Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет7/22
Дата25.12.2016
өлшемі4,61 Mb.
#5233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан (2012 жыл 15 желтоқсан).

2.ҚР «Білім туралы» Заңы //Егемен Қазақстан (тамыз 2007).

3.Досжанов Б.А. Мультимедиалық технологиаларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: пед.ғыл.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайын.дис.автореф./ Б.А.Досжанов. – Түркістан, 2007-30б.

4.Компьютерная технология обучения: Словарь-справочник / Под ред. В. Ю. Гриценко,А. М. Довгялло, А. Я. Савельева. – М. : Педагогика. – 1992.
Аннотация. В статье рассматриваются возможности использования мультимедийной технологии в процессе обучения детей дошкольного возраста.

Annotation. In article it is written about possibility and use to multimedia technology in process of the education.

ӘОЖ 371.011.31

Т 78
12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Г.С. Башанова, Г.Н. Әбілдаева, Г.Қ. Тәжиева

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды. Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады. 12-жылдық білім беру жүйесіне  көшу – әлемдік  білім  кеңістігіне еркін енуді   көздейтін заман  талабынан  туындап отырған мәселе.  

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев  халыққа  Жолдауында  «Білім  беру реформасы – Қазақстанның  бәсекеге  нақты  қабілеттілігін қамтамасыз етуге  мүмкіндік беретін  аса маңызды құралдардың бірі. Бізге эканомикалық  және қоғамдық жаңару  қажеттіліктеріне  сай келетін  осы заманғы  білім беру   жүйесі қажет», деп оны  12  жылдық  білім беруге баса назар  аударған еді. Енді, міне  сол тапсырма  жүзеге асырылып жатыр. 12 жылдық оқыту жүйесіне   байланысты   айтылып   жатқан  сан  алуан пікірлерді  саралай келсек, халық арасында  түсінбеушілік  тудырып  отырған  басты  мәселе – бала жасына байланысты. Қазіргі оқыту  жүйесіндегі бала 7 жастан мектепке  барып, 16-17 жасында орта мектепті аяқтайды, ал 12 жылдық жағдайында бала 6 жастан мектепке барса, 16-17 жасында мектепті бітіреді.Мұндағы басты артықшылық – баланың  тек қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын  мамандығына қарай алғашқы  кәсіби  бағдар   алып шығуы. Яғни 11-12 сыныптардың  оқушылары жоғарғы оқу орнында  алғашқы курстарда  алатын  білім негіздерімен  мектеп қабырғасында  қамтамасыз  етілетін болады. Осыған сәйкес  жоғарғы оқу орындарының білім стандарттары өзгереді.Оқыту білім  беру тәжірибесі  педагогикалық  үрдістің  сапасын үнемі арттырып отыруды  талап етеді.

Сол себепті  педагогикалық  үрдісте  технологиялық  мәселесі  маңызды  болып саналады. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылған талап жан-жақты білімді, шығармашылық қабілеті бар, танымдық белсенділігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл Қ.Р-да білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен байланысты жүзеге асыру жоспарланған.

Қазақстан қоғамның қазіргі экономикалық, әлеуметтік және геосаяси жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы орта білім жүйесін жоғарлатуда, яғни орта білім мазмұны мен құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді қажет етеді. Білім жолы- қиын да қатерлі жол. Бұл жолда талмай тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуден, үйренуден жалықпайтын жандар ғана нәтижелі табысқа жете алады. Қазақ елінің әлемдік аренадағы сенімді компасы, күш-куатының қайнар көзі білім шамшырығы самсай жанып, қазақтың әр баласының жүрегіне сәулесін түсіруі керек.

Еуропа кеңесінің (1992ж) декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Германия, Жапония, Франция және ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Украина, Беларусь, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады.

Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты. Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда 12 жылдық білім берудің басты мақсаты- өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оқыту және даярлық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы өзекті мәселелер болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалауда «жалпыға арналған білімнен», «өмір бойы білім алу» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз ететін 12 жылдық білім беру мәселесінің негізгі концептуальды идеясы- «Жаңа тұрпатты мұғалім» дайындау болып табылады. «Жаңа тұрпатты мұғалім» деп – қоғамдық құбылыстар мен әлеуметтік өмірдің түрлі ағымдық өзгерістеріне жауап бере алатын, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру мен басқаруда педагогика ғылымының әлемдік талаптарына сәйкес жалпы мәдени, пәндік- әрекеттік және әдістемелік қызметтерді жүзеге асыруда жоғарғы ақпараттық-технологиялық дайындығы бар маманды айтамыз.

Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуге мұғалім педагогикалық-психологиялық, философиялық, физиолдогиялық және т.б ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа тұрпатты мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазқмұнына зерттеушілік қызметтен, жеке әдістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Ы. Алтырсарин «Мұғалім- мектептің жүрегі» деп айтқанындай, қазіргі 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында барлық ауыртпалық күш мұғалімге түсуде.

12 жылдық мектептің мұғалімі жоғары деңгейде қалыптастырылуы үшін бірнеші құзыреттілікті игеруге міндетті. Арнайы құзыреттілік- кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысытын, өзінің кәсіби дамуын одан әрі жгобалай білетін қабілет.


  • Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен айналысу қабілеті (топ,ұжым),

қызмет ету басқару кәсібінде қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қодана білу.

  • Білім беру құзыреттілігі- білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны,

мақаст қоюшылықты игеруге деген қызығушылық және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологиялық негіздерін қолдана білу қабілеті.

Жаңа тұрпатты мұғалім- ақпарат беруші ғана емес сонымен қатар үлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық белсенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болып есептеледі.

12 жылдық мектеп - өзінше шешім қабылдап талдау жасайтын , жеке және топпен бірге жұмыс жасай алатын ,шығармашыл, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, алған білімін, қоғам дамуына пайдалана авлатын, бәсекеге қабілетті және құзыретті, білімді тұлғаны тәрбиелеп шығарады. Мұндай жеке тұлғаға тек қана жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыра алады. Мұғалім - 12 жылдық білім беру жүйесіне қатысты маңызды адам болғандықтан, жаңа тұрпатты педагог даярлау өзекті мәселе.

Қазіргі таңда мұғалім біліктілігін арттыру, қайта даярлау, педагогикалық кадрларды жасақтау - жоғары оқу орындарының кезек күттірмейтін мәселелері болып танылуда.


Әдебиеттер тізімі:

1.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // «Егемен Қазақстан» 2004ж

2.Құсайнов А. Он екі жылдық оқу салыстырмалы көзқарас // «Егемен Қазақстан» 2001ж

3.Сарыбеков М.Н «Наша стратегия- подготовка педагога новой формации» // «Знамя труда» 2004г


Аннотация. В данной статье рассматривается проблемы подготовки преподавателей к 12 летней школе.

Annotation. This article discusses the problem of training of teachers to 12 years of school.

ӘОЖ 438. 01
ӘЛЕУМЕТТIК ПЕДАГОГТАР МЕН ӘЛЕУМЕТТIК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖIРИБЕСI
М.Т. Бердишаева

«Болашақ» мектеп - интернат, Тараз қ.
Жоғары мектепте әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлерге білім берудің мәнi әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың мәнiн анықтау үшiн, ең алдымен, “әлеуметтiк педагог” мамандығына анықтама беру қажет, сондай-ақ оны “әлеуметтiк қызметкер”,“әлеуметтiк жұмыс секiлдi мағынасы мен тегi бойынша ұқсас ұғымдармен салыстыру керек.

Әлеуметтiк педагог - басқалармен салыстырғанда бiздiң ел үшiн жаңа мамандық. “Әлеуметтiк педагог – делдал, жеке тұлға, отбасы және қоршаған орта арасындағы, осы ортаның педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сай қайта құрылуына ықпал ететiн байланыстырушы буын”. Қазақстанда авторлар әлеуметтiк педагогиканың әртүрлi сұрақтарын басқалармен салыстырғанда жақында ғана қарастыра бастады.

Р.И.Бурганова әлеуметтiк педагогтардың кәсiби дайындығының үрдiсiн зерттедi, болашақ әлеуметтiк педагогтың студент жастармен жұмысқа дайындығын қалыптастырудың мазмұнын теориялық тұрғыдан негiздеп, әдiстемесiн әзiрледi. Е.З.Батталханов оқушы жастардың гуманистiк дүниетанымының қалыптасу мүмкiндiктерi мен жағдайларын әлеуметтiк педагогиканың мәселесi ретiнде зерттедi.

Г.Ж. Меңлiбекова болашақ ұстаздарды әлеуметтiк-педагогикалық жұмысқа дайындаудың жүйесiн құрудың теориялық- методологиялық негiздерiн қарастырды, болашақ ұстаздардың әлеуметтiк-педагогикалық жұмысқа дайындығын қалыптастырудың құрама бөлiктерi мен жағдайларын интеграцияланған жеке тұлғалық бiлiм беру ретiнде анықтады. М.Т. Баймуканова болашақ әлеуметтiк педагогтарды дайындаудың негiзiн зерттедi. Болашақ әлеуметтiк педагогтардың студенттiк жастармен отбасын құру бойынша жұмысқа деген кәсiби дайындығын қалыптастырудың әдiстемесiн әзiрлеу мақсатында жоғары оқу орнындағы әлеуметтiк педагогтарды кәсiби дайындаудың үрдiсi оның зерттеуiнiң нысаны болып табылды. Әдебиеттi талдау әлеуметтiк жұмыста педагогиканың әлеуметтiк жұмыстың әрекетi құрама бөлiгiнiң негiзi ретiнде әрекет ететiнiн көрсеттi, өйткенi ақпараттық мiндеттер, қоғам туралы бiлiмдердi қалыптастырудың сұрақтары, топтағы қарым-қатынастар, қорғалғандықты тәрбиелеу, жеке тұлғаның өз-өзiне көмек көрсетуге деген дайындығы негiзiнен педагогикалық әдiстермен шешiледi. Осыған байланысты әлеуметтiк жұмыстың педагогикалық негiздерi әлеуметтiк жұмыстың қағидалары, мазмұны, әдiстерi, жолдары мен құралдары туралы педагогикалық элементтердi қамтуы керек.

Әлеуметтiк жұмыстың құрылымында педагогика психологиямен қатар түсiндiру қызметiн атқарады. Әлеуметтiк мiндеттердi шешу көп жағдайда адамдардың тәрбиелiлiгiмен анықталады, сондықтан педагогика болжау қызметiн атқарады. Педагогика әлеуметтiк жұмыстың субъектiлер мен объектiлерiнiң жеке тұлғасының дамуында жетекшi рольге ие болады. Әлеуметтiк технологияларға кешендi сипат тән. Қазір республикамызда іске асырылып жатқан білім беру реформасы оның ұйымдастыру- экономикалық, құқықтық, құрылымдық және мазмұндық бөліктерін түбегейлі өзгертуге бағытталған шараларға байланысты.Білім берудегі бұл өзгерістердің мәнін,өзгешелігін білдіретін және бағытын белгілейтін күштер; Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет болуы, экономикалық нарықтық қатынасқа негізделуі, меншіктің әр түрлі нысандарының дамуы, білім беру саласындағы дүниежүзілік білім беру жүйесіне енуі.Салыстырмалы педагогиканың даму тарихы көрсеткеніндей, дүние жүзіндегі, әр елдегі халыққа білім беру жайын терең зерттеу қажеттілігі әсіресе әлеуметтік- экономикалық және саяси реформалар кезінде ерекше күшті сезіледі.Ұлттық білім беру ісін дамытуда шетел тәжірибесін пайдалану мүмкіндігін, оның ерекшелігін ескере отырып зерттеуге буржуазиялық революциялар мен Еуропа елдерінде капитализмнің тез қарқынмен даму дәуірінде ерекше көңіл бөлінді.Олар социологиялық, экономикалық, құқықтық, психологиялық, медициналық, педагогикалық қосалқы жүйелердi қамтиды.

Педагогикалық элементтер әлеуметтiк жұмыстың адамның, әлеуметтiк үрдiстiң қатысушысының жеке тұлғасына жататын мазмұндамалық және процессуалдық құрама бөлiктерiн жүйелендiредi. Басқа жағынан алып қарағанда, педагогиканы оқу-тәрбие үрдiсiнiң заңдылықтары туралы ғылым ретiнде есепке алу керек, оны әлеуметтiк-педагогикалық мәселелердi шешу үшiн пайдалануға болмайды. Егер бұл орын алатын болса, онда, бiрiншiден, логикалық негiздер бұзылады, екiншiден, ғылыми ұғымдар мен әдiстемелiк ыңғайларды педагогикаға тән жағдайлардан әлеуметтiк ортаға ауыстыру әлеуметтiк-педагогикалық мәселелердiң мәнiн ашып көрсетпейдi. Аталмыш “әлеуметтiк педагогика” жаңа ғылыми бағытының пайда болуы мен дамуының өзектiлiгi де осыған байланысты. А.С.Перуанский әлеуметтiк педагогиканы “қоғамның кез-келген жастағы әлеуметтiк топтары мен мүшелерiнiң үздiксiз тәрбиесi мен оқуының әдiстерi туралы ғылым” ретiнде анықтайды. Оның пiкiрiнше, бүгiнгi жағдайларда әлеуметтiк педагогика қоғамның жүйке жүйесi болуы керек, оның күштерiн әлеуметтiк дерттерді емдеуге бағытталуы керек және оларды емдеудiң құралы болуы керек, ал мұнымен келiспеуге болмайды. Оның қажеттiлiгi экономикалық, медициналық, психологиялық салаларды қамтитын мәселелердiң кешендiлiгi мен жан-жақтылығынан туындайды, әлеуметтiк жұмыс деп “қоғамның адамның өндiрiсi мен қайта өндiрiсi үрдiсiн барынша тиiмдi iске асыру мақсатында тұрғындарға жағдай жасау мен көмек көрсетуге байланысты қызмет аясы түсiнiледi”.

Қазiргi заманғы дағдарыстық жағдай тұрғындардың өмiрi кез-келген уақытта оңай болмаған, ал тарихтың өтпелi кезеңдерiнде мүлде қиындай түсетiн топтарына, яғни қарттар мен науқастарға, балаларға, әсiресе толық емес және көп балалы отбасыларындағы балаларға, жұмыссыздарға, маскүнемдiк және нашақорлық дертiне шалдыққан адамдарға кәсiби көмек көрсету қажеттiлiгiн туғызды. Мұндай көмектi дүниежүзiнiң көптеген елдерiнде әлеуметтiк қызметкерлер мен әлеуметтiк педагогтар көрсетедi. Елiмiзде әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлердiң жекелеген қызметтерiн мектептердiң, интернаттардың, әлеуметтiк қамтамасыз ету қызметтерiнiң, қарттар үйлерiнiң қызметкерлерi, неше түрлi мамандықтардың өкiлдерi орындады. Алайда, 80-шi жылдары дәрiгерлердi “зиян келтiрме” деген өсиетiн басшылыққа алып, кәсiби түрде әлеуметтiк-педагогикалық көмек пен қолдау көрсете алатын мамандарды дайындау қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi. 1991 ж. 20 мамырында КСРО халыққа бiлiм беру жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi “Әлеуметтiк педагогика” мамандығын бекiттi. Сонымен бiр уақытта “Әлеуметтiк жұмыс” деген де мамандық бекiтiлдi. Олар негiзiн адамдарға риясыз көмек көрсету мұқтаждығы секiлдi альтруизм құратын, мәнi мен мазмұны бойынша ұқсас мамандықтар болып табылады. Олардың қызмет аясы да ортақ. А.В. Мудриктiң пiкiрiнше, барлық педагогтарды әлеуметтiк қызметкерлер деп те санауға болады. Сол секiлдi, әлеуметтiк қызметкерлер де, кәсiби тұрғыдан алғанда, педагог болып табылады. Мысал ретiнде әдетте арнайы педагогикалық бiлiмi жоқ әлеуметтiк қамтамасыз ету қызметтерiнiң қызметкерлерi мен қамқоршы мейiрбикелердi алып қарауға болады.

И.А. Липскийдiң пiкiрiнше, әлеуметтiк жұмыс клиенттiң мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылса, әлеуметтiк педагогика әлеуметтiк ортаны қайта құруға, шиеленiстердiң алдын алуға, жеке тұлға мен социумның қарым-қатынастарын оңтайландыруға бағытталған.. “Жаңа мамандыққа кiрiспе” атты әдiстемелiк хатта әлеуметтiк педагог өзiнiң мақсаты бойынша мәселенiң алдын алуға, оны тудыратын себептердi уақытында анықтауға және жоюға, әртүрлi керi құбылыстардың, адамдардың мiнез-құлқындағы ауытқушылықтардың бастапқы профилактикасын қамтамасыз етуге және осылайша оларды қоршаған микроортаны сауықтыруға тырысатыны көрсетiледi. Сонымен бiрге, әлеуметтiк қызметкер қалыптасқан мәселемен айналысады (маскүнемдiк, нашақорлық, қаңғыбастық, жұмыссыздық, ауру, мүгедектiк, табиғи апаттар және басқалар), бұл әлеуметтiк көмектiң арнайы түрлерi мен одан да терең мамандандырылуды (мүгедектермен, қарттармен, босқындармен, әлеуметтiк тәуекелдi топтармен және басқалармен жұмыс бойынша) талап етедi.

Әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлердiң қызмет аясы, түрлерi мен жұмыс әдiстерi жиi қиылысады, бiрақ әр маманның өзiнiң мақсаты бар. Отбасы әлеуметтiк педагогының дефинация мәнiн анықтаған кезде, бiз Орал педагогикалық университетiнiң авторлық ұжымының М.А. Релагузованың басшылығымен әзiрлеген “әлеуметтiк педагог” және “әлеуметтiк қызметкер” ұғымдарын басшылыққа алдық.

Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман - лауазымдық мiндеттерi кез-келген кәсiпорында, жетекшiлiк жүргiзiлетiн аймақта, отбасында әлеуметтiк-медициналық, заңды, психологиялық-педагогикалық, материалдық не өзге көмекке, iзгiлiктi физикалық және психикалық дамуды қорғауға мұқтаж жекелеген тұлғаларды анықтауға негiзделедi және оларды қамқорлыққа алу iске асырылады. Оларда пайда болған қиыншылықтарды, жұмыс, оқу, тұратын және т.б. жерлердегi шиеленiстi жағдайларды анықтайды, оларды шешуде көмек көрсетедi және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етедi”.

Әлеуметтiк педагог - әртүрлi әлеуметтiк-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман; жеке тұлға мен оны қоршаған микроортаның психологиялық-педагогикалық ерекшелiктерiн зерттейдi, оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мiнез-құлқындағы ауытқушылықтарды, шиеленiстi жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек әрi қолдау көрсетедi, жеке тұлға мен бiлiм беру мекемесiнiң, отбасының, ортаның, билiк органдарының арасында делдал ретiнде әрекет етедi; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына, ыңғайлы және қауiпсiз жағдайды құруға, олардың өмiрi мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, жалпыға бiлiм берудiң орындалуына, салауатты өмiр салтын насихаттауға көмектеседi; балалардың таланттарын дамыту үшiн жағдайлар жасайды. Кез-келген саланың әлеуметтiк педагогының кәсiби құзiреттiлiгiне жоғары талаптар қойылады. Ол тек педагогикалық тұрғыдан ғана әрекет етiп қоймай, сонымен қатар түрлі жағдайларға байланысты әлеуметтiк әрекеттердiң басқа да түрлерiн меңгеруi керек. Педагогикалық құзiреттiлiкпен қатар ғылыми әдебиетте саяси, әкiмшiлiк, медициналық және экономикалық та құзiреттiлiктер аталады.

Мәселе бойынша арнайы әдебиеттi талдаудың нәтижесi көрсеткендей, әлеуметтiк педагогтың кәсiби әрекеттерi келесi мақсаттарды көздейдi: мәселелер мен олардың себептерiн анықтау; мәселелердiң пайда болуының алдын алу;қызметкерлерге білім беріп тәрбиелеу, қиыншылықтармен, соның iшiнде жеке және әлеуметтiк себептерi бар қиыншылықтармен күрес; оң қоғамдық жағдайларды құру оң қоғамдық жағдайларды құруға қатысу; жеке, материалдық және институционалдық көмектi ұйымдастыру; бiлiмге деген қабiлеттердi зерттеу және қоғамдық өмiрге қатысуға және әлеуметтiк құқықтарды дұрыс қабылдауға дайындау, басқалармен араласуға, бағыт-бағдар алуға, жауапкершiлiкке, өзiн-өзi сыйлауға және сабырлылыққа дайындау; шығармашылық пен өнiмдiлiктi дамыту.

Әлеуметтiк педагогтардың клиенттерi, негiзiнен, балалар мен жасөсiпiрiмдер болып табылады. Әлеуметтiк қызметкерлер тұрғындардың түрлi топтарымен жұмыс iстейдi. Егер әлеуметтiк педагогтың күш жұмсауының нысаны, негiзiнен, тәрбие үрдiсi болып табылса, әлеуметтiк қызметкердiң нысаны дағдарысты жағдай болып табылады.

Алайда, бұл айырмашылықтар тек салыстырмалы ғана, мамандардың арасындағы өзгешелiктер айқын емес. Әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлер, қоғамымыздың барған сайын ушығып жатқан мәселелерiн бiрге шешуге талпынып, қатар жұмыс iстейдi.

Әлеуметтiк педагогтың кәсiби қызметiндегi басты мақсат - адамның, жеке тұлғаның, отбасының әлеуметтiк құқықтары мен мүдделерiн қорғау.

Әлеуметтiк педагогтың мамандығы бiрқатар мамандандыруларды қамтиды: қызметтiң саласы бойынша - балалардың бiрлестiктерi мен ұйымдарының әлеуметтiк педагог-басшысы; әлеуметтiк педагог-эколог; әлеуметтiк педагог-валеолог; әлеуметтiк педагог-тәрбиешi; жұмыс пен отбасы жөнiндегi әлеуметтiк педагог және т.б.. Мамандандырудың негiзi ретiнде тұрғындардың жекелеген категориясы болуы мүмкiн (мүгедектер, жетiмдер, босқындар) болуы мүмкiн. Мамандандыру, сондай-ақ, оның жұмыс орнына байланысты (түрлi оқу орындары, балалар үйi, аурухана, шiркеу, кәсiпорын, ықшам аудан, еңбекпен түзету мекемелерi, демалыс орталықтары, әлеуметтiк-психологиялық қызметтер). Өзiнiң қызметiнде әлеуметтiк педагогтар мен әлеуметтiк қызметкерлердiң қауымдастығының мамандары әзiрлеген концептуалдық тұғырдың негiзгi ережелерiне сүйенуi керек. Олардың бiрiншiсi әлеуметтiк педагог қызметiнiң “Аурудың алдын алған жеңiлiрек” деген ережеге негiзделген және әлеуметтiк мәселелердiң салдарларын емес, солардың өзiн анықтауға және жоюға бағытталған превентивтi, алдын алу сипатын бейнелейдi.

“Әлеуметтiк көмектен - әлеуметтiк қорғауға, өзiн-өзi қорғауға” деген екiншi ереже клиенттердiң (жеке тұлғаның, топтың, қауымның) өздерiнiң күштерiн белсендiрудi, олардың өз мәселелерiн шешу бойынша әлуеттi мүмкiндiктерiн шоғырландыруды бiлдередi.

Үшiншi ереже. Әлеуметтiк жұмыстың басты, негiзгi көзi, артықшылықты саласы отбасы, үй iшi, қауым болып табылады. Маманның мiндетi - отбасындағы және ол тұрған жердегi микросоциумдағы қарым-қатынастарды сауықтандыруға көмектесу.

Төртiншi ереже. Әлеуметтiк педагог мамандығы өте қызық, оң жақтары мол, ол әрбiр адамның, отбасының және топтың мәселелерiн кешендi түрде шешу үшiн ерекше мүмкiндiктерi бар өзара байланысты қызметтердiң, мемлекеттiк мекемелердiң, түрлi саладағы қоғамдық ұйымдардың ведомствоаралық жүйесiне сүйенуi керек.

Ең ақырында, бесiншi ереже әлеуметтiк-педагогикалық жұмысқа үйрету мүмкiн емес; әлеуметтiк педагогты өсiрiп шығу керек деп тұжырымдайды. Бұл әлеуметтiк педагог қызметiнiң кәсiби және жеке тұлғалық қасиеттерiнде бейнелетiн этикалық ерекшелiктерiмен ғана емес, сондай-ақ оның сыпайы жұмысының ерекше қағидалары мен құралдарына да байланысты.

Көптеген елдердiң Әлеуметтiк қызметкерлерiнiң кодексi бөлiп көрсеткен негiзгi ұстанымдардың арасында келесiлер бар:

Үйретпеу, бұйрық бермеу, тыйым салмау. Клиенттi әрекетке, бастамаға, шығармашылыққа шабыттандыру әрi түрткi болу, оған өзiнiң жеке тұлғалық мүмкiндiктерiне сүйенiп, жеке тұлғаның қадiр-қасиетi мен өзгешелiгiн сыйлай отырып өмiр сүруге көмектесу. Клиенттi шыдамдылықпен тыңдау, мәселе мен жағдайды түсiну, өзiн оның орнына қою, сыпайылық таныту, әдептi болу. Ашық, көпшiл болу, айнала қоршаған адамдарға қажет, қызықты бола бiлу, бұл үшiн жеке тұлғалық мүмкiндiктерiн, бiлiмдарлығын, тәжiрибесiн бағыттау.

Клиент пен оның айналасындағылардың, әлеуметтiк жұмыстың басқа субъектiлерi арасында делдал, байланыстырушы буын болу. Клиенттiң өзiнiң субъектiлiк ұстанымын қамтамасыз ету, оған көрсетiлетiн қайырымдылық көмектiң түрлерiмен оның абыройына нұқсан келтiрмеу. Әлеуметтiк-педагогикалық қызметтiң осы мақсатын негiзге ала отырып, “социумдағы әр тұлғаға жеке тұлға ретiнде қалыптасуға көмектесу, кәсiби кодекс қоятын алуан түрлi, күрделi талаптардың, әлеуметтiк педагогтың қызметтерiнiң кешенiмен әлеуметтiк педагогтың суретiн “салып шығуға” болады, бұл ретте осы сурет мамандарды таңдаған, өзiн-өзi тәрбиелеген және дайындаған кезде талпыныс жасау керек болатын идеал болып табылады. нақты әлеуметтiк педагог осы қасиеттердiң барлық жиынына ие бола алмайды, өйткенi өмiр сөз жүзiне қарағанда сан қырлы болып табылады, әрi өзiнiң түзетулерiн енгiзедi, сондай-ақ бұл адамның антропологиялық емшiлiктерiне де байланысты. Әрбiр мамандандыру әлеуметтiк педагогтың қандай да бiр қызметiнiң өзгешелiгiн бейнелейтiн белгiлi бiр қағидаларға сүйенедi. Ғылыми әдебиетке жүгiну, әлеуметтiк педагогтың алдыңғы қатарлы отандық және шетелдiк қызметiн зерттеу, өзiнiң отбасы әлеуметтiк педагогы ретiнде тәжiрибесiн қорытындылау мен талдау оның қызметiнiң қағидаларын анықтауға негiз болады.

Әлеуметтiк педагогтың отбасымен жұмыс iстеу бойынша қызметiнiң негiз қалаушы қағидалары келесiлер болып табылады: гуманистiк; жеке-тұлғалық-қызметтiлiк; өмiр сүру мен тәрбиенiң тұтастығы қағидасы; дамушы оқыту қағидасы; балаға, отбасыға деген сабырлылық, құрмет және талап қоюшылықтың үйлесiмi қағидасы; социумның дамуы мен жұмыс iстеуiнiң жаңа тенденцияларын есепке алу, жеке тұлғаның, отбасының, қоғамның өзара әрекетiндегi жол берiлетiн және мақсатқа сай делдалдылықты қамтамасыз ету қағидасы; мейiрбандық қағидасы - бұларды жүзеге асыру оның әлеуметтiк педагог қызметiнiң жоғары нәтижелiлiгiнiң маңызды шарты болып табылады. Әлеуметтiк педагогқа отбасымен кәсiби жұмыс iстеуге, “жеке тұлға-отбасы-қоғам” жүйесiндегi өзара қарым-қатынастарды реттеуге, отбасы мен балаларға мақсатты көмек көрсету талпыныстарын бiрiктiрудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн осы қағидалардың маңызына толығырақ тоқталайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет