Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


Бұл негізгі идеялар Қазақстанның мектепке дейінгі кезеңге қатысты ұлттық саясаты болып табылады



бет18/25
Дата25.12.2016
өлшемі6,98 Mb.
#4446
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Бұл негізгі идеялар Қазақстанның мектепке дейінгі кезеңге қатысты ұлттық саясаты болып табылады.


Баланың жеке басының қалыптасуында, мектепке дейінгіде балаларды тәрбиелеуде қазақ ертегілерінің маңызы зор. Осы кезеңнің өзінде-ақ ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, психологтардың бірлескен күш-жігері арқылы баланың әлі айқындала қоймаған әлеуметтік сапаларын қалыптастыру мен дамытудағы тәрбиелік мүмкіндікті жұмылдыру үшін оның жеке басының, рухани-адамгершілік және дене бітімінің даму ерекшеліктерін ескеру қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру – қазіргі мектепке дейінгі мекемелердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық фактордың ықпал аясы кеңейіп келеді.

Қазіргі кезеңде балабақшаларда тәрбие үдерісі негізінен жеті бағытта жүргізіледі, атап айтқанда: адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, тәрбие бағыттары бойынша жүргізіледі.

Ал тәрбиенің негізі ретінде адамгершілік тәрбиесі қазіргі таңда халықтық педагогика «Атаның сөзі, ақылдың көзі», «Әжемнің әңгімесі», «Зерек бала», «Тапқырлар мекені», «Қазақ халық ертегілері» этнопедагогикалық материалдар арқылы тәрбиелеу элементтері балабақша өміріне ерекше енгізілуде.



Оқу-тәрбие жұмыстарында қазақ халық ертегілері арқылы адамгершілік бағытындағы тәрбие жұмыстарына назар аударсақ рухани-адамгершілік құндылыктарды қалыптастыруға ерекше мән беріледі. Ол дегеніміз балалардың әдепті, мәдениетті, білімді, мейірманды, қайырымды болып өсуі арқылы адамгершілік құндылықтары жетілдіріледі. Бұл бағытта алдымен балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың моделін жасау қажеттігін тудырады.

Адамгершілікке тәрбиелеуде ертегілер мен қатар табиғат құбылыстары, олардың өзара байланысы, заңдылықтары, өсімдіктердің, жәндіктердің, жануарлардың дамуын танып-білу, бақылау және түсінігіне жеңіл тиетін қоғамдық құбылыстарымен, оқиғаларымен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы т.б. таныстыру арқылы балалардың дүние, табиғат, қоғам, Отан туралы алғашқы түсініктері қалыптасады, Астана туралы аңыз әңгіме, ертегі айтуға болады.

Демек, балалардың қандай да бір нәрсеге қызығушылығы да сатылап қалыптасады, мұны жоғарыда аталған зерттеулер нәтижесі дәлелдейді. Егер зерттеу проблемасымен байланыстыра қарастырсақ, балада алдымен қазақ халық ертегісіне жағымды эмоциялық көзқарас (әуестік), содан кейін мазмұнды эмоциялық көзқарас (әуестену), соңында танымдық қызығушылық пайда болады.

Ертегіні білуге әуестік қызығушылықтың алғашқы сатысы, яғни бала ертегіге жағымды көзқараста болады. Бұл сатыда бала ертегіні танып-білуде белсенділік көрсетпейді, ертегі ұнағанымен, өздігімен дербес оқып білуге талпынбайды.

Өйткені аталмыш сатыда ертегі тілін, оның мазмұнын эмоционалды тұрғыда қабылдау дағдысы бәсең дамыған сондықтан баланы ертегідегі кейбір көріністер ғана елітеді. Әйтсе де бұл сатыда бала ертегіге танымдық тұрғыда назар аудармағанымен, қызығушылық танытудың өзі оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік бар екендігіне меңзейді. Демек, білуге әуестік бала санасы мен іс-әрекетінің бастапқы бағытталу сатысы болады.



Баланың ертегіні білуге әуестіктен біртіндеп онымен әуестенуге көшуі қызығушылықтың екінші сатысы. Бұл сатыда баланың ертегіге деген қызығушылығы ойлау, қабылдау, есте сақтау, қиялдау, сияқты әртүрлі психикалық процестермен айқындалады.

Қызығушылық балалардың танымдық іс-әрекетін белсендендіреді, ертегілерді талдауға, әңгімелеуге, салыстырмалы суреттеме беруге дағдыландырады. Баланың да білуге деген құштарлығы артады. Алайда жұмыстың бәрі тәрбиешінің тікелей жетекшілігінде жүзеге асады. Бұл сатыда қызығушылықты қалыптастырудың терең де, мағыналы негізінің қалануына мүмкіндік туады. Сөйтіп, баланың ертегімен әуестенуі танымдық қызығушылыққа ауысады.



Баланың ертегіге танымдық қызығушылығының қалыптасу сатысы оның халық ертегілерін эмоционалдық тұрғыда қабылдап, танып-білуге талпынысымен, ертегідегі жағымды персонаждарға еліктеуімен, ертегілерді таңдап оқуға әуестенуімен сипатталады.

Ертегіні оқып-білуге қажеттіліктің болуы, оған деген сүйіспеншіліктің артуы қалыптасқан танымдық қызығушылықтың айшықты көрінісі десе болады.

Ертегімен әуестену – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың көргендерін танып-білуге, оған терең бойлауына көмектеседі. Баланың мұндай әуестігі ертегідегі болған оқиғаны түсінуге, білуге, көруге деген қызығушылығынан байқалады.

Балалардың ертегіні есту барысында «қайдан?», «неге?», «бұл не?», «неліктен?» және тағы басқа сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығушылықтың пайда болуымен байланыстыруға болады. Әрине, кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, ертегі мазмұнына деген танымдық көзқарасты, білуге деген әуестікті көрсетеді. Дәлірек айтқанда, мұны танымдық қызығушылықтың бастауы деп есептеуге болады.


Ертегі арқылы балалардың бойында қалыптасқан рухани-адамгершілік қасиеттер


Адамгершілік қасиеттің компоненттері

Қалыптасқан тұлғалық қасиеттер

Қазақ халық ертегілері

Гуманистік қасиеттер

Қайырымдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық, мейірімділік, ізеттілік, имандылық, инабаттылық, рақымдылық

«Ер Төстік», «Ғажайып бақ», «Жалайдар хан мен Сағат», «Аяз би», «Атымтай жомарт», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Құмырсқа мен көгершін», «Жақсылық пен Жамандық»

Ұжымшылдық қасиеттер

Ұжымшылдық сезім, өзара сыйластық, ынтымақтастық, достық, жолдастық, жауапкершілік

«Төрт түлік малдың кеңесі», «Ит пен мысық адамға қалай үйренді?», «Құмырсқа», «Есірік торғай, «Көк өгіздің тарихы жайында», «Ханның үш ұлы», «Ақбай», «Өнеге», «Бес ешкі»

Еңбексүйгіштік қасиеттер

Еңбексүйгіштік, еңбек тапсырмаларына адал ниетті қатынас, өз еңбегінің нәтижесіне жауапкершілікпен қарау, қанағатшылдық

«Хан мен етікші», «Сауысқан мен көкек», «Байлық пен ақыл», «Алтын балта», «Сүлеймен мен диқан», «Хан мен құмырсқалар», «Жылқы мен бұғы», «Жайық пен Еділ», «Ғажайып бақ», «Құмырсқаның қанағаты»

Патриоттық және ұлтжандылық қасиеттер

Отанға, өз халқына деген сүйіспеншілік, өзге ұлт өкілдеріне сыйластық, өжеттілік, ержүректік

«Ер Төстік», «Батыр Ақжан», «Әлібек батыр», «Еркем Айдар», «Керқұла атты Кендебай», «Асан батыр», «Тотан батыр», «Алтын сақа»

Тұлғаның жүріс-тұрысына рухани тұрғыдан реттеу ерекшелігінің қасиеттері

Адалдық, шыншылдық, ұқыптылық, шын берілгендік, жинақылық

«Уәзірдің қызы», «Үш қыз», «Ақыл сатушы», «Хан мен бүркіт», «Ермек», «Ақылды қыз», «Өнеге», «Алтын балта», «Байғыз», «Қотыр торғай», «Ұр. Тоқпақ»

Тұлғалық құндылық қасиеттер

Әділдік, өзін-өзі объективті бағалау

«Ер Төстік», «Сақыпжамал», «Ғажайып бақ», «Асан батыр», «Аяз би», «Түлкі мен маймыл, «Керқұла атты Кендебай»

Қазақ халық ертегілеріне балалардың танымдық қызығушылығы оқу және тәрбиелеу барысында қалыптасады:

а)тәрбиешілердің ертегіні әңгімелеуі арқылы;

б)ертегіні эмоционалдық әсермен қабылдауға байланысты.

Бүгінгі таңда жас мектеп жасына дейінгі балаларды халықтың мәдени мұрасы, соның ішінде халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – халық ертегісі. Қазақ халық ертегілері балаларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жетекші құралы. Өйткені оларда халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқы, қазақ халқының ең жақсы қасиеттері – еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен ортаға, табиғатқа жөне т.б. деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Ертегілер балалардға білім береді, тәрбиелейді, дамытады.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2010ж.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің стандарты. Астана-2009,-30б.

3.Төленова Ұ.Т. Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу: – Атырау, 2002. - 118 б.

4.Меңжанова А. Мектеп жасына дейінгі педагогика. - Алматы, 1996.
Аннотация. В данной статье рассматривается о развивающих сказок для воспитания детей.

Annotation. This article discusses about developing stories for parenting.

УДК 51.22: 11

ПРИМЕНЕНИЕ ИКТ НА УРОКАХ ТЕХНОЛОГИИ КАК ФАКТОР

ПОВЫШЕНИЯ АКТИВИЗАЦИИ ПОЗНАВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
Погибо А.

Средняя школа № 35, г. Тараз

Сегодня  много внимания уделяют использованию информационных технологий в школе. И это вполне оправдано тем, что век нынешний – это век информационный. Наша задача заключается не только в том, чтобы дать детям знания, но и в том, чтобы научить своих воспитанников искать их и усваивать самостоятельно. Умение обрабатывать информацию на сегодняшний день является весьма ценным навыком. Попытаемся рассмотреть, как ИКТ помогают учителю в достижении этой цели. В любом учебном процессе можно выделить основные элементы, такие как передача информации и ее усвоение. Оба эти элемента тесно взаимосвязаны друг с другом и влияют друг на друга. Передача информации происходит от обучающего к обучающемуся. Здесь велика роль источника и носителя информации. Главные требования к передаче информации – доступность ее понимания, своевременность и оперативность, а усвоение информации тесно связано с самостоятельной работой учащихся или с самообразованием. Необходимо научить каждого ребенка за короткий промежуток времени осваивать, преобразовывать и использовать в практической деятельности огромную массу информации. Очень важно организовать процесс обучения так, чтобы ребенок активно, с интересом и увлечением работал на уроке, видел плоды своего труда и мог их оценить. Помочь учителю в решении этой непростой задачи может сочетание традиционных методов обучения и современных информационных технологий, в том числе и компьютерных.

Использование  ИКТ на уроках технологии дает возможность:

1.визуализировать учебную информацию с помощью наглядного представления на экране теоретического материала, технологического процесса и т.п.;

2.осуществлять подготовку выпускника школы к жизни в условиях информационного общества;

3.индивидуализировать и дифференцировать процесс обучения за счет возможности изучения, повторения  материала с индивидуальной скоростью усвоения;

4.осуществлять  управление учебной деятельностью и контроль результата усвоения учебного материала;

5.развивать межпредметные  связи.

Для нашего времени характерно снижение уровня мотивации обучения и прежде всего учебно-познавательных  мотивов учащихся. Не является исключением и технология. Поэтому необходимо использовать любознательность и высокую познавательную активность школьников  к информационным технологиям для повышения и поддержания уровня мотивации к предмету «Технология». Изучение технологии в школе – первый шаг в подготовке инженерно-технических кадров. В то же время следует отметить, что технологическая культура человека, основами которой овладевают школьники при изучении технологии в школе, необходима любому человеку в будущем, независимо от выбора профессии. Подготовка кадрового потенциала для решения научно-практических задач, стоящих перед нашей страной, должна начинаться с изучения образовательной области «Технология» в общеобразовательной школе и продолжаться в начальных, средних и высших профессиональных учебных заведениях. Именно при изучении образовательной области «Технология» учащиеся должны получить исходные представления и умения анализа и творческого решения возникающих практических проблем, преобразования материалов, энергии и информации, конструирования, планирования, изготовления, оценки процессов и изделий, знания и умения в области технического или художественно-прикладного творчества, представления о мире науки, технологий и техносферы, влиянии технологий на общество и окружающую среду, о сферах человеческой деятельности и общественного производства, спектре профессий. Использование ИКТ на уроках технологии позволяет разнообразить формы работы, деятельность учащихся, активизировать внимание, повышает творческий потенциал личности. Построение схем, инструкционных карт, таблиц в презентации позволяет экономить время, более эстетично оформить материал. Использование иллюстраций, рисунков и т.п. воспитывают интерес к уроку; делают урок интересным. На уроках технологии, применение ИКТ позволяет использовать разнообразный иллюстративный, информационный материал. ИКТ уместно применять при изучении отдельных тем и разделов программы технологии трудового обучения. Это обуславливается следующими факторами:

1.Данная образовательная область предусматривает, прежде всего, формирование и совершенствование практических умений, в способах обработки материалов, моделирования и проектирования. Следовательно, большее количество времени должно уделяться практической деятельности учащихся на уроке.

2. Недостаточное количество мультимедиадисков в школьной медиатеке. Имеющиеся диски имеют узкую тематическую направленность, не лишены ряда достоинств. Таких, как профессионализм работы программистов, красивая графика, содержат хорошую мультипликацию, многофункциональны и т. д. Но в большинстве своем они не вписываются в канву данного конкретного урока конкретного учителя. С их помощью невозможно достичь всех целей, поставленных учителем на уроке. На уроке, как правило, практикуются выступления учителя или учеников с использованием компьютера, проектора, звуковых колонок, презентаций. Презентация может быть построена таким образом, чтобы наиболее оптимально решать поставленные на уроке задачи.

Презентация позволяет учителю не просто читать лекцию, но вести беседу с учащимися, задавая вопросы по теме и тем самым, заставляя учащихся актуализировать знания, полученные ранее по другим предметам, высказывать предположения (как вы думаете, какой вид термической обработки уменьшит хрупкость?) анализировать получаемую информацию (многообразие видов термообработки), сравнивать (отличие термообработки), обобщать (свойства разных материалов), делать выводы тем самым, развивая мышление учащихся, активизируя их познавательную деятельность. Беседа активизирует учащихся, развивает их память и речь, делает открытыми знания учащихся, имеет большую воспитательную силу, является хорошим диагностическим средством [3].

Эксперты уж давно заметили по результатам многочисленных экспериментов отчетливую сильную связь между методом, с помощью которого учащийся осваивал материал, и способностью вспомнить (восстановить) этот материал в памяти. Например, только четверть услышанного материала остается в памяти. Если учащийся имеет возможность воспринимать этот материал зрительно, то доля материала, оставшегося в памяти, повышается до одной трети. Обучение с использованием средств ИКТ позволяет создать условия для формирования таких социально значимых качеств личности как активность, самостоятельность, креативность, способность к адаптации в условиях информационного общества, для развития коммуникативных способностей и формирования информационной культуры личности.

Технологическая, инструкционная карта являются основным технологическим документом на уроке при выполнении практической работы. Инструкционные и технологические карты включают в себя графический и текстовый материал, сведения о характере выполняемого задания, требования к нему, материалах, инструментах, оборудовании и приспособлениях, трудовых операциях и их последовательности, а также о приемах организации труда, возможных ошибках и способах их устранения. Куда удобнее вывести ее на электронную доску, при этом не нужно ее рисовать заново для другой группы, можно добавить или убрать прямо на экране, будь то размер или лишние детали чертежа.

Всю проведенную в ходе занятия работу со всеми сделанными на доске записями и пометками можно сохранить в компьютере для последующего просмотра и анализа, в том числе и в виде видеозаписи. Учитель, работающий с интерактивной доской, может повысить уровень восприятия материала за счет комбинации различных форм передачи информации – визуальной и звуковой. В процессе занятия он может использовать яркие, многоцветные схемы и графики, анимацию в сопровождении звука, интерактивные элементы, которые откликаются на действия учителя или ученика. При необходимости, если в группе есть учащиеся со слабым зрением, учитель может увеличить тот или иной элемент, изображенный на доске. Наглядность и интерактивность–вот основное преимущество интерактивной доски. Интерактивные доски соответствуют тому способу восприятия информации, которым отличается новое поколение школьников, компьютерах и мобильных телефонах, у которого гораздо выше потребность в темпераментной визуальной информации и зрительной стимуляции.Презентация позволяет реализовать метод кратковременных фронтально-групповых лабораторных работ, которые одновременно выполняются всеми учащимися класса в группах под руководством учителя. При этом на слайдах может находиться план выполнения работы, бланк отчета о проделанной работе и форме вывода, видеосюжет, иллюстрирующий опыт или эксперимент. Фронтальные опыты, учат школьников наблюдать и анализировать явления, способствуют развитию мышления. Активизация мыслительной деятельности достигается соответственно постановкой вопросов, в которых следует обращать внимание на существенные стороны изучаемого вопроса. При работе с большими объемами информации у учащихся формируются умения и навыки критического мышления, способности осуществлять выбор и нести за него ответственность, оценивать эффективность информационного поиска, определять грамотно объем предлагаемой информации, читать быстро, осмысленно текст, графики, схемы, чертежи, формулировать мысли ясно, кратко, по делу, излагать мысли в письменном виде, выполнять анализ, сравнение, классификацию. Интерактивные элементы обучающих программ позволяют перейти от пассивного усвоения к активному, так как ученики получают возможность самостоятельно моделировать явления и процессы, воспринимать информацию не линейно, с возвратом, при необходимости, к какому-либо фрагменту, с повторением виртуального эксперимента с теми же или другими начальными параметрами.

Можно сделать следующий вывод: использование презентации на уроке есть применение наглядного метода иллюстраций во взаимосвязи с другими методами, позволяющими развивать мышление учащихся и активизировать их познавательную деятельность. Иллюстрации особенно необходимы тогда, когда объекты не доступны непосредственному наблюдению, а слово учителя оказывается недостаточным, чтобы дать представление об изучаемом объекте или явлении. Однако, важно понимать, что эффект от использования интерактивной доски во многом зависит от самого учителя, от того, как он применяет те или иные возможности доски.



Литературы:

1.Селезнев И.Н. Использование ИКТ на уроках технологии// Учебное пособие. М., 2012

2. Мукушев С.Б. Психолого-педагогические аспекты создания и использования информационных средств обучения //Научно-методический симпозиум «Информатизация школы». – М., 2009. – С. 18–19.

3. Петрова Т.В. Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках технологии с использованием ИКТ», 2011.


Аннотация. Жиырма бірінші ғасырдың  басталуы жаппай ақпараттық қоғамға көшумен сипатталады. Оған компьютерлік техника, ақпараттық технология және басқа да ғылыми-техникалық прогресс әсерін тигізуде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – еліміздің экономикасының, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғышарты.

Аnnotation. Development of information-communication technologies (ICT) has led to “information blast” whereby people are unable to find and process large volumes of information necessary for professional or educational purposes. Education system has always been based on scientific and technological achievements which leads to their further development. So the modern education system must be based on newest achievements in information-communication technologies.


ӘОЖ: 376: 720
ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Пірімқұлова Ф.

47 орта мектеп, Тараз қ.


Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өздігінен білім алуы үшін арнайы зерттеушілік білім беру мәселесі маңызды орын алуда. Осындай мәселелердің алдын алу үшін оқушыларды зерттеулік ізденістеріне қатысты білік пен дағдыларды қалыптастыру (проблемаларды анықтаудан ұсынуға дейін және алынған қорытындыларды қорғау) проблемасы әдістеме ғылымына тапсырылады,соған орай, оқушыларға зерттеу ұғымын кеңінен түсіндіру және олардың зерттеу қабілеттерін дамыта білу педагогтардың кәсіби шеберліктерін қажет деп санайды.

Оқушыларға шығармашылық іс-әрекет дағдыларын меңгерте отырып, педагог әр баланың зерттеу қабілеттерінің жеке дара екенін ұмытпауымыз керек, осы тұрғыда қабілеттерін дамыта отырып, жетістіктерге жеткізуге септігін тигізумен қатар, психология ғылымдарының докторы, профессор А.И.Савенков ұсынысы бойынша оқушының зерттеу қабілеттерін дамытуға арналған әдістемелік құралдарына сүйене отырып, ізденіс белсенділігін былай көрсетуге болады.

Оқушының жеке шығармашылығына бағытталған әрекет - зерттеу әрекеті, сондықтан - мұндай әрекет оқушының жеке білім аумағын қалыптастыру арқылы нәтиженің туындауына мүмкіндік береді, себебі оқушыларда арнайы бiлімдi қалыптастыруға, сондай-ақ жалпы зерттеулiк iзденiске қажет бiлiк пен дағдыны дамытуға қажеттi бағдарламаны өңдеу қағидаларын талдауға болады.

Баланың танымдық іс әрекетін табысты жүргізу үшін А.И.Савенков әдістемесі бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын қолдануда.

“Зерттеу” ұғымын кеңiнен түсiндiру қағидасы бұл - зерттеулiк оқыту жағдайында “зерттеу” ұғымын тек эмпирикалық таныммен шектемей, оны максималды кең ашу неғұрлым нәтижелi болатыны сөзсiз анықталған,осыған байланысты кейбiр аспектiлер жеке пәндердi оқыту әдiстемесiнде қарастырылған. Тарих және құқық пәндерi бойынша көптеген зерттеулер мен бақылауларды өткiзу әдiстемелерi өңделіп шығуына байланысты, бұл оқушылар үшiн өте құнды екенi рас, бiрақ зерттеулiк iзденiс дағдылары, бiлiк, арнайы бiлiм мұнымен байланысты. Мұндай байланыстардың бiрнеше себептерi бар, оның бiрi – “зерттеу” ұғымын жете түсiнбеу сияқты, мысалы көптеген әдiскерлер, пән мұғалiмдерi, “зерттеу” ұғымын тек эмпирикамен шектелетiндiгiне сенiмдi, нәтижесiнде олар зерттеулiк бiлiк пен дағдыға тек соның көлемiндегi тәжiрибелi танымға тiкелей қатыстыларды жатқызады. Ал одан тыс тұрғандарды, мысалы: проблемаларды көре бiлу, өзiндiк iзденiс нәтижесiнде материалдарды жинақтай бiлу, тiптi басқалармен жазылған мәтiндердi анализдеу кезiнде түпкiлiктi жаңа ақпарат таба бiлуге негізделген.

Оқытуда зерттеулік баланың жалпы зерттеу бiлiмдерi мен дағдыларын дамыту мәселесi жеке танымдық iс-әрекетi емес, өмiрдiң ерекше стилiн қалыптастырудың негiзгi жолы ретiнде танылады, өйткені мұндай өмiр сүру стилiнде iздену белсендiлiгi алдыңғы жүргiзушi орында болады.

Жалпы зерттеу бiлiктiлiгi мен дағдылары табиғаттың қандай-да бiр қарапайым заңды iс-әрекеттерiн көрсетуге ғана емес, қазiргi динамикалы өмiрге сәйкес жеке тұлғаның үнемi ауыспалы қоршаған ортаға бейiмделуiнiң маңызды тәсiлi ретiнде кеңінен қарастырылып, зерттелуде.

Пәнаралық байланыс қағидасы- бұл әртүрлі ғылымдардың пәндерi әртүрлi болатыны ақиқат, себебі- зерттеу әдiстерiнiң мазмұнынан әр ғылым жеке өзiне керек бөлiгiн ғана алумен қатар, мәселен, тарихта қолданылатын әдiстердiң өнертануда пайдасы аз, керiсiнше социологтардың қолданатын әдiстерi көлемiнде жүргiзiлетiн iс-әрекетке пайдалылығы әлдеқалай тиімді.

Сондықтан жеке ғылымда қолданылатын зерттеулiк әдiстер мен олар талап ететiн зерттеу бiлiктiгi мен дағдыларының өзiндiк ерекшелiгi - оларды бiр ғана ғылыми пәнге жүктеп қою идеясын болдырмау. Оқушылардың жалпы зерттеу iзденiсiнiң бiлiктерi мен дағдыларын дамыту бiр пәннiң төңiрегiнде бүкiл зерттеулiк әдiстеме қорын қолдануға мүмкiндiк бермейдi. Зерттеулiк iзденiстiң жалпы бiлiк пен дағдыларын дамыту мәселесiн тек бiр пәнмен байланыстыру қате шешiм деп есептейді.

Сабақтарда тренингтерге сүйену қағидасына негізделеді- бұл баланың когнитивтi өрiсiн арнайы бiлiмдермен байыту, оның зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамыту жұмысында дәстүрлi бiлiм беруден өздігінше дербес, арнайы тренингтiк сабақтар өткiзу неғұрлым нәтижелi болады себебі, мұндай сабақтар зерттеулiк iзденiс ситуацияларын қажет ететiн арнайы бiлiм алуға, барлық зерттеулiк iзденiстер мен дағдыларды өңдеп, жүзеге асыруға жол ашады.

Оқу үрдісіндегі импровизация қағидасы – бұл балаларды арнайы бiлiммен оқытуға, олардың зерттеулiк iзденiс бiлiктерi мен дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтарды жоспарлап жүргiзу кезiнде мұны қатаң, алдын-ала өңделген алгоритм бойынша жасау мүмкiн емес екенiн ескерумен қатар, зерттеу iс-әрекетi – шығармашылық iс-әрекет, ол икемдiлiктi, жоғары мобильдiктi қажет етедi, сондықтан да, мұнда импровизация сәттерiнiң болғаны дұрыс деп есептелінеді.

Әр сыныптың өзіндік ерекшелiктерi, құндылықтары және қалаулары болады, әр уақытта сыртқы факторлардың әсерiнен олардың қызығушылықтары бiр құбылыстан екiншi бiреуiне ауысуы мүмкiн, яғни бiр бiлiмдi әр бала әр түрлi қабылдауына байланысты. Оларда зерттеулiк iзденiстiң әр түрлi бiлiктерi мен дағдылары көрiнiс тауып, қалыптасуы мүмкiн,сондықтан педагог балалардың осы ерекшелiктерiне икемделуі керек, бұл үшiн ол өз жоспарларын әрқашан өзгертуге және оларды қайта туындаған жағдайларға сәйкес түзету жүргiзуге әр уақытта дайын болуы қажет .

Қазіргі заманғы білім беру практикасында балаларды зерттеп оқытудың маңызы арта түсуде, себебі оқушыны оқыту барысында кез-келген пән бойынша зерттеу ізденістері көптеген мектептерде қолға алынуда. Осыған орай Әр облыстарда да өңірлік орталықтың ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеулік білім деңгейі мен барысын анықтау мақсатында ғылыми зерттеу жұмыстарының байқаулары өткізіліп келеді, оның маңызы - байқаулардың көрсеткіштері бойынша оқушылардың проблеманы көре білу қабілеттілігі, танымдық құндылығы, ой қорыту деңгейі және өз жұмыстарын мазмұндау ерекшелігі бағаланып, сонымен қатар педагогтардың оқушылармен ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру сапасы анықталды. Мұғалімнің зерттеу мәдениеті жоғары болған жағдайда ғана оқушының зерттеулік білімді тосқауылсыз жоғары дәрежеде меңгеруіне толық мүмкіндігі болады.

Оқушы білімді терең қабылдау үшін, мұғалім мен оқушы арасында қандай біріккен іс-әрекет болуы керек?

Білім жеке тұлғаны дамыту үшін, саналы түрде қабылдануы қажет. Сабақты оқыту процесінде жаңа кең деңгейге – пәндік тақырыпты түсіндіру шеңберінен шығып, оқушының өмірлік бағыттарын оқу пәнімен кең көлемде байланыстыру арқылы – пәнаралық жаңа әдіске, қорытындылауға, заңдылықтарға, жүйелерге, жалпыадамдық құндылықтарға және проблемаларға шығу қажет. Бұл теориялық ойлау қабілетін дамыту арқылы мүмкін болатын құбылыс.

Пәннің жүйелік сапасы бұл теориялық ойлау арқылы– құндылығы, мағынасы мен мәні танылады, сондықтан, оқушының ойлау әрекетін дамыта оқыту; оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын ұйымдастыру; әртүрлі көзқарастарды салыстыру, аргументтеу, негіздеу; топтық, ұжымдық жұмыс түрлерін, ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жетілдіру керек. Оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда, проблеманы қайта тұжырымдап айту арқылы мағынасын өзгертуге болады,өйткені мағыналық реттестірудің тағы бір формасы – белсенді әдістер арқылы реттеледі. Оқытудың белсенді әдістері оқушының танымдық әрекеттерін жандандыратын эффективті тәсілдердің бірі, себебі, оқушылар «қайраткерлерге», «ойшылдарға» айналып, іс-әрекетке қатысушылар болып табылады. Ойлау – диалогтік құбылыс, өйткені ол топта, пікірталаста, айтыста қаралыды.

Оқушының мотивтерімен жұмысы бұл- ой басқа ойдан емес, біздің санамыздың мотивациялық өрісінен туындайды,себебі- оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда оқу мотивациясы сырттан болмау керек: мәжбүрлеу, күштеу көптеген оқушыларға кері әсер етеді өйткені баланың ішкі мотивациясы болғаны жөн: өз себептері, орындаған әрекеттеріне қанағаттану, өзін-өзі сыйлау арқылы қажеттіліктер және мүмкіншіліктер – белсенділік көзі болғандықтан оқушының құзырлы адам болуға талпынысын дамыту керек. Мұғалімнің кері байланысы бақылау және бағалау түрінде емес, нақты және хабарлы түрде болғаны жөн.

Жеке тұлғаға білім беру технология арқылы емес, кімге білім беріп тұрғаныңды түсіну арқылы болады, сондықтан педагогтың өзінің түсінісудің тұлғааралық «механизмдерімен» жұмыс істеуінің маңызы ерекше- бұл оның мынадай қабілеттерімен ерекшеленеді:



  • Децентрация бұл - өзін оқушының орнына қойып, әлемге баланың көзімен қарай білу, яғни оқушының пікірін қабылдау, оның пікірі мен тәртібіне теріс әсер болдырмау,оны пікірімен санасу.

  • рефлексия - әртүрлі көзқарастар айтылған диалог кезінде, бірге талқылау, бірге шешім қабылдау кезінде мұғалім сырт көзге қалай көрінетінін түсіне білу,өзара қарым-қатынас.

  • эмпатия – оқушының жан дүниесін, ойлары мен сезімдерін түсіне білу, бұл мұғалімнің оқушыға жақындығынан, оң көзқарасынан,пікірін түсіну мен ерекшеленеді.

Оқушылардың сұрақтары пәннің тақырыбы туралы емес, «мен үшін оның қандай маңызы бар?», яғни «маған сәйкес келе ме?» деген сөзімен,сабақтың, тақырыптың, әдістің бала қажеттілігі мен мүмкіншілігіне сәйкестігі оның көңіл-күйінен көрінеді себебі; егер жағдай балаға сәйкес келмесе, теріс көңіл –күй пайда болса, онда фрустрация (ренжу, қорқу, түңілу), агрессия, ойлау туындайды сондықтан, сабақтың проблемалы жағдайында бала көзқарасы, бағытына қайшылық пайда болғанда, теріс көңіл-күй пайда болады. Бұл жағдайда эмоция баланың өзіне, мұғалімге немесе өзінің әңгімесіне бағытталуы мүмкін. Бірінші жағдайда – фрустрация, екіншіде – агрессия, үшіншіде – ойлау пайда болады. Бірінші және екінші жағдайда мұғалімнің кері байланысы бақылау түрінде болып, оқушыны ойлауға, сезінуге, бір нақты үлгі бойынша өзін ұстауға мәжбүрлеп тұр, яғни оқытудың сыртқы мотивациясы туындады, ал үшінші жағдайда кері әсер хабар түрінде беріліп, таңдау бостандығы сақталып, ішкі мотивация пайда болады. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сөзі – оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық сілтеме. Еліміздегі мектептерде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды іздестіруге және оларды қолдануға бағытталып отыр.

Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа тарихи білім мазмұнын жасау және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі жан-жақты айқындалған.


Пайдаланған әдебиеттер:

1.Қалиев.С, Майғаранова.Ш «Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» А., «Рауан» 2010

2.Б.Тұрғынбаева «Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту»2009

3.Қ.Қ.Сегізбаева «Болашақ ұстаз тұлғасын қалыптастырудағы кәсіби жетістік,өкілеттілік,міндет қызмет бабының рөлі».

4.ҚР 2015 жылға дейінгібілім беруді дамыту тұжырымдамасы Астана 2009
Аннотация. Изменения в школах нашей страны и употребления навыков новой образовательной системы, обеспечивая ребенку единолично находя и употребляя с помощью новых информационных технологии

Annotation. Changes in our nation's schools and the use of the skills of the new educational system, ensuring the child alone finding and eating with the help of new information technologies.

Р17

374/377(574)

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ

МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Райымбекова Г.

49 мектеп-гимназиясы, Тараз қ.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасында қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі мен әл – ауқатын жақсарту мақсатында азаматтардың денсаулығын көтеру, ауруды болдырмау үшін экологиялық мәселелерді шешу қажеттігі айқын көрсетілген.

Қоршаған ортаға немқұрайлы қарауды болдырмаудың жолы бастауыш сыныптан басталып, балада болашақ қоғам мүшесінде экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу қажеттігі туындайды.

Демек, қазіргі таңда бастауыш мектептен бастап жас ұрпақтың бастапқы экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын, оны орынды пайдалану маңызды мәселе.

Сол себептен бастауыш сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру дұрыс жолға қойылуы қажет. Балаларды бастауыш мектептен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу қажеттілігі мен оның білім беру жүйелерінде қазір өмір талабына сай жүргізілуі және балалардың мүмкіндіктері мен экологиялық мәдениетке тәрбиелеуде дүниетану пәнінің маңызы зор.

Дүниетану пәні бастауыш сынып оқушыларына дүниетанымдық білім беру мен оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеудің негізгі көзі болып табылады.

Дүниетану пәнінде «Адам – қоғам – табиғат» жүйесіндегі білім берудің бірлестігі қарастырылады. Білім берудің дүниетанымдық негіздері кіші мектеп жасында қалыптастырылады. Қазіргі кезеңде оқушыларды айналадағы табиғи ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға, баулуға оқу тәрбие жұмысы барысында баса назар аударылып, дүниетанымдық білім беруге ерекше көңіл бөлінген.

Дүниетану оқулығы шеңберінде қалып қоймай, тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыдан аша отырып, дүниетанымдық білім беру жан - жақты тәрбиелеу мұғалімдердің негізгі міндеті болып табылады.

Дүниетанымдық білімнің негізгі жүйесі қазіргі кезеңде бастауыш мектептерде қаланады.

Бастауыш сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерінің жағдайын, табиғаттың жыл маусымына байланысты өзгерісі мен оның себептері: тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы қатынас, адам әрекетінің табиғатқа жасайтын ықпалы, табиғат байлығын пайдалану және қоршаған ортаның ластануы жөнінде қарапайым және жалпылама мағлұмат алады.

Табиғат байлықтарын пайдаланудағы жеке адамдардың, қоғамдардың тарихы мен маңызы жаратылыстану пәндері бойынша биосфера және оның бөлшектерінің жағдайы жөнінде түсініктер беріледі.

Бастауыш сыныптарда оқушыларға қоғам мен табиғаттың бірлігі тікелей өсімдіктер мен жануарларды қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік тәртіп жөнінде білім жүйесі беріледі.

Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларға дүниетанымдық білім беру, табиғат қорғауға тәрбиелеу төмендегідей міндеттерді көздейді.

- басты идеяларды, негізгі дүниетанымдық ұғымдарды түсіну арқылы

адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес оған ықпал жасауы;

- табиғаттың алуан игіліктерін өндіріс пен мәдениетті дамытудың

негізгі көздерінің бірі деп түсіну;

- табиғатты ұтымды пайдалануға байланысты қолданбалы білімдерді

практикалық іскерліктерді және дағдыларды меңгеру;

- табиғатқа әсер етудің оған зиян келтірмейтін, ластамайтын және

табиғи ортаға залалын тигізбейтін шектік деңгейлерін (нормаларын саналы

түрде сақтау;

- адамның табиғатпен қарым-қатынас жасауға деген рухани қажетсінуін дамыту, оның адамның жан дүниесін байытатындығын сезінуі, табиғаттың заңдылықтарын танып білуге талпыну;

-қоршаған ортаны сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәнінің әр сабағынан кейін оқушыларға табиғат қорғауға байланысты сабақтан тыс уақытта жүргізілетін оқушыларға бақылау тапсырмасы беріледі. Барлық тапсырма қарапайым, түсінікті, сонымен бірге бала білімін тереңдете түсетіндей болуы тиіс. Сондай-ақ тапсырма оқушының алдағы уақытта оқыту үрдісіне қажетті жаңа деректермен толықтырылуы тиіс.

Оқушылардың оқыту үрдісінде алған теориялық білімдері әрбір сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін жұмыстарда бекітіледі, оқушылар өздігінше табиғатты танып, оның сырларын ұғынып, табиғат қорғауға талпынады. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда тек дүниетану сабағы емес, басқада пәндерді кіріктірудің маңызы зор. Мысалы математика сабағында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда есептер мен қатар, логикалық тапсырмалар, сабақтар өткіздік.

«Екi таңбалы сандарды қосу және азайту» тақырыбын «Ертегi сабағын» өткiзу арқылы түсiндiрдiк.

Сабақтың тақырыбы: «Екi таңбалы сандарды қосу және азайту».

Сабақтың мақсаты: Екi таңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың есептеу техникасын жетiлдiру. ұқыптылыққа, бiлiмдi табандылықпен игеруге дағдыландыру. Келтiрiлген есептер арқылы оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекiлiгi: түрлi- түстi суреттер.

Сабақтың түрi: ертегi сабақ.

Сабақтың барысы:.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру.

Бұрын өтiлген материалдарды пысықтап, екi таңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын қалыптастыру мақсатында төмендегi ертегi сабағын ұйымдастырдық.

Есептердi шығарту үшiн сынып оқушыларын екi топқа бөлiп ұйымдастырамыз.

Сабақ барысында мынадай ертегi айтылады: «Ерте- ерте ертеде бiр ханның Жалайыр және Сүлеймен деген екi ұлы және өзi сұлу, өзi ақылды Айша деген қызы болыпты. Күндердiң бiр күнiнде бойжетiп отырған ханның Айша қызын бiр түнде ұйықтап жатқан жерiнен бiр Дәу ұрлап әкетедi. Жалайыр батыр мен Сүлеймен батыр екi жасақ қол жинап, қарындастарын iздеуге шығ ады. Олар жасақтарымен келе жатып бiр дарияға кездеседi. (Дарияның суретi iлiнедi) Дарияның жағасындағы қара таста мынадай жазу тұрады: “Кiмде-кiм осы дариядан өтемiн десе, мына есептi шығарсын:



Есеп 1. Көктемнiң үш айында Талас өзенiнiң деңгейi шамамен 18 см биiктiкке көтерiледi. Наурыз айының өзiнде осы үш айдағы судың көтерiлген деңгейiнен 10 см-ге аз көтерiлген. Ал сәуiр айында үш айдағыдан 12 см-ге аз көтерiлсе, онда мамыр айында Талас өзенiнiң деңгейi қанша см-ге көтерiлетiн болғаны? “

Жасақтар есептi шығаруға кiрiседi. (әр топтан екi оқушыдан шығады да осы есептi шығарады). Есептi бiрiншi шығарған жасақ батырлары ары қарай аттанады. Ертегi әрі қарай жалғасады.

Дария қақ жарылады да батырларға жол ашылады. Келе жатып олар жүз жастағы қарияның үйiне кез болады. Қариядан жөн сұрайды. Ол: «Егер үйiмнiң шатырындағы есептi шығарсаңдар, Айшаға апаратын жолды айтамын»,- дейдi.

Үйдiң суретi iлiнедi. Оның шатырында мынадай есеп көрсетiлген:



Есеп 2. Қазақстанның қызыл кiтабына сүтқоректiлердiң 31 түрi, құстардың түрi сүт қоректiлердiң түрiнен 12-ге артық. Бауырымен жорғалаушыларды түрi құстардың түрiнен 35-ке кем түрi енген. Сонда қызыл кiтапқа қанша сүтқоректiлердiң, қанша бауырымен жорғалаушылардың түрi енген?

Екi топ жарыса есептi шығарады. Есеп шыққан соң ертегi ары қарай жалғасады. Қария жол көрсетедi. Бiрақ Дәу Жалайыр мен Сүлеймен батырлардың келе жатқандарын бiлiп қойып, қапылыста жасақтарымен олға түсiрiп, зынданға тастайды. Алайда зынданнан шығудың бiр-ақ жолы бар, ол зынданның қабырғасына жазылған есептi дұрыс шығаруда ғана екен. (Есеп жазылған зынданның суретi iлiнедi)



Есеп 3. Соңғы жылдары Семей облысында 14 бұлақтың көзi бiтелсе, Қарағанды облысында одан 66-ға артық бұлақ көзi бiтелiптi. Ал Жамбыл облысында Қарағанды облысына қарағанда 24-ке кем бiтелiптi. Сонда Қарағанды, Жамбыл облыстарында қанша бұлақ көздерi бiтелген?

Есептi шығарып зынданнан шығып кетедi. Зынданнан шыққан батырлар Айша қамалған қорғанды тауып алып, оның қақпасын бұзып кiру үшiн тағы бiр есептi шығаруға тура келедi. (Қамалдың суретi iлiнедi).



Есеп 4. 1995 жылғы зерттеу нәтижесi бойынша Көкшетау облысында 88 көл құрғап кеткен. Ал Ақмола облысында бұдан 78-ге кем көл құрғапты. Сонда екi облыста барлығы қанша көл құрғаған?

Есептi шығарып болған соң екi топтың жарысының қорытындысы шығарылады.

Мұғалiм әр есептiң шартына қайтып оралып, есеп мазмұндарына байланысты табиғаттың қорларын қорғауға тоқталып өтедi. Оқушылардан өзен-көлдердiң, бұлақтардың адам өмiрiндегi маңызын сұрайды. “Есептердiң мазмұнынан өзен-көлдердiң қазiргi кездегi жағдайының қандай күйде екенiн бiлдiк?“- деген сұраққа жауап алдық.

Оқушылар: Өзендер мен көлдер - бұлар сұлулықтың көзi, адамдардың өмiр сүруi үшiн керек. Егiндiктi суғаруға, жануарлардың iшуi үшiн қажет. Бұлақтардың көздерi бiтелiп жатыр. Өзендердiң, көлдердiң құрғап, бұлақтардың көзiнiң бiтелiп жатқанына адамдар кiнәлi.

Мұғалiм: Су- жер бетiндегi өмiр негiзi. Сусыз тiршiлiк болуы мүмкiн емес. Су кездеспейтiн жер жоқ. Адам баласына күнiне екi жарым литр су керек. Адам суды тек iшуге және тағам дайындауға ғана пайдаланып қоймайды. Глобусқа зейiн салып қарасақ, бiздiң ғаламшарымыздың басым көпшiлiгiн су алып жатқанын көремiз. Оны ғылыми тiлде гидросфера деп атайды. Гидро- су, сфера- қабық. Суды пайдаланбай, ешбiр халық шаруашылығындағы, өнеркәсiптегi үрдiс iске асуы мүмкiн емес. Сол себептi де халық суды өмiр нәрi, өмiрдi алға жылжытатын қозғаушы күш, денсаулық кепiлi, көркемдiк көзi ретiнде атайды. Осы қасиеттiң барлығы тек таза суда ғана болады. Ал суды улап, былғайтын адамның өзi ғана. Кейбiр табиғат құбылыстарының әсерiнен су табиғи жолмен де ластанады, бiрақ бұндай жолмен ластанған су көздерiн табиғаттың өзi-ақ тазалап алады. Ал адамның улауынан ол өзi тазара алмайды. Суды кейбiр адамдар тегiн дүние деп есептейдi. Қазақ халқы өмiр тәжiрибесiнен дұрыс қорытынды шығарған: «Ей, шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегiн деме, судың да сұрауы бар» деген нақыл сөз қалдырыпты.

Үйге тапсырма: үйге берiлетiн есеп те сабақта қарастырылған есептермен мазмұндас болды.



ЕСЕП: 1993 жылы Ақмола облысында бұлақ, жылғалардың 9-ы, Жамбыл облысында 56-ы, Қызылорда облысында 2-i, Қостанай облысында 11-iнiң көздерi бiтелiптi. Сонда 4 облыстың қанша бұлақ, жылғаларының көзi бiтелген?

Сабақ соңында қазiргi кезде табиғат қорғау жалпы халықтық iс болып отырғаны, табиғатты қорғауда мектеп оқушылары да көптеген игi жұмыстар атқара алатыны айтылып, мысалдар келтiрiледi.

Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатында әрбір оқушының, әр сыныптың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеру, оқытудың барынша жеңіл әдістері мен тәсілдерін қолдану, сабақ арқылы экологиялық білім беру ісін сабақтан тыс жұмыстарымен тығыз байланыстыру, мектепте өтілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды табиғат қорғау бағытында жүргізу, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыру, оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу ісінің тәрбиенің басқа түрімен өзара бірлікте және бірін – бірі толықтыру бағытында жүргізілуі қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:

1.Н. Назарбаев. Қазақстан 2030 бағдарламасы. Алматы. 1997.

2.Исламова Қ. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми практикалық негіздері.\ Оқу-әдістеме құралы. –Алматы.2011.

3.К.Ж.Бұзаубақова Сабақтан тыс жұмыстарды жүргізгенде оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. - Тараз, 1998.


Аннотация. В данной статье ученики начального класса расследование каждый природные явление, изменение природных сезонов и причины их изменение: отношение живой и мертвой природы, какое имеет человеческое влияние к природе, при этом сделать вывод при употребление природных богатств а также использую загрязнения окружающей среды.

Annotation. In this article, primary school pupils investigate every natural phenomenon, natural change of seasons and reasons for change: the ratio of live and dead nature, what is the nature of human influence, thus conclude with the use of natural resources as well as the use of environmental pollution.

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет