Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал


ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ БІР - БІРІНЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет162/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   203
ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ БІР - БІРІНЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Туганбаева Г.Т, Еркебек Ж.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.


Программалау тілі - мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальды тіл. Программалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайды. Алғашқы программалау тілі ішкі машиналық тіл болып есептеледі. 
Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды
Программа құрылымы
Программа – белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар тізбегі. Демек, Паскаль тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білу қажет. Паскаль тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бөлімі;
Begin
Орындалатын бөлім;
End.

  • Программа тақырыбы program қызметші сөзінен басталады. Ол программа атынан және параметрлерден тұрады. Мысалы:

Program esep1 (input, output);
Мұндағы esep1- программаға берілген атау. Программалаушы программа атын өз қалауынша бере алады. Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті көрсеткіш.
input, output – стандартты енгізу, шығару файлы.

  • Сипаттау бөлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын мәндері, т.б. хабарланады.

  • Орындалатын бөлімде вegin және еnd қызметші сөздері арасында операторлар тізбегі жазылады. Сол себепті, вegin (ашылатын) және еnd (жабылатын) қызметші сөздердің операторлар жақшасы деп атаса да болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет