Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет10/22
Дата25.12.2016
өлшемі4,61 Mb.
#5233
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Әдебиеттер тізімі:

1.Махашова П.М., Әлжаппарова А.Н. 12 жылдық білім беру жуйесінде құқықтық тәрбиенің маңызды жолдары// Ғылыми педагогикалық журналы «Хабаршы». 2012жыл, №10, 13бет.

2.Назарбаев Н.Ә. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам. Әлеуметтік модернизацияны іске асыру бойынша 20 қадам бағдарламасы.

3.«Қазақстан -2050» атты стратегиялық бағдарламасы.

4.ҚР Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы – Астана, 2012.

5.Білім беру жүйесіндегі 12 жылдық мектеп атты бағдарламасы.


Аннотация. В статье рассматриваются особенности 12-летнего образования и основные проблемы образования Республики Казахстан.

Annotation. In article features of 12 years' education and the main problems of formation of the Republic of Kazakhstan are considered.

ӘОЖ 520. 14
МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАБАҚШАДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН

ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Д.Ә. Жамалбаева

7 бала-бақша, Тараз қ.


Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттердің біріне айналды. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.

Еңселі егеменді еліміздің қуатты тұтқасын, яғни саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі.

Сондықтан да қазіргі заманға сай халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қымбат қазына ретінде бағалап, балабақшадағы тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыра білуіміз керек. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт-дәстүр аясында өседі. Бала тәрбиесінде халықтық, тұрмыстық салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың жас ерекшеліктеріне сай ата-баба дәстүрі мен халықтық педагогиканы басшылыққа алып, тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастырып, ұтымды білуіміз қажет.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі принциптерге негізделіп, мақсаты айқындалады.

- Тәрбие жұмысын ізгілендіру.

- Тәрбиені демократияландыру.

- Тәрбие жұмысын жекелей жүргізу.

Мақсаты: Тәрбие жұмысын дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-әдістемелікпен қамтамасыз ету, оның ішінде білім беру мекемелеріндегі өскелең ұрпаққа ұлтжандылық тәрбие беруге қолайлы орта жасау.

Ашық ақпараттық, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамыту, өзін-өзі танытуын ұйымдастырудың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету.

Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық жүйесін дамытуды қалыптастыру.

Халықтық педагогикалық патриоттық және адамгершілік тұрғыдағы тәрбие беру ұстанымдарын түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер:

*Балалардың бойында қазақстандық ұлтжандылықты, төзімділікті, мәдениеттелікті, салауатты өмір салтын ұсынуды, салауатты ұсынуды, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қалыптастыру үшін тәрбие жүйесін құру;

* Балалар мен отбасыларына әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету мақсатында кеңес беру;

* Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірибелерін тарату;

* Оқыту тәрбие үрдістерінің үштігін: педагог, ата-ана, баланы тарта отырып, тәрбиенің жаңа түрлерінің жүйесін құру;

* Отбасы мен балаларға әлеуметтік психологиялық-құқықтық көмек көрсету қызметн құру.

Ата-бабамыздың дәстүрлі халық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ, осы кезеңде балдырғанға тәрбие беру ісі жан-жақты – тіл үйрету, ақыл-ойын өсіру, денесін жетілдіру, еңбексүйгіштікке баулу, ең бастысы адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз. Бұл жөнінде С.Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі» деген еңбегінде «Қазақ халқының тұла бойы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, істеген ісі – тұнып тұрған тәрбие. Сондықтан біздің алға қойған міндетіміз – мектепке дейінгі мекемедегі тәрбие жұмысындағы жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды жинақтап, саралап пайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу» - деп атап көрсеткен.

Барлық дәстүр, әдет-ғұрыптар тәрбиеге байланысты. Ізгі дәстүрлер негізінде бүлдіршіндерді тәрбиелеу кешенді тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі болуға тиіс. Халқымыздың ұлттық мәдени мұраларында балаға рухани, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, қоршаған дүниені тануға қатысты мәселелер кең қамтылған.

Ұрпақ тәрбиесіне тереңірек үңіліп, отбасы, қоғамдық мекемелер, бүкіл жұртышылық болып, тәлім-тәрбиені халықтық педагогикаға үйлесімді, жаңаша жүргізу, осы ретте тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау, жас ұрпақ зердесінде ата-бабаның асыл мұраттарын орнықтыру баланың нәрестелік шағынан басталып, әрі қарай жалғасса, бұл үнемі жетіле беретін толассыз тәрбие көзіне айналмақ. Ендеше, халық педагогикасы, дәстүрі келер ұрпақ ата-баба мұрасынан нәр алатын, оны саналы жан-жақты жетілген азамат ретінде тәрбиелеу міндетін атқаратын педагогикалық ғылымдардың қайнар бұлағы екені сөзсіз. Тәрбиеші – мектепке дейінгі мекемедегі басты тұлға. Қазіргі уақыт талабына сай жаңа стандарт талабы бойынша оқу-тәрбие жұмысын кешеді түрде ұйымдастыруда жаңашыл тәрбиешілердің негізгі тәрбие құралы көркем әдебиет болуы тиіс. Сондай-ақ, оны өз деңгейінде шығармашылықпен қолдана білуі қажет. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Бүгінгі таңда халыққа білім беру саласындағы қаралып жатқан көптеген мәселелер ауқымы мектеп жасына дейінгі мекемелерді де қамтып, ондағы тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұнын жаңарту талабы қойылуда. Атап айтқанда болашақ жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың денсаулығын нығайту, адамгершілік, имандылық қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортаны тану, ондағы құбылыстарды байқау, математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілеттерін жетілдіру және оның сапасын арттыру көзделіп отыр. Эстетикалық тәрбиеде көркемөнерге ерекше орын беріледі. Ол толғанта және қуанта отырып, балалар алдында өмір құбылыстарының мәнін ашады, Әсемдіктің әсер ықпалын бастан кешіруге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелейді. Баланың көркемдік дамуы ойдағыдай болуы үшін тәрбиеші оның жасына сәйкес, іс-әрекеттерінің түрлерін дұрыс пайдалана білуі қажет. Көркемдік тәрбие әдістемесінің негізіне – бала мен педагогтың көркем құндылықты қабылдауда, өнімді әрекетке деген шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік, табиғи, заттық ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады.

Тәрбиеші балалардың көркемдік әсерді қалай қабылдайтындығына қарай өнер туындысымен, музыкалық әуен сазын, әнді, ертегіні тыңдай, суреттерді көре отырып, тікелей әңгімелеп, түсіндіріп, сұрақтар қою арқылы көркемдік тәрбиенің әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуіне болады. Оларға белгілі бір талаптар қойылады. Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді. Сөйлесу барысында балалар суреттің, өлеңнің, әннің мазмұнын немесе тапсырманың мәнін ғана түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды бастарынан кешіру үшін де жарқынобраздылыққа жетулері қажет.

Балабақшадағы көркемдік тәрбие жөніндегі жұмыстар тәрбиелеу мен білім беру ісінің барлық жақтарымен тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де іс-әрекеттің әр алуан түрлерінде көрініс табады. Әрине, жас ұрпақтарымызды тәрбиелеуде мұндай талаптар кез келген істің сабақтастығын, бірізділігін жолға қоюмен қатар баланың жеке басының дамуындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. Ол үшін сәбиге таным мен тәрбие берудің басты құралы – балабақша бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басын дамытудағы өзекті мәселелер: ой-өрісін, дүние танымын кеңейтетін, өмірге қажетті білім-дағдыларын меңгертіп, сонымен қатар ой еңбегіне баулып, өздігінен әрекет жасауға, еңбек ете білуге тәрбиелеу басты мақсат етіп алынуы қажет. Баланың жеке басын дамытуда қандай дидактикаларды көздеу, бағыттау керек деген сұраққа әрбір баланың даму мүмкіндігі, икемділігі де ескерілуі керек – деп жауап беруге болады. Ол үшін баланың «керек» деген тілегін қолдау, екіншіден, «жасаймын» деген ниетін қайтармай, күш-жігер беріп, оларға жағдай тудырсақ, өз бетінше дамуында, жаңаша ойлауында, ары қарай дамуына жол ашарымыз сөзсіз.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. «Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді. Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар балабақша мен отбасы.

Осы екі арнада жүргізілген тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.. Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну, қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық үрдіске тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:

- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;

- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысу, әр түрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;

- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;

- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;

- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.

Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Отбасы және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары – баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Бала тұлғасы, оның қызығушылығы, дамуы, тұлғалық әлеуетін ашу педагог пен отбасы арасындағы қатынас стратегиясының орталығы болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік, ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағыттары шарт.

Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші, педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты кезде жұмыс істеу өте маңызды. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеруін жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер ж.үйесін, кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашлықыпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Балаларды әлеуметтік ортаға бейімделудің бір құралы – балалардың инабаттылық тәрбие сағатында алған білімдері мен игерген іскерліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін топтық, жұптық бірлескен жұмыс түрлері. Балалардың отбасындағы әлеуметтік ортасына бейімделуін зерделей келе, мектеп жасына дейінгі балаға жақын адамдардың жылулық, сезінуіне, эмоционалдық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, өз-өзін бағалау деңгейін жоғарылатады.

Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады, ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру нәтижесіне жетеді. Баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге күш салатын қазіргі заман педагогикасын: мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ешкім жоққа шығармақ емес. Отбасындағы ата-анаға өздері өмірге әкелген баласы үшін қаншалықты жауапкершілік жүктелгендігі елімізде заң жүзінде қарастырған.

Төменде келтірілген «Шығармашылық» білім беру саласының мүсіндеу ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үлгі жоспары.



Білім беру саласы «Денсаулық», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық».

Оқу іс-әрекеттері: Валеология, мүсіндеу - өнер орталығында, көркем әдебиет, айналамен танысу экология.

Тақырыбы: «Еңбек – ер атандырады».

Мақсаты: Күн, ауа және судың бүкіл тіршілкке өте қажет екенін түсіндіру. Адамдардың еңбегі туралы ұғымдарын жетілдіру, өндіріс орындарындағы экологияға қажеттілік туралы балаларға білім беру. Еңбек адамын құрметтеуді үйрету.

Қолданылатын құралдар: Егіншілер жайлы бейне таспа, суреттер, ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің суреттері, өндірілген өнім суреттері, ермексаз, сүрткіш, тақтайша, үлгі мүсіндеу.

Билингвалдық компоненттер: егінші-астық-урожай, еңбек-труд.

Инклюзивтік әлеумет: Тұйық балалармен жеке жұмыс.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Ата-ананың қатысуымен

Мотивация-лық қозғаушы

Ашық алаң балалар шеңбер болып тұрып «Күншуақ» бір-біріне жақсы көңіл күй, жылулық сыйлау. Бір-бірінің қолын ұстап тұрып, жылылықты сезгенін түсініп баға беруді ұйымдастырады. Осы кезде отбасы мүшесі қонаққа бір топ бидай масағын алып келеді. Ол өзінің диханшы екенін айтады. Балаларды қонақпен таныстыру.

Бір-біріне жылы тілектер айтады. Ынтымақтастық

Дағдыларын бекітеді. Сәлемдесу.



Ернұрдың әкесі диханшы болып келеді.

Іздену құрастырушы кезең

Әлеуметтік орта: тәрбиеші күн, ауа және судың қасиет-терін айтып, онсыз тіршілік жоқ екенін әңгімелеуі. Дидактикалық ойын: «Бұл кім?» Диханшы бидай масағымен толық таныс-тырады. Бидайдың ұзын сабағы, мұртшалары, сыртындағы қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады деп көрсетіп оны ұнтақтасаң ұн болады. (Ұн көрсетеді). Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

1.Алтын саны тоны бар,

Қойнында дәні бар.

Не екенін тауып ал.

Суреттерді көрсетіп әңгімелеу. Егіс алқабындағы жыртылған жерге тұқым себу. Дихандардың көктем-дегі егін даласына сепкен тұқымы жаздай өсіп, масақ бастары дәнге толып, сары алтындай жайқалған алқапқа айналады. Сол кезде егіс даласына комбайн жүргізу-шілері комбайнмен оны орады, жинайды. Жүк машинасы комбайн салып берген астықты қырманға әкеледі. Қырманда астықты тазалап кептіріп, диірменге жібереді. Диірменшілер тар-тып ұн жасайды. Балаларды рольдерге бөліп ойнату. «Егінші» (М.Әлімбаев). Еңбек туралы мақал-мәтелдер. Еңбек етпеген ішіп-жемейді. Еңбектің наны тәтті.

Өнер орталығы: тәрбиеші балаларға бірнеше нан түрін көрсетіп, өздеріне ұнаған нан суретін салуды ұсынады.

Дидактикалық ойын: «Нан дүкені» Суреттен нан сатып тұрған дүкенші қыз суретін көрсету, әңгімелеу. Балалар мүсіндеу барысында нені мүсіндегендерін әңгімелейді



Тыңдайды, сұрақ-жауаптар. Сұраққа жауап іздеу, нан түрін атауды, сатып алуды үйрету. Әр бала қандай нан жегісі келсе соған қарап, дүкеннен алу.

Мақал-мәтел-дерін айтады, мәнін түсініп айтады. Балалар нан түрлерін өз еркімен таңдап үлгі негізінде өзіне ұнаған нанды мүсін-дейді.



«Нан қайдан келеді?» сұраққа жауап іздеу, нан түрін атауды, сатып алуды үйрету.

Әр бала қандай нан жегісі келсе соған қарап дүкен-нен алу.



Рефлек

ция


Балалар нан дастарқанға келгенше қаншама адамдар тер төкті, еңбек етті. Атайықшы: тракторшылар, комбайншылар, жер жырту-шылар, қырманшылар, наубайханашылар, дүкен-шілер. Ендеше әзірле-ген нанды біз қадірлеуіміз керек. Балалардың жұмысы-нан көрме ұйымдастыру, ынтасын мадақтау.

Балалар жасаған іс-әрекеттеріне баға береді, нәтижесі нені көрсетеді. Бағалап ең мықты ұнаған іс-әрекетті атау.

Іс-әрекетін қуаттайды


Күтілетін нәтижелер:

Жаңғыртуы: Күн, ауа және судың адам тіршілігіндегі, өндіріс орындарындағы экологиялық қажеттіліктерді біледі.

Түсінуі: Егіс даласындағы техникалардың ерекшеліктерін, олардың атқаратын жұмысын түсінеді.

Қолдануы: Нан түрлерінің суретін өздерінің таңдауы бойынша қолдана алады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Балаларға міндетті мектепалды даярлығы тұжырымдамасы. //Қазақстан мұғалімі, 29 желтоқсан 2013, 2-7б.

2. Балбөбек бағдарламасы. – Алматы, 2012.

3.Балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім беру бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы. Астана, 2012.



Аннотация. За последнее десятилетие появилось множество научно-методических программ и концепций: «Национальные традиции и обычаи казахского народа», «Елім-ай», «Атамекен», «Ұлттык тәлім-тәрбие», «Кәусар бұлақ», «Балбөбек», «Дәстүр», «Жұлдыз» и другие программы, которые направлены на воспитание всесторонне развитой личности в дошкольных учреждениях.

Аnnotation. For the last ten years there appeared many scientific-methodical programs and conceptions such as "Patriotic education of youth of the Republic of Kazakhstan", "National traditions and custom of kazakh folk", "Elimay", "Atameken", " Ұлттык тәлім-тәрбие", " Кәусар бұлақ", " Балбөбек", " Дәстүр", " Жұлдыз" and the other program which are directed on education of harmoniously developed personalities in spirit.

УДК 71. 011. 31

Ж 88

ПРОБЛЕМЫ СУИЦИДАЛЬНОГО ПОВЕДЕНИЯ СРЕДИ ПОДРОСТКОВ
Р.А. Жумагалиев, О.Б. Арифджанова

Таразский государственный педагогический институт, г. Тараз
«Детство - это самая безоблачная и беззаботная пора, каждый взрослый мечтает хоть на миг снова стать ребенком, чтобы часами смотреть любимые мультфильмы, кушать конфеты, бегать по лужам...»
Но так ли все радостно и просто у наших детей, как мы считаем? Исследования и статистика на этот вопрос отвечают категорически «нет». Казахстан оказался на третьем месте в СНГ после России и Литвы по количеству детских самоубийств. От суицидов во всем мире погибает значительно больше людей, чем от войн. Всемирная организация здравоохранения предсказывает, что к 2020 году количество самоубийств может увеличиться на 50 процентов и составит 1,5 миллиона человек,а число попыток уйти из жизни станет больше в 10-20 раз, чем сейчас. «Критическим уровнем» по шкале ВОЗ считается 20 случаев на 100 тысяч населения в год, в Казахстане, по данным последних исследований, эта цифра уже равна 26,9 на 100 тыс. человек.

Когда родители теряют ребенка из-за болезни или несчастного случая - это огромное горе для них. Но когда ребенок - этот еще не оперившийся птенец - сам прерывает свой жизненный полет, это величайшая и непоправимая трагедия. Но что же толкает ребенка сделать шаг в пропасть? Специалисты-психологи утверждают: многие из тех, кто покушается на самоубийство, вовсе не хотят умирать. Суицид - способ докричаться, рассказать о своей беде, отчаяние. Мало кто знает, что многие из самоубийц, умирая, молятся, чтобы их нашли и спасли. Но находят и спасают лишь единицы.

Казахстан в депрессии: страну буквально захлестнула «эпидемия» самоубийств. Все чаще из жизни уходят подростки, а то и совсем маленькие дети.

Почему дети не хотят жить?

Ситуация критическая: годовые показатели выдвигают нашу страну в лидеры среди стран бывшего Союза по количеству детских суицидов. Когда мы первые в СНГ по экономическим показателям, по демократизации общества, когда мы первыми проводим грандиозные исторические мероприятия, в честь которых казахстанцы называют своих детей, это, безусловно, радует. За 20 лет мы достигли гораздо большего, чем другие. Но почему по количеству детских суицидов мы тоже одни из первых? Чиновники признают - факт трагедии налицо, однако назвать четкую причину всплеска детского суицида не решается никто. Чаще страшную тему «детские суициды» просто замалчивают или списывают на семейные неурядицы, приведшие ребенка к совершению самоубийства. Но так ли это на самом деле?

«По информации Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Казахстана, в 2011 году было зарегистрировано в стране 257 случаев и 592 попытки суицида. Самыми распространенными причинами суицида эксперты называют: эмоциональное и физическое насилие, невнимание родителей, травля со стороны ровесников, финансовые затруднения в семье.

После введения Единого Национального Тестирования количество самоубийств в Казахстане возросло. Если в 2009 году было зарегистрировано 209 случаев среди казахстанских школьников, то в 2010-м - 237 случаев», - сообщила ДаригаНазарбаева, озвучивая свой депутатский запрос на имя министра образования и науки Казахстана. Депутат подчеркнула, что за последние 10 лет в Казахстане отмечается рост числа самоубийств среди молодежи примерно в три раза. Одной из причин столь стремительного роста случаев суицидов среди школьников Дарига Назарбаева считает ЕНТ. Депутат нижней палаты парламента не одинока в своих мыслях, так считают многие. Однако до сих пор связь детских суицидов и ЕНТ считалась происками противников тестирования. Узнать истину нацелен официальный запрос Назарбаевой в Министерство обороны. «Это непростой вопрос не только для Казахстана, но и для многих стран. То, что это связано со вступительными экзаменами, я не помню ни одного случая. Поэтому мы сейчас глубоко анализируем ситуацию: действительно ли это так? Мы должны посмотреть, насколько это связано с ЕНТ», - ответил журналистамбывший глава МОН РК Бакытжан Жумагулов.

Результаты еще одного серьезного исследования практически одновременно с Даригой Назарбаевой обнародовала директор программ социально-психологического благополучия ОФ «Институт равных прав и равных возможностей Казахстана» Катерина Багаева. Ее исследование было посвящено росту суицидов среди девочек и девушек Казахстана.

«На сегодняшний день Казахстан занимает третье место по количеству суицидов девочек и девушек 15-19 лет среди стран СНГ. Первое место среди причин суицидов у девочек и девушек 15-19 лет занимает доведение до самоубийства, второе - непонимание и невнимание родителей, третье - черная полоса в жизни, с которой девушка не может справиться», - сказала К. Багаева на презентации исследования.

Кроме того, среди причин суицидов среди девочек-подростков она отметила сексуальное насилие, неурядицы в личной жизни, недопонимание среди сверстников, жестокое обращение, отсутствие перспектив в получении профессионального образования ввиду его дороговизны, финансовые проблемы в семье, проблемы со здоровьем и дискриминация по гендерному признаку. К слову, в исследовании приняли участие 317 девушек 15-19 лет из Алматы, Алматинской области, Астаны, Семея и Балхаша.

По словам К. Багаевой, необходимо обязательное постоянное психологическое просвещение людей через всевозможные каналы информирования: Интернет, СМИ, социальная реклама, массовые мероприятия.

Не осталось в стороне от исследования Багаевой и ЕНТ. «Необходим масштабный пересмотр подхода и содержания тестирования и оценки. Необходима корректная организация психологической диагностики несовершеннолетних в целях профилактики суицида», - отмечается в исследовании.

Почему в Казахстане выросло число суицидов среди подростков?

В 2010 году 237 школьников покончили жизнь самоубийством.

Раньше не приходилось слышать, что «подростки накладывают на себя руки». Не знаю почему, но в последнее время народ стал привыкать к сообщениям следующего характера: «повесился чей- то сын,  чья-то дочь покончила жизнь самоубийством».  Пугает то, что в последние два-три года число суицидов среди подростков значительно возросло.То, что молодые люди накладывают на себя руки факт не новый и  раньше подобные случаи были не редкостью. Однако, в конце прошлого года  произошел всплеск подросткового суицида. Так в октябре 2010 года, когда в с.ТуздыбастауТалгарскогорайона на чердаках своих домов были найдены тела двух повесившихся учеников 9 класса, общество погрузилось в тяжелые раздумья. Что стало причиной такого отчаянного поступка подростков?
Ежедневно СМИ сообщают о подобных трагических происшествиях. Не на шутку встревожились родители. Многие задумались над тем  «как уберечь родное чадо от опрометчивого шага?» На этой почве возникло множество вопросов.  Почему в обществе  участились случаи самоубийства среди подростков?  Возможно, мы оторвались  от своих корней, предоставив своим детям излишнюю свободу? Может быть, прервалась преемственность  поколений, идет внутреннее разложение общества?

В психологии есть три вида суицида.

Ученые (Амбрумова А.Г., Личко А.Е., Шир Е. и другие) выделяют три основных вида суицида: истинный, демонстративный и скрытый.




В своих научных исследованиях социолог Э. Дюркгейм делил самоубийства на типы в зависимости от особенностей социальных связей индивида.

 



 

К сожалению, в нынешнем обществе участились все виды суицида.Однако правильно ли мы делаем, когда ежедневно не только говорим на телеканалах о суицидах, но и показываем тела умерших? Не влияет ли это на сознание детей? Не секрет, что подобные сообщения мы стали воспринимать, как значительное событие. Профилактика суицида (акт самоубийства) в молодежной среде является актуальной и значимой проблемой современного мира т. к. за последние годы количество самоубийств среди молодежи значительно возрасло. По данным Всемирной Организации Здравоохранения (ВОЗ) Казахстан на третьем месте в мире по количеству суицидов, но официальная статистика по количеству суицидов не оглашается. Приводимая независимыми экспертами статистика показывает, что проблема самоубийств принимает серьезные масштабы, закрепляя за Казахстаном одну из «лидирующих» позиций в мире по их количеству. Причины суицида очень сложны и многочисленны. Их можно искать в генетических (генетическая предрасположенность к психическим болезням, увеличивающим риск самоубийства), биологических (в семьях, где был совершен суицид большая вероятность его повторения последующими поколениями), психологических (психические расстройства; депрессия как преобладающий фактор суицидального поведения) и социальных (степень социализированности и интегрированности человека в общество; проблемы неустроенности в социальной жизни) сферах человека. Для профилактики суицида среди молодежи необходимо проводитькомплексную межведомственную и межсекторальную работу, с участием психологов, педагогов, медиков, социальных работников, сотрудников правоохранительных органов и др. Важную роль в профилактике суицидального поведения играют государственные структуры: Министерство здравоохранения Республики Казахстан, Министерство образования и науки Республики Казахстан, Министерство туризма и спорта Республики Казахстан и другие. От совместной и слаженной работы министерств, государственных служб и структур, профильных неправительственных организаций, СМИ зависит общественное мнение о суицидальном поведении несовершеннолетних и молодежи. Их деятельность формирует общественное мнение и создает совершенно определенное отношение в обществе к суициду.Ученые, занимающиеся данной проблематикой, заявляют, что абсолютно точных признаков суицидального риска нет, но наиболее общими являются]

· признаки замышляемого суицида; 

· наличие косвенного опыта самоубийства в прошлом; 

· наличие сложной жизненной ситуации; ]

- снижение жизненных ресурсов, позволяющих противостоять трудностям.

Причины проявления суицидального поведения среди подростков. 

Во - первых, ухудшилось воспитание детей в семьях. У нас немало многодетных семей. Однако,  внося свою лепту в решение вопросов демографии, родители не обеспечивают свои семьи элементарными вещами для нормальной жизни. Дети, в  таких семьях, чувствуют себя ущемленными.  Поэтому,  некоторые из них, не выдержав унижений со стороны сверстников, накладывают на себя руки. 

Во - вторых, у нас немало матерей-одиночек, которые имеют внебрачных детей. Они  с первых дней беременности проклинают мужчину, который их бросил, и ребенка которого зачали. Эти дети, еще не появившись на свет, обречены на несчастье.

В - третьих, сегодня дети смотрят разные фильмы. Как-то во время поездки в Америку я заметила, что на их телеканалах не показывают фильмы пропагандирующие зло и жестокость. Ребенок, который видит стрельбу, насилие, начинает подражать героям этих картин.  

В - четвертых, в школах  многие  ученики  носят  дорогие сотовые телефоны. Дети из малообеспеченных семей, видя все это, чувствуют себя ущемленными. Они злятся, и задаются вопросом,  почему родители не могут им купить такие телефоны. Все это имеет место из-за отсутствия в школах единой системы требований.

Сейчас мы часто говорим о детском суициде. Есть ли необходимость показывать все это по телеканалам?  Ведь это же действует на психику детей.

– На мой взгляд, нельзя показывать по телевизору сюжеты об убийствах, изнасилованиях, суицидах.  Надо запретить. Недавно я провела эксперимент в детском саду. Предложила детям поиграть в семью. «Давайте поиграем в семью. В будущем с кем бы вы хотели жить в одном доме, быстро возьмите их за руку. Все схватили друг друга за руку. Только девочка по имени Гаухар стояла в стороне, опустив голову. Я спросила, Гаухар, что случилось? Она заплакала, и сказала «Я никогда не выйду замуж. Моя мама никогда не была замужем. У нее нет кольца». Видите, маленькая девочка и та понимает, что ее мама не  замужем. А мы думаем, что она ребенок. А в действительности ребенок остро все чувствует и переживает.

ТолкынЖакаева, учительница многоотраслевой гимназии №13: 

– Одни обвиняют школы, утверждая, что там не проводится воспитательная работа,  другие же видят корень зла в окружении детей. А третьи обвиняют во всем самих родителей. Как педагог, который на протяжении сорока лет работает с детьми, могу сказать, что если не проводится воспитательная работа, почему это не происходит только в одном районе или одной области. К сожалению, самоубийства подростков возникают в разных уголках страны. Это, как какая-то напасть! Сейчас над этим работают психологи. На воспитательных часах я стараюсь прочувствовать настроения своих учеников, узнать, что их волнует, словом, стараюсь быть в курсе того, чем живут мои питомцы. Эту проблему нужно решать всем миром. Депутаты тоже поднимают проблему. Возможно, нужно поставить вопрос перед министерствами здравоохранения и образования, и нужно искать причины этого зла. И надо запретить показывать по телеканалам фото и видео детей, совершивших суицид. Это негативно действует на еще не окрепшую психику подростков. Особенно, на детей с ослабленной психикой. Раньше если случалось подобное, то это не становилась достоянием общественности. А сегодня, боюсь, что суицид становится массовым явлением.

В законодательной базе Республике Казахстан отсутствуют нормативно-правовые документы касающиеся непосредственно суицида, так как наказание за него не может быть предусмотрено, из-за невозможности привлечь кого-либо за случившееся(кроме случаев доведения до самоубийства, прописанных в Уголовном кодексеРК).Вопросы профилактики данного явления отражены в документах, касающихся службы в армии и заключения в местах лишения свободы. Поэтому интересен опыт Университета Международного бизнесаг. Алматы, где инициативнаястуденческая молодежь основала общественное движение «Молодежь против суицида» (сентябрь 2012 г.), лидеры которого намерены обратиться к правительству, политическим партиям,общественным и религиозным организациям с призывом принять участие в решении проблемы суицида.

Меня очень тронуло высказывание одной из родительниц

– Конечно, сильно волнуюсь за детей. У меня два сына и две дочери. Все учатся в школе. Пока они не придут со школы не нахожу себе места. Каждый случай суицида среди подростков наводит ужас. Страх охватывает сознание. Поэтому стараюсь теснее общаться с детьми, чтобы знать, что их волнует, в чем они нуждаются. Каждый родитель должен находить общий язык со своими детьми, жить их интересами. Дети не глупые, они тонко чувствуют, видят и понимают, что происходит в обществе. Семья – основа воспитания. Подростки, получившие воспитание дедушек и бабушек отличаются воспитанностью, добрым нравом.  Даже, религия не одобряет суициды, это считается проявлением неуважения к всевышнему и большим грехом. Однако почему в последние годы молодежь стала часто прибегать к суициду?  Сегодня эта проблема волнует все наше общество.
Список использованной литературы:

1.«Эстетика самоубийства» под ред. Л.З. Трегубова, Ю.Р. Вагина.- Пермь, 1993г.

2.«Самоубийство: Социологический этюд» (перевод с французского, в сокращении) под ред.Э. Дюркгейма.- Москва, 1994.

3.«Суицидальное поведение как объект комплексного изучения» из книги«Комплексные исследования в суицидологи» под ред. А.Г. Амбрумовой.- Москва, 1986 г.

4.«Суицидология и кризисная психотерапия» под ред. Г.В. Старшенбаума. Москва, 2005 г.

5.«Суицидальное поведение у подростков» из «Журнала научных и организационных проблем суицидологи» Е. Шир. Москва, 1984.



Аннотация. Мақалада балалар арасында кең таралып бара жатқан өз- өзіне қол жұмсау себептері ашық көрстелген. Мәселеден шығу жолдары қарастырылған. Соңында қорытынды жасалынған.

Annotation. In this article are characterized some main causes of suicide among kids and teenagers. Some effective ways for decision of this problem are considered in in.

ӘОЖ 356.21
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.А. Заурбекова

7 бала-бақша, Тараз қ.


Бала болашақ, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі азамат, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса жауапты басты мәселелердің бірі.

Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандайда бір табыстарға қолымыз жеткен бағыттарды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек» деп көрсеткендей қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. Педагогикалық бұқараның алдында мектепке дейінгі мекемелердегі жаңа заманның мақсаттары мен сұраныстарына жауап беретін, баланың жан-жақты дамуына жоғарғы деңгейде әсер ететін технологияны таңдау міндеті тұр.

Ұлттық салт-сананың үрдістерi рәсiм, рәмiз, кәде, жөн-жоралығы, ырым, тыйым т.б. өмiр қолданыстары арқылы iске асырылады да, ұлттық болмыс пен ұлттық мәртебесiн мәдени-рухани деңгейi өмiрден көрiнiс табады. Ұлттық тәрбие осылай өз нәтижесiн бередi. Егемендi ел болып, тiлiмiздi, дiнiмiздi, дiлiмiздi иелендiк. Қазақтың өздiк ұлттық қасиеттерiнiң қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менiң перзенттiк те, президенттiкте парызым – деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ұлттық тәрбиеге ерекше мән бердi. Бiз сол ұлы мақсатты iске асыру үшiн ұлттық тәрбиенiң негiздерiн айқындап, ғылыми-теориялық жаратылымын жан-жақты зерттеп, тәрбие жұмыстарының ұлттық ерекшелiктерiн айдай анық көрсетiп бағдарламалар тiзiп, оқу құралдарын жаздық.

Қасиеттi, өнерпаз, ақын, шешен, ержүрек, кеңпейiл, меймандос, иманды халқымыздың ұрпағын ұлттық тәрбиенiң ұлағатты, рухани-мәдени ауқымымен, өркениеттi елдiң тұғырлы тұлғалары етiп тәрбиелеуге ғылыми-теориялық негiз жасалынады. Ұлттық тәрбие балабақшаларда, мектептерде бiрiншi мәселе ретiнде қолға алынып, жақсы iс-әрекет жауапкершiлiкпен жүргiзiлiп, өз нәтижелерiн бере бастады. Осы ретте ұлттық тәрбие жүйесі 1-суретте көрсетілген.


Азаматтық Батырлық

Шыншылдық





Қыз бала тәрбиесi

Инабаттылық



A


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет