсаты және оқу, ғылым, өндіріс мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешу барысындағы ғылыми және саяси ақпараттар ағынында дұрыс бағыт таңдай білу іскерлігінің қалыптасуы үшін өздігінен орындайтын зерттеушілік іс-әрекет жасайды; студенттердің кәсіби іс-әрекетінің, таным мен мінез-құлық әдістерін меңгерудегі өзін-өзі көрсете білуі және өзіндік зерттеушілік іс-әрекеттегі тәртібі маңызды шарт болып табылады; педагогикалық басқару және студенттің кәсіби шығармашылық тұрғыдан анықталуы мен оқу үдерісі барысындағы және одан тыс уақытта өздігінен зерттеушілік іс-әрекетіне басшылық ете алуы оның шығармашылық қасаиеттерінің қалыптасуына бет бұрыс алуындағы негізгі танымдық іс-әрекет құралы болып табылуы.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы, 1997.

2.Аренова А.Х. Научно-педагогические основы самостоятельной учебной деятельности младших школьников. Монография. - Алматы, 2001.

3.Шалғынбаева Х.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру. Монография. – Алматы, Ғылым, 2000.


Аннотация. В этой статье рассматривается научно- педагогические основы формирования творческих способностей будущих специалистов.

Annotation. This article discusses scientifically pedagogical bases of formation of the creative abilities of future professionals through research.

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА

ӘОЖ 45.10

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ІЗГІЛІК

ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Еркебеков Д.

35 орта мектеп, Тараз қ.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру» тұжырымдамасында» және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеруін көздейді.

Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Гуманизмнің негізі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.

Мектеп оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған. Оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Оқушыларда ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш.С.Ахимбекова мектеп өмірінде мектеп кеңесін ізгілендіру іс-әрекеттері, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған. Өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мәдениетті, парасатты, білікті, көргенді, көрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру, ұлттық намысы жоғары ұлтжанды өкілдерді тәрбиелеу ісі ұстаздарымыздың еншісінде екендігі айқын десек те, бұл міндеттердің өмірлік практикада толық мәнді жүзеге асырылмай жататыны да белгілі. Олай дейтініміздің бір себебі, мектеп мұғалімдері мәртебесінің өз дәрежесінде қоғамдық ортадан көрініс таппауы.

Қазіргі кезде білімнің беделі төмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың мәртебесі құнсызданып отырған жағдайда А.А.Бейсенбаева бұл гуманитарлық мәселені шешудегі негізгі тұлға – мұғалімге үлкен мән береді және «Себебі білім беруді гуманитарландыруда педагог маманның мәртебесін көтеру елімізді өркениетті мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз» - деп біледі. Педагог-ғалымның бұл пікірі құптарлық ой десек те, оның қамтама-сыз етілуі бірқатар зерттеулердің, жұмыстардың атқарылуын талап етеді.

Педагогикалық жүйеде педагогтың атқарар рөлі, алатын орны өте жоғары екендігі белгілі. Ол жөнінде қазақ ағартушылары және жазушы педагогтары Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың, А.Байтұрсыновтың және басқалардың айтқан пікірлерінің мәні өте зор. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.

Мұғалім және оның педагогикалық іс-әрекеті жөнінде кезінде көптеген ғұламалар, педагог ғалымдар өздерінің пікірлерін жазып қалдырған. Атап айтар болсақ: Ян Амос Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци т.б. Кеңес дәуірінің ірі педагогі А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский балалармен күнделікті қарым-қатынаста болу адамға деген сүйіспеншілікті, сенімділікті арттыратындығын жазған.

Мұғалім мамандығын даярлау – қашан да педагогиканың көкейкесті мәселесінің бірі және солай қала береді де. Оның себебінің бірі ретінде ғылым мен техниканың, ел экономикасының дамуы мен әлеуметтік өмір сүру жағдайының жоғарылауына және т.б. байланысты білім мен тәрбие ісінің өзгеруін, соған сәйкес жаңа тұрпатты мұғалімді даярлау ұдайы өзгерісте болуын айтуға болады.

Қазіргі кезде жоғары мектеп педагогикасы жоғары білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырумен айналысуда. Жоғары білімді мамандарды даярлау негізгі нормативтік құжат - стандарт шеңберінде жүзеге асырылатыны белгілі. Зерттеу міндеттеріне тән болашақ педагог-психологтарды дайындауда нормативтік құжаттар басшылыққа алынады.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Гуманизм адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын адамгершілік қасиет» ретінде қарастырылады. Ал, «Гуманитарлық» ұғымы «.. халықтың мәдениеті мен тарихын терең зерттеуге бейім қоғамдық ғылымға қатысты ғылым» болып табылады.

Философиялық сөздіктегі анықтамада: «Гуманизм – адамның қадір-қасиеті мен құқығын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастың жиынтығы», - деп тұжырымдалған.

Педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «гуманизм (лат-gumanus – адамгершілік) – дүниетаным үдерісі. Оның негізінде адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты мен мұраты жатады» - деп анықтама берген. Гумандық ұғымын сипаттауда ғылымдар арасында бірізділік көрінісі кездесе бермейді. Бұл салалық ғылымдарға ғана қатысты емес, түрлі дәуірдегі түрлі көзқарастарға да тән. Сондай-ақ гуманизм адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын адамгершілік қасиет ретінде қарастырылса, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «ізгі – адал, ақ, игі», «ізгілік – жақсылық, адалдық, игілік» деген мағына беретіндігі жөнінде айтылады. Қ.Т.Әтемова, М.Ералиева, Г.Ерғалиева, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектерінде «ізгі», «ізгілік», «ізгілендіру», «гуманизм» т.б. ұғымдарға қатысты зерттеулер көрініс тапқан.

«Гуманизм» ұғымы көне түркі әлемінде «жәуанмәртлік» термині аясында қарастырылып келгенін байқадық. «Жәуанмәртлік» ұғымы парсы халқының «жувонмард» сөзінен шыққан «жувон» - жігіт, ал «мард» - жомарттықты, қайырымдылық пен кішіпейілділікті, яғни ұнамды қасиеттер жиынтығын білдіреді.

Бұл бағытта А.А.Бейсенбаева, Ж.Таубалдиева, т.б. педагог-ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ аталған мәселе бағытын зерделеу мен оны оқытуда «гумандық педагогика» жөніндегі ойлар туындауда.

«Гуманистік педагогика» ұғымы жөнінде педагогикалық еңбектерде түрліше беріледі. Мәселен, мұғалімдер мен жалпы білім беретін мекеме басшыларына арналған психологиялық-педагогикалық сөздікте: «Гуманистік педагогика АҚШ-та ХХ ғасырдың 60-жылдары гуманистік психологиялық идеяны педагогикалық іске асырушы ретінде туындаған тәрбие теориясы мен практикасындағы заманауи бағыт» ретінде анықталады. Гуманистік педагогиканың философиялық-идеологиялық бағдары жаңа тәрбие және «прогрессивизм» идеяларына жақын. Гуманистік педагогиканың зейін ортасында бірегей жеке тұлға тұрады. Гуманистік педагогика - өзінің мүмкіндігі бойынша дамушы, оқу-тәрбие үдерісінде белсенді, саналы, тең құқылы қатысушы ретіндегі тәрбиеленуші мақұлдайтын ғылыми теориялар жүйесі ізгілік педагогиканың практикалық аспектісі ретінде Ш.А.Амонашвилидің, Ш.Майғаранованың еңбектерін атауға болады.

Гуманистік психология жөнінде педагогикалық және психологиялық сөздікте: «Гуманистік психология – психологияның ең басты пәні бірегей біртұтас жүйе болып табылатын тұлға болуға тиіс деп есептейтін бағыт. Гуманистік психологияның өкілдері «шын мәнінде ол адамның асқан қажетсінулерін, адамның өзін-өзі кемелдендіруін, білім алуын, эстетиканы зерделейтін ғылым болуға тиіс деп есептеді» - деп берілген. Педагогикалық еңбектерде тәрбие үдерісінде тәрбиені гуманизациялау қағидасы ретінде жеке дара да қарастырылады. Болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұны ізгілік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндіктерінің мол екендігін көрсетеді. Оның ішінде «Өзін-өзі тану», педагогикалық және психологиялық пәндер кешенін атауға болады.

Педагогикалық еңбектерде қалыптастыру, «қалыптасу» термин ретінде қолданыс табады. Мәселен, педагогика және психология бойынша қазақ тіліндегі түсіндірме сөздігінде: «Қалыптастыру – баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігін, өзінің тағдырына өзі үкім ете білуін және өз мінез-құлқын жөнге сала білуін, сондай-ақ дүниемен өзінің қарым-қатынасын түсінуін меңгерту» десе, «қалыптасу» – үйлесімді мінез-құлықты біртіндеп жасау, көңілдегі нәтижеге жақындайтын кезектес қадамдарды бекіту арқылы мінез-құлықтың қарапайым моделін күрделі модельге өзгертеді» - деп түсінік беріледі. Бұл мазмұндаулардан сыртқы факторлар ықпалынан ішкі мазмұнның өзгеруін түсіну керектігі көрінеді. Жалпы қарағанда «қалыптастыру» ұғымы сыртқы факторлар арқылы ішкі сапалық қасиеттерді орнықтыруда көрініс табатындығын сипаттайды. Ал “қалыптасу” болса, негізінен ішкі факторлар арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет нәтижесі ретінде көрінеді. Оны жеке тұлға тұрғысынан қалыптану деп те қарауға болады.



«Қалыптану» ұғымы адамның қалыптасу үдерісі, оның адами бейнеге ие болуы, білім мен мәдениетке ұмтылысы мағынасында Ежелгі грекияның атақты пайдейясынан (б.э.д. V-IV ғ.ғ.) бастау алады. «Антик сөздігінде» пайдейаға жалпы алғанда – қалыптану дегеніміз – адамның бүкіл қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын тәндік және руханилық жағынан үйлесімді түрде қалыптасуы» ретінде қарастырылады. Қалыптану - Әл-Фарабидің ойынша, шынайы ізгілік пен бақытқа апаратын адамның адамгершілік және ақыл-ой дағдыларын қалыптастыруда сенімді басшылық жасайды. Оның үйлесімді дамыған тұлға және кемелденуге қол жеткізу туралы ілімі адамның нағыз рухани азат болуына ықпал етеді. Әрі ғалым, әрі энциклопедист Әл-Фараби оқыту, тәрбиелеу, мадақтау, мақтау, бетіне басу, мәжбүрлеу, бақыт, білім, дағдылар, әдеттер, қабілеттер және т.б. педагогикалық категорияларға баса назар аударды. М.Жұмабаев «Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретіндей ой, ләм іс ізгілік» - деп атап көрсеткен. Ізгілікке ұмтылу жауыздықтан безу адам жаратылысының өзінде бар нәрсе. Кімде-кім өзін, туыстарын, өз елін сүйсе, әсіресе, бүткіл адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз, өзін-өзі соқыр сезіммен мал да сүйеді дей отырып, адамның адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт екендігіне тоқталған.

Сонымен біздің ойымызша, «ізгілік қасиеттер дегеніміз – адамның ізгі іс-әрекетін сипаттайтын жақсы әрекеттерден, жағымды белгілерден тұратын мінез-құлық сапалары». Ізгілік қасиеттерді Қ.Әтемованың зерттеуіне сәйкес жеке тұлғалық жақсы мінез-құлықты, жеке тұлғалық мазмұндық, жеке тұлғалық іс-әрекеттік қасиеттер тұрғысынан қарастыру жөн.

Ал біз зерттеуімізде болашақ мұғалімдердің, соның ішінде педагог-психолог мамандарының кәсіби іс-әрекетіне қатысты ізгілік қасиеттерінің мазмұны мен құрылымы төмендегілерден тұруы тиіс деп білеміз: жеке тұлғалық сапалық қасиеттерден; жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді танып, білуге даярлығынан.

Жоғарыдағы жүргізілген зерттеулер мен талдауларға сүйене отырып, біз «болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттері деп, жеке тұлғалық сапалық қасиеттерді (жақсы мінез-құлықты, оларды мазмұндық, іс-әрекеттік тұрғыдан игеруі) меңгеруін және оларды танып білуін, оларға өзіндік бағдар алуын, оқу-тәрбие үдерісін ізгілік үдеріс негізінде ұйымдастыруға ұмтылысын (даярлығын) түсінеміз».

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың ізгілік қасиеттерін қалыптасты-рудың іс-әрекетті құраушы құрылымдарын Г.К.Байдільданова, Н.Д.Иванова тағы басқалар зерттеу жұмыстарына және тұтас педагогикалық үдерістің тұжырымдамасына талдау жүргізген. Болашақ ұстаздарды кәсіби даярлау мәселесін шешуге О.А.Абдуллина, Ю.П.Азаров және т.б. өз еңбектерін арнаған. Осы және т.б. педагог-ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде мұғалімдерге қойылатын негізгі талаптардың белгіленгендігін, бүгінгі таңдағы мұғалімнің тұлғалық үлгісінің жасалынғандығын, оның кәсіби даярлығын қалыптастыру барысында ізденіс жұмыстарының жүргізілгендігін байқауға болады.

Ал болашақ мұғалімдердің, оның ішінде педагог-психологтың ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі әлі зерттеле қоймағанын көрсетеді.

Бұл мәселенің теориялық негіздерін жасау “болашақ мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастыру” ұғымының мәнін анықтауды қажет етеді. И.П.Подласый мінез-құлықтың қалыптасуының мынадай үлгісін ұсынады: мінез-құлық нормалары мен ережелері жөніндегі білімді меңгеруі → сенімнің қалыптасуы → сезімнің қалыптасуы және бұл тізбектен бөлек олар-дың әрқайсысы жеке-жеке мінез-құлықтың қалыптасуына бағытталады. “Модель” термині латынның “modues” сөзінен шыққан. Ол “өлшем”, “әдіс”, “бейне” деген ұғымдарды көрсетеді. Педагогика ғылымында модельдеудің бірнеше үлгілері кездеседі.

«Модель» - үлгі, сұлба, өрнек, өң, кейіп деген ұғымдарды да білдіреді. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерде «модель» ұғымының орнына түрлі ұғымдар қолданыс табуда. Ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Модель – бір нәрсенің жалпылама алғандағы жобасы, сұлбасы» ретінде қарастырылса, «модельдеу – шамалау, жобалау, долбарлау» үдеріс, әрі әдіс ретінде қарастырылады.

Сонымен, зерттеуімізде теориялық модельдеу әдісін басшылыққа ала отырып, зерттеліп отырған сапалық қасиеттерді педагогикалық үдерістің құраушылары тұрғысынан қарастыру арқылы, мұғалімдердің ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың моделін сипаттадық ( Сурет 1).

1-сурет. Мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың

құрылымдық - мазмұндық моделі


Мақсаты







м

ұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастыру






Ұстанымдар





Білім беруді, оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, табиғилық, халықтық.




Нормативтік негіздері




Адам құқығы конвенциясы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, «Өзін-өзі тану» курсын білім беру жүйесінде оқыту, ЖОО ізгілендіру пәндер кешені (педагогикалық-психологиялық және т.б.).




Мазмұны

«Өзін-өзі тану»

курсы бойынша



Ізгілендіру пәндер кешені бойынша (педагогикалық,

психологиялық)



Оқу іс-әрекетіндегі

ізгілік қасиеттер





Оқыту әдістері: ауызша мазмұндау, әңгіме, көрнекілік т.б.

оқу әдістері: тапсырмаларды орындау, әдебиеттермен жұмыс жасау, т.б;

логикалық тәсілдер: талдау, салыстыру, талдап қорыту.




әдістері мен тәсілдері




Қарым-қатынас нормалары, рольдік ойындар; көрнекі және оқытудың технологиялық құралдары; педагогикалық тапсырмалар; педагогикалық жағдаяттар.




құралдар




Оқу жұмысы түрлері:

-лекция, семинар, практикалық-лабораториялық жұмыстар;

-оқытушының басшылығымен орындалатын студенттің

өзіндік жұмысы; студенттің өзіндік жұмысы;

-сынақ, емтихан;




түрлері,

формалары





Ізгілік қасиеттері қалыптасқан болашақ мұғалімдері;




нәтижесі




Мейірімді, қайырымды, иманжүзді, сабырлы т.б. қасиеттерді игереді.


2 – сурет. Мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісінде ізгілік қасиеттерін қалыптастырудың құрылымдық компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері


Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

1

2

3

Мақсатты-мотивациялық

Педагогикалық үдерістерде ізгілік қасиеттерді танып білуге ұмтылысы, олардың мәнін және ізгілік қасиеттердің қалыптануын ұғынуға ынта-ықыласы

- ізгілік қасиеттерді қажеттілік деп ұғады;

- ізгілік қасиеттердің мазмұнын түсініп, оны жоғары бағалайды;

- педагогикалық үдерістегі ізгілік қасиеттерді танып білуге ұмтылады;

- педагогтың ізгілік қарым –қатынасын айқындай алады.



Мазмұндық және мінез-құлықтық


Ізгілік қасиеттер және олар жөніндегі білімі; ізгілік қасиетке тән мінез-құлық қасиеттері

- ізгілік қасиетке тән өзінің сапалық белгілері;

- ізгілік қасиеттер жөніндегі білімі;

- педагогикалық үдерістегі ізгілік қасиеттер жөнінде танып біледі;

- педагогта болуы тиіс ізгілік қасиеттер бойынша білімін жетілдіреді.



Іс-әрекеттік

Ізгілік қасиеттерді танып білу іскерлігі мен дағдылары

- ізгілік қарым-қатынас жасай алады;

- ізгілік қасиеттерді, құбылыстарды айқындау іскерлігі;

- педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда ізгілік қарым-қатынас жасай алады;

- педагогикалық үдерісті ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан ұйымдастыруға әдістемелік көмек бере алады


Мұғалімдер төмендегідей ізгілік қасиеттерді танып білуі үшін олар міндетті түрде оқу пәні мазмұнында қамтылуы тиіс. Олар: 1) (Қ.Әтемова бойынша): жүректің қызметіне тән ізгілік қасиеттер; ақылға, білімге тән ізгілік қасиеттер; қайратқа, іс-әрекетке тән ізгілік қасиеттер; 2) Көркем мінезді сипаттайтын қасиеттер (Н.Манаев бойынша); 3) Тұлғаның мейірімді қасиетін сипаттайтын ерекшелік белгілері (Ш.А.Амонашвили бойынша); 4) адамның ізгілік қасиетіне жат жаман әдеттер, ізгілік қасиетке жат жағымсыз әрекеттер.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Болашақ ағылшын тілі пән мұғалімдерін даярлауды педагогикалық тапсырмалар тұрғысынан жетілдіру: Тіл саласында білім беруге арналған Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияның материалдары.- Қарағанды, 2012- 210-213б.

2.Ағылшын тілін үйретудің интерактивті жаттығулар жинағы //Әдістемелік құрал.- Түркістан, 2011.- 54б.

3.Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің даярлығын қалыптастырудағы әдістемелік нұсқау //Менеджмент в образовании.-Алматы, 2008.-№ 2- 107-109б.


Аннотация. Казахстанской школе крайне необходим педагог высокой культуры, способный к рефлексии, к контролю и коррекции своих действий и поступков, педагог-интеллигент, способный не только красиво говорить, но и внимательно слушать, глубоко понимать другого человека. Интеллигентность неразрывно связана с нравственностью, с познанием ценностей и особенностей другой личности, с установкой на конструктивный диалог, со стремлением понять и оценить каждую личность, с проявлением отзывчивости, с готовностью помочь.

Аnnotation. The Kazakh school needs the teacher of high culture who can control and correct his activity, teacher-intelligent who can not only speak but also can listen attentivelly, and who can understand other people. Intelligence is connected with morality, with the knowledge of value and peculiarities of another person. The person should communicate with other person, understand and appreciate every person and should be ready to help.

ӘОЖ 35.12

АШЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК

БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ЖАСАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

(алгебра оқыту мысалында)
Телгараева К.

35 орта мектеп, Тараз қ,


Жиырма бірінші ғасырдың  басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты. 1997 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №3645 жарлығымен орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама негізінде елімізде кешенді және нақты жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, енді ақпараттық технологияны қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында жұмыстар жүргізілуде. Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі – мектепте компьютерлерді оқыту құралы ретінде қолдану болып табылады. Бірақ, көптеген отандық, ресейлік және шетелдік мамандар компьютерлерді және басқа да техникалық оқыту құралдарын енгізу, қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктерін өз деңгейінде пайдаланбай, эмпирикалық түрде жүргендігін, сол себепті де оқытуда компьютерлерді пайдалану ойдағыдай нәтиже бермегендігін атап көрсетті. Оның себебін олар оқытуды компьютерлендірудің теориялық негіздерінің жеткілікті мөлшерде жасалмағандығы деп біледі. Ғылыми түрде негізделген және әдістемелік түрде сауатты бағдарламалық құралдардың болмауынан, оқу-тәрбиелеу процесінде компьютерлер өз мәнінде пайдаланылмайды. Сондықтан, бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу ісі математиканы оқытумен де тығыз байланысты. Математикалық білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқу процесіне жаңа ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу арқылы оқушыларда ойлаудың сапалы жаңа түрін қалыптастыру болып табылады. Компьютерлерді математиканы оқыту процесінде пайдалануға арналған көптеген зерттеулер бар. Айталық, Ю.С.Брановскийдің жұмысында дербес компьютерді мектеп курсындағы алгебра және анализ бастамаларының белгілі бір бөлімдерін оқытуға арналған құрал ретінде тиімді пайдалану үшін бағдарламалық-әдістемелік жабдық жасалған. Онда компьютерлерді пайдалануға болатын математиканың оқу материалдарын таңдау критериилері де анықталған. Компьютерлерді инструменттік құрал ретінде пайдаланудың әдістемелік мәселелері мен оқытудағы компьютерлік модельдеу мәселелері де қарастырылған. Л.И.Долинер оқушыларды компьютерлерді пайдаланып математикаға оқытудың педагогикалық тиімділігінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеген және компьютерді қолдану жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістерін негіздеген. Төменгі сынып оқушыларын компьютерді қолданып математикаға оқытуда оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру ерекшеліктері Ю.А.Иванованың жұмысында негізделген. Онда төменгі сынып оқушыларын компьютерлерді пайдаланып математикаға оқытудың, оқушының оқу іс-әрекетіндегі субъект ретінде қалыптасуына бағытталған әдістемесінің негізі айқындалған. Оқушының білімін бақылау тиімділігін арттыруға арналған автоматтандырылған оқу курстарының (АОК) құрастырылуының әдістемесі жасалған. Дербес компьютерді математиканы оқыту процесінде оқушылардың білімін жүйелеу және жинақтауда оқу құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі А.В.Якубовтың жұмысында сипатталған. Ол 9-сыныптар үшін математика пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар жасаған. Л.Л.Якобсонның жұмысында көпжақтардың графикалық бейнелерін жасау процесіне арналған психологиялық-педагогикалық талаптары баяндалып, осы процестің әртүрлі кезеңдеріндегі оларды пайдалану нұсқаулары жасалып, көпжақтардың графикалық бейнелерін жасау процесіндегі педагогикалық бағдарламалық құралдардың рөлі мен орны анықталған және олардың басқа оқыту құралдарымен байланысы көрсетілген. Л.П.Миронованың жұмысында практикалық және дербес сабақтарда оқушылардың қызметтерін ажыратуға, сонымен бірге қолданбалы бағдарламаларды институттарда жоғары математикадан дербес сабақтар өткізуге пайдалану туралы жаңа әдіс ұсынылған. Р.С.Шуақбаеваның жұмысы компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді шығаруды үйрету әдістемесін жасауға арналған. Жоғарыда қарастырылған жұмыстарда компьютерді мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы оқыту процесінде қолдану мәселелерінің жекелеген аспектілері, атап айтқанда, бағдарламалау тілдерінің көмегімен жасалған педагогикалық бағдарламалық құралдар қарастырылған. Бірақ, компьютерлерді математиканы оқытуда қолдану жөніндегі зерттеулерге талдау жасау кезінде 7-9-сыныптардың алгебра курсында ашық компьютерлік бағдарламалық құралдарды қолдану әдістемесі іс жүзінде қарастырылмағанын көрсетіп отыр. Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаларды жасау процесі көп еңбекті қажет етеді және бағдарлама құра алмайтын мұғалімдерге қиын тиеді. Бұл инструменталдық құралдарды пайдалана отырып, бағдарлама құра алмайтын қолданушыға бағытталған педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды жасау проблемасын зерттеу және оны математиканы оқытуда қолдану әдістемесін жасау қажеттілігін тудырады.

Қазіргі таңда математика пәні бойынша әртүрлі фирмалар және жеке қолданушылар өздерінің шығарған өнімдерін ұсынып отырғанындығын көрсетті. Олар: Ресейде «Математика 5-11 классы. Практикум» («1С»), «Все задачи школьной математики» («Просвещение-Медиа»), «Математика абитуриенту» («Новый диск»), «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики» («Дрофа»), «Интерактивная математика. 5-9 классы» («Дрофа»), «Курс математики базовый. Для школьников и абитуриентов» («Медиа Хаус»), «Алгебра. 7-11 класс» («КУДИЦ», «Кордис & Медиа»), Зеленоград мектебінің математика пәнінің оқытушысы Ю.М.Астратовтың бағдарламалары: «Теорема Виета» (8-9 сыныптар үшін), «Решение линейных уравнений» (5-7 сыныптар үшін) «Решение линейных неравенств» (8-9 сыныптар үшін) т.с.с., Қазақстанда электрондық оқулықтарды шығарудағы көшбасшы – Ұлттық ақпараттандыру орталығы болып табылады. «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары көптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай бағдарламалардың көпшілігі: 1) оқыту, 2) жаттығу, 3) бақылау деп аталатын алгоритм бойынша жасалған. Өздерінің қарапайымдылығына қарамастан бұндай бағдарламалар мұғалім мен оқушыларға жақсы көмекші ретінде қызмет етуде.

Аталған бағдарламалық құралдардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Сондықтан нақты бір құралды таңдағанда оларды сабақтың мақсатына, міндеттеріне, формасына, сабақ түріне және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ескеру қажет.

Әлдеқайда қызықты және мазмұны жағынан толық бағдарламалық құралдарға келесілерді жатқызуға болады: «Математика 5-11 классы. Практикум», «Все задачи школьной математики», «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики», Ұлттық ақпараттандыру орталығының «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары.

Қарастырылған бағдарламалық құралдарды алгебраны оқытуда пайдалану: оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға; шығармашылық қабілетін дамытуға; математикалық ойлауын қалыптастыруға; оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға; өзін-өзі басқаруға; есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Арнайы өңделген компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы графиканы, анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да құралдарын пайдалануы тиіс. Оқытудың тиімді жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының өзара қатынасындағы дидактикалық және психологиялық талаптар мен принциптерді ескеру керек. Өзін-өзі оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей немесе қандай да бір техникалық құралдар бойынша сұхбаттық өзара әсердің болуында. Сондықтан дербес және өзін-өзі оқытуға арналған бағдарламаларды жасағанда сұхбаттың жалпы құрылымын ғана емес, оның тұжырымдарын, тапсырмалардың, мәселелердің толықтығы мен дәлдігін, сұхбаттың басқа да элементтерін өте тиянақты түрде құрастыру керек. Сол сияқты, басқа техникалық оқыту құралдарына қарағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының интерактивтілігі, яғни оқушының сұрақтары мен іс-әрекетіне дереу жауап беру мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мәселені анықтай түсуге, мәліметтерді беруге, оқушыға ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек. Егер оқушы мен компьютер арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету. Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі өспей қалады. Ал әлдебір мәселені өздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет