Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет58/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   203
ӘОЖ 42 503
Н 81
ACTIV STUDIO ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ


Алиева П.С., Күмісбекова Ж.Н.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.


ACTIV STUDIO технологиясының келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Қазіргі кезде білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген оқытушылар , білімгерлерге сапалы білім берудің әр түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану үшін көптеген еңбек етуде. Осы ізденіс барысында әр бір оқытушы өзінше табыстарға да жетіп жүргені бәрімізге мәлім. Бүгінгі оқытушының мақсаты - әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оның жан – жақты дамуына мүмкіншілік жасау, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Біздің Тараз қаласының Тараз мемлекеттік педагогикалық иснтитутында барлық сабақ беретін оқытушыларға қойылатын талап өте жоғары деңгейде – яғни біздің алға қойған мақсатымыз өзіндік ой тұжырымымен көзқарасы бар, өз пікірін ашық айта алатын, ақпараттық ағымдардан хабары бар, өз жолдары мен мамандықтарын таңдай білген, болашақта беделді педагог, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыра алатын мамандарды дайындау. Сондықтан оқыту барысында институт білім алушыларына, тек қана оқулықтардан сабақ беру, білім алушының қызығушылығын жоғалтады, ал сабақ барысында олардың қызығушылығын арттыру оқытушының бірден бір міндеті.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі

  • Пән бойынша базалық білімді меңгеру

  • Алған білімді жүйелеу

  • Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

  • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

  • Білімгерлерге оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Яғни кез-келген тақырыпты түсіндіруде интеративті тақтаны пайдаланса нұр үстіне нұр болар еді.
Ол үшін озық технологияларды, беделді педагогтардың тәсілдерін қолдану маңызды, біздің білім беру барысында назар аударғаным: білім алушылар сабағында іскерлік ойын тәсілдерін және ACTIV STUDIO технологиясы арқылы жасалған әдістерді қолданғанда, қатты қызығушылық танытқандары көп болды.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен білімгерлердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады.
Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.
ACTIV STUDIO технологиясының әдісі арқылы білімгерлерді білім алуға, оқуға қызықтыра отырып болашақ маман ретінде тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады.
Интерактивті құралдарды пайдаланудың ерекшеліктерін атап өтсек:

  1. Интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты, анық, қызығушылықты тудыратын кескіндердің жасауға болады;

  2. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады;

  3. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады;

  4. ACTIV қаламы арқылы түрлі-түсті таңдау арқылы тапсырмаларды орныдауға болады;

  5. Лекция, семинар сабақтарында көрнекілікті қолдану деңгейі артады;

  6. Лекция, семинар сабақтарының өнімділігі артады;

  7. Білімгерлердің білім деңгейіне оң әсерін береді.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Осындай мақсаттың толық орындалуы оқу – тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескеретін болсақ, білімгерлерінің білімді, білікті болуында ACTIV STUDIO технологиясы арқылы жасалған әдісінің алатын орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет